Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / "Нұр сыйлайық әйелге" атты сыныптан тыс іс-шарасының жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Нұр сыйлайық әйелге" атты сыныптан тыс іс-шарасының жоспары

библиотека
материалов

МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ


Тақырыбы: «Нұр сыйлайық әйелге»

Мақсаты:

  • Аналар мерекесіне орай аналар, ұстаздар мен қыздарға құрмет көрсету, қазақ қыздарына тән адамгершілік пен эстетикалық рухта тәрбие бере отырып инабаттылыққа, парасаттылыққа баулу, мейірімділік пен қайырымдылықты саналарына сіңіруге жағдай жасау, оқушыларға «8 наурыз» мерекесі туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың сөйлеу мәнерін, ойлау қабілетін дамыту, сабырлы болуға, парасаттылық пен білімдарлыққа, шығармашылыққа баулу;

  • Халқымыздың салт-дәстүрі, өнегелі нақыл сөздері асыл қазына екенін оқушы санасына жеткізу, сыпайылыққа, тәртіптілікке үйрету;

Көрнекілігі: "Аяулы аналар мен ару қыздар, мерекелеріңізбен!" сөздері жазылған плакат, аналарға, қыздарға қатысты нақыл сөздер, иллюстрациялық материалдар.

Жоспары:

  1. Алғысөз.

  2. Өлең-тақпақтар.

  3. «М-стайл» - Жастар биі, барлық ұлдар.

  4. «Мақал – сөз атасы».

  5. «Қазақ қызы» - Дархан.

  6. Жұмбақтар.

  7. «Ұлдар» биі – Ыбырай, Дархан, Ернар.

  8. Салт-дәстүрге қатысты сұрақтар.

  9. «Анашым» әні – 5/6 ұлдары.

  10. Қыздарға қатысты мақал-мәтелдер.

  11. Скетч – Ыбырай, Батырхан, Дархан, Ернар.

  12. «Қыз сыны» - Батырхан, Данияр, Диас.

  13. Қыздарға кеңес – Ернар.

  14. «Гүл сыйлайық әйелге» - Ыбырай, Батырхан.

  15. Қорытынды.

Барысы:

1-ші болып -------------------- сөйлейді.

Жүргізуші №1:

Жақсылықтың нышанындай,

Жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,

Саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,

Жайма шуақ сәулелерін төгетін,

Көңілдерге қуаныштар егетін,

Имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін

Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі,

Той атаулының қызығы мен берекесі –

8 НАУРЫЗ келді ортамызға!

Құрметті қыз-қызғалдақтар, асыл аналар, қадірлі ұстаздар! Сіздерді бүгін төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс, құт, береке тілейміз! Бұл концертті ұлдар қауымынан нәзік жанды қыздар мен әйелдер қауымына мерекелік тарту ретінде ұсынып отырмыз. Концертімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры ------------------------ бермекпіз.

Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!

Жүргізуші №2: Бүгінгі мерекенің тарихына тоқталып кететін болсақ, «Әйелдер мерекесінің» негізі - 1857 жылы 8 наурыз күні Нью-Йорк қаласының фабрикаларының тігіншілері өткізген шерудің нәтижесінде пайда болған дейді. Олар – он сағаттық жұмыс күнін және де еркектермен бірдей жалақы беруді талап еткен...

1910 жылы Клара Цеткин және Роза Люксембург Копенгагенде өткен Екінші Халықаралық Социалист Әйелдер Конференциясына барып, дүние жүзі әйелдерінің құқықтарына қоғамның көңілін аудару үшін нақты бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасап, 8 наурызды «жұмысшы әйелдер күні» деп белгілеп, оны жыл сайын әйелдер пролетариатының халықаралық ынтымақтастық күні ретінде атап өту туралы шешім қабылдады. Ресейде 8 наурыз күні алғаш рет 1913 жылы мерекеленді.

Содан 1917 жылы Австрия, Венгрия, Германия, Нидерланд, АҚШ, Швейцария және де т.б. елдердің әйелдері, ескіше 23-ақпанда (жаңаша 8-наурыз) Петербург большевиктері комитетінің шақыруымен Петерборға келіп, әйелдер күніне орай саяси митингтер мен демонстрациялар өткізіп, орыс қыздарын желіктіріп кетеді. Сөйтіп коммунистер тарапынан қолдау тапқан әйелдер мерекесінің Совет елінде қалыптасуына Леонид Ильич Брежнев көп үлес қосқан. Осы кісінің тапсырмасымен 1966 жылы 8-наурыздан бастап, бұл күн КСРО көлемінде мереке ретінде бекітілді.

Капиталистік елдер 8-наурызды мереке деп мойындамайды. Бірақ көп елдерде, атап айтқанда: Америкада – «Аналар күні», Францияда – «Әжелер күні», Жапонияда – «Қыздар күні» деген бар.

Сонымен, 8 наурыз мерекесіне арналған мерекелік концертімізді бастаймыз, мұқият тамашалаңыздар!

Жүргізуші №2: кезек оқушыларымыздың дайындап келген өлең-тақпақтарына беріледі.


1. Дархан:

Мерейлі сәт мерекеге ұласып, 
Сегізінші наурыз келді қыр асып. 
Қыз-келіншек, нәзік жандар мейрамы
Көктемімнің шапағатын тұр шашып. 
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды, 
Мерекеден шуақты бір із қалды. 
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер, 
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер! 
Дүниеде ең кемеңгер дананы, 
Ана табады, аялайды бағады. 
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп, 
Құрметтейік қасиетті – ананы!

2. Батырхан:

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан балалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген- тіршіліктің тірегі

Армысыздар, асыл жанды аналар!







3. Данияр:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды,

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба?

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана, бір өзінен басталды,

Еркелесем бір өзіңе еркелеп

Жасқандым ба?

Тек өзіңнен жасқандым.

4. Серік:

Аймаңдайлы ұл – қыз туса алдыңда, 
Үйіңде өсір, бөтен жерге қалдырма.
Тәрбиешісі ал ізгілікті, көшелі.
Ұл – қыз жақсы, таза болып өседі.
Ұл –қызыңа әдеп үйрет, білім бер
Қос жалғанды, бірдей көріп, күлімдер.

5. Диас:

Сіздерден өскен балалар,

Батырлар менен даналар

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар

Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз.

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана, сені құттықтап

Әндетеміз бәріміз

6. Данияр:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрің берді ақ сүтің,

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге Берген баласын

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас – қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым

7. Ернар:

Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін ?
Аласы аз қара көзі айнадайын, 
Жүрекке ыстық тиіп салған сайын, 
Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді.
Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын ?
Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ, 
Болады осындай қыз некен – саяқ
Піскен алма секілді тәтті қызды
Боламын да тұрамын көргендей – ақ
Егерде қолың тисе білегіне.
Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе
Бетіңді таяп барсаң тамағына, 
Шымырлап бу енеді сүйегіңе.
8. Ыбырай:

Ашуланып қайттың неге, ерке гүл, 
Мектебіңе кетіп едің ерке бір.
Тортаңдайсың ата жауың сияқты.
Бантигіңді шешіп кеткен тентек ұл.
Қыз баланың бұрым деген сәні еді
Балалықтың ойыны бар әдемі
Қыз бұрымға маза бермей жүретін
Балалықтың ойыны бар әдемі
Бұрым – бұлақ таудан аққан құлатқан
Бұрым – арман, қол жетпеген ұнатқан
Момақан боп жүрген бүгін әкең де
Талай қызды шаштан тартып жылатқан.
Ашуланба, ол бір ойын талайғы
Адамдардан әр ұрпаққа тарайды.
Ақылды бол, сол бұрымның бір талы
Тентектерді құрықтауға жарайды.


Жүргізуші №1: Расул Ғамзатов: «Ана дегеніміз-әлемнің Жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шаттықтың нәрі «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылықпен шуақты сездірмей қоймайды» деген екен,

Енді, кезектегі ұлдарымыздың дайындаған «Жастар биін» қабыл алыңыздар!

Би «М-стайл»

Жүргізуші №1: Құрметті көрермендер, енді қазір біз сіздердің ойларыңызды ширатамыз, миларыңызды қозғатамыз! Өздеріңізге логикалық сұрақтар оқылады, сол сұрақтарға мақал-мәтел арқылы жауап беру керексіздер. Шарты түсінікті болса,бастаймыз!

1. Қар жанады ма? (Қалауын тапса қар жанар)

2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)

3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дер)

4. Қой мен қасқыр ойлана ма?(Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)

5. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр. (Көз қорқақ, қол батыр)

6. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас)

7. Үлкен көз, үлкен сөз бол ма? (Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен)

8. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)

9. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман) - - - - - осы дұрыс жауабы, арасында естімеген мақалдар да бар екен, енді біліп жүретін боламыз!


Жүргізуші №1: Кезекті «ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ» әніне береміз. Орындайтын Науқан Дархан, қабыл алыңыздар!

Жүргізуші №2:

Ал, көрермен, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.

1. Құрғақ жерде сақтайсың

Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)

2. Екі семсер айқасқан,

Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)

3. Қимылдаса қос шебер, қыруар-қыруар іс өнер. (Қол)

4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)

5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)

6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)

7. Көзіңе көрінбейді,

Қаңғуға ерінбейді.

Шалғынды жапырады,

Жол бойын сыпырады. (Жел)

8. Қол созсаң, ақ күміс

Алақаңға толады.

Ашып-жұмсаң, із-түссіз

Лезде жоқ болады? (Қар)


Жүргізуші №2: Би. Ортада Ыбырай, Дархан, Ернар, қабыл алыңыздар!


Жүргізуші №2:

Қыз емес қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес

Халықтың сақтай білген ізгі салтын – деген өлең жолдарынан байқайтынымыз, біздің қазақтың қыздары тек қана ару емес, сонымен қатар тәрбиелі, әдепті екендігін.

Бүгін біздің концертімізге жас арулармен қатар, жасы толыққан асыл жанды ардақты аналарымызда қатысып отыр екен. Ендеше, сол аналарымыз, дәстүрге келгенде мығым болар шамасы. Соған орай қазір қазақтың төл дәстүріне байланысты сұрақтар қойылады, ал сіздер асықпай, ойланып жауап беріңіздер. Олай болса, бірінші сұрағымыз, 1. Сүйінші деген не? - Қуанышты хабар жеткізуші адам Сүйінші! Сүйінші! Деп келеді.Мұндайда қуанған үй иесі қалағаныңды ал, дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.Бұл шын қуанудың, ризашылықтың белгісі.

2. Шашу - Қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде, осындай қуанышты күндерде тәттілер мен күміс тиындармен әйелдер шашу шашады.

3. Сыбаға - құрметті қонаққа немесе өздерінің, жақын-жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Үлкен ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.

4. Төс қағыстырып амандасу - ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.

5. Қонақтың неше түрі болады? - төрт түрі болады.

Арнайы қонақ - мал сойып, арнайы шақырылған қонақ.

Құдайы қонақ - кездейсоқ, бір түнеп аттанатын бейтаныс жолаушы.

Қыдырма қонақ - алыстан ағайын-туғандарын, құда- жекжаттарын іздеп келіп, жатып- жастанып, бір мал жеп кететін қонақ.

Қылқима қонақ - тамақтың піскенін аңдып жүріп, шақырусыз келіп, ет жеп кетер сүйкімсіз қонақ.


Жүргізуші №1: Ал, бәрекелді, құрметті көрермендер! көрермендеріміз ұтқыр білімді екенін байқай білдік, сол үшін қошемет көрсетейік! Негізі бүгінгі концертте өздеріңізді жанағы айтылған қонақтардың ішінде қайсысына жатқызасыздар? Дұрысы арнайы қонақ болады, себебі сіздер осы концертке арнайы шақырылған жөндеріңіз бар екенін білеміз. Ендігі кезекте 5/6 сынып ұлдарының орындауындағы «АНАШЫМ» әнін қабыл алыңыздар!


Жүргізуші №2: Құрметті көрермендер, бүгінгі концертіміз қызықты әрі танымды болсын деп, қыздарға қатысты мақалдар дайындап келген жайымыз бар. Бұнда енді мақалдың басы айтылады, ал сіздер ары қарай жалғасын айту керексіздер.

Мақал – мәтелдер:

  • Қыз өссе, елдің көркі . . . (гүл өссе, жердің көркі)

  • Қыз - өмірдің . . . (қызғалдағы)

  • Қызды асырай алмаған күң етеді . . . (ұлды асырай алмаған құл етеді)

  • Қыз қуыршақ, ұл – (құлыншақ)

  • Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол . . . (Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол)

  • Қыз балаға қырық. . . (үйден тыйым)

  • Қызым – үйде . . . (қылығы – түзде)

  • Қыз қылығымен . . . (әдемі)

  • Қыздың жиған . . . (жүгіндей)

  • Әдепті бала ата - анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар)

  • Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

  • Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без

  • Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

  • Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

Ал бәрекелді, тамаша!

Жүргізуші №2: Кезек тізгінің оқушыларымыздың дайындаған көңілді қойылымына береміз, қабыл алыңыздар! «Қошанның үйленуі».

Жүргізуші №2: Ұлдарымыздың орындауында «Қыз сыны» әні, қабыл алыңыздар!

Жүргізуші №1: Ернардың қыздарға арналған сөзі бар, соған құлақ түрейік. Ә. Нұршайықовтың «Автопортрет» еңбегіндегі «Қыздарға кеңес» атты ақыл-нақыл сөздерінен алынған.
Ернар: Қыздар !
- Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар !
- Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар !
- Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар !
- Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар ұрысқақ болмаңдар !

Жүргізуші №2: «ГҮЛ СЫЙЛАЙЫҚ ӘЙЕЛГЕ» ӘНІ – Орындайтын Жангожин Ыбырай қабыл алыңыздар!

Вальс биі: Диас, Дархан, Батырхан, Ернар


Қорытынды.

Жүргізуші №2: Қадірлі ұстаздар! Аяулы аналар! Қымбатты ару қыздар! Сіздер өміріміздің гүлісіздер! Сіздер бізге көктем гүліндей әдемі, көктемнің ерке желіндей жылы болып қала бересіздер!

Ізгіліктер нұрын шашқан ғаламат,

Аруларды сүйе білгін адал-ақ.

Сол арулар – ертеңгі ұрпақ анасы,

Өтейікші алақанда аялап! – дей келе бүгінгі мерекелік концертімізді аяқтаймыз. Концертімізге келіп қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз! Сау болыңыздар! Мереке жалғасын таба берсін!




















7


Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров114
Номер материала ДВ-551490
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх