Инфоурок Другое Рабочие программы«Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз!»

«Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз!»

Скачать материал

Сыныбы:


Уақыты:


Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз!»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А)Ақпараттық құзыреттілік

Ә)Коммуникативтік құзыреттілік

Б)Проблеманы шешу құзыреттілігі

А) Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беру;


Ә) Халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу ;


Б) Қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсету.



Тәрбие сағатының түрі:

Концерттік бағдарлама


Әдісі

Ұжымдық – топтық жұмыс


Жаңа педагогикалық технология

АКТ


Көрнекілігі:

компьютер, проектор, музыка жабдықтары, плакаттар.


Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің қызметі:

Оқушының қызметі:

Күтілетін нәтиже


І. Ұйымдастыру бөлімі



- амандасу

- зейіндерін аудару

-тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.

- амандасады -зейіндерін аударады

тәрбие сағатының мақсатымен таныстырады.

Тәрбие сағатын жақсы өткізуге ат салысады


ІІ. Негізгі бөлім

Мұғалімнің кіріспе сөзі

hello_html_m40467888.png

Аманбысың, армысың, халқым менің!
Ақтарған кең даламның алтын кенін,
Мереке басы болсын берекенің,
Ардақта, Наурыз тойын салтыңды елім!
Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл болсын! Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!

Мұғалімнің сөзіне назарларын аударады.

Тәрбиелік шараның өткізілу мақсаттарын анықтайды


Кітапханашылар сөзі

1 – жүргізуші: Міне жаңа өмірдің, қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көш басшысы ұлыстың ұлы күні наурызда келіп қалды.
Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы.
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!-дей отырып сіздерді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне арналған «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші:

Ал енді балалар қарсы алайық «Наурыз» аруымызды.


1 – жүргізуші:

Қош келдің жылқы жылы
Біз сені көптен күттік
Келгеніңе өте қуаныштымыз,
Кел, қонағымыз бол, төрлет.
Наурыз мерекесі күні - қасиетті күн. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған.
Наурызды ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн.
Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған.
Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білідреді. Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-нші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл-қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ.
Бұл күні аталарымызбен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілісетін болған. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы наурыз-күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
Наурыз мерекесіне тән үлкен ырым ас, ұлттық тағам – наурыз көже екенін барлығымыз да білеміз. Осы Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Халықтық дәстүр бойынша оған: бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылуы тиіс.

Жеті түрлі дәм салынады әрі «тек мына дәм салыну керек» деп шектеу қоймаған. Әркім қолындағы бар азық-түлігіне қарайды.

hello_html_2279a548.pnghello_html_mc9819b8.png
Сөйтіп, Наурыз күні қазандар көжеге толады. Ауыл ақсақалдары бастаған кісілер үйлерге кезегімен кіріп, қонақ болады. Әдетте әйелдер ыдыс ала жүреді. Әр үйден құйып әкелген көжені өз үйінің қазанында қалған көжеге қосқан. Бұл дәм-тұзымыз аралас
ып, ынтымақ-бірлігіміз нығайсын, көже секілді мидай араласып, көжедей дәмді қатынаста болайық, біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдіреді.

Жаңа жылда тойымшылық, молшылық, мәнді де, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.

Халық арсында Наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.

Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл – «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады дейді.
2 – жүргізуші: Көже пісіріп, қазан-ошақ басында жүрген келіндерді шақырып, ақсақал аталар:
Көже істеген келіндер,
Көпке жаққан елшіл бол!
Бозторғайдай елшіл бол!
Ор қояндай көзді бол!
Шешен тілді сөзді бол!
Өркенді бол, ойлы бол!
Өз құрбыңның алды бол! – деп бата берген.
Наурыз тойындағы тағамдардың көбінесе ақ жағы басым болады. Өйткені бұл төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.
Сондықтан да тойшылар бір-біріне «Ақ мол болсын!», «Сауар көбейсін!» деген тілек айтады.
1 – жүргізуші: Қазақ халқында салт дәстүрлеріміз: бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс - салт және әлеуметтік - мәдени, салт - дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.

Бала тәрбиесіне байланысты әдет - ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім - тәрбиелерінен бастап, есейіп, азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді.
2 – жүргізуші:
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түн — «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр — адамдарға дәулет дарытып, бақ кондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып персонаж. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы — Қыдыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.
Дана халқымыздың «Батамен ел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпаған ғой.
Қанеки, Қыдыр атадан Наурыз тойының ақ батасын сұрайық.

hello_html_6299cde7.png
Қыдыр ата
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын.
Қайда барсан жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле –жала жерге енсін!

Қазір сіздерге Наурыз арудың жұмбақтары бар екен, соны шешіп көріңдер.
Наурыз Ару:
Кел, балалар ,ойнайық.
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.
а) Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
ә) Төрт бұрышты ,бір ауызды.
б) Шыр көбелек айланар
Беліне жіп байланар.
в) Арқауы бар қос қалта,
Ажыраса алмайды.
Анам қайда жол тартса,
Қанжығадан қалмайды.

Кітапханашы:

Бізге тазша бала қонаққа келіп қалыпты ғой. Сәлеметсіз бе Тазша бала.
Тазша бала: - Ассалаумағалейкум, бұл балалар кітапханасы ма?
Кітапханашы: - Иә, Тазша бала,бұл балалар кітапханасы, қош келдің!
Тазша бала: - Бұл кісілер кітапхана ауылының үлкендері ме?
Кітапханашы:- Иә,тазша бала дұрыс айтып тұрсын.
Тазша бала: -Е, ал мынау балалар кішілері болды ғой сонда?!
Кітапханашы:- Әрине, дәл таптыңыз!
Тазша бала: Бәрекелді ендеше мен осы ауылдың білімдерін сынап көрейін.
Кітапханашы:- Оны қалайша сынамақсың?
Тазша бала: Менің дорбамда сендерге арналған сұрақтар бар, мен соларды жасырамын. Кім жауабын тапса, соған берер сыйлығым бар!


Ой, бұл ауылдың кішкентайлары сондай білімді екен. Өздері қазақтың әдет – ғұрпын жақсы біледі. Жарайсындар балалар!
1 – жүргізуші: Ендігі кезек ұлттық ойындарымызға беріледі. hello_html_23a83b3.jpg
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Ойынға әбден тойыңдар.
Қазақтың ұлттық ойындары «Арқан тартыс» және «Сақина жасыру» ойналады.

Қазақтың салт - дәстүрі бойынша тойдың бәрі шашумен басталады емес пе!
Осыдан соң әжеміз «Шашу» шашып, балаларға ақ тілегін білдіреді.

Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!, - деп шашу шашады.


Ән: «Наурыз»


Наурыз-қыздың сөзі:
«Наурыз» қызбын.
Нөкерлерім қасымда.
Ұлыс күнге,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Шуағыңмен, тасып от.
Адамдарды бір-біріне ғашық ет.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Тыңдаңыздар енді халқым,
Жыл иесі ұлуды.

Жылқы жылының сөзі:
Армысыздар, құрметті, оқушылар және мерекенің қонақтары! Мен сіздерді бүгінгі қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, еңбекте жеміс, оқуда озат болуды тілеймін!
Оқушыларымыздың наурызға арналған өлеңдерін тыңдайық.
1-Оқушы: 
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
2-Оқушы:
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы да жаз жетіп,
 Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
 Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы.
3-Оқушы:
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!

«Адай» күйі орындалады.

1 – оқушы:

Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған көптеген салт-дәстүрлерінің бірі – шілдехана.
Шілдехана – баланы жын-шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр. Сондықтан шілдехананы кейде ”шілде күзет” деп те атаған. Қонақтар таң атқанша домбыра тартып, өлең айтады. Түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырады. Жұмбақ, жаңылтпаш айтысып, жарысады
2 – оқушы:

Бесікке салу Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды.
Жаңа бесікке нәрестені бөлемес бұрын, бесікке салушы бесіктің жабдықтарын орындарына қойып, шашу ретінде алып келген жайлық тәттілері мен ұсақ, ақшалай сыйлықтарын араластырып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, қолын тосқап балаға «тыштыма» деп үлестіріп береді.
3 – оқушы:

Қазақ халқының өмір салтына көрік беретін дәстүр – тұсау кесу.
Тұсау кесу – сәби қаз тұрғанан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Ақ, қарадан есіп жасалған жіп біреудің ала жібін аттамасын деген жақсы ниетті білдіреді.
4 – оқушы: Сүндет той
Сүндеттеу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Сүндетке отырғызу араб елдерінен шығып, мұсылман жұртына тараған. Ер баланы сүндетке 3,5,7,9 жаста отырғызған. Бұл салт көктем не күз мезгілдерінде атқарылған. Сүндетке отырғызу мұсылмандық парыз саналып, балаға ер жетіп азамат болдың деген ойды ұғындырған.

5-Оқушы:


Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжі-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
hello_html_m38b97c21.jpg
Қазақтың ұлттық биі: «Қара жорға»

hello_html_m318f2799.jpg


(Қыдыр ата бата береді)


Жұмбақтардың жауаптары:

а) Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
( Дастархан)
ә) Төрт бұрышты ,бір ауызды.
( Сандық)
б) Шыр көбелек айланар
Беліне жіп байланар.
( Ұршық)
в) Арқауы бар қос қалта,
Ажыраса алмайды.
Анам қайда жол тартса,
Қанжығадан қалмайды.
( Қоржын)

1 -Оқушы:
Сәулесі бар Наурызда танғы үміттің,
Басын қосқан сан халық,сан ғұрыптың,
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін Достық пенен Мәнгіліктің

2-Оқушы:
Тышқан, сиыр, барыс, қоян –
Деп орнына дұрыс қоям.
Ұлу, жылан, жылқы, қой да-
Деп, сақтаймын мықтап ойда.
Мешін, тауық, ит пен доңыз –
Дейміз бұны: біткен болды іс!


Сұрақтар:

1 сұрақ: Жыл аттарын айтып беріңдер. (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.)

2 сұрақ: Сүттен жасалатын тағамдар. ( айран, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, май кілегей, сүзбе)

3 сұрақ: Ұлттық ойындарды ата.
(ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге)

4 сұрақ: Ет тағамдарын атаңдар.

(Жал-жая, қазы-қарта, қуырдақ, мипалау, сырбаз, шұжық, бешбармақ)

5сұрақ: Жеті қазынаны ата.(Қазан, ат, ит, қыран құс, мылтық, диірмен, кітап (әйел)

6 сұрақ: Ұн тағамдарын ата.( бауырсақ, шелпек, нан, қаттама пәтір, т.б)

7 сұрақ: .Ұлттық саз аспаптарын ата?
(домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, абдыра, сазсырнай)

8 сұрақ: Наурыз көже қалай жасалады? (соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, езілген құрт, бидай, тары, күріш, пиаз, сүт)

«Қазағым әні» орындалады.

hello_html_3ef1a623.jpg

«Сақина жасыру» ойынының шарты: Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

Ақ тілекті тыңдап, оның маңыздылығын түсінеді
















Қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсетеді













Тәрбиелік шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосады



































Жұмбақтар шешіліп, сыйлықтар беріледі

















Тапсырманы орындау барысында белсенділіктерін көрсетуі;






























ІІІ. Қорытынды:

Ән қосылсын әңіне,
Сән қосылсын сәңіне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!


Аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылмен кетсін! Алла тағалам Жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен қауышуға жазсын! Осымен біздің мерекелік шарамыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Наурыз құтты болсын!

Тәрбие сағатынан түсінгендерін ой елегінен өткізіп, ойларын қорытып өзінің ойларын айтады.


hello_html_4082cb89.png

Талдауы, пікір алмасуы




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сыныбы:

 

Уақыты:

 

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз!»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А)Ақпараттық құзыреттілік

Ә)Коммуникативтік құзыреттілік

Б)Проблеманы шешу құзыреттілігі

А)Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік беру;

 

Ә) Халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу ;

 

Б) Қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсету.

 

 

Тәрбие сағатының түрі:

Концерттік бағдарлама

 

Әдісі

Ұжымдық – топтық жұмыс

 

Жаңа педагогикалық технология

АКТ

 

Көрнекілігі:

компьютер, проектор, музыка жабдықтары, плакаттар.

 

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің  қызметі:

Оқушының  қызметі:

Күтілетін нәтиже

 

І. Ұйымдастыру бөлімі

 

 

- амандасу

- зейіндерін аудару

-тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.

- амандасады                                                            -зейіндерін аударады

тәрбие сағатының мақсатымен таныстырады.

Тәрбие сағатын жақсы өткізуге ат салысады

 

ІІ. Негізгі бөлім

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Аманбысың, армысың, халқым менің!
Ақтарған кең даламның алтын кенін,
Мереке басы болсын берекенің,
Ардақта, Наурыз тойын салтыңды елім!
Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл болсын! Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз тойларыңыз құтты болсын!

Мұғалімнің сөзіне назарларын аударады.

Тәрбиелік шараның өткізілу мақсаттарын анықтайды

 

Кітапханашылар сөзі

1 – жүргізуші: Міне жаңа өмірдің, қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көш басшысы ұлыстың ұлы күні наурызда келіп қалды.
Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің, ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ерен еңбектің, жаңарған тіршіліктің ұлы символы.
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата бабам тойлаған,
Наурызым, армысың!-дей отырып сіздерді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне арналған «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші:

Ал енді балалар қарсы алайық «Наурыз» аруымызды.


1 – жүргізуші:

Қош келдің жылқы жылы
Біз сені көптен күттік
Келгеніңе өте қуаныштымыз,
Кел, қонағымыз бол, төрлет.
Наурыз мерекесі күні - қасиетті күн. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған.
Наурызды ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн.
Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған.
Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білідреді. Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-нші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл-қыс бойғы қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңартқан шақ.
Бұл күні аталарымызбен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілісетін болған. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы наурыз-күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.
Наурыз мерекесіне тән үлкен ырым ас, ұлттық тағам – наурыз көже екенін барлығымыз да білеміз. Осы Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Халықтық дәстүр бойынша оған: бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылуы тиіс.

Жеті түрлі дәм салынады әрі «тек мына дәм салыну керек» деп шектеу қоймаған. Әркім қолындағы бар азық-түлігіне қарайды.


Сөйтіп, Наурыз күні қазандар көжеге толады. Ауыл ақсақалдары бастаған кісілер үйлерге кезегімен кіріп, қонақ болады. Әдетте әйелдер ыдыс ала жүреді. Әр үйден құйып әкелген көжені өз үйінің қазанында қалған көжеге қосқан. Бұл дәм-тұзымыз аралас
ып, ынтымақ-бірлігіміз нығайсын, көже секілді мидай араласып, көжедей дәмді қатынаста болайық, біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдіреді.

Жаңа жылда тойымшылық, молшылық, мәнді де, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.

Халық арсында Наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.

Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл – «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады дейді.
2 – жүргізуші:  Көже пісіріп, қазан-ошақ басында жүрген келіндерді шақырып, ақсақал аталар:
Көже істеген келіндер,
Көпке жаққан елшіл бол!
Бозторғайдай елшіл бол!
Ор қояндай көзді бол!
Шешен тілді сөзді бол!
Өркенді бол, ойлы бол!
Өз құрбыңның алды бол! – деп бата берген.
Наурыз тойындағы тағамдардың көбінесе ақ жағы басым болады. Өйткені бұл төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.
Сондықтан да тойшылар бір-біріне «Ақ мол болсын!», «Сауар көбейсін!» деген тілек айтады.
1 – жүргізуші:  Қазақ халқында салт дәстүрлеріміз: бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс - салт және әлеуметтік - мәдени, салт - дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.

Бала тәрбиесіне байланысты әдет - ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім - тәрбиелерінен бастап, есейіп, азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді.
2 – жүргізуші:  
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түн — «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр — адамдарға дәулет дарытып, бақ кондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып персонаж. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы — Қыдыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.
Дана халқымыздың «Батамен ел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпаған ғой.
Қанеки, Қыдыр атадан Наурыз тойының ақ батасын сұрайық.

             
Қыдыр ата
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын.
Қайда барсан жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле –жала жерге енсін!

Қазір сіздерге Наурыз арудың жұмбақтары бар екен, соны шешіп көріңдер.
Наурыз Ару:
Кел, балалар ,ойнайық.
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.
а) Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
ә) Төрт бұрышты ,бір ауызды.
б) Шыр көбелек айланар
Беліне жіп байланар.
в) Арқауы бар қос қалта,
Ажыраса алмайды.
Анам қайда жол тартса,
Қанжығадан қалмайды.

Кітапханашы:

Бізге тазша бала қонаққа келіп қалыпты ғой. Сәлеметсіз бе Тазша бала.
Тазша бала: - Ассалаумағалейкум, бұл балалар кітапханасы ма?
Кітапханашы: - Иә, Тазша бала,бұл балалар кітапханасы, қош келдің!
Тазша бала: - Бұл кісілер кітапхана ауылының үлкендері ме?
Кітапханашы:- Иә,тазша бала дұрыс айтып тұрсын.
Тазша бала: -Е, ал мынау балалар кішілері болды ғой сонда?!
Кітапханашы:- Әрине, дәл таптыңыз!
Тазша бала: Бәрекелді ендеше мен осы ауылдың білімдерін сынап көрейін.
Кітапханашы:- Оны қалайша сынамақсың?
Тазша бала: Менің дорбамда сендерге арналған сұрақтар бар, мен соларды жасырамын. Кім жауабын тапса, соған берер сыйлығым бар!


Ой, бұл ауылдың кішкентайлары сондай білімді екен. Өздері қазақтың әдет – ғұрпын жақсы біледі. Жарайсындар балалар!
1 – жүргізуші: Ендігі кезек ұлттық ойындарымызға беріледі.

Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Ойынға әбден тойыңдар.
Қазақтың ұлттық ойындары «Арқан тартыс» және «Сақина жасыру» ойналады.

Қазақтың салт - дәстүрі бойынша тойдың бәрі шашумен басталады емес пе!
Осыдан соң әжеміз «Шашу» шашып, балаларға ақ тілегін білдіреді.

Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық!, - деп шашу шашады.

 

Ән: «Наурыз»

 

Наурыз-қыздың сөзі:
«Наурыз» қызбын.
Нөкерлерім қасымда.
Ұлыс күнге,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Шуағыңмен, тасып от.
Адамдарды бір-біріне ғашық ет.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Тыңдаңыздар енді халқым,
Жыл иесі ұлуды.

Жылқы жылының сөзі:
Армысыздар, құрметті, оқушылар және мерекенің қонақтары! Мен сіздерді бүгінгі қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, еңбекте жеміс, оқуда озат болуды тілеймін!
Оқушыларымыздың наурызға арналған өлеңдерін тыңдайық.
1-Оқушы: 
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
2-Оқушы:
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы да жаз жетіп,
 Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
 Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы.
3-Оқушы:
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!

«Адай» күйі орындалады.

1 – оқушы:

Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналған көптеген салт-дәстүрлерінің бірі – шілдехана.
Шілдехана – баланы жын-шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр. Сондықтан шілдехананы кейде ”шілде күзет” деп те атаған. Қонақтар таң атқанша домбыра тартып, өлең айтады. Түрлі ойын-сауықтар ұйымдастырады. Жұмбақ, жаңылтпаш айтысып, жарысады
2 – оқушы:

Бесікке салу Шілдехана өткеннен кейін баланың әке-шешесі бесік тойын жасайды.
Жаңа бесікке нәрестені бөлемес бұрын, бесікке салушы бесіктің жабдықтарын орындарына қойып, шашу ретінде алып келген жайлық тәттілері мен ұсақ, ақшалай сыйлықтарын араластырып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, қолын тосқап балаға «тыштыма» деп үлестіріп береді.
3 – оқушы:

Қазақ халқының өмір салтына көрік беретін дәстүр – тұсау кесу.
Тұсау кесу – сәби қаз тұрғанан кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Ақ, қарадан есіп жасалған жіп біреудің ала жібін аттамасын деген жақсы ниетті білдіреді.
4 – оқушы: Сүндет той
Сүндеттеу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Сүндетке отырғызу араб елдерінен шығып, мұсылман жұртына тараған. Ер баланы сүндетке 3,5,7,9 жаста отырғызған. Бұл салт көктем не күз мезгілдерінде атқарылған. Сүндетке отырғызу мұсылмандық парыз саналып, балаға ер жетіп азамат болдың деген ойды ұғындырған.

5-Оқушы:


Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжі-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!

Қазақтың ұлттық биі: «Қара жорға»

   

 

(Қыдыр ата бата береді)

 

Жұмбақтардың жауаптары:

а) Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.
( Дастархан)
ә) Төрт бұрышты ,бір ауызды.
( Сандық)
б) Шыр көбелек айланар
Беліне жіп байланар.
( Ұршық)
в) Арқауы бар қос қалта,
Ажыраса алмайды.
Анам қайда жол тартса,
Қанжығадан қалмайды.
( Қоржын)

1 -Оқушы:
Сәулесі бар Наурызда танғы үміттің,
Басын қосқан сан халық,сан ғұрыптың,
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін Достық пенен Мәнгіліктің

2-Оқушы:
Тышқан, сиыр, барыс, қоян –
Деп орнына дұрыс қоям.
Ұлу, жылан, жылқы, қой да-
Деп, сақтаймын мықтап ойда.
Мешін, тауық, ит пен доңыз –
Дейміз бұны: біткен болды іс!

 

Сұрақтар:

1 сұрақ: Жыл аттарын айтып беріңдер. (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.)

2 сұрақ: Сүттен жасалатын тағамдар.       ( айран, қымыз, шұбат, құрт, ірімшік, май кілегей, сүзбе)

3 сұрақ: Ұлттық ойындарды ата.
(ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге)

4 сұрақ: Ет тағамдарын атаңдар.

 (Жал-жая, қазы-қарта, қуырдақ, мипалау, сырбаз, шұжық, бешбармақ)

5сұрақ: Жеті қазынаны ата.(Қазан, ат, ит, қыран құс, мылтық, диірмен, кітап (әйел)

6 сұрақ: Ұн тағамдарын ата.( бауырсақ, шелпек, нан, қаттама пәтір, т.б)

7 сұрақ: .Ұлттық саз аспаптарын ата?
(домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, абдыра, сазсырнай)

8 сұрақ: Наурыз көже қалай жасалады? (соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, езілген құрт, бидай, тары, күріш, пиаз, сүт)

«Қазағым әні» орындалады.

  

 «Сақина жасыру» ойынының шарты: Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

Ақ тілекті тыңдап, оның маңыздылығын түсінеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, тамағын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиелік шараның қызықты өтуіне өз үлестерін қосады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтар шешіліп, сыйлықтар беріледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырманы орындау барысында белсенділіктерін көрсетуі;        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 642 материала в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2015 2370
    • DOCX 4.7 мбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманбаева Ақтоты Аманбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аманбаева Ақтоты Аманбайқызы
    Аманбаева Ақтоты Аманбайқызы
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38774
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Как школьному учителю зарабатывать онлайн?

Перейти к трансляции