Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Нұрлы елімнің шуақты көктемі" концертная программа

"Нұрлы елімнің шуақты көктемі" концертная программа

Скачать материал

                              «Нұрлы елімнің шуақты көктемі»

 

Қызылорда қаласы,                          22 наурыз 2016 жыл. Сағат 11-00                Пролог

 

 

 «Той думан» әні. 9 сынып оқушысы Хабибуллаева Дүрдана

 

1 жүргізуші:

Армысыздар,  құрметті  қонақтар! Наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Нұрлы елімізге шуағын төккен күн! Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған.

Бүгін  білім беру ұйымында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін  тойлауға  - көптеген қонақтар келіп отыр. Балаларымыздың  «Нұрлы елімнің шуақты көктемі» атты  мерекелік  іс-шарасын  ашық деп жариялаймыз.

 2 жүргізуші:

Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар

         Келген мына мерекеге қараңдар

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер

Тойда  бүгін ойнап-күліп  тараңдар

Тойла бүгін  тауларым мен боздалам

Тойла, бүгін  қарттарым мен бозбалам

Қайта оралған  намысымдай  наурызым

Жаңа жыл боп қош келіпсің, наурызым!.

1 жүргізуші:.

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық

Ортамызда ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

«Жауқазын»  би тобы : «Оймақтар»  биі.

2  жүргізуші:

Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, — деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!

«Ақжайнақ» әні.   9 сынып оқушысы: Дүйсенбеков Бекзатхан

1-жүргізуші:

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай наурыздың

Жарапазан жыры бар.

«Наурызым!»  Мектеп алды даярлық сыныбы тәрбиеленушілері

Әбудаут:

Қош келдің, Наурызым  ардақты,

Береке, ырыс кірсін жерімізге.

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Расул:

 Наурызым құт әкелсін елімізге,

Береке, ырыс кірсін жерімізге.

Қой жылын қуанышпен шығарып сап,

Бақыт боп «мешін» кірсін елімізге.

Бұхарбай:

Келді Наурыз жар салып,

Би билейік ән салып.

Жылда келсін келсін Ұлыс күн.

Тұрайық есен қарсы алып.

Қалмағанбет Рамазан:

Құтты болсын Наурыз той.

Құлпырып тұр қыр мен ай

Күн мен түн теңеледі

Жер шуаққа кенелді.

Мақсұт:

Наурыз тойың Наурыз тойың

Құтты болсын халайық!

Күй төгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық.

Салават:

Жыл басы – Наурыз мереке,

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды!

Темірлан:

Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр әніміз

Нұрдаулет:

Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

Кәусар:

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық, бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне.

Мұратбаев Рамазан:

Наурыз менің елімнің берекесі

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

Диана:

 Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыткешсінғайыптанадамдары.

Әрбіржанныңарманыорындалып,

Сәттіболсынбиылғықадамдары.

Айдын:

Кел, наурызым, берекеліжыл басым,

Мәңгілікке замананың құрдасы.

Жылда мені қуанышқа бөлейсің,

Ғасырлардың және менің сырласым

Мейіржан:

Наурыз тойы – тамаша,

 Наурыз тойы – жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

1 жүргізуші:

Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,

Жүрген  жандар таныс тапса – досындай.

Ол – осынау Наурыздың арқасы! –

«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!  Білім беру ұйымындағы бүлдіршіндерімізге әрқашан қол ьұшын беріп, қайырымдылық жасап жүрген жаны жайсаң жандар қаншама! Ол жандар біздің балаларымыздың өнерде, спорттағы жетістіктері үшін үнемі қанаттандырып, шабыттандырып жүр. Сол кісілердің біршамасы ортамызда! Облыстың білім беру саласына бүкіл жанұясымен белгілі апамыз Гүлбарам Садуақасқызы, «Баян» ЖШС төрайымы Қалдыбаева Баян ханым және «Хнашатыр» мейрамханасының директоры Нұрғаным Жетесқызын құрметпен ортаға шақырамыз

2-жүргізуші:

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Халық әні  «Көк айдай» 5 сынып оқушысы Сайлау Нұртөре

1-Жүргізуші:  Ия әрине, күн мен түн теңеліп, күн жайдары қалпына енеді. Осындай жаймашуақ күнде Нұрлы  елімізге көктем өз шуағын төгуде. Нұрлы еліміз Елбасымыз айқындап берген нұрлы жолмен қадамын нық басуда. Ылайым нұрлы елімізге көктем шуағын шаша бергей!

2-жүргізуші:

Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың,

Тәуелсіздік және өзің тынысым.

Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,

Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін.    
«Арқан тартыс»  ойыны. Мектеп-интернат оқушылары

1-жүргізуші:

Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім көптен бері.

Би «Қара жорға»

2-жүргізуші: 

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.

«Құрбылар» әні.  8  сынып оқушысы  Тұрсынбек Аружан

2-жүргізуші:

Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

«Батырлар» биі, мектеп-интернат оқушылары 

1-жүргізуші:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,Көк түріктер тойлаған Наурызым! Хор «Балдәурен»  

2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты- Ұлтымыздың салт – дәстүрін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғарту.

Ия, Наурызда әрине, күн мен түн теңеліп, күн жайдары қалпына енеді. осындай жаймашуақ күнде Нұрлы елімізге көктем өз шуағын төгуде. нұрлы еліміз Елбасымыз айқындап берген нұрлы жолымен қадамын нық басуда. Ылайым нұрлы елімізге көктем шуағын шаша бергей!

         Балалардың  Ұлыстың  ұлы күнін ұлықтауға  арналған «Нұрлы елімнің шуақты көктемі» атты мерекелік іс-шарасы  аяқталды. Ерекше білімді қажет ететін балалардың  ерекше өнерлерін тамашалағандарыңызға рахмет!

2,1- жүргізуші: Жылдан жылға аман – есен жете берейік!

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Нұрлы елімнің шуақты көктемі" концертная программа"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 712 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2016 791
    • DOCX 27.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Налибаева Макпал Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Налибаева Макпал Аманжоловна
    Налибаева Макпал Аманжоловна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5709
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой