Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыНұрлы жол- болашаққа бастар жол

Нұрлы жол- болашаққа бастар жол

Скачать материал

 

 

Қайыңды орта мектебі

 

 

 

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

                         /ҚР Президентінің Жолдауы/

 

 

 

 

Класы: 10 – класс

Класс жетекшісі: Куленова Л.Х.

 

 

 

 

2014-2015 оқу жылы

 

Тақырыбы: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Сабақтыңтақырыбы: «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

Cабақтың мақсаты: «Қазақстан Республикасының Президентінің қараша айында жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» атты жолдауын топ оқушыларына таныстыра отырып, жолдаудың негізгі бағыттарын, мақсатын, болашақта жасалуы тиіс жұмыстар туралы кеңінен түсіндіру. Елбасы саясатын насихаттай отырып, оқушыларды елінің өткені мен болашағын, жетістіктері мен жаңалықтарын біле жүруге, елінің жағдайын ойлайтын ұлтжанды азамат болып қалыптасуына түрткі болу.

Сабақтың көрнекілігі: слаидтар, суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Кіріспе бөлім. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын тақтада еліміздің тарихынан, қазіргісінен сыр шертетін суреттерді көрсету, игі істер мен қолға алынған бастамалар туралы слаидар көрсету.

3. Негізгі бөлім. Жолдау туралы, жолдаудағы негізгі бағыттар мен нақтырақ көрсетілген іс-шаралардың түрлері туралы жазылған баяндаманы оқу (топ жетекшісі оқиды).

4. Қорытынды

Баяндама

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бағыт» атты Жолдауындағы жастарға арналған негізгі 3 бағытқа тоқталғым келеді.

Бірінші – білім мәселесі. Елбасының білім саласына қыруар қаражаттың бөлінетінін және еліміздің беделді 10 ЖОО әлемдік стандартқа сай етіп жасақталатынын мәлім ету біздің дамыған ел болуға бағыталғанымызды көрсетеді.

Екінші – ұлтаралық достық. Еліміздің бүгінгі әлемге үлгі болар тұсы бұл – ұлттар арасындағы татулық, осы жағдайларды жастарға ұғындыру керек екені айтылды. Менің ойымша, достық пен келісім болмаған жерде ешқандайда даму болмақ емес.

Үшінші, 2015 жылдан бастап жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық көрсеткіште үйлер салуға 180 миллиард тенге қаражат бөлінетінін жеткізді. Өзімізге белгілі бүгінгі таңда жаңадан отбасын құрған жастардың бір жылдың ішінде үштен бірі ажырасып жатыр, әрине бұған көптеген мәселелер ықпал ететіні түсінікті, дегенменде кейбір мәліметтерге сәйкес, еліміздегі жалпы жас отбасылардың 80% жуығында жеке пәтер жоқтығын ескерсек, Елбасы, Н.Ә.Назарбаев жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін дөп басып айтты.

Елбасының биылғы Жолдауында басты назар еліміздің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне бағытталды. Президенттің Жолдауында еліміздің инфрақұрылымының әртүрлі салалары толығымен қамтылған. Яғни, бұл тек қана транспорт-логистикалық инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар, индустриалды - энергетикалық, тұрғын – үй жәнет.б. инфрақұрылымдар жүйелері болып отыр. Сондай - ақ, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс – шаралары жайлы атап өтілді.

 

 

Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытудың кешенді жоспары, индустриялық және энергетикалық инфрақұрылымдарды дамытудағы мақсаттарымыз экономикалық қана емес, сонымен қатарәлеуметтік тұрғыда да жаңасерпін берері сөзсіз.

Әлеуметтік инфрақұрылым, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту, баспана мәселесі және оның қатардағы азаматтарымызға, әсіресе жастарымызға қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты Елбасы талаптарын ерекше жауапкершілікпен және толық орындау керек. Жас отбасылардың баспаналы болуына жәрдем ететін бағдарлама қабылдауды тапсырғанын да айтуымыз керек. Бұған дейін де жас отбасыларды баспанамен қамтуға қатысты бірнеше Үкіметтің бағдарламасы осындай Елбасының Жолдауларында айтылған. Әйтсе де баспана мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Кезекті бағдарлама жан-жақты зерттеліп барып жасалғаны дұрыс. Қазір жастардың жаппай қалаға ағылуына орай баспана мәселесі де қатар жүзеге асуы тиіс. Ал, нәтижесін алдағы жылдары көретін боламыз.

Елбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді. Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғаныменен, Президентіміз еліміздің рухани-мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті. Және де 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығы өтетіндігі барша қазақстандықтар үшін аса маңызды іс-шара болып табылатындығын, сондай-ақ, осы 2015 жылы Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70-жылдығы атап өтетіндігін айтты.

Жолдаудағы ең негізгі дүние – бұл әрине Ұлттық қор қаражатының жұмсалуы. Қазір бүкіл әлем дағдарыс жағдайында және осы дағдарыс Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Шындап келгенде, бұл – дағдарыспен күрес емес, дағдарыстың алдын алу шарасы. Қуантарлық жағдай Ұлттық қордан бөлінетін қаржының негізінен әлеуметтік мақсаттарға жұмсалуы: 200 мың жұмыс орнының ашылуы, тұрғын-үй, балабақша, жол салу және т.б.

Жаһандық күрделі үдерістер, әлемдік геосаяси және геоэкономикалық дағдарыстар, дүниежүзілік беймаза әлеуметтік, мәдени және діниахуал – осының барлығы адамзат алдына шырмауы шым-шытырық мәселелер тудыруда. «Жау жоқ деме, жар астында. Бөрі жоқ деме, бөрік астында» – дейді қазақ. Бүгінгідей геосаяси ойындардың қызып тұрған шағында етек-жеңіңді жинамай қаннен қаперсіз отыру ақылға сыйымсыз дүние. Қазақстан халықаралық ұйымдардан басқа да бірқатар аймақтық ұйымдарға мүше ел.

Күні кешегі Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік экономикалық ахуалдан туған азаматтарымыздың көкейлеріндегі сұрақтарға нақты жауап болды. Президент алдағы жылдарды жан – жақты экономикалық сараптай отырып, негізгі бағыттарды айқындап, Жаңа Экономикалық Саясатты жариялады.

Экономикалық сыни кезеңдерде банк секторына үнемі Мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Сондықтан да болар, Мемлекет Басшысы шағын және орта бизнесті экономикамыздың күре тамырына айналдыру мақсатындағы жұмыстарға жаңа қарқын бере отырып, кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеу қажеттілігін баса айтты. Тамақ және химия өнеркәсібіне, машина жасау, қызмет көрсетулер салаларына қатысы бар шағын және орта бизнеске әрі

 

кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард бөлініп отыр.Халықтың көпшілігі үшін аса маңызды банк секторын сауықтыруға келер жылы қосымша 250 миллиард жұмсалмақ

Білім, тәлім мен тәрбие саласынабайланысты, әсіресе балалар бақшасы жүйесінің дамуына 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге, мектептерді жөндеуге және жаңалауға 20 млрд. теңге бөлінбек. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылып, жол құрылысына 70 млрд. теңге жұмсалмақшы. Батыс пен Шығысты жалғап, екі дүниенің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани байланыстарының күре матыры болған Ұлы Жібек жолы өтетін Қазақстан үшін жол, транспорттық логистика мәселелері ерекше маңызға ие екендігі әбден түсінікті.

 

Қорытынды

Айналып келгенде, аталмыш әлеуметтік – экономикалық салалардың баршасы – мемлекеттің, Ұлттық мемлекеттігіміздің тұғырлы тіректері. Олардың әрбірі – Қазақ мемлекеттігінің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы ауқымды да абыройлы қадамдары.

Жетістік – кеңесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде. Солай болғанда ғана Елбасы өз Жолдауында атап көрсеткендей Жалпы ұлттық идея – қазақтың Ұлттық Шаңырағы – Қазақстан құт пен берекенің, ынтымақ пен ырыстың ошағына айналмақ! Президенттің 11 қарашадағы Жолдауы қаншалықты қарқынды және күтпеген жерден болса, атқарылатын жұмыстардың соншалықты маңыздылығын және аса жауапкершілікпен, жылдам, нәтижелі орындалуы керектігін көрсетіп отыр.

 «Біздің міндетіміз - ел Президенті берген тапсырмаларды қысқа мерзімде әрі сапалы орындау»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Нұрлы жол- болашаққа бастар жол"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 870 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.11.2015 7872
    • DOCX 28.4 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куленова Ляззат Хасеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куленова Ляззат Хасеновна
    Куленова Ляззат Хасеновна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13927
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 389 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 282 человека

Мини-курс

Расстройства пищевого поведения: обзор и основы психологической работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 21 человек