Инфоурок Начальные классы Конспекты"Әнші Әміре" (әдебиеттік оқу, 3-сынып)

"Әнші Әміре" (әдебиеттік оқу, 3-сынып)

Скачать материал

Тақырыбы: Әнші Әміре

Мақсаты:

Білімділік: әңгіменің мазмұнын меңгерту, әңгімедегі негізгі ойды идеяны ұғындыру. Әміре Қашаубаевтың өмірі мен өнер жолы туралы таныстыру. Құрманбек Жандарбек, М.Әлімбаев  туралы мағлұмат беру, ЭСКПО – 2017 туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылығы: балалардың танымдық қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, шығармадағы көркем сөздерді өз сөздік қорларына қолданып, жүйелі баяндай білуге үйрету, ізденімпаздыққа баулу.

Тәрбиелігі: көркем шығармадан эмоциялық әсер ала білуге, өнер адамдарын құрметтей білуге, өнерді бағалай білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өнерлі болуға талпындыру.

Көрнекілігі: таныстырылым, суреттер, ватман қағазы, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс: музыка, қазақ тілі, дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Психологиялық дайындық

              Әрбір адам туысым, досым, жұрағат,

              Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат.

              Әрбір ісім –  тіршілік, тірек, адамдық,

              Әрбір сөзім – шындық, бірлік,  адалдық.

 

Ә) Топқа бөлу: «Домбыра», «Қобыз», «Жетіген»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1-топ: Мәтінді мазмұндайды.

2-топ: Құрманғазы мен Дина туралы жинаған мәліметтерін оқиды.

3-топ: Исатай мен Махамбет туралы жинаған мәліметтерін оқиды.

ІІІ. Қызығушылығын ояту.

-          Құрманғазы күйді қандай музыкалық аспаппен орындады? (домбырамен)

-          Домбырамен тағы қандай музыкалық шығарманы орындауға болады? (әнді)

-          Әнді орындайтын адамды қалай атаймыз?

-          Олай болса, бүгін біз домбырамен ән айтып, қазақ елін күллі  әлемге паш  еткен әнші Әміремен танысатын   боламыз.

ІҮ.  Жаңа сабақ

1.       Автор туралы қысқаша мәлімет.

       М. Әлімбаев 1923 жылы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген, қазақ халқының көрнекті жазушыларының бірі, ақын. Балалалр әдебиетінің  қаламгері. Прозашы, сыншы, аудармашы. Біз ол кісімен 2-сыныптан бері таныспыз. М.Әлімбаевтың «Кім жомарт, не жомарт?», «Көктем келді» өлеңдерімен  таныстық.

2. Мәтінмен жұмыс

А) Мәтінді электронды оқулықтағы  аудиожазба арқылы тыңдату.

Ә) Сұрақтарға жауап беру.

1. Риддер қаласында қандай оқиға болды?

2. Өнер адамдары қандай қиындықтарға тап болды?

3. Олар қиындықтан қалай шықты?

4.Мәтінде Риддер қаласы туралы не айтылған?

        ( Риддер қаласы туралы мәлімет беру)

2.       Мәтінде аты аталған өнер адамдары туралы не білесіңдер?

     Құрманбек Жандарбеков 1905 жылы Оңтүстік Қазақстан  облысында дүниеге  келген. Қазақтың халық әртісі, әнші, актер, режиссер, педагог. Ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушы. Амангелді», «Жамбыл» көркем фильмдеріне  де түскен.

Б) «Сен білесің бе?»  айдары

Әміре Қашаубаев туралы бейнематериал көрсету.

 В) Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

Г) Мәтінге басқаша ат қою. («Тапқыр Әміре», «Зор дауысты Әміре», т.б.)

Ғ) Суретпен жұмыс.

Д) Мәтінді пайдалана отырып, сызбадаберілген сөздердің арасындағы мағыналық  байланысын анықтау.

Аспанды  қақ жарғандай                                 бір сәтте қаптап, ағылып

Тасыған  қар суындай                                     топырлайды, бір-біріне жол бермейді

Сеңдей соғылысады                                        күшті, қатты

4. Дәптермен жұмыс

Мәтіннен сызбаның сол жақ бөлігіндегі тіркестері бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жазу.

 Аспанды қақ жарғандай әлуетті үн саңқ етті. Бір кезде жазғытұрым жылға-жылғамен тасыған қар суындай әр тараптан халық клубқа ағылды-ай келіп. Келген жұрт клубқа сыймай, сеңдей соғылысады.

Сергіту сәті: Әміре Қашаубаевтың орындауындағы «Балқадиша» әнін тыңдау.

  ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.

1.       Жаңа ақпарат

Астана қаласындағы ЭКСПО қалашығының суреті  көрсетіледі.

-          Мынау не және қай қалада орналасқан?

-          ЭКСПО деген не? ( ЭСКПО дүниежүзіндегі мемлекеттер қатысып, өздерінің техникалық, технологиялық жетістіктерін көрсететін халықаралық көрме).

-          ЭКСПО көрме  Астана қаласында қашан өткізіледі? (10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында)

-          Мен бұны осы сабақ үстінде айтып отырған себебім, 1925 жылы Франция астанасы Парижде осындай ЭКСПО көрмесі өткізіліп, осы көрме аясында өткізілетін этнографиялық концертте ән айтуға қазақтан жалғыз Әміре   Қашаубаев  қатысып, жүлделі 2-орынға ие болып, күміс медальға ие болды.

2.       Шығармашылық тапсырма.

1-топ: Ән, әнші туралы эссе жазу.

2-топ: Мақалды жалғастырады.

1.       Өнер   алды  .................. ( қызыл тіл)

2.       Жігітке  жеті............... (өнер де аз)

3.       Өнерлі  ................... (өрге жүзер)

4.       Өнерлі бала ................ ( сүйкімді)

5.       Өнерлінің қолы    ...... (алтын)

Өлеңшінің .....            ........ ( сөзі алтын)

 

3-топ: Дайын  ұйқас бойынша  өлең құрастырады.

                   .......................   Әміре. ( Әнші ата Әміре)

                  ...................... әні де. ( даусы керемет, әні де)

                  .................................. (Ән салғанда Парижде)

                  .........................кәрі де. ( Тамсанған жас, кәрі де)

 

Ү. Қорытынды.

 

Сатылай кешенді талдау жасау.

                              Әнші Әміре

                                                   Тақырыбы: әншінің зор дауысы

                                               Жанр түрі: әңгіме

                                         Негізгі ойы: ән құдіретін таныту

                                  Кейіпкерлері: Әміре, Құрманбек

                              Оқиғаның болған уақыты: 1934 жылы

                        Тәрбиелік мәні: ән өнері мен өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

   ҮІ. Үй жұмысы:

Мәтінді мазмұндау, мәтіндегі  көкшіл түспен  берілген сөздердің мағынасын  сөздіктен қарап біліп келу.

ҮІІ. Рефлексия.

Оқушылар смайликтер арқылы сабаққа өз ойларын білдіреді.

ҮІІІ. Бағалау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әнші Әміре" (әдебиеттік оқу, 3-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2017 3032
    • DOCX 24.3 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шалкарова Мадина Исаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шалкарова Мадина Исаевна
    Шалкарова Мадина Исаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6631
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе