Инфоурок Другое СтатьиОқушылардың білімін бақылаудың түрлері

Оқушылардың білімін бақылаудың түрлері

Скачать материал

Оқушылардың білімін бақылау түрлері

 

         Оқыту процесінің оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажетті құрамдас бөлігі болып есептеледі. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзіне тән мәні және ерекшелігі бар.

Олар оқу-тәрбие процесін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруы басшылығына байланысты.

Бақылау- бұл педагогикалық басшылықты және оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгеру функциясы. Бақылаусыз адамның дамуы мен қалыптасуын басқару еш болмайды. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні-оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру.

Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.

Бақылау -  кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Бағалау -  оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.

  Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқтаймыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.

  - Бақылаудың білім беру - қызметі оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.

  - Тәрбиелік қызметі - оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.

  Дамыту - қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламар жасайды.

  Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (информирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (воспитывающие).

 Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағралаушы (ориентирущая), бақылаушы (контролирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.

 Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты, бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.

Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушық (стимулирующая)  болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.

Оқушының дамуы мен тәрбиесіне және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, ізгілендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың ролі, қызметі түбегейлі өзгеріп, ол диагностикалық, тәрбиелеуші, дамытушы және басқарушы қызмет атқаруы тиіс.

Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және оны баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алуы өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Олар тақырыптық бақылау, ағымдық бақылау, қорытынды бақылау, емтихан немесе сынақ.бақылаулары болып бөлінеді.























 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал

Краткое описание документа:

Оқыту процесінің оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажетті құрамдас бөлігі болып есептеледі. Бұл ұғымдардың әрқайсысының өзіне тән мәні және ерекшелігі бар. Олар оқу-тәрбие процесін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруы басшылығына байланысты. Бақылау- бұл педагогикалық басшылықты және оқушылардың танымдық іс-әрекетін меңгеру функциясы. Бақылаусыз адамның дамуы мен қалыптасуын басқару еш болмайды. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні-оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 006 213 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2021 104
    • DOCX 16.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шагиева Нурбике Тельмановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шагиева Нурбике Тельмановна
    Шагиева Нурбике Тельмановна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 5014
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой