Инфоурок Другое Другие методич. материалыОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ

Скачать материал

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ

 

                                                                               Әміржан Н.

КММ «№ 51-гимназия  » математика пәнінің мұғалімі Ақтөбе облысы

 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық ic-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыретгілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген .

Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы

- оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады. Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі - жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады . «Функционалдық сауаттылық» түсінігі алғаш рет өткен ғасырдың 60- жылдарының соңында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейінірек қолданысқа енді.

Функционалдық сауаттылық, кең түсінікте, білім байланысы мен адамның көпжоспарлы ic-әрекеті арасындағы кіріккен, тұлғаның әлеуметтік бағдарлану амалын көрсетеді. Заманауи әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық ic-әрекетіне, сол сияқты өмір бойы білім алуға белсенді түрде атсалысуына ықпал ететін базалық факторлардың бірі болып табылады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі маңызды фактор - ата-ананың белсенді рөлі екендігін PISA (Programmer for International Student Assessment) - 15 жастагы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами ic-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғаларының қарым- қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалау) зерттеулерінде үнемі көшбасшы елдер қатарынан табылатын Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б. нәтижелері көрсетіп отыр.

«Отбасы» ұғымына - отбасы тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылық, ата-аналардың саналылығы, тәрбие, тәрбиенің бірізділігі, отбасы қүрылымы, отбасының жіктелуі, тәрбиенің оң тәжірибесі, қүқық, заң, қүқықтық тәрбие, тәрбиенің ауытқуы, әлеуметтену, сауықтыру, отбасы мәдениеті жатады.

Отбасы тәрбиесі мазмұнын анықтайтын ең маңызды құндылықтар: отбасы, отбасы әдет-ғүрпы мен дәстүрлері, баланың отбасына құқығы, қарашаңырақ, шежіре, әке және ана, әкенің және ананың беделі, ата-ана махаббаты мен қамқорлығы, баланың отбасында қорғалғандығы, қарттарға, кішілерге, науқастар мен мүгедектерге қамқорлық болып табылады.

Отбасы бала бойында балалық кезеңнен адамгершілік құндылықтарды, парасатты және тиімді өмір дағдыларын құру бағытын қалыптастыруы тиіс. PISA-2009 зерттеуі баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне ата-аналардың қатысуы функционалдық сауаттылық деңгейіне оң әсер ететінін көрсетті. Осыған байланысты, ата-аналарды мектеп өміріне белсенді түрде қатыстыруға бағытталған шаралардың түтас жүйесін: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университеттерін құру қажет.

Ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер және жалпы білім беретін мектептер мен отбасы жүмысының заманауи өзара іс-әрекеті практикасының талдауы көрсеткендей, көптеген педагогтар ата-анамен байланыстың мазмүны, түрлерін және әдістерін жеткілікті дәрежеде толық меңгермеген. Бір жағынан, бүл міндетті тиімді шешуде ата-анаға тиісті педагогикалық білім жетіспейді. Отбасы және мектеп іс-әрекетінің жеткілікті түрде үйлеспеуі ата-аналардың тәрбие түрлері мен әдістерін тиімді жүзеге асыруға даяр болмауынан көрінеді, мектеп тарапынан оқушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы әрекетінің нәтижелілігін төмендетеді.

Екінші жағынан, мектептің отбасымен әрекеттілігін қалыптастырудағы әкімшілік және ағартушылық көзқарастары отбасы әрекетін шектейді, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы әлеуетін ашпайды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын айтарлықтай арттыру мүмкіндігі мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі, үлттық қүндылықтар басымдығын қамтамасыз етудегі отбасы және мектептің бірлескен жүмысын ұйымдастырудағы субъектілік принциптерін, іс-әрекеттік және құзыретгілік тұғырын жүзеге асырудағы мектеп пен отбасы әрекеттерінің өзара кірігуінде болып табылады.

Қазіргі таңда білім тұлға, қоғам және мемлекет дамуының басты стратегиялық ресурсы ретінде қарастырылады. Заманауи жағдайлардағы оның мақсаты - шығармашылыққа, өзгермелі заман жағдайында өз тағдырын өзі шешуге қабілетті әлеуметтік құзыретті тұлға қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев әйелдер қоғамының өкілдерімен кездесуінде: «бізге ойшыл, жауапты, елін сүйетін азаматтар қажет. Мұның барлығы тек тәрбиемен беріледі... Тәрбие беру ісінде мектеп ата-ана жауапкершілігі жөнінде айтады, ата-ана мектепке сілтейді. Дұрысында, тәрбие үшін барлық жауапкершілік жүгі отбасына да, мектепке те жүктелуге тиіс. Мұғалімнің рөлін білімді тек қана «таратушы» деңгейіне түсіруге болмайды. Бізге мүлде басқа педагогика керек», - деп атап көрсетті. Демек, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда мұғалімнің рөлі мен алар орны ерекше. Оқушылар уақытының басым бөлігін мектеп өміріне жұмсайды, ал «мектеп жүрегі - ұстаз», сондықтан әр ұстаз жаңашыл бағытта, оқытудың заманауи жаңа технолгогияларын қолдана отырып, білімді қалай алу керектігіне бағыт-бағдар бере білуі тиіс. Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Мұғалім - дамыту жұмысының көшбасшысы. Адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру - адамдардың зерделеп үйренуі үшін көрсетілетін көмектер жиынтығы; жалпы алғанда, тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай ала- ды деген дәлелдерге келіп саяды. Қалған қоғамдық институттар (саясаткерлер, зерттеушілер, мемлекеттік емес ұйымдар және халықаралық органдар, яғни Дүниежүзілік банк және ЭЫДҮ) қолдау көрсетіп, жаңа идеяларды ұсына алады. Бұл, әрине, оптимистік көзқарас, бірақ оптимизмге ынталандыру - мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры болып табылады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.           Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. - 14 б.

2.                      Назарбаев, Н. Ә.: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. - 2012. - 10 шілде.

3.                      Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы // ресми мәтін. - Астана, 2012. - 114 б.

4.                      Мұғалімге арналған нұсқаулық.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 557 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2022 303
    • DOCX 20.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әміржан Нұргүл Әміржанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әміржан Нұргүл Әміржанқызы
    Әміржан Нұргүл Әміржанқызы
    • На сайте: 1 год и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2222
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе