Инфоурок Информатика СтатьиОҚУШЫЛАРДЫҢ IT БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ!

ОҚУШЫЛАРДЫҢ IT БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ!

Скачать материал

ӘОЖ  331.101

А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің математика пән мұғалімі Қонақбаева М.Ж.  

Silkway Халықаралық университеті,магистранты Қазақстан, Алматы қ.

 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ IT БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ!

 

        Аннотация: Сегодня современным технологиям нашлось место в самых разных областях жизни. Однако их понимание не у каждого четко сформулировано. В статье говорится о необходимости обновить программы обучения в техническом и профессиональном образовании с привлечением работодателей и учетом международных требований и цифровых навыков. Отмечается важность развития  цифровых образовательных ресурсов, IT технологии, подключения к широкополосному Интернету.  

        Ключевые слова: IT технологии, цифровые образовательные ресурсы, информатизация образования  

          Abstract: Today, modern technology has a place in various areas of life. However, their understanding is not clearly defined for everyone. The article talks about the need to update training programs in technical and vocational education with the involvement of employers and taking into account international requirements and digital skills. The importance of the development of digital educational resources, IT technology, broadband Internet connection.

         Keywords: IT technologies, digital educational resources, informatization of education

 

         Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді техникалық шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. Сол себепті де бүгінгі күні оқушыларлың IT білімдерін жетілдіру мәселесі бірінші кезекте тұр.

         Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде IT технологияларды пайдалану. Қазіргі кезде біздің қоғам дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық IT технологиялар оның табиғи ортасына айналып отыр. IT  техноло­гиялар келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын бірде-бір мүм­кіндік. Білім беру саласында а IT  технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. IT технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. IT  технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін оқушының жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық-әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылады. Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурс­тарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды.

        Ғылым мен жаңа технологияларды, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістеріне нелер жатады:

       1. IT технологиялар - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс. IT технология дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология. «Ақпараттық технологиялар» термині 1958 жылы Гарвард Бизнес шолуында алғаш рет пайда болды; IT технология — ақпаратты өңдеу үшін   пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. IT технология — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

        2. Кәсіптік оқыту үдерісінде ақпараттық коммуникациялық технологияларға төмендегілерді жатқызуға болады:  интернет, теледидар, электрондық почта, радионы жатқызуға болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады. Мультимедия кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділіктері: 

1. Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді. 

2. Оқушы жеке жұмыс жасайды. 

3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады.

         Сонымен қатар пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.   Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры болып табылады.

            Қазіргі қоғамдағы кәсіптік білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. IT технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.

           Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, IT технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, IT, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.

          Қазақстанның 21-ғасырдың басындағы қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуы техникалық, басқарушылық және көшбасшылық құзыреті жоғары деңгейдегі мамандарға аса қажеттілікті тудырды, сондықтан 2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба іске қосылды.

         «Қазіргі заманғы жастарға IT технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында IT  технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Соңғы жылдары IT технологиялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Сондай-ақ педагогтың компью­терлік сауаттылығы ақпараттық-коммуни­ка­тивтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізі. Заман ағымына қарай IT технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Жаңа IT  технологияларын пайдалану соңғы уақытта білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық-комму­никациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану болашақ маманның өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайды.

   Кәсіптік оқыту үдерісінде оқушылардың техникалық шығармашылығын роботехниканың дамуымен байланыстыруымызға болады.  Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым. Қазіргі таңда робототехника тез дамып келе жатқан сала. Технология қалай тез дамыса, робототехника да солай тез дамиды, өйткені робототехника технологиямен тығыз байланыста. Технология дамыған сайын зерттеулер, әрлендер өзгеріп дамиды, соның арқасында роботтардың қолдану аймағы да ұлғаяды. Қазіргі таңда роботтар үйде, кәсіпорындар мен әскери салада қолданылады. Көптеген роботтар миналар мен бомбаларды залалсыздандыру сынды адамдарға тікелей зардап алып келетін жағдайларда қолданылады.   

          Қорыта келгенде, заманауи технологиялардың көмегімен болашақ мұғалімдердің  білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да - мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үдерісін тиісті деңгейге көтеру педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

 

Әдебиеттер

1. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. – Алматы, 2007 ж.

2. Аяжанов С.С., Сатымбекова С.Б. Компьютерлік желілер. – Алматы, 2011 ж.

3. Караев Ж.А. Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения: автореф. ...док. пед. наук. – Алматы, 1994. – 45 с.  

4. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». Егемен Қазақстан.

5. Ақпараттық технологиялар тиімділігі // Қазақстан мектебі. – 2008. № 6. – 24–25 бб.

6. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану барысындағы оқытушының рөлі мен біліктілігі // ҚР ұлттық ғылым академиясының хабаршысы. – 2008. – № 2. – 16–18 бб.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ОҚУШЫЛАРДЫҢ IT БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.01.2021 407
    • DOCX 32.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Конакбаева Менсулу Жандаралыевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 7 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 5327
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 493 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 523 человека

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек