Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Получите деньги за публикацию своих
разработок в библиотеке «Инфоурок»
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru
Инфоурок Другое Другие методич. материалыОқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері

Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері

библиотека
материалов

Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері

Жоспары:

  1. Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі.

  2. Оқыту үдерісінде интерактивті әдістерінің принциптері

  3. Оқудың интерактивті әдістері үлгілері.

  4. Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері.

  5. Интерактив, оқытудың интерактивті әдістері туралы ұғым.

  6. Оқытудың интерактивті әдістерінің маңызы.


Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандарт-
қа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.

Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:

1)оқытудың жалпы мақсатын қою;

2)жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3)студенттердің білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;

4)оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5)нәтижені бағалау енеді.

Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және
танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар ар-қылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті аудиториядағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.

Оқытудың интерактивті әдісі.

Оқытудың тәжірбиелерді дамытуға бағытталуы .

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқадай өзгерістер білім беру жүйесіне де әсерін тигізді. Бұл өзгерістер оқу орындарында жаңа пәндер енгізіп қана қоймай, дәріс беру әдістемесінің өзін өзгерту қажеттігін туғызды. Біздің еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алғандықтан қазіргі кезде шешім қабылдауға халықты тартудың да маңызы зор. Бұл аудиториядағы жұмысқа да қатысты: оқушылар сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуға тиіс. Міне оқушылардың сондай белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалдарды көбіне интерактивті деп атайды.

«Интерактивті оқыту әдістемесі».

Егерде сабақ үстінде оқушылар мен оқытушылардың арасында тығыз қарым-қатынас байқалса бұлайша оқытуды біз интерактивті деп атаймыз. Әдетте мұндай қарым-қатынас оқушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Бұл жерде оқушылардың жауаптарынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңыздырақ. Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол- оқушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таратуға үйрету.

Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды.

Оқу процесінің барысында оқушылар мыналармен қарым-қатынасқа түседі:

оқытушымен (оқушылар оқытушының сұрағына жауап берген кезде);

шақырылған адамдармен (немесе топ оқушыларының өздері әлдебір ұйымдар мен адамдарға баруы мүмкін);

өзге оқушылармен (бірігіп жұмыс істеу барысында);

шағын топтармен (3-5 оқушымен);

оқушылардың үлкен тобымен (көбіне пікірталас, топ болып әлдебір мәселені талқылау барысында);

оқушылардың тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізеді);

кейбір техника түрлерімен (мысалға компьютермен).

Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзара қарым-қатынастың сапасын айқындамайды. «Өзара қарым-қатынас» әдісінің ерекшелігі- оқушы өзгелермен араласу барысында ашыла түсетін болады.

Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы

  • тұлғаның қызығушылығын туғызады;

  • әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

  • әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;

  • оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

  • тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

  • тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

  • мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.

Интербелсенді оқытудың негізгі қағидалары:

  • Орта қалыптастыру

  • Әрекет арқылы үйрету

  • Өмірмен байланыстыру

Өзінділікпен дербестікке баулу

Оқу үрдісінде келесі интербелсенді әдістер қолданылады:

Кейс-стади–өзбетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын кӛрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау.

Іскерлік, рөлдік ойындар –студенттерге әртүрлі кәсіби рөлдерде сөйлеуге және сабақты мәселелі жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту әдісі.

Тестілеу–әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты тапсырмалар жинағынан тұрады.

PBL (problembasedlearning–мәселеге-бейімдеп оқыту) әдісі -қойылған мәселемен ӛзбетінше жұмыс істеунәтижесінде студент әртүрлі пәндер бойынша компетенттілік құрылымдарын игеретін оқыту әдісі.

TBL (teambasedlearning–кішітоптардаоқыту) әдісі –студентте топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретіноқытудың топтық әдісі.

Топтық дискуссия әдісі студенттердікәсіби жағдайды талдауға, мәселені құру дағдыларын қалыптастыруды үйретуге, басқа қатысушылармен қатынасқа түсу игеріміндамытуға, соныменқатар, әртүрлі кәсіби мәселелер бойынша шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әңгімелесудің түрі.

Миға шабуыл әдісі –топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде студенттергеситуация шешіміжауабының бірнешежолынайтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдердіқабылдаудың оперативтіәдісі.

Тренинг(ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады.

Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:

оқушылар бір-біріне бетпе-бет отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір-біріне сенімділік артып, қызығушылық танытады, ынталы болады);

тренингке қатысушылар саны 20-25 адамнан аспауы керек. «бұл сенім атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);

бүкіл тренинг бойында достық көзқарастағы сенімді атмосфераны жасау және қолдау;

тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының оған қатысуын қадағалау;

оқытушы-жаттықтырушы өз пікірін ұсынбай-ақ қатысушыларды сабақтың мақсатын орындауға жетелеуі тиіс;

оқытушы-жаттықтырушы әрбір жаттығудың уақыт шеңберін сақтауы керек;

тренингтің бірінші сабағында «танысу» жаттығуы өткізіледі және «келісім» (топтық жұмыс ережесі) қабылданады;

теориялық жадығат пен интерактивті жаттығулардың, серігудің арасында сабақтастық болуы керек;

кез-келген тренинг сабақ басталарда сол сабақтың мақсаты мен міндеттері айтылады, ал соңында қортындыланады;

кез-келген тренинг қандай мақсат қойылса да, әрдайым танысу мен жұмыс ережесін жасаудан басталады.

Оқытудың интерактивті технологияларын оқу-тәрбие үдісінде тиімді пайдалану

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру-жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі. Қазіргі уақытта заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын интерактивтік тақта болып табылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін , тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек. Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Қызметтестер мен біріге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады. Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады, мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады. Оқу материалдар базасын жасау, қызметтестермен жасаған материалдарды өз сабағымда пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді.

Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады. Көп мұғалімдердің байқағанындай сабақтың оқушыларға қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, және оны (оқушылар) жылдам есте сақтайды. Интерактивтік тақта оқу сапасын жоғары деңгейде тағы да мұғалімдердің уақытын үнемдейді, оған бұрын өтілген материалдардың екінші рет қайталауға қажеті жоқ. Интерактивті тақта барлық сабақта қолдану мүмкін, жоқ болмаса сабақтың әрбір сатысында. Басқа да заттар сияқты интерактивті тақтаны пайдаланудан ең көп тиімділікке сабақта қойылған мақсаттарға сәйкес қолдану арқылы жетуге болады. Интерактивтік тақтамен бірге жүретін бағдарламалық нұсқаулықты жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолданулары керек. Мұғалімдерге тағы басқа да бағдарламалық құжаттар керек.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, айта кетейік: Сабақ алдын-ала дайындалған болу керек, сонда ғана материалдар жылдам түсіндіріледі. Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді; Сабақ кезінде сақталған файлдар оқушыларға беріледі: сондай-ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады. Интерактивтік тақта оқыту тиімділігін қалай арттырады. Сабақта интерактивтік тақтаны қолдану баланың мектепте оқыту тиімділігін арттыру. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс,білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз. Білім деңгейін көтеруе интерактивті құралдарды пайдалану

Оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

Интерактивті әдістің тиімділігі:

  • Өзіңе деген сенімділікке тәрбиелейді;

  • Шешендік өнері дағдылары қалыптасады;

  • Тыңдай білуге үйретеді;

  • Танымдылықтың маңызын түсінуге көмектеседі (үнемі абсолюттік шындық бола бермейді);

  • Сыни ойлауға дағдыланады;

  • Өз пікірінің айту құқығының бар екенін сезінеді;

  • Пікірлердің сан алуан болатындығын жақсырақ түсінеді;

Осының бәрі “Оқу шеберлігі” идеясына саяды.

Оқу шеберлігі – бұл барлық даму үстіндегі және озық елдердің азаматтарына қажетті ой еркіндігі болып табылатын дағды.


Оқытудың интерактивті технологияларының қолданылуы




Курс профессиональной переподготовки
Педагог-библиотекарь
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Специалист в области охраны труда
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Проверен экспертом
Общая информация
Похожие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика написания учебной и научно-исследовательской работы в школе (доклад, реферат, эссе, статья) в процессе реализации метапредметных задач ФГОС ОО»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС педагогических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного ВУЗа»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.