Инфоурок Другое Статьи"О ЖИЗНЬ ПРО БАБУШКИ"

"О ЖИЗНЬ ПРО БАБУШКИ"

Скачать материал

Өмірі өнегелі

 

Менің әжем Ақбөпе Сүгірқызы руы Жанайдың шомағы Маңғыстау облысы бұрынғы (Гурьев) Ақсу казіргі Кендірлі өңірінде  1916 жылы дүниеге келген. Өзінің өмір сүрген жылдарында мал шаруашылығы, балық шаруашылығымен айналысқан жан. Еңбек тыл ардагері. Бұл кісі менің нағашы әжем. Нағашы атам руы Базар Жары Сағынов Әден уақытында депутат болған, «Стахановшы» ерең еңбегі үшін Мәскеуден алтын сағат алған деп айтады.  Нағашы әжемнің айтуынша 15-16 құрсақ көтерген адам, оның ішінде 3 қыз бала қалған. Балалары тұрмаған соң 3 қызының кіндігін ер адамға кестірген екен. Сол қыздардың ең үлкені менің анам Сағынова  Нұрсұлу Әденқызы. Мен нағашы әжемнің айтқан әңгімесі үнемі жадымда қалып қойғандықтан, оқырмандардың назарына ұсынғанды жөн көріп отырмын. Өмірі өнегелі адамның қиынды, өмір сүрген дәуіріндегі аласапыран кезеңдері казіргі өскен ұрпақтын санасына тәрбие болады деген оймен жариялап отырмын. Әжемнің айтуынша, 18 жасар Есен атты ұлы қызылша дертінен көз жұмған, Есеннің өлімі әжемнің жанына қатты батып қиналған. Еңгезердей ұлынан айырылып қайғырғаны әжемнің ойынан кетпеген. Нағашы атам Каспий теңізі жағасында, Саура  аралында балық кәсібімен айналысқан. «Бұл кісі  ұзын бойлы, қайың адам болған»-, дейді көрген-білген адамдар. Менің шешем әкесіне тартқан деп айтады. Атамды көрмесем де адамдардың айтуы бойынша адамгершілігі мол жан дегенді естігенбіз. Қоғамымызға тигізген үлесі көп болған.   Нағашы әжем сол өзінің жолдасының әкелген балықтарын жарлы мен жақыбайға, жетім мен жесірге, көрші-көлемге таратып отырдым деді бір әнгімесінде. Әжемнің әңгімесі мен үшін ертегі болатын, бірақ мен ол кісілердің көрген бейнетін сіздерге сөзбен жеткізе алмаймын. Өз құлағыммен қасында естіген болғандықтан, жаным жай таппағасын ойымды оқырман қауымға жария қылғым келді. Қиын -қыстау кезінде ел аштықтан көп қиналды деді, сол кезде ауылда ашаршылықтан көптеген адамдар көз жұмғанын айтты. Жаңа туылған балалар шешелерінің омырауында сүт болмай аштан өлгенін, олардың өз баласы түгіл өздерінің ішерге астары болмағанын айтты.     Ауылдың көпшілігі әжемнің берген еті мен балығы, ұны мен суын бөлісіп ішкен. Ауыл адамдары әжеме келіп: «Сен сүтті әйелсін»,- деп   емшек еметін баласын әкеліп еміздіріп, қайта алып кеткен күндері болған дейді. Өлсе де тойып өлсін деп, өз балаларын әкеліп еміздіргеннен кейін тойған бала үйіне барып тық етіп қарны жарылып өліп қалған дейді.Себебі ол аштықтан өлген.

Нағашы атамның аулап келген балығын елге бөліп беріп отырдым дейді, себебі халық аш болды, олардың азаматтарының біреуі мүгедек, біреуі шолақ болды, ал олардың бала-шағасы қиындық көрмесін деп таратып беремін дейтін. Бұл жерде де әжемнің қайырымды, тек өзінің құлқын ойламайтындығы, елінің амандығы жанына қатты бататыны өз әңгімесінен байқалады. Қаншама жанұя Шағадамға (Красноводск) түйеге жүктерін жегіп көшіп кеткен ағайындарына сағынышпен қарайтынын, олардың басқа елде жүрсе де амандығын ойлайтынын айтатын. Ол көшкен адамдар  әр рудан болса да оларға деген шексіз қимастығы сағынышы болды. Еліне деген, өзінің тұрған жеріне деген сүйіспеншілігін ән айтып біздерге ыңылдап айтып жеткізетін. Ауыл  адамдарының  тату болып бір жанұяда өскен ұрпақтай болып кеткендігі әжемнің бойынан табылған ерекше мінез деп білемін. Кең болсаң, кем болмайсын деп үнемі айтып отырады, балаң жалғыз болса да ерке үйретпе! Сондай-сондай қазақтың қазақи ырымдарын, киіз басып, киіз үй жабдықтарын  жамап, қазақтың ұлттық тағамдарын жасауды, ірімшік қайнату,  балқаймақ қайнату, түйе сауу, ешкі, сиыр саууды үйретіп,  өзі өле-өлгенше жіп иіріп, жүн түтіп кеткен жан.

Табиғи болмыстарынды ұмытпандар қазақтың қара киіз үйін дәріптеп, жаңартып отырыңдар, мал бақсаңдар, өлмейсіңдер, аш болмайсыңдар, ішсеңдер тамақ, кисеңдер киім, сатсандар ақша деп біздерге айтып отыратын.Сондықтан төрт түлік малды қастерлен, бағындар дейді. «Адам –адамнан құтылады, бірақ адам пейілінен құтылмайды»- дегенді, «адам жаманы кетпейді – күн жаманы кетеді», - деген парсатты сөздерді жадымызға сіңіріп отыратын. 

Жаман  кездер басымызда жиі болды, оларды сендер көрмей-ақ қойыңдар,- дейді. Нағашы әжемнің ұл баласы болмағандықтан, менің анам қызы болғандықтан, біздің үйде тұрды. Менің әкем - руы Байбоз Айтжанов Құрақбай Айтжанұлы  қазір 73 жаста. Әкем үнемі әжелеріңді құрметтең, бағың, көмектесің деп жиі айтып тұрады. Осы кісінің айтқан қағидасы мен тұжырымдарын іске асыратын болыңдар дейтін.  Ол кісінің адал, ниеті ақ, адамгершілігі мол, әкелік тағылымы үлкен адам екендігі  біз үшін үлкен мәртебе. Өзінің енесі болса да осы кісінің айтқандарымен жүріңдер деп бізге үнемі айтады. Мұның өзі үлкенді сыйлау, оған құрмет көрсету дегенді білдіреді. Асқар таудай ерен әкемнің тәрбиесі кейінгі перзентке өнеге болса екен деймін.

Киелі Маңғыстау  жерінің түкпір-түкпірінде түйемен түйе қарап, жалғыз өзі мал баққан. Түнде далада қалып қойған кездері моланың қасында қонып, қайта кете беретінін, ауыл елді мекендерден ас ішіп қайта кететінің айтатын. Қазақтың танымайтын адамды да, қонақтарды да  қонақ асы беріп сыйлап жіберетідігі халқымыздың рухани кеңдігі деп білемін. Елсіз далада қалып талай  қорқынышты жайттарға куә болғанын да айтты. Мұның өзі ерлік, себебі әйел адам осыншама тауқымет көрсе де, мойымай, қажымай қайраттылығымен жеңіп отырғандығы жанымызда есте қалды. «Ауыл адамдары арасында той- томалақта өзінің өнерімді көрсеттім»,- деді. Біз: - Әже, ол қандай өнер?- дегенде: «Бір қойдың етін бір адам жеп тауысуы керек болатын, соны жеңу үшін мен 1 қойдың етін өзім тауыстым, күпті болып қалдым, бірақ оны көпшілікке білдірмедім», - деді.  - Сосын үй жанында мал суаратын  астауда тұрған суға барып лып етіп отырып алдым, сол судың үстіне  аппақ май лық етіп шықты, - деді. Әжемнің бұл әңгімесі маған қатты қызық көрінді. Бірақ сол кездері бәстесіп осындай ойын шаралар болғандығын айтты. Әйел адамдар ер адамдарша тойларда күресіп, өз палуандығын көрсеткен болатын,  мен бір әйелмен күресіп тарс еткізіп тастап жіберем де кете берем, несіне қараймын  күшім бар,- деп күлді әжем. Ер адамдардан қалыспайтынын айтты. Мұның өзі менің әжемнің батылдығы, батырлығы деп білемін. Әжем бір ру емес, бүкіл Адай қауымына өз көмегін көрсеткенін бәрі үшін жаны ашып қиналғанын,  қиындықтың бір зейнеті бар екенің үнемі айтатындықтан, біздің жүрегімізде сақталады.

Әжемнің көз жанары нашарлай      бастады. Сол уақыттары ол кісі менім көзім көрмейді деген жоқ,  қажымай, мойымай ағайын туғанның той-садақасынан қалмай қасына сіңілілерімді жетектеп кете бара беретін. Біз әжемізге кітап оқып, газет оқып, әуен тыңдатып, соңғы хабарларды айтып отыратынбыз. Жуындырып, қолынан жетектеп далаға дәретіне апарып, басындағы жаулығын жөндеп, әдемі көйлегін кигізіп қарайтынбыз. Ол кісіден жақсы әңгімелер, ұлағатты  сөздер, қазақ қызына сай қайсарлықты көріп, естіп өскен ұрпақ болғандықтан, әжеміздің Маңғыстау жеріне еңбек еткен кездері, өмір сүрген дәуірі қиындықпен өткендігі кейінгі ұрпақтарға үлгі, өнеге болсын деген ойдамыз.

«Біз Сүгірді тыңдап, Қашағанды тыңдап өскен адамдармыз. Қиындық көрсек те көрмегендей боламыз, себебі біз бақытты адамдармыз, сіздер жақсы күн кешсін, жақсы өмір сүргендерің біз үшін үлкен бақыт»,- деп әжем үнемі айтып отыратын.

Соңғы жылдары әжемнің көзі көрмей қалды. Көзі көрмей қалса да, босқа отырмай жүн түтіп, ұршық иіріп, бау есіп баяғының әңгімесін айтып отырды. Бірақ көп уақыт төсекке таңылып қалды. Көзі көрмей жатса да көкірегі сайрап, өткен-кеткенді әңгімелеп жататын. Біздерді даусымыздан танып, әрқайсымызды өзінше еркелететін.

1960 жылдары Ақшұқыр  селосы колхоз болып тұрған уақытта  осы жерге қоныстанған. Әжемнің қайнысы қызметкер адам, руы Базар Жары Досаев Дүйіш деген   прораб қызметін атқарған, әжеме көмектесіп 2 бөлмелі кішкентай үй берген.

Ақшұқыр селосының әкімшілігі  әлеуметтік көмек беріп отырды. Үнемі еңбек ардагері деп құрметтеді. Бұл әжемнің еңбегінің ескерусіз қалмағандығы деп білемін. Ақшұқырдың жергілікті тұрғындары  әжемнің қайсар әйел болғандығын мойындап, ол кісіге сәлем беруге кіші адамнан үлкен адамдарға дейін келетін. Ол біз үшін де, әжем үшін де  үлкен  құрмет деп білемін. Менің осындай өмірі өнегелі өткен әжем үшін мақтан  етіп, бас иетіндігімді оқырман қауымға жеткізгім келді.

 

Мақаланы дайындаған жиен немересі

Айтжанова Айкүміс Құрақбайқызы

Маңғыстау гуманитарлық колледжінің қызметкері

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""О ЖИЗНЬ ПРО БАБУШКИ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 033 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.09.2016 688
    • DOCX 23.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтжанова Айкумис Куракбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтжанова Айкумис Куракбаевна
    Айтжанова Айкумис Куракбаевна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6966
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе