Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / О значении физических упражнений

О значении физических упражнений

  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

"Шынықсаң-шымыр боласың!"

Дене шынықтыру жаттығуларының оқушылар үшін маңызы өте зор.

Дене шынықтыру жаттығулары-бұл балалардың ерік-жігері мен денесін шынықтырып, дамытуға бағытталған жаттығулар кешені. Дене шынықтыру сабақтарындағы жаттығулар жүйесі оқушылардың бұлшық етін дамытатын кешенді жүйенің шағын бір бөлігі болып табылады.Дене шынықтыру жаттығулары мен ерік-жігер күші ағзаның дене тәрбиесімен өзара әрекеттесуі үшін қызмет етеді. Белгілі бір жаста баланың, яғни оқушының бойында күш,ептілік,шапшаңдық т.б. физикалық қасиеттері дами бастайды. Егер оқушы немесе бала түрлі дене жаттығуларымен шұғылдана бастаса, ол өзінің физикалық қасиеттерін одан әрі дамыта түседі. Мысалы балабақшадағы 4-5 жастағы бала дене тәрбиесі сабақтарында мұғалім (нұсқаушы) нұсқауымен ағзасына күш түсірместен, дене шынықтыру жаттығуларын жасай бастайды. Осылайша олардың, яғни болашақ оқушылардың ағзасы дене тәрбиесі сабақтарына қатысуға дайын күйде болады. Әрбір дене жаттығуының өзіндік орындалу жиілігі бар, ал өз кезегінде жиіліктің 3 түрі бар: ақырын,орташа, шапшаң(тез). Бұл әрбір оқушы үшін алдын-ала анықталған. Амплитуда жиілікке теңбе-тең.

Амплитуда-жаттығуларды белгілі бір деңгейде орындау. Оқушы неғұрлым жақсы дайындалған болса, жаттығулардың орындалу амплитудасы соғұрлым жоғары болады. Дене шынықтыру сабақтарында жоғарғы және төменгі бұлшық еттер жүйесін дамытуға арналған әртүрлі кешенді жаттығулар қолданылады. Дене шынықтыру сабақтарында жаттығуларды орындаудың өзіндік реті бар, ол үшін әуелі жоғарғы белдеудегі бұлшық еттерді, сонан соң төменгі бұлшық еттерді шынықтыруға бағытталған жаттығулар жасалады, бұл бой жазу (спортзалдағы баяу жүгіріс ескерілмейді) топтамасында ескеріледі. Оқушылардың физикалық даму көрсеткіштерін анықтағанда, олардың антропометрикалық (бойы,салмағы,кеуде көлемі) көрсеткіштері ескерілуі тиіс. Дене шынықтыру жаттығуларымен сабақта және сабақтан тыс уақытта көбірек шұғылданған оқушылар,өз қатарларымен салыстырғанда олардан артық дамиды.

Шыныққан-шымыр болады

Дене шынықтырумен ұдайы шұғылданатын балалардың кеудесі тік, дене бітімі түзу және жүрек соғысы бірқалыпты болып өседі. Дене шынықтырумен шұғылданбайтын балаларға қарағанда, дене шынықтырумен ұдайы шұғылданатын балалар ширақ, шапшаң, епті, денсаулығы мықты болып қалыптасады. Осылайша, дене шынықтыру мен спорттық жаттығуларды серік еткенде ғана, биік мақсаттарға жетуге болатынын ұмытпаған жөн. "Дені саудың-жаны сау" болатынын әрдайым есте сақтау керек.

Орынбасаров Б.О. -оқытушы-бапкер

Қарағанды облысы Приозерск қаласының «Достық» балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК













Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров100
Номер материала ДВ-394274
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх