Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қоғамдық - гуманитарлық әдістеме бірлестігінің І жартыжылдық есебі

Қоғамдық - гуманитарлық әдістеме бірлестігінің І жартыжылдық есебі



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Жалпы білім беретін Мүткенов атындағы орта мектебі

2015-2016 оқу жылы

Қоғамдық - гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің

I жартыжылдық жұмысына талдау


Қоғамдық – гуманитарлық пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі өз жұмысын ҚР БжҒМ 2007 жылғы «29» қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру» Ережесіне сай жүргізеді.

Қоғамдық - гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру жұмысының озық әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру». ӘБ жұмысының мақсаты: Бәсекеге қабілетті тұлғаны оқытудағы мұғалімдердің құзырлықтары мен кәсіптік шеберліктерін жетілдіру бағытында жұмыстар ұйымдастыру. Әр мұғалімнің мектеп пен әдістемелік бірлестік тақырыбына сәйкес өз білімін жетілдіру тақырыптары бар.

Қоғамдық - гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің құрамына 8 мұғалім енеді. Мұғалімдер сапасының құрамы талапқа сай. Маман емес мұғалімдер жоқ. Жоғары білімді – 8 мұғалім. 2 мұғалім – жоғары, 4 мұғалім – бірінші, 1 мұғалім – екінші санатты, санаты жоқ мұғалім – 1(А. Серікұлы), биылғы оқу жылында 3 мұғалім: Бейсембаева Г.А. жоғары санатқа, Жакуленова Ж.К. жоғары санатты растауға, Серікұлы А. екінші санатқа өтініш берді.

2015-2016 оқу жылындағы қоғамдық – гуманитарлық пән мұғалімдерінің сапалық құрамын төмендегі кестеден көруге болады:

Тегі, аты-жөні

Сынып

Санаты

Аттестаттау

Курстан өткен жыл

1

Жакуленова Ж.К.

6 «а»

жоғары

2015 -2016 ж.

2015 ж.

2

Жусупбекова Ж.К.

7, 8, 9 «а», 10, 11 «б»

бірінші

2014 -2015 ж.

2012 ж.

3

Бейсембаева Г.А.

5, 6, 9 «а»,

5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 «б»

бірінші

2015-2016 ж.

2014 ж.

4

Мұхия К.

5, 10, 11 «а»

жоғары

2013 ж.

2013 ж.

5

Сатымбаева Р.Т.

8, 9 «б»

бірінші

2013 ж.

2014 ж.

6

Серікұлы А.

5, 6, 7 «б»

жоқ

2015-2016 ж.

2012 ж.

7

Смагулов Б.М.

7, 8, 10,

11«а»

бірінші

2013 ж.

2013 ж.

8

Шаймарденова Г.Т.

мектепалды даярлық тобы, 0,

2-4 «б»

екінші

2013 ж.

2012 ж.


Тамыз айының соңғы күндерінде қоғамдық – гуманитарлық пән мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің бірінші отырысы өтті. Отырыста мұғалімдер нормативтік құжаттармен, соның ішінде мемлекеттік стандарт, әдістемелік нұсқау хат және пән бойынша бағдарламалармен танысты. Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары талданып, бекітілді. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің күнтізбелік жоспарлары, оқу жоспарының жылжымалы бөлігіндегі таңдау пәндерінің бағдарламалары қаралып, бекітуге жіберілді.

10 «а» сыныпқа арналған «Этнолингвистикалық атаулар сыры», «Сөз мәдениінің негіздері», 11«а» сыныпқа арналған «Журналистика және баспасөз негіздері», «Шешендік сөз – шеберлік өрнегі» /Мұхия К./,

10, 11 «а» сыныпқа арналған «Тарихи тұлғалар мен даталар» /Смагулов Б.М./, 6-сыныпқа арналған «Естайтану» /Жакуленова Ж.К./ таңдау пәндерінің бағдарламалары рецензияланды.

«Ата дәстүр – асыл қазына» және «Тілашар» үйірмелерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары құрылып, бекітілді. /Үйірме жетекшілері Жусупбекова К.А., Серікұлы А./.

Бақылау жұмыс дәптерлерінің әр сыныпта басталғандығын тексеру, сондай-ақ күнделікті жұмыс дәптерлерінің тексеріліп тұруын қадағалау және алғашқы бақылау жұмыстарының кестесі құрылды.

Жалпы білім беретін Мүткенов атындағы орта мектебінде 2015 жылғы 26 тамыз пен 26 қыркүйек аралығында «Тілдер айлығы» шеңберінде өткізілетін «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбындағы іс-шаралардың жоспары құрылып, мемлекеттік тіл мәртебесін арттырып, қолданысын кеңейту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектептегі тіл пәндерінен (қазақ, орыс, ағылшын) сабақ беретін мұғалімдер Уалиева А.Е., Тайтакова Л.З., Альмукашева А.М., Абесинова Ж.Т., Серікұлы А., Шаймарденова Г.Т., Мұхия К. оқушыларға арнап әртүрлі іс-шаралар өткізді.

«Бір ел – бір кітап» акция шеңберінде селолық кітаханада дөңгелек үстел және мектептің кітапханасында І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша кітап көрмесі өткізілді. Оған 5-9 – сыныптар қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұхия К. 5-11 орыс, қазақ сыныптарына арналған «Мұқағали оқуларын» ұйымдастырып, өткізді. Сайысты өткізудегі мақсаты ақиық ақынның өлеңдерін насихаттау, сөзден түйін түйетін ақынның жыр маржандарына оқушылардың ынта – жігерін арттыру болып табылады.Сайыскерлер өздерінің дайындап келген өлеңдерін мәнерлеп айтып шықты. Ақын туралы сұрақ – жауап, көз көргендердің естеліктері мен сөздері жайлы өз ойларын ортаға салды. Сайыс өте қызықты өтті, балалар да өздерінің тапқырлығымен, шапшаңдығымен көзге түсті.

«Тілдер айлығы» аясында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері «Тілдер ұштұғырлығы» Ұлттық мәдени жоба шеңберінде «Жас полиглот» сайысын 7 – 9 – сынып оқушылары арасында өткізді. Сайыс барысында әр сыныптан 2 оқушы қатысып, топқа бөлінді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Сайыста оқушылар тіл пәндері бойынша өз білім - біліктерін сарапқа салды. Оқушылардың жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Серікұлы А. қыркүйектің 15 – 23 аралығында 1 – 7 сыныптар арасында «Тіл – татулық тірегі»тақырыбында шығармалар сайысын ұйымдастырды. Жүлделі орынға ие болған оқушылар Мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар, 5-11 сыныптар арасында «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты қазақ, орыс, ағылшын пәндерінен шығармалар сайысы өткізілді. «Тіл – достық құралы», «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында 1 – 11 сыныптар арасында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сынып сағатының басты мақсаты қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Тіл пәндері мұғалімдері бірігіп, 5- 9-сынып оқушылары арасында орыс тілінің грамматикасына, тарихына байланысты лингвистикалық викториналарды ұйымдастырып, өткізді.

Апталық соңында «Ана тіліңді құрметте» атты әдеби кеш өткізілді. Апталыққа оқушылар белсене қатысып, тілдің құдіретін танып, тұлғалық құзыреттіліктерін шыңдай білді. Жүргізілген іс-шаралардың білімділік, тәрбиелік мәні жоғары болды.

Қыркүйек айының басында оқушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «0»-дік бақылау жұмысын жазды. Бақылау жұмысына барлығы 87 оқушы қатысты.

Қазақ тілі пәнінен қазақ сыныптарындағы «0»-дік бақылау жұмысының нәтижесі:

5 «а» сынып: сапа – 100 % үлгерім – 100 %

6 «а» сынып: сапа – 58 % үлгерім – 90 %

7 «а» сынып: сапа – 62 % үлгерім – 94 %

8 «а» сынып: сапа – 80 % үлгерім – 100 %

9 «а» сынып: сапа – 86 % үлгерім – 100 %

10 «а» сынып: сапа – 100 % үлгерім – 100 %

11 «а» сынып: сапа – 90 % үлгерім – 100 %


Қазақ тілі пәнінен орыс сыныптарындағы «0»-дік бақылау жұмысының нәтижесі:

5 «б» сынып: сапа – 100% үлгерім – 100 %

6 «б» сынып: сапа – 60 % үлгерім – 100 %

7 «б» сынып: сапа – 50 % үлгерім – 100 %

8 «б» сынып: сапа – 0 % үлгерім – 100%

9 «б» сынып: сапа – 75 % үлгерім – 100 %

10 «б» сынып: сапа –100 % үлгерім – 100%

11 «б» сынып: сапа – 100 % үлгерім – 100 %

Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері әртүрлі сайыс, семинар, коучинг, конференция, курстарға т.б. белсене қатысып отырады.

Қыркүйек айында мұғалімдер мерекесіне орай қазақ тілі мұғалімі Жусупбекова К.А. Павлодар облысының білім беру басқармасының Құрмет Грамотасымен, Бейсембаева Г.А. Павлодар облыстық филиалы атынан «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен марапатталды.

Қыркүйек айының 14-де әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес аудандық «Мағжан оқулары» сайысы өтті. Сайысқа 6-сынып оқушысы Яасан Ақжүніс /мұғалімі Жакуленова Ж.К./ және 10-сынып оқушысы Зайыркулова Айша /мұғалімі Мұхия К./ қатысып, І орынды иеленді және ол оқушылар облыстық сайысқа жолдама алды. Осы оқушылар 24 қарашада Павлодар қаласында өткен облыстық «Мағжан оқулары» сайысына қатысушы болып келді (сертификат).

Қыркүйек айында «Ертіс дарыны» АҒТО-ның жұмыс жоспарына сәйкес 10 «б» сынып оқушысы Парфенова Елена тапсырмаларды орындап, шығармашылық мектебіне қабылданды.

Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонының облыстық кезеңіне Мүткенов орта мектебінен 5-10 – сыныптар арасында барлығы 9 оқушы қатысты.

р/с

Оқушының

аты – жөні

Мұғалімнің

аты – жөні

Сынып


Нәтиже

1

Яковлева Владислав

Серікұлы А.

сертификат

2

Жолтаева Мадина

Жусупбекова К.А.

сертификат

3

Литивиненко Рената

Серікұлы А.

сертификат

4

Рамазанова Дина


Жусупбекова К.А.

сертификат

5

Дүйсенбек Қызылбай

сертификат

6

Қаиырбай Мадина

сертификат

7

Өмірзақ Жанұзақ

сертификат

8

Төлеген Гүлнұр

сертификат

9

Зайыркулова Айша

Мұхия К.

10а

сертификат

Қараша айының 16 – да аудандық білім бөлімі Тіл заңының орындалу барысын тексеруге келді. Тексеріс барысында 9 – 11 – сынып оқушыларынан қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстары алынды. Бақылау жұмысына 30 оқушы қамтылды. Бақылау тест түрінде жүргізілді. Нәтижесі:

Мүткенов орта мектебінің 11-қазақ сыныбында үлгерім 100 пайыз, оқу сапасы 82 пайыз, 10-қазақ сыныбындағы бақылауда үлгерім 100 пайыз, оқу сапасы 75 пайыз (динамика -15 %), 9-қазақ сыныбында үлгерім 100 пайыз, сапа 43 пайыз (динамика -17 %), көрсетті.


Пән

сынып, оқыту тілі

аудандық бақылаудың нәтижесі

1-тоқсандық бақылаудың нәтижесі

динамика (сапа)

мұғалім



үлгерім

сапа

үлгерім

сапа



Қазақ тілі

11 қазақ

100

82

100

82


Мухия К.

Қазақ тілі

10 қазақ

100

75

100

100

-15


Қазақ тілі

9 қазақ

100

43

100

60

-17



Қараша айының 25-30 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінен 5-11 сыныптар арасында оқушылардың мектепішілік пән олимпиадасы болып өтті.

Олимпиаданың мақсаты:

- ғылым негіздерін оқуға бейімділік пен қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау;

- пән бойынша теориялық білімдері мен тәжірибелік біліктіліктерін терең  меңгеруге көмектесу;

Олимпиада ережеге сәйкес, негізгі мақсат, міндеттері орындала отырып жүргізілді. Білім сайысына қатысып, білмекке құмарлығын дамытып, ақылы мен күш – жігерін шыңдап, білім-ғылым үйренбекке талап қылушы оқушылар шектелген уақыт ішінде меңгерген білім, білік, дағдыларын жан-жақты пайдаланып, әр тапсырма бойынша жүйелі, терең, тиянақты жауап беруге тырысты.

Олимпиадаға 5-11 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты, барлық қатысқан оқушылар саны – 20. Пән мұғалімдері 5-8 сынып оқушыларына ойлау қабілеттерін дамытуға арналған, күрделендірілген тапсырмалар дайындады.

Барлық қатысқан 20 оқушының ішінен 12 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде

І орынды 6 оқушы, ІІ орынды 3 оқушы, ІІІ орынды 2 оқушы иеленді.

           Сонымен қатар мүлде жүлделі орындарға ие болмаған оқушылар саны – 3 оқушы.

Нәтижесі:

Пән

Сынып

I орын


II орын

III орын

Қазақ

тілі мен

әдебиеті,

тарих

6а



Яасан Ақжүніс

7а

Кабылденова Жулдыз

Ерболат Нұр

Айболат Еділ

7б


Волкова Милена


8а


Рамазанова Дина


9а

Каиырбаева Мадина

Дүйсенбек Хызылбай (тарих)



10б

Парфенова Елена



10б

Файзрахманов Ерасыл



11а

Угрюмов Дмитрий



Желтоқсан айында болған аудандық олимпиада нәтижесі бойынша 11-сынып оқушысы Файзрахманов Е. жүлделі ІІ орынды(мұғалімі Мұхия К.), 9 – сынып оқушысы Дүйсенбек Хызылбай жүлделі І орынды иеленді (мұғалімі Бейсембаева Г.А.).

Қараша айында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жусупбекова К.А. 3 (базалық) деңгейлік курсын аяқтады (сертификат, 30.11.2015 ж.).

Жалпы, қоғамдық – гуманитарлық ӘБ І жартыжылдық қорытындысы бойынша білім сапасының салыстырмалы көрсеткіші төмендегідей:

р/с

Пән

І тоқсан

(2015-2016)

ІІ тоқсан

(2015-2016)

Дина-

мика

1

Қазақ тілі

қазақ сын-да

75


75

=

2

Қазақ тілі

орыс сын-да

91

91

=

3

Қазақ әдебиеті

қазақ сын-да

80

76

- 4

4

Қазақстан тарихы

қаз.сын-да

85

79

- 6

5

Қазақстан тарихы

орыс сын-да

90

80

- 10

Көрсеткіш бойынша қазақ тілінен сапа теңді көрсетсе, қазақ әдебиетінен сапа 4 пайызға төмендеген, қазақ, орыс сыныптарындағы Қазақстан тарихынан сапа 6 және 10 пайызға төмендеген.

ҰБТ-ға дайындық негізінде тапсырған байқау сынақтарының нәтижесі:

I жартыжылдықта 11-сынып оқушылары барлығы 7 байқау сынағын  тапсырды. 7 байқау сынағы да аудандық сынақтар.

Нәтижесі төмендегідей:


Күні

Жалпы

оқушы

саны

Қатыс-

қаны

5

4

3

2

Сапа%

Үлгерім %

Орташа

ұпай

Пән

мұғалімі

25.09.15

11

8

1

4

3

-

65%

100%

15

Мұхия К.

1

1


1



100%

100%

15

11

8

1

2

4

1

38%

88%

12

Смагулов Б.М.

Қазақстан тарихы

2

2



2


0%

100%

8,5

Смагулов Б.М. Дүние жүзі тарихы

15.10.15

11

8

1

5

2

-

75%

100%

16

Мұхия К.

1

1

1

1


-

100%

100%

17

11

8

1

2

5

-

38 %

100%

14

Смагулов Б.М.

Қазақстан тарихы

2

2



2

-

0%

100%

9

Смагулов Б.М. Дүние жүзі тарихы



27.10.15

11

8

1

6

1

-

88%

100%

17,4

Мұхия К.

1

1



1


0%

100%

13

11

8

1

3

4

-

50%

100%

14

Смагулов Б.М.

Қазақстан тарихы

2

2



2

-

0%

100%

11

Смагулов Б.М. Дүние жүзі тарихы



13.11.15

11

8

2

5

1

-

88%

100%

18,4

Мұхия К.

1

1


1



100%

100%

18

11

8


6

2

-

75%

100%

16,3

Смагулов Б.М.

Қазақстан тарихы

2

2



2


0%

100%

12

Смагулов Б.М. Дүние жүзі тарихы



02.12.15

11

7

1

5

1

-

75%

100%

16

Мұхия К.










11

7

3

1

3

-

57%

100%

17

Смагулов Б.М.

Қазақстан тарихы

2

2



2

-

0%

100%

10

Смагулов Б.М. Дүние жүзі тарихы



22.12.15

11

6

-

6

-

-

100%

100%

19

Мұхия К.










11

6

2

4

-

-

100%

100%

19

Смагулов Б.М.

Қазақстан тарихы

2

2



2


0%

100%

9

Смагулов Б.М. Дүние жүзі тарихы



25.12.15

11

5

2

2

1

-

80%

100%

18

Мұхия К.










11

5

1

2

2

-

60%

100%

16

Смагулов Б.М.

Қазақстан тарихы

2

2


1

1

-

50%

100%

15

Смагулов Б.М. Дүние жүзі тарихы


Ұсыныс: ҰБТ-дан төмен ұпай алған оқушылармен жеке және топпен бірге қосымша сабақ өткізу арқылы олардың кейбір ұмытқан материалдарын еске түсіріп, түзету жұмыстарын жүргізу жұмысын жалғастыру және тақырыптық талдау жасау. Оқытудың тиімді тәсілдерін енгізу қажет. ҰБТ бойынша тестілеудің әр түрлі түрлерін қолдану керек.Оқушылардың ойлау, тез шешім қабылдау қабілетін дамыту жолдары іздестіріліп, тиімді әдіс – тәсілдерді қолдану басты мақсатта тұру қажет.

Қаңтар айының 4 – де тарих пәні мұғалімі Смагулов Б.М. Ақсу гимназиясында өткен ҰБТ пән мұғалімдеріне арналған семинарға қатысып қайтты.

Қоғамдық - гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің I жартыжылдық бойынша жоспарлаған іс-шаралары, жұмыстары түгел орындалды.



Қоғамдық – гуманитарлық ӘБ жетекшісі: К. А. Жусупбекова







57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1365
Номер материала ДВ-325441
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх