Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыҚобыланды батыр жыры (6-сынып)

Қобыланды батыр жыры (6-сынып)

Скачать материал

Сынып: 6 қазақ

Оқытушы: Жазкенова Альфия Болатовна

Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға батырлар жыры, олардың өзге жырлардан
айырмашылығы, "Қобыланды батыр" жыры жайлы толық түрде түсінік беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,
адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау, сөздікпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бүктеме, бейнелі суреттер, реферат.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу.
э) Кезекші м
әлімдемесі.

б) Журнал бойынша түгелдеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау. 1 Сөз құдіреті жайлы сұраймын.

1.     Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын

2.     Окушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Батырлар жыры - көлемі жағынан да, мазмұн-мәні жағынан да қазақ фольклорында ауқымды орын алатын аса көрікті жанрлардың бірі.

Батырлар жырының басты тақырыбы - ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Елді, жерді сүю, Отан қорғау мөселесі - қай жырдың болмасын алтын арқауы. Онда ел басынан өткен елеулі оқиғалар нақты бейнеленбегенмен, тарихи кезеңдердің табы айқын байқалып отырады. Елдің әрідегі ескілігін жырға қосатын көне эпостарда («Құламерген», «Жоямерген», «Дотан батыр», «Құбығүл», т. б.) тарихи оқиғалар тым көмескі тартып, киял-ғажайыптық сипат басым болса, одан беріректе туған қаһармандык эпостарда («Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Едіге», «Қамбар», т. б.) тарихи оқиғалар сілемі нақтырақ көрініс береді. Ал аты мәлім тарихи түлғаларды (Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Есет, Жанқожа, т. б.) жырға қосатын шығармаларда тарихи деректілік тіптен басым. Яғни батырлар жыры - елдің азаттықка ұмтылган күрес жолының ерлік шежіресі. Халықтың елге қорған болған айбынды адал ұлдарына сөзден соққан ескерткіші.

Батырлар жыры елдің сан ғасырлық тарихын, ерлік дәстүрін, кезеңдік оқиғаларға деген халық бағасын, алдан күткен үміті мен аңсар-мұратын көркем жинақтап бейнелейді. Ол тарихтың шалқар кешінде жиі қайталанатын соғыстар мен шайқастардың жылнамасы емес, ел есінде ерекше қалған елеулі оқиғаларды жинақтай бейнелейтін көркем туынды. Халықтың оны ерекше қастерлеп, сүйсіне жырлап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етуінің тағы бір сыры ондағы отаншылдык идеяның ерекше асқақтығында. Халықтың арман-мұңының үнемі алдыңғы кезекте тұратындығында.

Батырлар жырын фольклордың басқа эпикалық жанрларынан өзгешелейтін өзіне төн белгілері бар.

Ең алдымен оның басты қаһарманы - батыр. Батырлар жырының барлығында ол әдеттен тыс жағдайда дүниеге келеді. Бір балаға зар болған ата-анасы оны тәңіріден тілеп алады. Ғайыптан туған ол жастайынан алып күштің иесі және тез ер жетеді. Алғашкы ерлігін өзіне жар таңдау сапарында көрсетеді. Оның жары да өзіне сай ер мінезді, ақыл-парасатқа бай, сезімтал, айнымас жолдас болып келеді. Жырда батырмен ажырамастай бірлікте сипатталатын бейненің бірі  - оның аты. «Ат - ердің қанаты» деген нақылға берік халық жырларында ат - батырдың ең жақын серігі. Батырдың аты жырда ерекше әсерлене суреттеледі. Ол «алты ай жорытса арымайтын» жауға мінетін тұлпар ғана емес, қысылған жерде батырға ес қосатын ақыл иесі болып көрінеді. Сол сияқты батырлар жырында "Қобыланды сонда сөйлейді, сейлегенде бүй дейді», «Қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды» деген сияқты тұрақты кайталаулар болады.

Батырлар жырының сюжеттік желісі батырдың балалық шағынан басталып, түрлі жорықтарын, ерлік істерін баяндайтын қызғылықты оқиғаларға құрылады. Олардың жаумен шайқасы аса тартысты, жау батырлары кейде оның өзінен де кайратты болып келеді. Бірақ азаттық, әділдік жолындағы батыр күресі әрқашан жеңіспен аяқталады. Жыр ағымымен келетін батырлық эпостардың тілі аса көркем, айшықты шектен тыс кішірейтіп суреттейтін әсірелеулер мол. Батырлар жырын жыршылар сазды мақаммен апталап жырлайтын болған. Қазақ батырлар жырының ішінде «Алпамыс», «Қобыланды» сияқты жеке жырлармен қоса, «Қырымның қырық батыры» сияқты батыр ұрпақтарын бірінен-бірін туындата жырлайтын циклді жырлар да бар. Мұндай жырларды жыраулар күнді-күнге, таңды-таңға ұрып жырлайтын болған, ондай жырлардың әлемдік үлгісі -қырғыз халқының «Манас» эпосы. Оны манасшылар айлар бойына тыңбай жырлаған. Халық арасында батырлар жырын айтуды өнер тұтқан талантты адамдар көп болған. Оларды «жыршы» деп атап халық ерекше құрметтеген. Бүгінгі сендер сүйсіне оқып жүрген батырлар жырының нұсқалары Марабай, Мұрын Сеңгірбайұлы, Майкөт Сандыбайұлы, Сұлтанқұл Аққожаев, Әбдірайым Байтұрсынов, Рахмет Мөзқожаев сияқты жыршылардан жазылып алынған қастерлі мұралар.

Батырлар жырының өзгешелігі, композициялық құрылысы жайлы әңгімелеп болғаннан кейін қосымша сұрақтар қоямын.

1. Ертегілер мен батырлар жырларын салыстырыңдар, қандай айырмашылықтар байқайсыңдар? 2. Батырлар жырында ерлік, батырлық, ел қорғау мәселесінің, алдыңғы кезекте болатындығы неліктен деп ойлайсыңдар? 3. Батырлар жырына тән сипаттар қандай? 4. Батырлар жырының кейіпкеріне айналған қандай тарихи тұлғаларды білесіңдер? Олар тарихта қандай ерліктер көрсеткен?

Міне осы сұрақтарға жауап алып болған соң, "Қобыланды батыр" жырының жалпы мазмұны жайлы түсіндіремін.

Сабақтың қорытындысы.

а) Сабақ соңында сұрақ қою арқылы қорытындылаймын.

ә) Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Үйге тапсырма: "Қобыланды батыр" жырын оқып келу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қобыланды батыр жыры (6-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 252 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.09.2016 2147
    • DOCX 21.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жазкенова Альфия Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жазкенова Альфия Болатовна
    Жазкенова Альфия Болатовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7062
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (французский язык)

Учитель французского языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в профессиональном образовании: английский, немецкий, французский

Преподаватель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов