Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Научные работы / "Қобыланды батыр"жырының композициялық құрылысы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Қобыланды батыр"жырының композициялық құрылысы"

библиотека
материалов

Баян Мурынбаева,

187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі,

Қызылорда қаласы.




"Қобыланды батыр"жырының композициялық құрылысы


Эпикалық жырлардың бірі -"Қобыланды батыр" жырының композициялық құрылысы, сюжеттік элементтері бір-бірімен байланысты.

Композиция құрылысы -мазмұн болса, сюжет- пішін болып табылады.

Тақырып пен идеяның бірлігі тәрізді ."Композициялық тұтастық, бүтіндік жоқ жерде сюжет те жоқ. Сюжет сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Бұл да сюжет пен композицияға тән бірлік,"-дейді З.Қабдолев "Сөз өнері" еңбегінде берген анықтамасында. (185-бет)

"Қобыланды батыр" жырының композициясы мен сюжетін талдамас бұрын әдебиет теориясы бойынша бұған анықтама бере кетейік.

Композиция дегеніміз латынша құрастыру, қиыстыру деген мағынаны береді.

Көркем шығарманың құрылысы,яғни шығарманың оқиғасы, тілі, автор сөзі, кейіпкер пішіні, кескін-келбеті, мінез-құлқы, сөйлеген сөзі,жалпы алғанда, қажетті материалдардың бірлігі.Композиция кез келген шығармада болады.

Сюжет дегеніміз французша зат деген мағынаны береді.

М.Горькийдің сөзімен айтқанда:" Сюжет дегеніміз—адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсуі, жасалу тарихы."

"Қобыланды батыр" жырында оқиғаның дамуы оған қатысушы адамдардың өзара байланыста, қарым-қатынаста, күрес, тартыстарда болатынын көреміз.

Қимыл, іс-әрекет, талас-тартыс үстінде әркімнің мінезі, наным-сенімдері, күйініш-сүйініштері айқындалады және сол адамдардың қарым-қатынастарына жырды бізге жеткізуші,айтушының қалай қарайтын ойы, көзқарасы да сезіледі.Осылардың бәрін бір сөзбен шығарманың сюжеті деп атайды.

Сюжеттің ұзын-қысқалығы шығарманың көлеміне байланысты және сюжетте кездесетін композициялық негізгі элементтер шығарманың ұзын-қысқалығына қарамастан бәрінде де бола береді.

Сюжеттің негізгі элементтері:

1. Экспозиция-түсіндірме-шығарманың жай-жапсарын таныстыру мақсатында айтып, негізгі әңгімеге көшеді.

2. Связка-байланыс-шығармадағы оқиғаның неден басталғанын және келешекте оқиғалардың үзіліп қалмай, бірі мен бірінің жалғасып отыруын айтады.

3. Мотивировка-дәлелдеу-көркем шығармада дәлелденбейтін бірде-бір амал, әрекет, оқиға болмайды. Ісімен және сөзімен де дәлелденеді. Көркемдік-шындықта. Шығармадағы образға психологиялық, оқиғаға логикалық дәлел қажет.

4. Ситуация-жағдай-шығармадағы кейіпкерлердің қарым-қатынастары, күрес, тартыстарының нәтижесінде әр түрлі эпизодтарда кездесетін жағдайларды айтады.

Жағдайды конфликт-тартыс, коллизия-ала ауыздық, талас деп те атап жүр.

5. Интриградация-шиеленісу-шығармадағы оқиғаның шытырманданып, қиыннан-қиысуын, бірден-бірге асқына түсуі.

6. Кульминация-шарықтау шегі-шыңы,биігі.Шығармадағы оқиғаның тұйыққа тірелген жері. Автордың айтайын деген ойына сәйкес, оқушылардың көңілін

аударайын деген оқиғаны айтамыз.

7. Развязка-шешуі-шығармадағы суреттелген оқиғаның, қатысушылардың іс-әрекеттерінің, тартыстарының немен тынғандығын баяндауды айтамыз. Шығарманың шешімі шығарманың идеялық мазмұны мен автордың көзқарасына байланысты.

"Қобыланды батыр" жырының басында жыршының айтуымен сексенге жасы келген Тоқтарбай мен елудегі Аналық бәйбішенің баласыздықтан қайғымен қан жұтып, ақылынан адасқан, қабырғасы қайысқан кезде бір ұл,бір қыз көріп, қуанышқа кенелгенін көреміз.

Ұлының аты-Қобыланды, қызының аты-Қарлығаш. Алты жасқа келгенде басында кәмшат бөркі, үстінде қамқа тон, астында тобылғы торы ат, қолында қаршыға, соңынан ерткен тазысы бар арыстан туған Қобыландыны Тоқтарбайдың тоқсан құлы бағатын жылқы қосында кездестіреміз.Алты жастағы Қобыландының қимылынан таулар күйіп, тас жанғанын, тоқсан құлдың бастығы Естеміс ердің тәрбиесінде болғанын, жауын жаулап, аңын аулап бір тауда қонып жатқанын білеміз.Осы оқиғалардың бәрі автор атынан, яғни жыршы атынан шығарманың негізгі оқиғасына сілтеме жасау болып табылады.Мұны авторлық кіріспе-пролог деп атайды.

Мұнан әрі Қобыланды басынан өтетін оқиғаның басы басталады.

"Бұл не қылған дауыс? - деп сұраған балаға Естеміс бұл таудың арғы бетінде Қызылбастың елі барлығын, Көктім аймақ ханы барын, оның Құртқа деген қызы барын, ай астындағы бақанға қағылған алтын теңгені атып түсірген Құртқа сұлуды алатынын айтады.

Барғысы келген бала Естеміс ерден батасын сұрап барса, атып түсіретінін білдірсе, Естеміс Құртқа сұлуды сырттай қорып жүрген қырық бес кез Қызыл ер бере қоймас деп қорқынышын айтып жібергісі келмейді.

Қобыланды өз айтқанынан қайтпай Естемістің батасын алып, үстіне сауыт киіп, жанына болат семсер байлап, беліне садақ іліп, тобылғы меңді торы атты мініп, Көктім аймақ ханына келіп, кезегін бергенде, ай астындағы теңгені екі бөліп ұшырып түсіреді.

Құртқа батырды көріп ұнатып, отыз күн ойын, қырық күн тойын өткізеді.

Қырық бес кез Қызыл ер:"Меніменен күресіп, жықса алар, аты-тонын олжалап аман қайтса, жарар" деп Қобыландыны менсінбей сәлем айтады.

Қобыланды "артында жау қалдырмаймын" деп, Қызыл ерге келсе, ол "аяғыммен күрес" деп, аяғын береді.Қобыланды батыр алпыс құлаш ала арқанмен бір аяғын іліп алып, торы атқа сүйретіп өлтіреді.

Қобыланды жауын жеңіп, Құртқаға қосылып, батырлықтың алғашқы баспалдағынан өтеді.

Міне, бұл сюжет элементінде шығармадағы оқиғаның жай-жапсарын таныстыру мақсатында айтып, негізгі оқиғаға қарай көшеді мұны экспозиция-түсіндірме деп атайды.

Оқиға желісінде "Қобыланды батыр" жырының талдауын осылайша әрі қарай жалғастыра береміз.

Көктім аймақ ханы қызы Құртқаны қырық түйеге артқан қазынаға қосып, ішін алтындатқан, сыртын күмістеткен ақ отауымен аттандырады, ұзатады.

Қобыланды Көктімге сәлем беріп келіп, өзіне енші сұрайды. Көктім аймақ атасы: "Төбеңдегі төрт бұлтты бердім, жазда күн жақтан, қыста жел жақтан жау келсе, жау жақта тұрады,"-осы еншің деп, қоштасып аттандырады.

Көшке кездескен қалың жылқы ішінен Құртқа күймеден басын шығарып, жусап тұрған көк ала биені көріп, көк ала бие ішінде көк бурыл құлын барлығын Қобыланды батырға айтып, мені берсең де, сұрап ал деп өтініш, тілек білдіреді.

Қобыланды немере туған ағасы Сәлімбай байға тоқсан құлының басшысы Қара Көжекті жіберіп, Құртқа келінінің көрімдігіне көк ала биені берсін деген сәлем айтып, Сәлімбай ағасынан көк ала биені қалап алады.

Көк ала бие құлындап, Буырылды Құртқа өзі бағады. Тайдан құнан шыққанда, тұяғы тасқа тисе, көмірдей жаныштайды.Алты жасқа келгенде, алтыннан тұрман жасатып, батырға арнап найза, алмас қылыш соқтырады. Құртқа Буырылды баласындай тәрбиелеп, кекілін, жалын тарап, күннен-күнге атқа қылған еңбегі көбейеді. Аттың толық сыны беріледі.

Біз біліп отырған осы оқиғалардың бәрі тұтаса келіп,"Қобыланды батыр"

жырының байланысын -связкасын- құрайды.

Оқиғаның неден басталғанын және келешекте үзіліп қалмай бірі мен екіншісінің жалғасуын Құртқа көшінен бастап Бурылды бағып-қаққан аралықтан тұтас көреміз.

Эпикалық жырдағы оқиға Қызылбастың елінен Қазан деген ер шығып, Ноғайлының жерін, Қырлы және Сырлы қалаларын алғанын, оған қарсы Қияттан шыққан Қараман батырдың Қараспан тауын жайлаған қалың қыпшақ елінің батыры Қобыланды еріне келгенін білеміз.

Ел шетіне келген көп қолдың Естеміс арқылы білгенде жау емес өзінің құрдасы Қараман екенін біледі.

Сейілдің ұлы Қараман өзінің Қазанға қарсы соғысқа кетіп бара жатқанын, Қобыланды сынды батырды серік болып бірге соғысуға шақыра келгенін айтады.

Қобыланды батыр мінетін аты қолында тұрған жары Құртқаға бұл сапарға барар-бармасымды айтсын деп, Естемісті Құртқаның отауына хабарласуға жібереді.

Ел жата Қобыланды батырдың қасынан шыққан Естеміс Шолпан жұлдыз батып, таң сарғайып атып келе жатқан мезгілде Құртқаның отауына жетеді.Таң атып, күн шықпай-ақ Құртқаға батырдың сәлемін сыртта тұрып, ат үстінде жеткізеді. Құртқа Буырылдың қырық үш күндік кемдігі бар, тілімді алса, бұл сапарға бармасын деп сәлем айтады.

Қобыланды Құртқаның ақылын жөн көріп, бағып тұрған баласы, күтіп тұрған анасы, өзі әйелдің данасы Құртқаның тұлпар туған Буырылдың қырық үш күн кемдігін айтып, сәлем айтқанын, сондықтан бұл жорыққа бара алмайтынын айтады.

Қараман жөн сөзді тыңдамай, Қобыланды батырға:

«Әр талапқа шығарда

Қатынға ақыл салған соң,

Қатынның тілін алған соң,

Неше батыр болса да,

Арыстан туған,құрдасжан,

Ол-қатын емей немене!?»-

деп намысына, арына тие сөйлейді.

Қараман сөзінен кейін Қобыландының портретін былайша береді:

Тері тамып иектен,

Түгі шығып білектен,

Жаны бір тулап жүректен,

Өтіп бір кетті сүйектен,-

деген суреттеу арқылы барынша ашуға булыққан, қаһарға мінген кескін-кейпін көз алдымызға келтіреді.

Сюжеттің анықтамасына қарап отырып, біз тағы да бір элементін шығармадағы осы оқиғаларға байланысты табамыз.

Жоғарыда келтірілген оқиғалар желісін мотивировка-дәлелдеу деп білеміз.

Көркем шығармада дәлелденбейтін бірде-бір оқиға болмайды, бірде-бір амал, әрекет болмайды. Кейіпкердің ісімен және сөзімен де дәлелденеді.

Оқиғаға логикалық дәлел қажет те, образға психологиялық дәлел қажет.

Қазанның ноғайлы жеріне шабуылы Сейілдің ұлы Қараманды жорыққа бастап шықса, Қараман Қобландыны бірге аттануға қолқа салып отыр.

Қобыланды батырдың жан серігі тұлпар Буырылдың қырық үш күндік кемдігі Құртқа сөзімен дәлелденіп, жорыққа батыр дайын еместігі көрінсе, Қараман сөзі Қобыланды батырдың намысына, арына тиіп ашындырады. Бәрінің де дәлелі бар, айқын, анық дәлел.

Қараман сөзінен кейінгі Қобыланды батыр бейнесі ерекше суреттеледі.

Тобылғы меңді торы атқа ер салып, ақ алмасты қолға алып, қатуланып, қаттанып, буырқанып, бұрсанып, мұздай темір құрсанып, қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз тоңып, сөзге сынық қылды деп Құртқаға ашуланып, жауға шабардай қимыл әрекетін көреміз.

Бұрынғы жайма шуақ жағдай жауар бұлттай өзгеріп шыға келеді. Ат дүбірін есіткен Құртқа батырдың екпінінен қатты қорқып, бетінен қаны қашып, оң етегін басып сасады. Бірақ ақылмен жол тауып, төрде тұрған Буырылдың басын шешіп, Қобыландының алдынан алып шығады.

Түнектен шыққан Тайбуырыл бойына қаруы сыймай, көк тасты сұлыша шайнайды. Он екі құлаш кезеңнен атылып ойнап, қыз Құртқаны көкке екі рет алып ұшады. Қобыланды батыр келгенде Құртқа Тайбурылдың бір ұшуы кем болғанын, оның қырық үш күннің кемдік жасап тұрғанын айтып шағынады. Қобыланды батыр атты көрген соң, бастапқы райдан қайтып, өзінің қателігін түсінеді. Өзі тірі тұрғанда "Есен барып, сау қайтсам, әйел де болсаң, Құртқажан хан қылармын халыққа" деп уәде беріп, риза болады.

Құртқаның отауына қонбай, кемпір-шалдың қойнына жатуы, ерте тұрып, Құртқа дайындаған Тайбуырыл атқа мініп, жиналған жұртпен қоштасып, кешегі кеткен Қараманның соңынан жөнелуі жағдайға байланысты.

Басты жағдай ел намысын ердің қорғауында. Жауға аттанудың тездетілуі батырдың намысының табан астында Қараман сөзінен оянуы еді. Осы тұста тоқсандағы әкесі Тоқтарбай, алпыстағы шешесі Аналық, қарындасы Қарлығаш,

жары қыз Құртқалардың батырмен қоштасуы Қобыланды батырдың жауға аттануға дайындығының жоқтығын көрсетеді. Бірақ батыр туған Қобыланды бағытынан қайтпайтынын білдіріп, төмендегіше ойын білдіреді:

"Қарындасым Қарлыжан,

Тоғай толған түйемді

Сарысуға тапсырдым.

Желі толған жылқымды

Жасанған жауға тапсырдым,

Қора толған ақты қой,

Аш бөріге тапсырдым.

Азу тісі балғадай,

Жас бөріге тапсырдым.

Тоқсанда атам Тоқтарбай,

Құдіретіне тапсырдым.

Алпыста анам Аналық,

Бибіпатимаға тапсырдым.

Шырағым сені Қарлығаш,

Қарашаш ханымға тапсырдым.

Қосақ жарым Құртқаны

Балуан қызға тапсырдым.

Сендер төртеу,мен жалғыз,

Айналайын Қарлығаш,

Көкеңді кімге тапсырдың?"

Тайбуырыл аттың сипаты тағы берілген. Тайбуырыл жылқыда тұлпар болса, Қобыланды жігітте сұңқар екені анық.

Азулының бойындағы елден бүгін шықса да, кешегі Қобыландының намысына тиіп, қатынсың деп кеткен Қараманның қолына жеткізуді өтінеді.

Қырық күншілік Қазанға бір күнде жеткізу оңай емес, сонда да намаздыгер өтіп, намазшам жеткенше жеткізуге Қазанның Сырлы қаласына апаруға серт етеді.

Сертте тұрған Тайбуырыл бесін кезінде Қара Боқаш жауырыншыға, одан өтіп Қосдәулетке, мұнан асып, Аққозыға жетіп, сәлем беріп, алда Қараман құрдасының кетіп бара жатқанын біледі. Қараман батырға жеткен Қобыланды:

"Болғаның ба досым-ай,

Мақтаған атың осы ма-ай?

Он екі күнде келерсің,

Менің бүгін тіккен қосым-ай!

Анау күні қатын деп,

Қарамай кеткен батыр-ай!

Көрдің бе, Қараман,

Қатынның баққан атын-ай!

Қатын да болса,білдің бе?

Құртқаның асыл затын-ай!

Қатынның баққан аты озып,

Қапыда қалма батыр-ай!

Жүрмейсің бе,Қараман,

Үш күн кейін соң қалып,

Мен де озып барамын,

Қалсаң, өлім жақын-ай!"-

деп ретті жерде ар-намысын қорғап, өткендегісін қайтарып, Қараманды өз сөзін өз алдынан шығарып келеке, мазақ етеді.

Қобыланды батыр хан жайлаған Қаратаудан, би жайлаған Алатаудан, Жем мен Темірден ,Тобылғылы Нұрадан, Сексеуілді жыралардан өтіп, уәделі мезгілде Сырлы қаланы келіп алады.

Сертінде тұрған Тайбуырыл Қобыланды батырлығына тұңғыш жол ашады.

Біз келтірген жырдағы оқиғаларда жағдай бірінен-бірін туғызып дамып, кейіпкерлердің қарым-қатынастары, күрес-тартыстары нәтижесі анық баяндалған.

Осыны сюжет элементінде ситуация-жағдай деп атайды.

Жырдағы оқиға Қобыланды сертінде тұрып, Сырлы қаланы алып, Қасқарлық таудың басына шатырын тігіп жатқанда он екі күннен кейін Қараман жеткенін баяндайды.

Қырлы қалада жатқан Қазанның қырық мың қолды әскері мен алты қабат орнынан өте алмаған Қараман Қобыланды батырға келіп, өзінің үш күн тұрып күші жетпегенін, айтқан сөзімді кектемей көмек бер деп өтінеді.Қобыланды өткенде айтқан сөзі сүйектен өткенін бетіне басып, Құртқаның бір ауыз сөзіне тұрмайсың, көзіме көрінбе деп қуып жібереді.

Қараман қатынның тілімен кектеніп жүр ме едің, сені көрмеймін деп жер тепкілеп кетіп қалады.

Қобыланды райдан қайтып, Қазанға қарсы соғысқа шығады. Осы тұста Тайбуырылдың сипаты тағы да жан-жақты берілген.

Жасыл тулы Қазанды өлтіріп, қырық мың қолды қызылбасты талқандап,

Қияттың жаман әскерін көп олжаға кенелтеді.Атадан жаман туған арам тамақтар Қобыландыны өлтіріп кетпекке ойлары кетіп кеңеседі, бірақ Қобыланды батырдың қырып саларына көздері жетіп, күңкілдесіп қойысады.

Қараман Қобыланды батырға келіп, дұшпанға найзам тимей арманда барамын, Көбікті ханның жылқысын айдап алайық деп кеңес қылады.Қобыланды батыр құрдасы Қараманның сөзін жерге тастамай, екеуі Құба көлдегі Көбіктінің көп жылқысын айдап кете барады.Көбіктінің Тарлан аты жау екенін біліп, Тайбуырылға жеткізбей қалаға кіріп кетеді. Тайбурылдың қырық үш күндік кемдігі осы жерде білінеді.

Көбікті Тарлан ат барған соң, жылқыға жау тигенін біліп, жайдақ мініп, тас шоқпар мен найзасын қарына іліп, Қобыланды батыр ұйықтап жатқанда Қараманды допша қағып тастап, желкесінен ұстап, Қобыландыны ұйықтап жатқан жерінде тоғыз қабат тормен бекітіп, екеуін екі тақымына басып аулына әкеледі.

Қызы Қарлығаға екеуін лабықтыға тастатады. Қарлыға екеуін екі қолтығына қыстырып жүре береді. Тамағына іркіт бергізіп, көзіне көк шыбын үймелетеді. Осы тұста Қарлығаның портреті берілген.

Қобаған мұрын, қой көзді,

Талма бетті, нұр жүзді.

немесе

Ай тумас жақтан ай туды,

Күн тумас жақтан күн туды,

Бұл несі деп қараса,

Қара тамды ағартқан

Қарлыға қыздың сәулесі.

Қарлыға сұлу Қобыланды батырға көңілі ауып, ғашық болуы Қараман мен Қобыланды батырдың құтылуының негізгі себебі еді. Қарлыға қос батырды босатып еліне қашырсам, қайтесіндер дегенде Қараман:


"Менің өзім нашармын,

Кілттің аузын ашармын.

Бұл бейнетті көргенше,

Шеш қолымды, Қарлыға,

Рұқсат берсең, қашармын,"-


деп, өзіне-өзі шын бағасын береді. Осы тұста да Қобыланды батыр мен Қараман бейнесі жырда салыстыра беріледі.

Қобыланды батыр:

Ай, қаш, залым, қасымнан,

Қиямет салма жасымнан.

Дәулет құсы ұшты деп,

Тіліне дұшпан көнбедім,

Өшті болған әкеңнен

Өшімді алмай кетпеймін,

Кекті болған әкеңнен

Кегімді алмай кетпеймін…-


деген сөзі арқылы өзінің нағыз батыр екенін таныта отырып,оның да адамға тән қарапайым қасиеттері, арманы, мұңы, қасірет-қайғысы бар екенін өзінің Қараманмен қоштасып, ел-жұртына, туған-туыс, ата-ана, жан-жары Құртқаға айтқан сәлемінен көреміз.

Мені жауда қалды деп,

Аяққа кісен салды деп,

Үлкен аға, кіші іні

Зер салмасын біздерге.

Асқар-асқар белдерім,

Азулы деген көлдерім,

Қараспанды жайлаған,

Қалың Қыпшақ елдерім.

Жан серігім Буырылға,

Қай қызылбас от берсін?

Қай қызылбас су берсін?

Тоқсанда атам Тоқтардың

Тасқа тиді тұяғы,

Алпыста шешем Аналық.

Үзілді ғой қияғы,

Қарындасым Қарлығаш

Өшкен шығар шырағы,

Жан қосағым қыз Құртқа,

Арыстаны мен пенде

Қандай екен сияғы?

Қарлыға мен Қараман Қобыланды батырдың жанына тиер, жанын шыдатпас қулық жасап, Қобыланды батырды жатқан жерінен сыртқа шығарады. Бұл-Тайбуырылға қыл шылбырмен бұрау салу әдісі еді.

Қарлыға Қараман мен Қобыланды батырды аттандырып салып, соңынан Ақмоншақ атпен өзі де баратынын айтады.

Көбіктіні алдап, атын Қарлыға өзі мініп, денесіне сауыт киіп, беліне семсер іліп, басына ноғай бөркін киіп, әкесінің жылқысын бірге айдасып кетеді.

Сәске түсте көп жылқы ішінде Ақмоншақ аттың інісі көк бесті тағы да қалаға қашып кетеді.Үшеулеп қуып қайтара алмай қалады.Көк бесті барысымен Көбікті жауларын қайта қуады.


Көбіктінің үстінде

Тоғыз қабат ақ сауыт

Шапсаң қылыш кеспейді,

Атсаң мылтық өтпейді.

"Мерген болсаң батырым,

Кіндікті байлап атпасаң,

Басыңа салар қараны",-


деп жағдай қиындап, оқиға кейіпкерлер басында шытырмандана бастағанда Қарлыға қыз Қобыланды батырға тағы да қиындықтан шығар жол тауып береді.

Жырдағы оқиға Қобыланды батырдың Көбікті батырды атып өлтіруімен, көк бесті атты жетелеп Қарлығамен бірге сайдың жырасында тосып тұрған Қараманға келуіне барып тіреледі.

Қараман Қобыланды батырдан сауға сұрап, Көбіктінің көп жылқысымен бірге Қарлыға қызды да қоса иеленіп кетеді. Ашкөз, қанағатсыз Қараман жауға қайрат қыла алмаса да, тегін олжаға иелік етіп, Қобыланды батырды жалғыз тастап, өздері үдере көшіп кетеді.

"Қобыланды батыр" жырындағы осы оқиғалардың шытырманданып, қиыннан-қиысуын, бірден-бірге асқына түсуін сюжеттік элементтерде шиеленісу-интриградация деп атайды.

Қобыланды батырдың аты ақсап жүре алмай жұртта жалғыз қалған соң, шыбын жанын қинап алған олжасының көптігіне мастанып Қараман алып кеткен соң, Қобыланды батыр қатты азарланып, намыстанады.

"Ер Тарғын" жырындағы Тарғын сияқты Қобыланды батыр да қосын түгіл Қияттың еліне күші жеткенмен,ондай өз елін өзі талайтын қарақшылық жолға бармайды. Жауын ғана жайратар таза батыр күйінде қалады.

Жалғыз жатып түс көреді. Қараманға ермей қалған Қарлыға Тайбуырылды Ақмоншақ атқа қосып жайып жүргенде қасына зорға жетіп, қалмақтың ханы Алшағыр елімді шауып кетіпті деп мұңын шағады. Мұны түс көру арқылы біледі.

Қараман көмек бермес, әйел де болсаң өзіңнен көмек күтейік дейді.

Қарлыға Қобыланды батырға :

"Ер де сасар болар ма,

Етегін басар болар ма?

Сіз сияқты батырдың

Елін жау алар ма?"-

деп қажыр-қайрат беріп, Қараман ерсе, ерді ермесе, өзі баратын болып, Қобыланды батырды рухтандырып аттандырады.

Қобыланды батыр ел-жұртын құтқаруға бара жатқанда да Тайбуырылдың сипаты жырда тағы да терең ашыла суреттеледі.

Құртқаның атқа қалдырған жем, батырға қалдырған азық, жерге көмген алтын қазықты да Тайбуырыл өзі табады.

Таңның атысынан ертеңгі таң атысына дейінгі мезгілде Алшағырдың шаһарына Қобыланды батырды жеткізеді.

Қалаға кірер есік таппай екі рет айналып шығады. Қобыланды батырдың құлағына іштен әкесі Тоқтарбай, шешесі Аналық, қарындасы Қарлығаш, сүйген жары қыз Құртқаның кезек-кезек зарлана жоқтаған мұң-зары естіледі.

Анасы Аналық зарында атасы Көктім аймақ ханы берген бұлттың келгені баяндалса, Құртқаның зарында Тайбуырылдың барлық қадір-қасиеті, бүкіл атқа тән сипаты айшықты сөздермен беріледі.

Тайбурыл Құртқа қыздың даусын естіп, қайта-қайта кісінеп, Құртқаға белгі береді.Құртқа жоғары шығып қарап, шалқар тоғай бетіндегі шетте дуадақтың етін белінен кесіп шайнаған батырын көреді.

Құртқа Алшағыр ханға келіп, далаға шығып, бой жазып келуге рұқсат беруін сұрайды. Алшағыр қасына екі құл, екі күң қосып беріп, барып қайтуға рұқсат етеді.

Оларды екеу-екеуден өр сайға тастап, Қобыланды батырға келіп жолығады.

Тайбурыл шылбырын үзіп, Құртқаның омырауына тұмсығын тыға жығылады. Қобыланды батыр Құртқаны көріп, амандасып мауқын басады.Қала ішіндегі халқына тегіс сәлем айтып, ертеңгі күнге дайын отыруын тілейді.

Ата-анасына келінің ұзап кетті деп азап беріп жүрер деп, ертерек қалаға баруын өтінеді.

Құртқа сұлу кеткесін бір төбеге барып, Қарлыға қыз келер деп алды-артына қараса, Ақмоншақ атқа мінген Қарлыға, көк бесті мінген Қараман және Қосымның қалған еліндегі Орақ батырдың келе жатқанын көреді. Орақ батыр жайлы жырда:


"Айбынды Орақ, айлы Орақ,

Айбалтасы қанды Орақ,

Қобыландының көп елін

Қалмақ алды" деген соң,

Елінен шықты сол шырақ, -


деген жолдардан Орақ батырдың Қараман сияқты дүниеқоңыз, қарау, қауқарсыз батыр емес екенін білгендей боламыз.

"Қобыланды батыр" жырындағы ең бір ауыр сәт батырдың жан қиналысын тегіс көргендей боламыз.Жорыққа алғаш шығып, ата-ана, қарындас, жарының қоштасуы осы тұста тағы да мұң-шерін білдіретін жоқтау сөздерімен баяндалады.

Қобыланды батырдың психологиялық ішкі көңіл күйін, қиналыс сезімін осы жоқтау ерекше танытады.

Жырдың сюжеттік құрылысындағы оқиғаның баяндалуын оқиғаның шыңы, биігі,тұйыққа тірелген жері дейді.

Жыршының айтайын деген ойына сәйкес тыңдаушының көңілін аударайын деген оқиғасы-кульминация-шарықтау шегі, яғни оқиғаның шыңы, биігі, тұйыққа тірелген жері деп аталады.

Қобыланды батыр қасындағы батырларымен таң ата Алшағыр ханның қақпасына келіп, Алшағырды жекпе-жекке шақырады. Қара қасқа тұлпардың құйрығын шарт түйген Алшағырмен соғысын бастайды.Екеуінің соғыс үстіндегі портреттері берілген.

Білегінен түгі шығып, қатуланған Қобыланды батыр Алшағырды өлтіріп, қалмақтарды төртеуі қырып, ел-жұртын тұтқыннан босатады.

Үш ай, үш күн дегенде Қараспан тауын жайлаған, Азулы деген көліне әкесі Тоқтар бастаған еліне жетеді. Ел-жұрты туған жеріне келіп, кедейі байларына теңеліп бақытты өмір кешті деп жыр аяқталады.

Жырдың осылайша жақсылықпен бітуі халықтың арманын көрсетуге негізделген. Жыр болашақтан зор үміт күтуге тыңдаушысын сендіреді.

"Қобыланды батыр" жырының оқиғасының, қатысушылардың іс-әрекетінің немен тынғанын шығарманың құрылысындағы сюжеттік элементін развязка -шешуі деп атайды.

Қобыланды батыр Шалкиіз жыраудың өлеңінде "Үш ғасыр жырлайды" кітабында болу керек.Тарихта нақты болған батырға ұқсайды.


"Нең бар еді Қара қыпшақ Қобыландыда,құлыным ,

Тілімді алмай үзілді ғой жұлының," –

деген өлең жолдарына қарағанда тарихта өмір сүрген батыр болса керек.

Оның үстіне атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов та Қара қыпшақ Қобыланды батыр жетінші атамыз болған дегенді айтқанын Ә.Қоңыратбаев мақалаларында оқығаным бар.

Ауыз әдебиетіндегі "Қобыланды батыр" жыры "Ер Төстік" ертегісінің негізінде жасалуы ықтимал.

Оған дәлел,Ер Төстіктің Кенжекеймен ара қатынасы Қобыланды батыр мен қыз Құртқаның да қатынасына өте ұқсас. Екеуі де дұшпандары мен жауларын

толық жеңіп шықпай ,отбасылық тұрмыс-тіршілікке араласып, тұйықталып қалмайды.

Кенжекей Шалқұйрық атты, сауыт-сайманды Ер Төстікке арнап әкесінен алдырса, қыз Құртқа Қобыланды батырға арнап қару-жарақ соқтырып, Тайбурылды тәрбиелеп, мәпелеп өсіреді. Екі аттың екеуі де батырға қамқор болып, тіл бітіп, қажетті ауыр кезеңдерде сөйлейді.
















11



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров1463
Номер материала ДБ-083103
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх