Инфоурок Другое Другие методич. материалыХадиева М.М Қ.О.БІТІБАЕВАНЫҢ АВТОРЛЫҚ МОДЕЛІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ

Қ.О.БІТІБАЕВАНЫҢ АВТОРЛЫҚ МОДЕЛІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ

Скачать материал

Хадиева Меруерт Муратаевна

«Жетыарал орта мектебі» КММ

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылы

Meruert-89-07@mail.ru

 

Қ.О.БІТІБАЕВАНЫҢ АВТОРЛЫҚ МОДЕЛІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ

 

Аталған баяндамада функционалдық сауаттылық, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген ұстазы Қ.О.Бітібаеваның авторлық моделін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері туралы сөз қозғалған. Жаңа технологияны меңгеруде басты құрал  білім болып табылады. Мақсат – оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуге басты назар аударту. Және функционалдық сауаттылық түрлері көрсетіліп, оны дамыту үшін тиімді әдіс-тәсілдер қатары көрсетілген.

 

Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық жоспар ұсынған болатын. Ол жоспардың мақсаты – Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамассыз ету.

Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай жағдайлар жасалатын болады:

Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.
      Ұлттық жоспардың міндеттері:
      1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
      2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
      3. Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу жоспарлары мен бағдарламалар.
      4. Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
      5. Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу жүйесін дамыту.
      6. Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-техникалық базасын
нығайту.

Жалпы алғанда, Ұлттық жоспарды жүйелі және одан әрі іске асыру Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және функциялық сауаттылығын дамуына мүмкіндік береді.

      «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 1960 жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі.

Функционалдық сауаттылық – адам­ның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеу­меттік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады

Сауаттылық – адам бойындағы тұрақты қасиеттердің бірі. Ал функционалдық сауаттылық адам бойында тек белгілі бір білімді жинақтағаннан кейін ғана көрініс табады. Функционалды сауатты тұлға болып қалыптасу үшін тұлға белгілі бір білім қорын жинақтап қана қоймай, оны әлеуметтік, саяси, қоғамдық, мәдени, экономикалық өмірде кездескен жағдаятқа сай қолдана білуі керек. Жүйелеп айтқанда, тұлғаның жасына, мамандығына қарамай, өмір бойы білім ала отырып, бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе жүріп, меңгерген білімді күнделікті өмірде, тұрмыста қолдана алуы және үнемі дағдыға айналдырып, жетілдіріп отыруы.

 Сонда тұлға нені басшылыққа алуы керек? Ол үшін тұлға  функционалдық  сапалар жайында білуі керек:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-кесте. Тұлға бойында болу керек функционалдық сапалар

 

Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың бірнеше жолын көрсетуге болады:

·        Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу

бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, білім беру арқылы; Бағдарламалардың орындалуы, сабақ үрдісінде бағдарламаға сай, сұрыпталған, өңделген оқулықтардың жүруі – оқушы сауаттылығын арттырудың бірден-бір кепілі.

·        Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың келесі тетігі – оқыту

нысандары мен әдістері. Оқушылардың оқу белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылығын арттырып отыру үшін, шыңдай түсу үшін қолайлы әдіс-тәсілдер ретін дұрыс таңдаудың маңыздылығы жоғары.

Әр пән мұғалімі өз сабағында тиімділігіне қарай түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық сұрақтарға жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек.

Міне, сондай тиімді әдіс-тәсілдердердің бірі Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген ұстазы Қ.О.Бітібаевның  авторлық моделі деп білемін. 

Қ.О.Бітібаеваның пәнді оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушы бойына жоғарыда атап өткен функционалдық сапаларды дарытуға болады. Функционалдық сауаттылықтың жалпы сауаттылық, компьютерлік сауаттылық, информациялық сауаттылық, коммуникативтік сауаттылық, шет тілдерін білудегі сауаттылық, тұрмыстық сауаттылық, төтенше жағдай кезіндегі сауаттылық, қоғамдық-саяси сауаттылық сияқты түрлерін барын ескерсек, ол оқушының бойынан, ең алдымен,  шығармашылық тұрғыда белсенді іс-әрекет жасауынан көрініс табады. Бұл тұрғыда ұстаз ұсынған технологияның зерттеу, іздендіру, топтап, жұптап оқыту әдістерінің ерекшелігі зор. Бұл әдістерді пайдалану – берілетін білімнің ғылымилығын арттыруда, берілетін білімді қосымша материалдармен байытуда, оқушыларды өз беттерінше іздендіруде, тапқан мағлұматын іріктеп, түртіп, сабақ процесінде қолдана білуде, оқушылардың өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы. Сондай-ақ, тақырып бойынша, нақыл сөздер бойынша туындыларды, өлеңдерді топтастыру да оқушының ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Сөздік жұмыстарымен жұмыс жасай отырып, өзге пәндермен пәнаралық байланыс жасай отырып, оқушының білім өрісін кеңейте аламыз.

 Оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау үшін берілетін тапсырмалар жүйесіне мыналарды жатқызуға болады деп санаймын: мақал-мәтел, жұмбақ, өлең шумақтарын, ертегілер құрастыру, сюжетті сурет бойынша ойтолғау, шығармалар жазу, пейзаж жазу, автор идеясын өрбіту және т.б.

ХХІ ғасыр – техника ғасыры. Ол мамандығына, жасына қарамай, компьютерді жетік меңгеруді, онлайн арқылы жұмыстар жасай білуді, интернет желілерін, өзге салаға қатысты техниканы қажет ететін біліммен қамтамасыз етілуі керек.

Қ.О.Бітібаеваның пәнді оқытуға байланысты ұсынған технологияның әдіс-тәсілдерін АКТ-ны пайдалана отырып та жүзеге асыруға болады. «Т» кестесі, тест-интервью, бейнелі сөздерді табуға арналған немесе салыстыру, сәйкестендіру кестелерімен жұмыс жасағанда, АКТ элементтерін, интерактивті тақтаны пайдалансақ, түрлі видеокөрсетілімдер көрсетіп, аудиожазбалар тыңдатсақ, оқушының рухани дамуына, оқуға деген белсенділігін арттыруына жағдай жасар едік.

Оқушының кез келген ортаға тез бейімделіп кетуі үшін, сыртқы ортамен еркін қарым-қатынас жасай білуі үшін, өмір сүруі үшін сөйлеу тілін дамытудың орны өзгеше. Оны, екінші сөзбен, оқушының коммуникативтік құзыреттілігін дамыту деп түсіндіруге болады. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге  қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі, жаза білу, оқи білу, оқығанын түсіне білу түрінде мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Ал, коммуникативтік құзыреттілік –  қажетті  тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді  меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, түрлі кесте, қималармен жұмыс жасап, сұрақ қоя, ойын білдіре, пікір таластыра білуі тиіс. Сондықтан да, сөйлеу тілін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, оқыту амалдары қатарына сұрақ-жауап, іскерлік ойындар, ұжымдық (топтық), жұптық оқыту амалдары, проблемалық оқыту, конкурс, модель, конкурс сабақтар (мәтінге жуық әңгімелеу, шығарма желісі бойынша сюжетті конкурстар өткізу), макет, кіші жоба қорғау сабақтары, дебатқа құрылған сабақтар, реферат, тест-интервью (сұрақтар қатарын жасап, аз уақыт ішінде оқушы жауабын білу) т.б.жатады.

 

Фото0149Шығармада маған әсер еткен көріністер

Сурет арқылы бейнелеуім

Мүсін жасап отырған сары балаға Шоқанның жақындап келіп, жылы, шырайлы, күлімсіреген жүзбен қарап, түйе ойыншығын сұрап, өзін анасының үйіне апарып, тамақтандырғаны. Ешкімге тиіскізбей, қамқорлық танытқаны.

Мен осы көріністі көз алдыма елестете отырып, Шоқанның сары баладан түйе ойыншығын алып жатқан көрінісін салып келдім.

6-сынып оқушысы А.Байдуллаев

 

2-кесте. Оқушының мәтінге жуық әңгімелеуі, өз пікірін қорғап, дәлелдеуі.

 

Жоғарыда аталғандардың барлығы оқушының сөйлеу тілін дамытуда өзіндік ерекшелігі, өзіндік мүмкіншіліктері, тиімділіктері бар әдіс-тәсілдер қатары болып табылады.

 

 

Фото0176Фото0169 

Фото0177,Фото0171
Фото0172
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-сурет. Оқушылардың сюжетті конкурсқа түсуі. Өз пікірін қорғап дәлелдеуі.

Оқушының бойындағы коммуникативтік сауаттылықты дамыту үшін  оқушыларды сабақтың басынан бастап сөйлесім әрекетіне баулу, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету ескеріліп отырылуы керек. Өйткені кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау әрекеттері арқылы іске асады. Рөлдік ойын әдісі арқылы оқушылар тез тілдеседі, образға енеді, оқушы өзін танытады, достарының пікірімен санасады, дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдіреді, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұрақ-жауап әдісін оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту мақсатында оқытудың барлық кезеңдері мен түрлерінде жиі қолданамын.

Оқушылар бойына жоғарыда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың түрлерін дарытқымыз келсе, PISA халықаралық зерттеу тапсырма мысалдарының үлгісімен тапсырмалар құрастырып, оның шешу жолдарын ұсынып, орындатып отыру керек. Мысалы: 5-сыныпқа табу тақырыбын өткенде, найзағай туралы қосымша мынандай үлгіде тапсырма ұсынуға болады:

Найзағай

Сұрақ 1: Найзағай

Өскеменде найзағай кезінде балалар отырған күркеге ағаш құлады
 

 

 

 

 

 


                            1-сурет

 

 

 

 

1-сурет. Найзағай

Найзағай – бұлттар, не бұлт пен жер арасында болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Найзағай жарқылы үлкен разрядты тоқпен тең, температурасы 300000 градусқа дейін жетеді. Жыл сайын әлемде найзағайдан 3000 адам қайтыс болады. Найзағай бірінші биік затқа түседі. Найзағай соққанда, терезені, есікті, құбырларды жабу керек, телефонмен де сөйлесуге болмайды. Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындауға, су жиналатын жерлерге тұруға болмайды. Теледидар, радионы және басқа да электрлі қондырғыларды тоқтан ажырату керек. Қысқа ағаштардың арасын паналау қажет. Биік ағаштардың қасына, әсіресе терекке, еменге, шыршаға тығылуға болмайды.

Жалғыз тұрған ағашты ешқашан найзағай айналып өтпейді. Мұндай ағаштардың жалғыз тұрғандықтан, өзгеден соры басым.

Сұрақ 1: Найзағай

Найзағайдан қалай қорғануға болады?

..................................................................................................................................................................................................................................................................................

Сұрақ 2: Найзағай

Наным-сенімге қатты сенген қазақ халқы найзағай сөзін тағы басқа қандай сөздермен алмастырып қолданған?

А) Аты жаман

В)  Ұлыма

С) Итқұс

Д) Жай,жасын

Сұрақ 3: Найзағай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-диаграмма. Найзағайды тартатын ағаштар

 

Ерсін мен Аслан қатты жаңбыр астында қалып қойды. Жол жиегінде биік, жалғыз емен ағашы мен қысқартылып кесілген топ ағаштар ғана бар.

1.     Ерсін мен Аслан қандай әрекетке барады?

2.     Ол әрекетке бару себебі неде?

3.     Жоғарыдағы 2-суреттен нені аңғаруға болады?

1.     ............................................................................................

2.     ............................................................................................

Тіл мен әдебиетті оқыта отырып, тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамыта отырып, біз тілдік тұлға (қазақ тідінде еркін, көркем, әдеби тұрғыда сөйлей алатын), коммуникативтік тұлға (өз тілінде дітін, қалағанын орындата алатын тұлға), тілдік-мәдени тұлға (қазақ тілінде ойлайтын, қазақ мәдениетін меңгерген тұлға), тілдік – сауатты тұлға (қазақ тілінде сауатты жаза алатын, жазғанын оқып, түсіне алатын тұлға) қалыптастыра алады екенбіз. Сондықтан, біз, мұғалімдер, алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуіміз керек.

Қорыта айтқанда,  ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз! Осындай елде жан-жақты, қоғамдық-саяси, ақпараттық тұрғыдан дамыған ұрпақтың өсіп-өрбуі заңдылық.

 

 

 

Библиографиялық сілтемелер

 

1.     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 27 қаңтар, 2014 жылғы 17 қаңтар

2.     «Оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналаған ұлттық іс-қимыл жоспары». 2012 жыл, 25 маусым

3.     Қ.О.Бітібаева. «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы». 2007 жыл, Өскемен.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Хадиева М.М Қ.О.БІТІБАЕВАНЫҢ АВТОРЛЫҚ МОДЕЛІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 773 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 1009
    • DOCX 3.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакаева Зина Аширжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакаева Зина Аширжановна
    Жакаева Зина Аширжановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24555
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 17 регионов

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе