Инфоурок Музыка Другие методич. материалыҚобыз аспабының кейбір ерекшеліктері

Қобыз аспабының кейбір ерекшеліктері

Скачать материал

hello_html_443d33e7.gif

Құрманғазы атындағы Орал саз

колледжінің оқытушысы қобызшы

Музапбарова Қалия Шамшиевна


Қобыз аспабының кейбір ерекшеліктері

Қобыз мойны неге имек?


Пернесіз ойналатын музыка аспаптарының көптеген түрлері бар. Бұл аспаптарда ойнау, одан таза дыбыс алу жолдарының да өзіндік ерекшеліктері болады. Солай бола тұрса да, мұндай аспаптардың меңгеру жолдары қаншама қиын болғанмен, оның мәдени өміріміздегі қажеттігі, орны айрықша екендігі даусыз.

Ішекті саз аспаптарының негізгі көпшілігінің мойны түзу жасалады. Ондай аспаптар әрине, қолға ұстауға қолайлы, ойнауға ыңғайлы келеді. Және оның ішектерін саусақтарымен басып ойнау жолдары да жеңіл.

Ал, қобыз аспабының мойны түзу емес, имек жасалады. Сондықтан, оның ішектері қобыз мойнынан алыс қалады. Ондай ішектерді саусақпен басып ойнау – біраз қиындықтар тудырады. Себебі, қобыз мойнынан алыс қалып, бөлек тұрған ішектерді мойынға әкеп басу мүмкін емес, ол мойынға келе де алмайды. Сондықтан ішектерді саусақ тырнақтарымен ғана басады. Қобызда ойнауда осындай қиын да, қызық әдістері бар. Айталық, қобыз мойнынан алыс тұрған ішек тұрақты қалыпта бола алмайды, ол саусақтың ыңғайына қарай орнын өзгертіп, ары-бері қозғалтып кетіп отырады. Ішекті қатты басқанда, дыбыс тербелісі өзгеріп тұрады да, аспапта таза ойнау қиындай түседі. Сондықтан қобыз ішектерінен таза дыбыс алу үшін, тағылған ішектер біршама қатайып тұрады да, ары-бері кетпей, көп қзғалмай, орнықты қалыпқа келеді.

Ертеде қобызға тағылатын қыл-ішектер жуан болып келетін. Оны бұраған кезде ішектер қатты керіліп, тұрақты тұратын. Осындай қалыпқа келген қыл-ішектер ойдағыдай таза дыбыс бере алатын еді.

Халық аспаптар оркестрі алғаш құрылған жылдары қыл-ішектердің орнына қобызға басқа ішектер тағылды. Ол ішектер жіңішке болып, бос бұралатын. Сол себепті қобыз дыбысы жағымды жұмсақ естілгенімен ол дыбыс тұрақсыз болды да, аспаптарда таза ойнау ісі өте қиынға соқты.

Сөйтіп ол кездегі аспаптар қобызшылардың маңдай тері мен мұқиятты еңбегіне қарамастан ойдағыдай таза дыбыс бере қоймады. Осы жағдай, сол жылдары қобызда таза ойнауға болмайды деген пікірлер тудырғаны белгілі.

Сонымен мойыннан бөлек тұрған ішектерді тырнақ сыртымен басып ойнау әдісі өмірде өте сирек кездесетін әдіс болып қалып отыр.

Осы әдіс бойынша ішектерді тырнақпен басқанда саусақтарды бүгіп, ішектер арасына апарады. Содан кейін өте ептілікпен ішек басылады.

Бұл жағдай аспапты меңгеру әдісін ауырлатып, саусақтардың жылдам және жеңіл қозғалуына бөгет болып отырады.

Қобыздың мойнынан алыс тұрған ішектерін саусақтың тырнағымен баспай, саусақ етімен басып қарасақ, олар толық дыбыс бере алмайды. Ал қобыз мойнын имек жасамай, түзу жасап қарағанда да, асапап дыбысы толық болмай, әлсірей береді. Қыл қобыз тек, мойнын имек жасап, саусақ тырнақтарымен ойнағанда ғана өз кемеліне келеді. Қобыз құрылысының осы айтылған ерекшелігі, аспап мойнының имек болуын қажет ететіндігін көреміз.

Сонымен қобыз мойнының түзу болмай имек болуы – біреудің өз еркімен жасай салғаны емес екен. Ол – аспап құрылысының табиғатынан дыбыс беру тәсілінен туатын сәйкестік, заңдылық екен. Қобыздың дыбыс беру әдісін табу, оны белгілі бір заңдылыққа жеткізіп қалыптастыру мәселесі тез арада шешіліп, аз уақыт ішінде жасала қоймағаны анық. Әсіресе қобыз сияқты жасырын сыры мол күрделі аспапты қалыптастыру үшін қаншама уақыт керек болды десеңізші...

Қобыз шанағы

Шанақ – қобыздың ең көрнекті және негізгі бөлігі. Оны аспап дыбысының ұясы немесе ұйтқысы деп те атай береді. Өйткені, аспап дыбысы осы шанақ ішінде қалыптасып, шанақ айналасында пайда болады. Сондықтан, шанақтың қобыз дыбысының сапалы болу жолында атқаратын міндеті зор.

Қобыз шанағы үлкен екі бөлектен құралады. Оларды біз шанақтың астыңғы және үстіңгі қақпақтары деп атадық. Астыңғы қақпақ қатты ағаштан жасалады. Оны аспап шеберлері тұтас ағаштан ойып алады. Үстіңгі қақпақты түйе терісінен жасайды. Осы екі тұлғаның толқу, тербелу (колебание) қабілетінен барып аспап дыбысы пайда болады.

Әрине, қобыз дыбысының қалыптасуына шанақтан басқа да тұлғалардың ықпалы тиеді. Мысалы, ішектің, тиектің, желдіктің т.б. Дегенмен, біздің байқауымызға қарағанда, шанақ қақпақтары дыбыстың негізін қалайды.

Сөйтіп, шанақ құрылысы, оны жасаау тәсілі, астыңғы және үстіңгі қақпақтардың дыбыс беру қабілеттері қобыз үнінің сапасын анықтап, тербеліс қуатын беретін негізгі тұға болып табылады.

Ал осы қобыз шанағының жасалуына келсек, қобыздың қандай түрі болса да, барлығының бірдей шанағының төменгі бөлегі жіңішке жасалады және оның беті түйе терісімен жабылады.

Музыка аспаптарының құрылысына мал терілерін пайдалану шанақ бетін терімен жабу әрекеттері ерте заманнан халық тұрмысына музыка аспаптарының қажет болып, терінің дыбыс беру қабілеті белгілі бола бастағаннан бері келе жатқан аспап жасау ісіндегі дәстүрлі әдісі. Терінің дыбыс беру қабілетін білген көптеген халық, түрлі музыка аспаптарын жасау ісіндегі теріні пайдаланып келгені мәлім. Қазақтың кәрі қобызында тері пайданылған.

Халық шеберлері қобыз шанағының бетіне теріні қатты керіп жабатын болған. Бірақ, қанша керілгенмен тері өне бойы бір қалыпта бола бермейтін. Ауа райының құбылуына тері де өзгеріп құбылып тұрады. Күз, қыс мезгілдерінде жауын-шашынды күндерінде тері дымқылданып босап кететін.

Шанақ терісін қанша күтіп ұстағанмен ауа райына байланысты бірде босап, бірде қатайып, соның салдарынан қобыздың дыбыс беру қабілеті нашарлай беретін. Мұндай жағдайда шанақтың тері қақпағын жаңалап отырған.

Қобыз құрылысының осы ерекшелігі – осы заманғы қобыз жасау ісінде де өзгеріссіз қалып отыр. Қобыз құрылысының ерекшеліктері мен жасалуындағы осындай өзіне тән өзгешіліктері оны тұрақты, қалыпты етін жасауға мүмкіндік бермей келеді.

Бүгінде мәдениетіміз бен өнеріміз дамып, профессионалдық деңгейде көтерілген кезде жаңа қобыз квинтетінің де профессионалдық әдіспен жасалып, уақыт талабына сай болуы қажет.

Қобыз тиегі

1937 жылы халық аспаптар оркестрі ұйымдасып, үлкен музыкалық ұжымға айналып келе жатқан кезде оның құрамына қобыз да қатыстырылды.

Әуелде қарапайым қыл қобызда соншылық күрделі ештеңе жоқтай көрінетін. Оның тиегі басқа аспаптардағыдай шанақ қақпағының ортасында емес, бір шетінде қисық тұратын. Ол тиек кейде қақпақтың ортасына қарай жылжып кетсе, қобыз дыбысы азая қалатын. Оны біз қайтадан орнына қойып, ойнай беретін едік. Қобыз тиегінің бұл құбылысына ол кезде онша көңіл бөліне бермейтін. Соңғы жылдары қобыз жасау ісімен шұғылдана бастаған кезде ғана, осы кішкене тиектің орналасуының өзі – аспап дыбысының қалыптасуына үлкен ықпал ететінін байқадық.

Қобызға шағын ғана тиек жасалады. Көлемі жағынан домбыра тиегінен аз ғана үлкендеу келеді. Осы кішкене ғана тиектің атқаратын міндеті, қобыз дыбысына қосар үлесі үлкен екенін көреміз.

Тиек қобыз шанағын тербетіп, толқытып тұратын күш секілді. Ол шанағын тербетіп, толқытып тұратын күш секілді. Ол шанақтын екі қақпағы бірдей тербеліп, дыбысты реттеп, бір – бірімен байланыстырып тұратын құрал болып табылады.

Тиектің орны.

Қыл қобыздың барлық түрлерінде бірдей шанақтың төменгі тері жапқан бөлегі жіңішке жасалады дедік. Оны солай жасауга мәжбүр етіп отырған да тиек екен. Шанақ қақпағының бетінде тиектің түратын өз орны барол сол орнынан басқа орынға ауысып кете алмайды. Тиек қалыптасқан орыннан қозғалып, басқа орынға кетсе, дыбыс күші өзгереді. Сөйтіп, кішкене ғана тиекте көп сыр, үлкен күш жатыр.

Желдік.

Халық арасында қобыз шанағының беттерін бір-бірімен тікелей байланыстырудың екі түрлі жолдары кездеседі. Бірінші түрі тиек арқылы байланыстырылады, екінші түрі желдік арқылы жасалады. Осы екі түрлі тәсілдің екеуі де халық арасында кеңінен қолданылып келген. Шанақ беттерін тиек арқылы баланыстыру жолы, барлық қобызда бірдей бола бермейді. Кейбір аспапты тіпті желдіксіз де жасайды.

Желдік өз алдына бөлек жасалмайды. Оны шанақ бетін жабатын терімен қосып, соның жалғасы етіп бірге жасайды. Желдік жіңішке келеді.Ол, шанақтың беті ашық домалақ бөлегінің астын тесіп, соған бекітіліп байлап тасталынады.

Қатты тартылып байланған желдік шанақ бетін жапқан терінің қатты керіліп тұруына әсер етіп, оның дыбыс беру жолын жақсартуға өзінің үлесін қосады. Сонымен қатар, ол шанақтың астыңғы қақпағы мен үстіңгі бөлегін бір-бірімен қосып, олардың арасындағы байланысты жақсартуға себін тигізеді.

Сөйтіп, қобыз тиегі мен желдігі шанақ қақпақтарының өзара байланысын қамтамасыз етіп тұрған құрал. Бұл екеуінің атқаратын міндеті, басқа аспаптарда бола бермейтін қобыздың өзіне тән дыбыс беру жолының тағы бір қасиеті деуге болады.

Қыл қобыздың барлық бөлшектерін атап, олардың әр қайсысының атқаратын міндеттерін айтып, талдау жасап шықтық. Қобыздың аспап болып қалыптасу жолдарын, оның әрбір бөлігінің дыбыс беру әдістерін айттық.

Жалпы, қобыз бойында артық жасалған керексіз ешнәрсе кездеспейді. Олардың барлығы бір-біріне лайықталып жасалып, бірін-бірі толықтырып отырады. Осылай қалыптасқан қобыз тұлғасын белгілі бір үйлесімге әкелу, одан сапалы дыбыс алу ісін шешу, қаншама күрделі екенін, ұзақ уақыт пен зор еңбекті қажет ететінін байқадық.

Қыл қобыздың осы айтылған ерекшеліктерін ескеру, болашақта қобыздың жаңа түрлерін жасау ісіне жол сілтеп, жөн көрсететіні анық.



Пайдаланылған кітап: Д.Тезекбаев «Қобыз сыры» 1997ж.

Б.Қосбасаров «Қобыз өнері» 2001ж.

А.Жұбанов «Ғасырлар пернесі»




Құрастырып жазған Мұзапбарова Қ.Ш.





























Орал қаласы 2016ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қобыз аспабының кейбір ерекшеліктері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 974 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2016 1460
    • DOCX 301.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Музапбарова Калия Шамшиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Музапбарова Калия Шамшиевна
    Музапбарова Калия Шамшиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33298
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные проблемы развития исполнительских навыков учащихся в деятельности педагога ДМШ, ДШИ

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 164 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания музыкально-теоретических дисциплин в дополнительном образовании

Преподаватель музыкально-теоретических дисциплин

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 304 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания музыки в общеобразовательной организации

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 240 человек

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе