Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Другие методич. материалы / Қобызға өңделген шығармалармен жұмыс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Қобызға өңделген шығармалармен жұмыс

библиотека
материалов

Ашық сабақ. 06.02.2013ж.



Мамандығы « Халық аспаптары

Пәні Қобыз-прима

Курс 4 курс. Сүйекенова Зайрагуль

Сабақтың тақырыбы «Қобызға өңделген күйлермен жұмыс» күйсандықта- Тащанова Гульмира Турановна

Сабақтың түрі Шығармашылық

Сабақтың типі; Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі Түсіндіру, ойнау-ойнату, сұрақ- жауап,талдау

Сабақтың формасы Жеке

Сабақтың көрнекілігі; Тақырыптық көрнекіліктер, үнтаспа, Домбырашы—Ербол Губайдуллин /өңделген күйдің домбырадағы нұсқасын ойнап беруге шақырылған/, оқулықтар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік Оқушының күй табиғатын білуі,түсінуі , тыңдап ойнауы , халыққа уағыздай білу, ой өрістерін кеңейту.

Дамытушылық Домбыра күйлерін көбірек тыңдап ойнап, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік Табиғатынан өзімізге жақын, түсінікті, жаныңды баурайтын өз халқыңның ән-күйлерін, құдіретін сезіну, түсіну.

Пән аралық байланысы Күй табиғатымен қобыз өнерінің байланысы

Квалификациялық талаптар

Оқушы білу керек Сабаққа қатысты аңыз күйлердің, күйшілердің

өмірбаяндары мен шығармалары туралы, орындаушылар және күйлерді өңдеушілер туралы білуі керек.

Пайдаланған кітаптар мен басылымдар.

Негізгі Ғ.Молдакаримова « Қобыз үйрену мектебі»,М.Каленбаева «Қобызға өңделген күйлер» ,Сайжан Қарасай « Екі жирен», Ғ. Болтаева

«Қобыздың қоңыр үнімен»

Сабақтың жүргізілуі

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушымен амандасу

Журналға белгі соғу

Оқу құралдарын қадағалап, назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мазмұнын және тақырыбын ашу мақсатында домбыра аспабына шағын шолу түсініктемелерін беруге болады.

Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді. Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.

Қазіргі таңда домбыра күйлері қобызға өңделіп ойналып жүр.Әртүрлі республикалық сайыстарда негізгі талап ретінде кіргізіліп жүр. Біздер де қобыз аспабының техникалық сынағына енгізіп, екі техникалық шығарманың бірі- күйді талап етеміз. Қазіргі таңда мемлекеттік емтиханға да міндетті шығарманың бірі қобызға өңделген күй енгізілген.Бұлай істеуіміздің мақсаты қобыз аспабын меңгерген оқушы тек қана аспабындағы шығармаларды біліп қана қоймай қазақтың құдіретті күйін де біліп ,естіп, ойнап, меңгеріп шығады. Әрі қарай келер ұрпаққа жалғастырады. Домбыра–қобыз аспабы сияқты шежірені білуді талапетеді
Үй тапсырмасын сұрау.

А.Жұбанов « Ария» Әуелі оқушының өзіне жеке ойнатып, кейбір шықпай жатқан, түсінбей жатқан жерлерін айтып, түсіндіру.Мазмұны терең бұл шығарманы сезініп ойнауға баулу, бірге қосылып ойнау. Содан соң ғана күй сандықпен қосылып ойнау.

Жаңа сабақ. Тақырыбы—Құрманғазының күйі « Аман бол, шешем, аман бол».

Күй атасы, сазгер, асқан дүлдүл домбырашы, қазақтың аспаптық музыкасының (күйдің) классигі XIX ғасырдың 23 жылдары (1823 ж) қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы Жиделі деген жерде дүниеге келген. Әкесі Сағырбай кіші жүздегі Қызылқұрт руынан шыққан.
Құрманғазы жастайынан домбырашылығымен көзге түседі. Оның күйшілік өнердегі алғашқы ұстазы, бүкіл Қазақстанға танымал болған Ұзақ күйші болды.

Құрманғазының бүкіл өмірі мен өнері әлеуметтік әділетсіздік пен қанаушылыққа, озбырлыққа қарсы күрес жолында өткендігі жөнінде, би-болыстар мен байлардың қудалауы, түрмеге қаматуы күйшіні ешбір жасыта алмады. Құрманғазы күйлеріндегі әлеуметтік тақырып – оның күй шығарушылық өнеріндегі бейнелеу тәсілдерінің негізгі аяқ алғысы болып табылады. Құрманғазы - күйшілік өнердегі жаңашылдығымен халық музыкасына жаңа бағыт тудырған өзіндік орындаушылық дәстүрін қалыптастырып кеткен аспаптық музыканың құдіретті алыбы.

Негізгі анаға арналған күйлері туралы. « Қайран шешем», «Аман бол, шешем, аман бол».Бір күні Құрманғазының үйіне патша солдаттары келеді.Құрманғазыны ұстап ,сыртта тұрған арбаға отырғызады.Енді жүргелі тұрғанда ,арбанын қасына Құрманғазының шешесі келеді.
Анасы Құрманғазыны құшақтап, маңдайынан сүйеді.Сол кезде Құрманғазы домбырасын алып, « Аман бол, шешем, аман бол» деп күй тартады.
Күй аяқталғанда шешесі көзінен бір тамшы жас шығып кеткен Құрманғазыға қарап : «Мен ер жігіт тудым деп жүрсем, сен кімнің алдында көз жасыңды төгіп тұрсың? Көтер басыңды! » - деген екен. Сонда «Әй, қайран, менің шешемдей адам бұл дүниеде жоқ шығар ! Маған өмірде күш қайрат беретін анамның тілегі емес пе ?» - дейді Құрманғазы.

Әрі қарай сабақ барысында күйді әдейі шақырылған колледж күйшісі—Ербол Губайдуллин ұстаз-күйші орындап береді. Себебі күйшінің көзбе көз орындағаны -үнтаспаларға қарағанда өте үлкен де көп әсер етеді.Оқушы күйдің түп-нұсқасын тыңдаған соң өңделген түрін қобызшы ұстаз орындауында тыңдайды. Мінекей , оқушы толық мағлұмат алған соң ғана шығармалы жәй ырғақта талдай бастаймыз.

Өңдеудегі орындаушының және сүйемелдеушінің назарын аударатын мәселелер; 1.Күйдегі ырғақтардың өзгеріп отыруы.

2.Ысқыштың орны мен штрихтарды дәл табу.

3.Күйдің табиғи қалпын барынша сақтау.

Оқушының шығарма мәтінін жүргізіп оқуы жылдам, өте жақсы. Сондықтан жәй ырғақта бір ойнап көрген соң күйсандыққа қосылып ойнаймыз. Келесі ретте оқытушымен қосылып ойнаймыз.Осылайша жаңа сабақ талданып, ойналып аяқталды.

Оқушыға үй тапсырмасы беріліп , еңбегі бағаланады.

Қорытынды; Бүгінгі сабағымызды аяқтай келе домбырада орындалатын халық күйлерін, қазақстан композиторларының күйлерін домбырада ғана емес қобыз аспабында да орындауға болатынын оқушыға түсіндіріп, айтып, ойнатып, дәлелдеп көрсете білдік. Халқымыздың асыл қазынасы –күйлер және күйшілер туралы деректер қазіргі таңдағы орындаушылардың арқасында сақталып, келер ұрпақтан жалғасын табады деп сенеміз.

Оқытушы; Мұзапбарова Қалия Шамшиевна

Орал қаласы.












Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Музыка
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров158
Номер материала ДВ-489735
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх