Инфоурок Другое Другие методич. материалыОблыстық балалар оңалту орталығында ұйымдастырылған түзете-дамыту іс-әрекетіне арналған жұмыстар Сауат ашу сабағының үлгі жоспары.

Облыстық балалар оңалту орталығында ұйымдастырылған түзете-дамыту іс-әрекетіне арналған жұмыстар Сауат ашу сабағының үлгі жоспары.

Скачать материал

Облыстық балалар оңалту орталығында ұйымдастырылған түзете-дамыту іс-әрекетіне арналған жұмыстар

Сауат ашу сабағының үлгі жоспары.

Тақырыбы: « Б, б» әріпі мен дыбысы»

Сабақтың мақсаты:

А) білімділігі: өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту, жаңа дыбыспен таныстыру, дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту.

ә) коррекциялық: ши арқылы ұсақ моторикасын дамыту,сөз ішіндегі дыбыс орнын тапқызу, суреттерді атату арқылы талдау, жинақтау, ойлау қабілетін дамыту.

Б) дамытушылығы: мұғалімді мұқият тыңдауға, ұқыптылыққа, таза жаза білуге үйрету.

Көрнекілік құралдар: бақа суреті, кеспе әріптер

Қажетті құралдар: жасырын конверт, сіріңке шиі

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Баланың ынтасын аудару, Баланы психологиялық сабаққа дайындау.

- Балалар, бүгін аптаның нешінші күні? – деген сұрақ- жауап арқылы сабақты бастау.

- Біз бесінші күнді қалай атаймыз? Жұма

- Өткен сауат ашу сабағында біз қандай дыбыспен таныстық? А.а дыбысымен

- Біз әуелі дыбыс дегеніміз не соған тоқталайық.

- Дыбысты біз естиміз, бірақ көрмейміз.

- Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Екіге: дауысты және дауыссыз дыбыстар.

- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

- Еш кедергісіз.

- Ал, дауыссыз дыбыстар ше?

- Кедергі арқылы.

- Дауыссыз дыбыстарға не кедергі жасайды?

- Тіл, тіс, көмей, ерін.

- Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?

- Қызыл текшемен белгіленеді.

- Ал, дауыссыз дыбыстар ше?

- Көк текшемен белгіленеді.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.

Балалар, енді өткен әріп туралы жұмбақ айтамын, оны бәріміз бірігіп шешейік.

Өзі қызыл домалақ

Бауларда пісіп өседі.    (Алма)

Балалардан жауап алу. Алма қандай? Домалақ,қызыл,тәтті,жейміз,пайдалы т.б

(Алма суретін ілу)

-Алма қай дыбыстан басталып айтылып тұр?

- Еш кедергісіз айтылады , дауысты

- Алма қайда өседі?

- Бауда

- Алма жақсы өсу үшін не жасаймыз? – Су құямыз. Дұрыс

- Суды қайдан аламыз? - Өзеннен, көлден аламыз

- Ал өзен-көлдерде не өмір сүреді?

- Балық, бақа т.б

- Енді, осы бақаға тоқталайық.

- Түсі қандай? – Жасыл

- Түрі қандай? - Әдемі, көңілді т.б.

 - Қимылы қандай?- Секіреді, суда жүзеді

 (Бақаның суретін ілу)

- Ба-қа неше буын бар? – екі буын . Неге? Себебі, екі дауысты дыбыс бар.

- Балалар, бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

 Жаңа сабақ:

      - Б

  -Балалар «Б» дыбысынан басталатын қандай сөздер білеміз?

 -Мысалы: бақа, балта, балға, бота, балапан, арба, балық, бала т.б..

– Б- қандай дыбыс?  Айтылуы  кедергімен, ерін кедергі жасайды, дауыссыз

- Тақтаға «Б» әрпін ілу

- Б , дауыссыз екен, біз дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз.

 – Көк түспен

- Қане, Б әрпін ауада жазып үйренейік.Жоғарыдан төменге қарай түзу тік таяқша түсіреміз,тік таяқшаның ортасынан таяқшаға бағытталған жартылай дөңгелек жасаймыз, тік таяқшаның жоғары жағына солдан оңға қарай сызықша саламыз.

Балаларға «Б» әрпі бар парақтарды тарату (Бала таратады)

Ауада жазып үйренгенімізді, енді қағаз бетінде саусақпен жүргіземіз

Сергіту сәті:

Бақа-бақа бақ-бақ ( балалар екі қол мен екі аяқты жоғары көтеріп, серпу)

Басың неге жалпақ? ( қолын жоғары көтеріп, шеңбер жасайды)

Темір тостақ көп киіп,             

Басым содан жалпақ.

Бақа – бақа бақ-бақ

Көзің неге тостақ?( екі қолын көзіне апарып, көзілдірік жасайды)

 І бекіту: Шимен жұмыс

(Балаларға ақ қағаз бен сіріңке таратылып беріледі)

-Балалар, мына шимен «Б» әріпінқұрастырыңдар.

ІІ бекіту: Конвертте жасырынған әріптер

А және Б әріптерінен балалар буын құрау керек

 Бағалау

-Балалар, біз бүгін керемет жұмыстар жасадық, сендер қандай ақылдысыңдар, барлықтарыңа рахмет. Әрқашан білімге құштар болыңдар, білуге асығып, қызығушылықтарың мол болсын.

Қорытындылау

Балалар, сауат ашу сабағында жұмбақ шешу, дамыту ойындарын ойнай отырып, «Б» дыбысымен танысып, қанша сөздерді атауды үйрендік, енді  келесі сабаққа Б дыбысынан басталатын жаңа сөздер ойланып келеміз.

Жақсы, сау болыңдар

 

Шаймерденова Салима Каппаровна

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Облыстық балалар оңалту орталығында ұйымдастырылған түзете-дамыту іс-әрекетіне арналған жұмыстар Сауат ашу сабағының үлгі жоспары."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 669
    • DOCX 14.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаймерденова Салима Каппаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19121
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой