Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Облыстық тәрбие сағаты "Отбасындағы бірлік пен ынтымақ- мемлекет тұрақтылығының кепілі"

Облыстық тәрбие сағаты "Отбасындағы бірлік пен ынтымақ- мемлекет тұрақтылығының кепілі"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Өткізген мұғалімдер: Канапина Р.А

Амангелдинова А.К


Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы бірлік пен ынтымақ- мемлекет тұрақтылығының кепілі


Сабақтың мақсаты: Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі. Қанатты сөздер: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Ата-бәйтерек, бала-жапырағы» карточкалар, интерактивтік тақта


Түрі: танымдық сайыс, пікірталас.

Барысы:

І . Ұйымдастыру: Сәлемдесу.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, оқушылар!

Бүгін біз «Отбасындағы бірлік пен ынтымақ- мемлекет тұрақтылығының кепілі» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп осында ер жетеді. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ- отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі. Бүгінгі сабағымызда топпен жұмыс жасаймыз.

І топ: «Бірлік»

ІІ топ «Ынтымақ»

ІІІ топ «Достық»

Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.

І бөлім: «Ата –баба дәстүрі- асыл қазына»

Топтарға сұрақ (интерактитік тақта)

20 Жеті қазынаны ата?

20 Жеті атаны ата?

30 Ұлағатты ырым-тыйымның тәрбиелік мәні?

30 Бес дұшпан, бес асылды ата?

40 Сәлемдесу, жөн сұрасудың өзіндік дәстүрі бар. Осы жайында не айтасыз?

40 Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болғанға дейін салт- жораның түрлері қандай?

ІІ бөлім «Тығырықтан шығу» жағдаяттық сауалдар беріледі. Өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер

І топ: «Бірлік»

ІІ топ «Ынтымақ»

ІІІ топ «Достық»

Ата- анаға сұрақ:

  1. Сіздің балаңыз – озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?

  2. Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның орнына ұлыңыз қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?

  3. Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойды. Сіз не істейсіз?

  4. Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?

  5. Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата- аналар туралы пікіріңіз қандай?

  6. «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды. Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата- аналарға деген көзқарасыңыз қандай?

Оқушыға:

  1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата- анаң қарсы. Сен не істейсің?

  2. Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендетіп кетті. Сен не істейсің?

  3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?

  4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?

  5. Сен тәртіпсіздік жасадың. Мұғалім саған қатты- қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?

  6. Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көзқарасың қандай?

ІІІ бөлім Модель қорғау «Бақытты отбасы».

IV бөлім: «Тіл өнері» Мақал – мәтелдің жалғасын табу (слайд, әр топқа 2 мақал-мәтел, мағынасын ашу).

V бөлім: Қорытынды.

«Ұлым, қызым, саған айтамын дегендей балаларыңызға қандай ақыл- кеңес айтар едіңдер? (І, ІІ, ІІІ топ ата- аналары)

Мұғалім: Қазіргі кезде Елбасымыздың алдағы қойып отырған мақсаттарының бірі-Қазақстан халқының тұрақтылығы, ынтымақтастығы мен бірлігі. Сондықтан да бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы да біздің мемлекетіміздің ұстанымына сәйкес келіп отыр.

Біздің осындай ибалы да инабатты аналарымыздың көрегенді, салмақты әкелеріміздің балаларының да мәдениетті, тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, білімді, ұрпақ болатынына, осы ұрпақ арқылы, болашақ жастарымыз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енетінінімізге сенемін. Сіздерге көп-көп рақмет!

Осындай өз пікірлерін білдіре алатын, болашаққа жарқын көзбен қарайтын оқушыларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға алғыс айта отырып, Арнұрдың орындауында «Жаса, Қазақстан» әнін

тарту етеміз.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыз мақсатына жетті деп ойлаймыз. Оқушылар, егер бүгінгі ашық тәрбие сағаты сіздерге ұнаса, алдарыңыздағы жалаушаларды көтеріп білдерсеңіздер.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатын өткізген мұғалімдер: Амангелдинова Айгуль Кабдешовна, Канапина Рауан Альмухановна.

Сау болыңыздар!


















«Шаңырақ» мектеп –гимназия» мемлекеттік мекемесі


Тәрбие сағаты



Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы бірлік пен ынтымақ- мемлекет тұрақтылығының кепілі


Өткізген мұғалімдер: Амангелдинова А.К Канапина Р.А


Сыныбы: 10 «а», «ә»















Риддер қаласы














Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-223694
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>