ІІІ. «Миға шабуыл» арқылы «Беғазы - Дәндібай
деген қандай мәдениет деп ойлайсындар?» деген сауалмен идеяларды тудырып,
оқушыларды пікірталасқа түсіремін. Алғашқы өз болжамдарын мәтінді оқу және
бейнематериалды көру арқылы білген мәліметтерімен салыстыртамын,
айырмашылығын сұраймын.
Дескриптор - Пікірталасқа түсіп
ойларын еркін айтады;
-
Бейнематериалды көреді;
- Мәтінді
оқиды;
- Мәліметтерді
салыстырады;
- Анализ
жасайды.
Мұғалім сөзі:
- Бүгінгі біз алғашқы
адамдардың, яғни, қола дәуіріндегі адамдардың наным-сенімдерін сипаттаймыз.
Ол үшін Беғазы-Дәндібай мәдениетін оқимыз. Беғазы - Дәндібай деген қандай
мәдениет деп ойлайсындар? (оқушылар пікірталасқа түсіп ойларын айтады);
- енді бейнематериалды көріп
алайық (бейнематериалды көреді, тың-дайды);
- алдарыңда оқулықтың парақшалары
тұр, соның 34 бетінен Беғазы-Дәндібай мәдениеті жайында не жазылғанын оқыңдар
(мәтінмен жұмыс жасайды);
- өздеріңнің болжамдарыңның
көріп, оқыған мәліметтерден қандай айырмашылығы бар екен? (анализ
жасайды).
КБ: «Мадақтау».
ІҮ. Білу және түсіну. Оқушылар тақырыпты біліп,
түсінулері және мәліметті саралай алу үшін слайд арқылы түсіндіремін.
Мұғалім сөзі:
-
Беғазы, Айдарлы, Дәндібай, Бұғылы қорымдарындағы зәулім тас кесенелер
әлеуметтік сатыда жоғары тұрған көсемдерге салынған. Археологиялық қазба
кезінде табылған әшекей бұйымдар, асқа арналған қыш ыдыстар жерленген адамның
көзі тірі кезіндегі атақ-абыройын, әлеуметтік мәртебесінің жоғары болғандығын
дәлелдейді. Ең үлкен обаның биіктігі 2 метрден асады, диаметрі 30 метр.
Олардың құрылысы күрделі, үлкен, ауыр тастарды негізгі материал ретінде
қолданған.
Беғазы-Дәндібай
обаларындағы жерлеу ғұрпы андроновтық зираттардан өзгеше. Зираттарда қол-аяғы
созылып, шалқасынан жатқызылып жерленген адамдардың қаңқалары кездеседі. Қыш ыдыстардың ернеуі
үшбұрыш және сопақша ойықтармен безендірілген. Қабірлердегі ыдыс жанынан
үй жануарларының сүйектері көп табылды. Марқұмның жанына жерлеу кезінде ет
қойып, құрбандыққа мал шалынған. Бұның өзі қола дәуірінің соңында мал
санының өсіп, шаруашылықтың ілгері басқандығының көрсеткіші. Беғазыдағы бай
кесенелердің тағы бір ерекшелігі - діни ғұрыпқа қатысты заттарды қоюға,
құрбандық шалуға арнайы орындар бар. Солардың бірінен жақсы сақталған найзаның
қола ұшы табылды. Қазба жұмыстары кезінде тас тесенің табылуы бұл тайпалардың
егіншілікпен де айналысқанын дәлелдейді. Бұдан тұрмыста қолданылған қола
инелер, түйрегіш, біз табылған.
Ү. «Кинометафора»
әдісімен
оқушыларға тақырыпқа сай кинодан /деректі фильмнен үзінді көрсетіп,
топтарға талқылау/зерделеу жасатамын.
Дескриптор - оқушылар айтылған мәліметтерге
анализ жасайды
(жеке
жұмыс);
- жұпта
талқылайды (жұптық жұмыс);
- топтық
бірлескен жұмысқа қатысады (топтық жұмыс).
Табыс
критерийлері:
• топтық бірлескен жұмыс
үшін - 1 балл;
• тапсырманың дұрыс орындалуы - 2 балл;
• тапсырманың уақытылы орындағаны үшін - 1
балл;
• постерді әр топ 1 мин. қорғаса - 1 балл.
|
|
«Алып
шаһар» публицистикасы ұсынған «Тарих таразысы» деректі фильмінен үзінді
көрсетіледі
(көрсетілу
ұзақтығы: 3 мин.3 сек.).
|
|

1 топ
-
/таным мен ойлау қабілеті төмен оқушылар/.
Ұсынылатын
тақырып:
«Қола дәуіріне жататын Беғазы-Дәндібай ескерткіштері».
Алгоритм:
• кино/деректі
фильм қарау;
• үзіндіні
талдау;
• ортақ
шешім қабылдау;
• топтық
жұмыс жасау және хабарлау.
2 топ
- /
таным мен ойлау қабілеті орта оқушылар/.
Ұсынылатын
тақырып:
«Андронов пен Беғазы-Дәндібай мәдениеттері». Алгоритм:
• Венн
диаграммасын толтыру арқылы қола дәуірінің қос мәдениетін және олардың
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру.
3 топ
- /
таным мен ойлау қабілеті орта оқушылар/.
Ұсынылатын
тақырып:
«Беғазы-Дәндібай ескерткіштерінің ерекшелік-тері».
Алгоритм:
• Беғазы-Дәндібай
мәдениетін сипаттайтын 3 ерекшелікті анықтайды, сызба жасайды.
4 топ
- /қабілетті
оқушылар/.
Ұсынылатын
тақырып:
«Алғашқы адамдардың наным-сенімдері». Алгоритм:
• Суреттер
бойынша ежелгі діни наным-сенімдердің мағынасын, әрекеттерін таниды;
• Бейнеүзіндіні
дәлел ретінде қолдана отырып, суреттер бойынша өз ойларын қорғайды.
1).
2). 
3).
4). 
5).
6). 
Топтардың
өзін-өзі бағалауы:
Табыс критерий бойынша топтар бірін-бірі бағалайды. Шапалақпен марапатталады:
І орын - 3 шапалақ;
ІІ орын - 2 шапалақ;
ІІІ орын -1 шапалақ.
ҮІ. Жаңа
білімді жинақтау.
Орындауға:
• Мәдениеттің
Беғазы және Дәндібай деп аталу себебін 3 сөзбен түсіндіріңдер;
• Құрылысы
күрделі археологиялық ескерткіштер ерекшелігін 3 сөзбен ата (үлкен, ауыр
тастар);
• Беғазы
- Дәндібай обаларындағы жерлеу ғұрпының андроновтық зираттарынан айырмашылықтарын
3 сөзбен ата.
ҮІІ. Дәптерге жаздыратын
терминдер:
• Қорым - кладбище -
cemetery;
• Оба - курган - grave.
ҮІІІ. «Үш
М және Ә» тілдік
және жеке тұлғалық рефлексиясы.
Оқушылар
сабақ барысында өзі жақсы орындаған үш мәселесін және келесі сабақтарда
жұмысын жақсартатын бір әрекетті атайды.
Үйге
тапсырма. «Беғазы-Дәндібай»
сөзіне ментальді карта
|
«Беғазы-Дәндібай
мәдениеті әлем назарында»
https://www.youtube.com/watch?time_continue=47&v=Jt2a8Xi6ZMs
Интербелсенді
тақта
(тақырып
мәтіні жазылған слайд көрсетіліп тұрады)
Ватман,
түрлі-түсті маркерлер, интербелсенді тақта (таймер көрсетіліп тұруы тиіс)
Табыс
критерийлері жазылған кеспе қағаздар
https://www.youtube.com/watch?time_continue=289&v=Amm3RduYhqA
Қалыптастырушы
бағалауға арналған тапсырма қағаздары
«Алғашқы
адамдардың наным-сенімдері» тақырыбындағы түрлі-түсті суреттер
Интербелсенді
тақта
(диалогқа/жазылымға
қажетті тіркестер
слайдпен
көрсетіліп тұрады)
Интербелсенді
тақта
(жаңа
сөздер үш тілде
көрсетіліп
тұрады)
Рефлексия
парақшалары
Интербелсенді
тақта
(үй
тапсырмасы жазылған слайд)
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.