Инфоурок Другое Другие методич. материалыОбщешкольное мероприятие ко дню учителя на тему «Ұстаздар - ұлы тұлғалар есім»

Общешкольное мероприятие ко дню учителя на тему «Ұстаздар - ұлы тұлғалар есім»

Скачать материал

«Ұстаздар-ұлы тұлғалар»   Ұстаздар мейрамына арналған  мерекелік шара

1.      Сахна сыртынан Ұстаз  туралы өлең оқылады

Данышпан да, дана да оқып сізден,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

“Ұстаз” деген аяулы-асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймыз жақсы өлеңді!

Қапар Әділбек пен Саттаева Меруерттің орындауында «Ұстазым менің» әнін қабыл алыңыздар.

                                                 2.  Жүргізушілер шығады.

1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар,   Қош келдіңіздер,  Құрметті де аяулы  ұстаздар!

2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

         1- жүрг. Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі ұстаздарға арналған «Ұстаздар   - ұлы тұлғалар есім» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

2 жүргізуші: Денсаулықтарыңыз  мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа  толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын! БІРГЕ:  Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші:  Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға  мектебіміздің басшысы Абеев Серік Едігеұлын шақырамыз.

  Ендеше осы айтылған ақ тәлектің құрметіне ортаға 9 сынып оқушыларын вальс биімен шақырамыз

1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Аружан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Жүргізуші: Әдемі, мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.                           Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

            1-Жүргізуші:   Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Сахнаға 10 сынып оқушыларын шақырамыз.

2-жүрг.     Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

                         Мұғалімді ардақтайды барша жан

                         Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

                         Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

                         Бала десе ойламайды өз қамын

                         Керсем дейді күнге де қол созғанын           

                         Шәкірттерін өзінен де озғанын. 

 1- жүрг.   Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

                         Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

                         Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

                  Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Олай болса  9 сынып қыздарының дайындаған биін тамашалайық

            2-жүрг.  Аружан, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

            1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

            2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

            1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

            2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

            1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

            2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

            1-Жүргізуші: Аружан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

1-оқушы:  Бағдаулет

Ең аяулы есім ғой ұстаз деген,

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен

Ұстазды жеткізгенше мұратына

Білім іздеп лапылдап жана берем.

 2-оқушы: Диас

Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

Болған соң ойлайтыны бала қамы

Баладан ұстазыма мың сан алғыс

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

3-оқушы:   Дастан

Нұрын  төккен көк аспан күмбезінен

Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне

Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем

Бар байлығын әлемнің бір сіздерге

4-оқушы: Әділбек

Алғаш рет оятқансың санамды,

Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

Сол үшін де мәңгі сыйлап өтермін

Түсіндірген жақсы мене жаманды.

5 – оқушы Алимұрат

Ұстаз бізді білім беріп өсірген

Қатемізді әрқашанда кешірген,

Өмір жолы – қиын жол деп әрдайым

Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген

6 – оқушы Дидар

Анамдайсыз менің асыл ұстазым

Өтті бізбен көктем, күзбен қыс, жазың

Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап

Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

Бәрі бірге: Ұстаздар сіздерге бас иеміз!

1 жүргізуші:           

 Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

2 жүргізуші:              

Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

Ортаға мектебіміздің түлектерін шақырайық. Сөз кезегі өздеріңізде.

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. 

Ендеше  осы ұстаздарымыздың құрметіне «папури» биін қарсы алыңыздар

2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

2-жүргізуші:       Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз. Алдарыңызда 9 сынып ұлдары «Биле» биімен.  Қарсы алыңыздар

2-жүргізуші:                Жақсы жандар жанымызда әрқашан

                                     Ұлағатты сөзін биік ұстаған

                                    Ардақты ұстаз асыл анаң секілді                                                  

                                    Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

2-жүрг. Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы  ұстаз-аналар! Олай болса сахна төріне Қапар Әділбек пен Төлтаев Бағдаулетті «Мама» әнімен шақырамыз!

2- Жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рақметін. …дей отыра ортаға Кайыржанова Айсара мен Младенко Людмиланы «Наш учитель» әнімен шақырамыз.

            2- Жүргізуші:  Қадіріңді кезінде

            Білмепті ғой ұланың.

            Қазір әрбір сөзіңе,

            Елеңдейді құлағым.

            Бірдей етіп ұстадың.

            Демей бізге бөтенсің.

            Кейде акылын ұстаздың,

            Сағынады екенсің.

            Сол ұстазға жаны нұр,

            Демек үлкен адаммын.

           Есейсек де бәрі бір,

           Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз  сіздерді  ешқашан  ұмытпаймыз.

1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/

Осымен бүгінгі «Ұстаздар-ұлы тұлғалар»   атты мерекелік шарамыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп, назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!

 

 

Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі

 

 

 

 

 

Мұғалімдер күніне арналған

«Ұстаздар-ұлы тұлғалар» атты

мектепшілік мерекелік шараның сценарийі

 

 

 

 

 

Жауапты: 9а,б сыныптары

 

 

 

2016 -2017 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Общешкольное мероприятие ко дню учителя на тему «Ұстаздар - ұлы тұлғалар есім»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 190 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2016 457
    • DOCX 29.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Наурызбаева Гульден Аманжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4322
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе