Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыОбучающее коучинг-занятие для педагогов "Диалоговые формы обучения как средство повышения мотивации учащихся"

Обучающее коучинг-занятие для педагогов "Диалоговые формы обучения как средство повышения мотивации учащихся"

Скачать материал

План коучинг-занятия для учителей школы, тема: «Диалоговые формы обучения как средство повышения мотивации учащихся»

Коучингтің тақырыбы:

Диалогтік өзара әрекеттестік арқылы тұлғаның белсенділігін  қалай арттыруға болады?"

Мақсаты: мұғалімдерге диалогтік оқыту туралы түсіндіру және әңгімелесудің үш түріне сипаттама беру; мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік аясында ойлауды дамыту, өзіндік пікірлерін дәлелдеу жолдарын көрсету арқылы ойларын жинақтау

Оқыту нәтижелері:

Коучинг соңында мұғалімдер:

1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.

2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады, жұқа және қалың сұрақтарды қазақ әдебиеті сабағында қалай пайдалануға болатынын анықтайды

3. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.

4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.

5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.

Негізгі түйінді идеялар:

Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын тәсіл. Сұрау және топтық  жұмыс - диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы. Әңгіменің үш түрі ішінде ең маңыздысы – зерттеушілік түрі.

Коучингтің барысы:

1. Психологиялық ахуал қалыптастыру, топқа бөлу

«Ашық алақан»

- Коучингке қатысушылардың әрқайсысына түрлі-түсті алақан суреттері беріледі. Әр мұғалім  басбармаққа есімін, ал қалған төрт саусақтың әрқайсысына өзінің ең жақсы қасиеттерін жазып, алақан  суретін оң жақта отырған көршісіне береді.  Берілген алақанның ортасына мұғалім сол адам түралы   өз ойын немесе тілегін жазып, қайтарады. (Үшеу-төртеуін ауызша оқып шығуға болады, сонымен бірге «Басқа адамның Сіз туралы жазғаны ұнады ма? Сізді бірдеңе таңғалдырды ма? Келісесіз бе?» деп сұрауға болады)

-  Алақанның түстері арқылы топқа бөлінесіздер

2. Коучинг тақырыбын анықтау, мақсат қою:

а) - Қазақ тілі сабақтарында қолданатын жаттығу арқылы коучингтің тақырыбын анықтаймыз: слайдтағы әріптер ішінен сипаттама бойынша дұрыс әріптерді таңдаңыздар:

*  жуан ашық езулік дауыстыны (а)

* жуан ашық еріндік дауыстыны  (о)

* жіңішке қысаң езулік дауыстыны (и)

* дауыссыз ұяңдарды (г, д)

* дауыссыз үнді дыбысын (л)

Таңдап алған әріптерден сөз құрастырыңыз (диалог)

б)   - Сіздердің назарларыңызға «Егіздердің сөйлескені»   бейнежазбасын ұсынамын.

Бағыттаушы сұрақтар:

- Бейнефильм мазмұнынан не байқадыңдар?

- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар? (мұғалімдердің   жауаптары)

3.  Коучингтің басындағы  рефлексия:

- Слайдтағы үш термин бойынша («Диалогтік оқыту»; «Блум таксономиясы»;   «Жұқа және қалың сұрақтар») білімдеріңіз қай деңгейде деп ойлайсыз?  Даналық ағашында өзіңізді «тауып»,  «№1» деп белгілеп қойыңыз (әр мұғалімге даналық  ағашының суреті беріледі)

Жалпы    ақпарат  берудің  алдында К.Ушинскийдің сөзіне назар  аударуыңызды сұраймын: «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды  мақсат» (слайд)

4. Жаңа   ақпарат:

-Білім беру мен  білім   алудағы жаңа  әдістер ішінде  «Диалог  негізінде  оқыту және оқу» деген  әдіске   назар   аударайық.  Білім  беру әдістері ішінде  ерекше орын алатыны – диалог.  Диалог оқушылардың  сөйлесу әрекетін   дамытуында,   сұрақтарды   дұрыс қоя білуде,  ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас  жұмыс түрі. Біз – тіл мамандарымыз. Сондықтан сабақтың барысында ең басты құбылыс та,  ең басты міндет те – тілге, яғни сөйлеуге үйрету.   Ғалым Барнс:  «Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді. Мұғалімді селсоқ тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни, сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асады» деген екен (слайд). Александер:   “Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді” деп диалогтың маңызына көңіл аударған (слайд). Мерсер әңгімелесу оқушылардың   оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің  үш түрі болады деп көрсеткен екен:  әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме (слайд).

5. Ақпараттық ресурстармен топтық жұмыс.

 - Топ ішінде берілген қосымша ақпараттармен танысып, топпен бірге талдап, тапсырмаларды орындаңыздар:

1 топ  - «Диалогтік оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері» кластерін жасап қорғайды

2 топ – «Әңгіме-дебат» тақырыбы бойынша постер

3 топ –  «Кумулятивтік әңгіме»  тақырыбы бойынша постер

4 топ – «Зерттеушілік әңгіме»  тақырыбы бойынша постер

5 топ – «Сократ әдісі»  мәтінінің негізгі ойын табу

- Әңгімелесу әдісін пайдаланғанда тағы бір сәтке  көңіл аудару керек.  «Штирлиц пен әйелінің кездесуі» бейнежазбасын ұсынамын  (сұрақ арқылы мұғалімдердің вербалды емес сезімдерге де көңіл бөлуінің қажеттілігіне көңілдерін аударамын)

 6.  Сергіту сәті

7. Қосымша мәлімет.

- Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады. Сұрақтардың түрлері: төмен деңгейдегі – жұқа, жоғарғы деңгейдегі – қалың (слайд). Блум таксономиясымен осы сұрақ түрлерін қалай байланыстырасыз? (слайд).

8. Тәжірибе алмасу   кезеңі.

- Қазақ әдебиеті сабағында қазақ мультфильмдерін көрсету арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамыта отырып, жұқа және  қалың сұрақтарын қоюға үйретуге болады.

 -  «Қу қой» мультфильмін қарап әр топ 3 қалың, 3 жұқа сұрақ құрап көріңдер (бейнежазба, топтық жұмыс)

9. Рефлексия.

- Коучинг соңында тақырыбымыз бойынша  білімдеріңіз енді қай деңгейде екендігін көрсетіңіз. Ол үшін  коучингтің басында берілген «даналық ағашында» өзіңізді белгілеп, «№2» деп жазыңыз».

- Стикерлерге өзіңіздің ойларыңызды, тілектеріңізді жазып, «Мүлде сенімсізбін, сенімсізбін, аздап сенімдімін, сенімдімін, өте сенімдімін» деген суреттерге жапсырыңыз.

10. Қорытынды.

«Көбелек» бейнежазбасы (жалпы оқыту,  баланы дамыту туралы мұғалімдерге өз пікірлерін айтқызамын)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Обучающее коучинг-занятие для педагогов "Диалоговые формы обучения как средство повышения мотивации учащихся""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.12.2015 801
    • DOCX 39 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметкаримова Гульнар Мурзашовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12781
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Устройство автогрейдера

180 ч.

2490 руб. 1490 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 133 человека из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 400 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы инструкторов в области подготовки персонала по работе с инвалидами и маломобильными группами населения

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 661 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 554 человека