Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Объяснительная записка для воспитателя «Портфолио деген не?»

Объяснительная записка для воспитателя «Портфолио деген не?»



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Түсіндірме: «Портфолио деген не?» 


. Бала дамуының білімдік жеке маршрутын анықтау құралы. 
. Бала дамуының шынайы жетістіктерін бағалау әдісі. 
. Тәрбиеленушінің жетістіктері жайлы материалдардың жүйелі жиынтығы. 
. Дамуында ілгерілеу барлығы тұралы жазбалар. 
. Бала не істеді,ол неліктен маңызды. 
. Ата-аналарға кеңес беру, ойын түріндегі ата-ананың үйде балаға қалай көмектесуі туралы ұсыныстар. 
. Бала жайлі барлық ақпарат жиналатын, баланың жетістіктері мен нәтижелеріне куә болатын түрлі материалдар жинақталады,оған қарап бала дамуының түрлі салаларындағы табыстары мен жетістіктерін кешенді түрде қарастыруға болатын жиынтық-папка.



 Бақылау деген не? 
. Бұл әдіс. 
. Білім беру процесіне барлық қатысушылардың көзқарасы тұрғысынан баланың дамуы туралы жорамал пікірлерді растайтын фактілерді жинау. 

Баланы бақылау не үшін қажет? Бақылау тәрбиешіге не береді? 
Бақылау немен айналысқанды жақсы көретінін білуге мүмкіндік береді, ол қай мазмұнда табыстырақ үйренетінін және баланы тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар,бала қозғалысының динамикасы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Портфолио тәрбиешіге бала туралы ақпаратты мақсатты түрде жинастырып, жүйелендіруге, бала қылықтарының қайталанбайтын дербестігін тіркеп отыруға мүмкіндік береді, бұл әсіресе мектеп алды кезеңінде өте маңызды, бұл кезде бала дамуы толқымалы, секірмелі түрде өтіп, психикалық функциялары дамып, субъективті тәжірибелері жинақталатын кезең. 
Портфолио соңғы жылдары айтарлықтай кеңінен таралған ұғым ретінде дүние жүзінде балалардың шынайы табыстарын бағалау әдісі болып саналады. Бұл «баланың белгілі бір саладағы күш салуын, ілгерілеуімен жетістіктерін көрсететін жұмыстарының коллекциясы болуы мүмкін» (Л. Алексеева),немесе «балалардың жеке басының өсуін байқауға мүмкіндік беретін бала жұмыстарының өзіндік көрмесі де болуы мүмкін» (Фрай) 

Портфолио-жетістіктер папкасы 
Біз баланың бірінші рет бірінші сыныпқа баратын күнін тағатсыздана күтеміз. Ал осы сәт туған кезде оқушы атанған баланы құттықтап, енді ол үшін «жаңа өмір басталатынын», «енді оның оқушы екенін», «уақыт өте келе көп нәрсені білетінін»... міндетті түрде атап айтамыз. Ал бұл бала өмірінің алғашқы аптасынан бастап-ақ өсіп келе жатқанын, дамып келе жатқанын, өз білімі мен білігін арттырып келе жатқанын ескермейміз.Ата-аналар баласының қайталанбас сәттерін альбомға жазады,бейнекамераға түсіреді, фотосуретін шығарады,яғни тарих үшін сақтап қалуға тырысады.Алайда негізінен бойының өсуімен сыртқы өзгерістері тіркеледі.Ал олардың ішкі әлемі ше? Олардың қызығушылығы, олардың ғажайып ашулары, тәтті сөздері мен күлкілі ойлары?... Өкінішке орай,баланың шығармашылық жұмыстары да: суреттері,текшеден тұрғызған мұнаралары,қардан соққан қамалдары мен құмнан тұрғызған замоктары,ермексаздан жасалған бейнелері,т.б. «кадр сыртында» қалып жатады.Сонымен бірге қыдырудан,саяхаттаудан,театрға немесе концертке барудан алған әсерлері,тағы-тағы көптеген жайттар.


Өмірінің алғашқы айынан бастап бала мұқият қарауды уйренеді,содан кейін айналасындағы ересектермен қарым-қатынас жасаумен (ынтымақтастықпен) айналысады. 
Бұл кезде ол үнемі үйрену үстінде болады. Егер ересектер бала үшін шығармашылық белсенділік,диалог пен тартымды (дамытушы) ойындар ахуалын жасай білсе, мұндай жағдайда бала тарапынан айтарлықтай табыстар көп күттірмейді. Арнайы папка-портфолионы жасай отыра,біз бұл табыстарды тіркеп қана қоймаймыз, ілгерілеушілікті аңдап, бала дамуының күшті жақтарын бағалауға, сондай-ақ дамытылуы тиісті біліктері мен дағдыларын біліп отырамыз. 
Баланы балабақшаға апара бастағаннан ата-ана тәрбиешілермен әңгімелесуге уақыт тауып, баласының әлеуметке кірігуі қалай өтуде,көпшіл ме,қарым-қатынасқа жақын ба, соның бәрін біліп отыруға тырысады. 
Психологқа немесе басқа маман кабинетіне кіріп, жарты сағат әңгімелескеннен кейін ересектер: «Иә, баламыз туралы не ойлайсыз?» деген сұрақтың астына алып, «нақты диагнозын» қойып беретіндей үміттене қарайды. Ал кері байланыс қайда қалады? 
Баланы бір жағынан жақсы білетін балабақша тәрбиешілеріне (ұжымдағы бала) оны екінші қырынан да білу пайдалы болар еді (отбасындағы немесе өзімен-өзі қалғандағы бала). Кез келген, тіпті ең бір эмоцияға толы әңгіменің өзі ешқандай «иллюстрациялық материалмен» теңдесе алмайды. Портфолионы-өсу, даму, жетістіктер папкасын балабақша тобында аталып өтетін баланың туған күнінде кішігірім тұсаукесер ретінде ұсынуға болады (ұсыну керек те!). Осылайша біз баланы жақсы ынталандыра аламыз (Әрине! Достары оның еңбегін көреді ғой!) 
Қызылды-жасылды папканы қарау сондай қызықты! Сонымен бірге «нақты диагнозын» қою үшін кез келген маман дәрігер үшін мұндай папканың берері мол болмақ. 
Сонымен, шешім қабылданады-«Портфолио жинаймыз!», «жинау үшін ғана жинай бермей», ең алдымен портфолионың негізгі міндеттерін анықтап алу керек. 

Бұл міндеттерге мыналар жатады: 
- диагностикалық – белгілі бір кезең арасындағы өзгерістері мен өсуін тіркеу (ақыл-ойы мен денесінің); 
- мақсаттық-оқу мақсатында (баланы біз неге, не үшін үйретеміз); 
- уәждемелік-баланың қол жеткізген нәтижелерін мадақтау; 
- мазмұндық-орындалған жұмыстың барлық спектірін ашып көрсету; 
- дамытушылық-жылдан-жылға оқыту мен дамыту процесінің үздіксіздігін 
қамтамасыз етеді; 
- рейтінгілік-дағдылар мен біліктер ауқымын көрсетеді. 
Бұл міндеттерді қалай жүзеге асыру қажеттігі портфолио құрылымымен танысқаннан кейін түсінікті болады. 
Баланың портфолиосы міндетті түрде жарқын әрі бояулы болғаны дұрыс. Мінсіз болған жағдайда ол баланың «сүйікті кітабына», мақтанышына айналады. 

Портфолио құрылымы 
Титул бет 
Бұл бетте бала туралы мәлімет (тегі,аты,әкесінің аты, тұған күні). 
Сондай-ақ басталу күні,аяқталу күні белгіленеді.Ең алдымен жоғарғы жағына ақ-қара параққа баланың суретін «түсіріп алыңыз». 



Менімен таныс болыңыз 
Бұл бөлімге төмендегідей парақтар қосылады: 
-«Міне, мен қандаймын» қосымшасы-бұл жерде тұған күндерінде түсірілген портреттері ретімен жапсырылады. Мүмкіндігінше оның барлығы бір типті, яғни барлығы да түрегеп тұрған,немесе кеудесіне дейін немесе бет- әлпеті ғана болғаны жөн; 
- «Мен тұралы» қосымшасы- парақта тұған мезгілі мен орны,баланың есімі нені білдіреді, ата-анасы нақ осы есім неліктен таңдап алынғаны туралы кішігірім әңгіме жазса,тіпті жақсы. 
Фамилиясы қайдан шыққан, ол нені білдіретіні туралы материал жинауға болады. 
Тағы да кез келген дербес мәліметтермен: зодиак белгісі, гүлдік және басқа жұлдыз жорамал,бойтумары және т.б. толықтыруға болады. 

Менің отбасым 
Қосымша парақтарда отбасы мүшелері туралы қысқаша әңгімелер болады. Мамасы мен папасына да жеке парақ арнауға да, басқа отбасы мүшелерімен бірлескен беттер арнауға да болады. Әңгімеде отбасы мүшелерінің бірлескен беттер арнауға да болады.Әңгімеде отбасы мүшелерінің жеке деректерінен басқа, мамандығы, мінез-құлықтары, сүйікті істері, бірлескен бос уақытты өткізуі сөз болады. Мысалы, «Жанна тәте екеуміз паркте жиі қыдырып, кеппешоп жинағы үшін жапырақ жинаймыз». 

Саяхаттар романтикасы 
Бала үшін теңізге бару,немесе басқа қалаға саяхаттау ғана емес, зообаққа бару немесе күзгі орманды аралау да ғажайып саяхат болып есептеледі.Бұл бөлім қосымшалары ретінде саяхат мерзімі мен орны көрсетілген,фотосуреттермен, бала салған суретттермен безендірілген,алған әсері жайлы кішігірім әңгімесі бар парақтар қызмет ете алады. 

Маған қызықты 
Көптеген балалар мектепа қабырғасында ғана емес,қосымша білім беру ұйымдарының да спорт секцияларында, музыкалық және би мектептерінде,түрлі студиялар мен балалар шығармашылығы үйірмелерінде айтарлықтай табысқа қол жеткізеді.Ал енді біреулері сүйікті ісімен сағаттап үйде айналысады.Әрине, мұның барлығы назардан тыс қалмауы керек. Бұл бала үшін өткінші хобби ме, немесе өмірлік өнері ме,ол онша маңызды емес. Бастысы, бала бұл әрекетпен қызыға айналысып, саналы түрде белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге ұмтылысы. Бұл бөлім баланың қызығушылығын мұқият бақылап, қол жеткізген нәтижелерін тіркеп отыруға мүмкіндік береді. 

Алтын қолдар 
Бұл бөлімде жұстарының фотосуреттері (егер ол көлемді болса) немесе өз қолымен жасаған жұмысының өзі: табиғи материалдан жасаған бұйымдар, қар ұлпалары, конструктордан жасалған құрылыс,өзі жасап шығарған қағаз және басқа көптеген бұйымдары жинақталады. 
Портфолионың «мазмұны» деп аталатын бір міндеті-бала қолымен жасалған жұмыстардың барлық қыр-сырын ашу екенін ұмытпаңыз. 

Ақылды бас 



Баланың табысты орындаған тапсырмалары «Ақылды бас» бөліміне орналастырылады.Егер бала қабырға газетінің тапсырмасын дұрыс орындап,әдемілеп безендірсе, ол газетті тұтасымен (бүктелген күйі) сақтап, қосымша жұмыс суретін де қосуға болады. 

Даму қарқыны 
Бұл бала меңгерген дене жаттығулары,оны баланың қай жаста меңгергені, қайталаулар саны (неше рет) немесе ұзақтығы (минуттар мен сикундтар) көрсетілген жиынтық кесте. 
«Дене жаттығуы» бағанасында мәтін ғана емес, осы жаттығуды орындап тұрған бала фотосуреті немесе сюжетті картинка (ескі жұрналдан қиып алынған) сақталуы мүмкін. 

Батыр марапаты 
Бұл жалпы практика болмағанымен, кейбір балалар өзінің тұңғыш дипломдары мен медальдарына мектепке дейін-ақ қол жеткізеді. Біреу асфальтқа сурет салу конкурсында жеңімпаз болады, біреу спорт секциясының кубогін иеленеді, енді біреу шығармашылық конкурс жеңімпазы аталады. 
Бұл бөлім – бала қол жеткізген барлық ресми марапаттардың жинақтамасы.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров134
Номер материала ДВ-392677
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх