Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "Оңдықтар мен бірліктерді санау" "Мың көлемдегі сандар" (2-4 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

"Оңдықтар мен бірліктерді санау" "Мың көлемдегі сандар" (2-4 класс)

библиотека
материалов



2.09.2014 Математика

2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ондықтармен және бірліктермен санау

4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мың көлеміндегі сандар (оқу, жазу, салыстыру, разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жіктеу)

Білімділік мақсаты: Оқушыларға бірліктермен және ондықтармен санау туралы түсінік беру. Салыстыруға, жазуға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: шапшаң есептеуге баулу.

Көрнекілігі: жолақшалар.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,


Мақсаты: көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – мыңдық туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету.

Сабақтың типі: жаңа сабақ Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, өздігінен жұмыс істеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, кестелер

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар


ІІ. Мақсат қою кезеңі: Оқулықпен танысу: . Кітапта шартты белгілер бар, сендердің кітаппен тез тіл табысып, әрі дұрыс пайдалануларыңа қолайлы болсын деп жасалған. 4.Осы жаңа кітап сендердің адал достарың, көмекшілерің. Сендерден кейін басқада жас өспірімдер бұл кітапты пайдаланады. «Білім еш уақытта ескірмейді» Сондықтан кітапты күтіп ұстау керектігін есіңнен шығарма

ІІI. Тірек білімдерін дамыту.

  1. Сандарды қайталау.

Бірінші сыныпта алған математика сабақтарында нені үйренгендерін еске түсіруді сұрау

  • Сабақта оқығандарыңның барлығын естерңе түсіре алдыңдар ма, соны тексерейік. Бұл үшін бірнеше жаттығулар орындайық.

  • 10-ға және 20-ға дейін тура және кері бағытта санаңдар (сан сәулесін пайдалануға болады).

  • 5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық?

  • 9-дың алдындағы санда ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем?

  • 3,9,1 сандарының көршілерін ата

  • 6 мен 8, 7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады?

  1. Қосу кестесін қайталау.

«Мақсатыңа жет» ойыны. Мысалдар тізбегін ата бастаймын. Балалар жауап ретінде цифрлы карточкаларды көрсетеді. Қате санағандарды ұстап аламын.

Тізбектер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, 5+4-3+2, 9+1-8-1+7, 5+0-2+7-10.

Ойын срңында тапсырманы жақсы орындағандарды атап өту.

  1. Сандар құрамын қайталау.

Санды атау, балалар осы санды құрастыруға болатын цифрлары бар екі карточканы көрсетеді.

  1. Қосу және азайтуда сан атауларын қайталау.


ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Көркем жазу сәтіне 1, 2, 3 цифрларының көмегімен үш таңбалы сандар жазу ұсынылады. (123, 132, 213, 231, 312, 321)

  • Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды; ең үлкен санды; 1 ондығы бар санды; 1 бірлігі бар санды; 3 ондығы бар санды ата. 312 мен 321 сандарының арасындағы сандарды жаз.

    1. Оқулықпен жұмыс. № 1 ауызша есептеу. Жасырын сандарды ата.

      Сандар туралы білімдерін қайталауға арналған жұмыс.

      2. Өздік жұмыс. Сандарды ата. Оларды кему ретімен жаз.

      3. Салыстыр. Жұптық жұмыс. Есептемей – ақ салыстыру.

      699 – 90 < 699 – 9 808 – 8 > 808 – 80

      400 + 80 > 400 + 8 550 + 50 > 550 + 5

      998 – 900 < 998 – 90 665 – 60 – 5 = 665 – 5

      4. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. (Үш қатардан 3 оқушы, жарысу).


      900 см = 9 м 895 см = 8м 9дм 5см 10м = 100дм

      400см = 4 м 502 см = 5м 0дм 2см 10м = 1000 см

      300см = 3 м 660см = 6м 6дм 0см 2м 5дм 7см =257см


IV. Оқулық бойынша жұмыс.

Математика оқулығымен таныстыру. Шартты белгілерді таныстыру. Не үшін қажет екенін түсіндіре отырып, қалай пайдалануды үйрету.

1-жаттығу. Балалар футбол добын қақпайлаған қақпашының суретін қарастырады. «Гол, соқ!» ойыны түрінде жүргізіледі. Алдымен 2+=10 деген өрнек құрылады. Ал кейіннен балалар сондай саны бар допты таңдап, тура теңдікті шығарады. Одан кейін қосындының мәні өзгеріп, ойын жалғасады.

2-жаттығу. Жалпылама ауызша орындауға болады.

3-жаттығу. Нұсқа бойынша таптарда жаппай жұмыс ұйымдастырылады. Кестедегі әр жолға белгілі бір сурет сәйкес келеді. Осы суреттерден тұратын кестенің жанында өрнектер қарастырылған. Балалар кестеден тиісті санды таңдап алып, өрнек құрастырады және олардың мәнін табады. Өрнектер санын алдын ала келісіп алуға болады.

4-жаттығу. өзіндік жұмысы ретінде беруге болады. Соңынан тексеру қажет.

5-жаттығу. тақтамен жұмыс. Мұнда оқушылар көшіріп жазуды естеріне түсіреді. Сонан кейін оқушылар мұғалімнің басшылығымен кері есептер құрастырып, оларды ауызша немесе жазбаша орындайды. Егер жұмыс ойдағыдай орындалса, өздік жұмыс дәптеріндегі екі тапсырманы беруге болады.

7-жаттығу. балалар шешуін негіздей отырып, сыныпта орындалады. Оқушылармен бірге талдау жүргізіп, қай фигуралар сыртқы контурды құрайтынын және олар қалай қайталанатынына көңіл аудару керек. Сонан кейін кіші фигуралар қарастырылады

ІҮ.Жаңа сабақты пысықтау: 1. түсіндіріп шығару.

5 (1). Есептерді шығар. (қысқаша шарты)

І емхана – 3 дәрігер – 14 баладан ? шешуі: 3 ∙ 14 + 2 ∙ 17 = 42 + 34 = 76

ІІ емхана – 2 дәрігер – 17 баладан жауабы: барлығы 76 бала қабылданды.

5 (2).

Мараттың салмағы – 45кг, ? кг ауыр шешуі: 45 – 45 : 3 = 45 – 15 = 30

Інісі Қайраттың салмағы - ? , 3 есе жеңіл жауабы: Қайратқа қарағанда Марат 30кг ауыр

6. (4 оқушы тақтада).

  1. Ш: 24 ∙ 6 = 144 Ж: 144 парақ қатырмақағаз бар.

  2. Ш: 124 + 124 ∙ 2 = 124 + 248 = 372 Ж: барлығы 372 парақ қағаз бар.

Ш: 124 + 124 : 2 = 124 + 62 = 186 Ж: барлығы 186 парақ қағаз бар.

  1. Ақ қағаз – 124 Ш: 500 – (124 + 106) = 500 – 230 = 270

Көк қағаз – 106 500п.қ. Ж: 270 сары қағаз

Сары - ?

7. Топтық жұмыс. Кесте бойынша өрнектер құрастыр және жаз. Олардың мәнін тап.

150 ∙ 3 + 250 = 700 880 : 4 + 11 ∙ 2 = 242 320 + 300: 20 = 470

4 ∙ 12 + 210 = 258 299 + 900 – 680 = 519

А).

299

320

Қосылғыш

250

210

11 ∙ 2

900 – 680

300 : 20

Қосынды

700

258

242

519

470

Б). 800 – 600 : 5 = 680

44 : 4

55 ∙ 3

230 ∙ 3

405 : 5

Айырма

680

169

635

310

479


Шығармашылық тапсырма. № 9.


Ү. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.






Автор
Дата добавления 13.05.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров173
Номер материала ДБ-079733
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх