Инфоурок Другое ТестыОқырман конференциясы: Дарынды тұлға, жүйрік ақын.

Оқырман конференциясы: Дарынды тұлға, жүйрік ақын.

Скачать материал

Тақырыбы: Дарынды тұлға, жүйрік ақын.

Мақсаты: Ақан образын жан-жақты ашу, оқушылардың тіл байлықтарын молайту, ізденімпаздыққа, ой еркіндігіне баулу.

Түрі: Оқырман конференциясы.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі, интерактивті тақта, слайд.

  Жоспары.

  І.Ұйымдастыру.

  ІІ. Ақанның өмірі мен өнері.

  ІІІ. Ақандай осы тауда сері жүрген.

  ІҮ. Ақан – ақын, сазгер әрі әнші,

  Ү.  Құлагер, айналайын, арғымағым.

  ҮІ. Ақан серіге арнау.

  ҮІІ. Қорытынды.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар мектеп кітапханасында ұйымдастырылып отырған ХІХ ғасырдың екінші жартысында қаза халқының ұлттық мәдениетін биікке көтеруге  өз үлесін қосқан аса дарынды тұлғалардың бірі Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 170 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Дарынды тұлға,жүйрік ақын» атты оқырман конференциясына қош келдіңіздер!

 Ақан сері 1843 жылдың қыркүйек айында қазіргі Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Көкшетау аймағы болашақ ақынның туып-өскен жері еді. «Талант табиғатқа тарта туады» демекші  Ақан туған жеріне деген сүйіспеншілікке толы өлеңдерін өрілткен. Аса өнегелі талантты жанның адамдық болмысын, серілік-өнерпаздық үлгісін тану әркімге де қызықты. Ендеше Ақанның өмірі мен өнеріне шолу жасайық.

 ІІ. Ақанның өмірі мен өнері. Жексенбай Нұрай 9 сынып оқушысы.

Жүргізуші: Ақан серінің шын аты – Ақжігіт. Ата-анасы Ақан деп еркелетсе, елі сері деген ат берген. Сал-сері – сегіз қырлы, бір сырлы, яғни әнші, күйші, халық мәдениетінің өкілдері болған.Салдан серінің айырмашылығы, сері мейлінше сыпайы, орнықты, ибалы,сәнді кейімге, бекзаттыққа үйір.  Келесі бөліміміз «Ақандай осы тауда сері жүрген»деп аталады. Оқушыларға кезек береміз.                    

  ІІІ. Ақандай осы тауда сері жүрген. Серік Бекболат. 9 сынып оқушысы.

Жүргізуші: Ақан сері өлеңдерінің басты тақырыбы – достық, махаббат, сұлулықты, адалдықты жырға қосады.Ақынның «Ақ көйлек», «Үш тоты», «Сырымбет», «Балқадиша» ән-өлеңдері жаныңды жадыратып, әдемілікті,сұлулықты суреттейді.Ақан сері орындалмас арманды, қол жетпес сұлулықты әнге қосды. Ақын жүрегінен шыққан сөзді тыңдаушыларына өлеңмен өрнектеп жеткізуді дәстүрге айналдырған.Өлеңмен өрнектеп айту да аздық еткенде, мәтінге лайық әуез қосуға көшкен. Мәтіні мен әуезі үйлескен әнді дүйім жұрттың құлағына құю үшін әрі ақын, әрі сазгер, енді өнер қажет болды. Ол-әншілік орындаушылық қабілет. Ақанның ақындық, сазгерлік, әншілік жақтарына жеке-жеке тоқталу үшін оқушыларымызға кезек берейік.

  ІҮ. Ақан- ақын, сазгер әрі әнші. Шоқан Әзиза. 9 сынып оқушысы.

Жүргізуші: Ақан серінің әні «Балқадиша» орындайтын: Жаймағанбетов.Қ

Жүргізуші: Ақанның атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен сәйгүлігі – Құлагер еді.

             Құлагер құнанында керім еді,

             Нағашым сұрағанда беріп еді.

             Ат қоса Ерейменге барғанымда.

             Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді,-

деп өзі айтқандай, Қарауыл еліндегі Шөкетай деген кісіден бірат, бір сиыр, жиырма бес сом беріп алған Құлагері – осы ат. Жүйрік атты таңдап жүріп сатып алу бар да, оны мәпелеп бағу, баптап, бәйгеге қосу тағы бар. Ақанның серінің Құлагерді баптауда екі жақсы қасиеті байқалды.Соларға тоқталайық.

Жүргізуші: «Құлагер атаң-тұлпар, анаң-сұңқар» деп Ілияс Жансүгіров Құлагердің басты қасиеттерін поэмада айрықша көрсетеді. Сондай оқиға тағы да Ерейменде болды. Керей Сағынбайдың асына Ақан Құлагерді жасырын түрде алып барады.Елде Күреңбай деген ат сыншысы бар екен, сол Құлагердің бас бәйгені алатынын бірден біледі. Мұны естіген Батыраш, Қотыра деген бай балалары іштарлық танытып озып келе жатқан Құлагердің алдынан жасырынып шығып, шоқпармен ұрып қалады. Қырға шығып қарап тұрған Ақан өз атының аяқ астынан жоқ болып кеткенін жамандыққа жорып, алдынан ізддеп шығады. Шынында да Құлагер мерт болып, құлаған жерінде жан тәсілім етіпті. Құлагердің ажалына арнап, қайғылы қанатынан айырылған Ақан сері адамды жоқтағандай табан астынан ән шығарады. «Құлагер поэмасы» елге, жұртқа, халқына оның бүгінгі ұрпағына, келер буынға өлмес байлық. «Құлагер» поэмасынан үзінді.

Ү. Құлагер, айналайын, арғымағым.Серік Айшуақ. 9 сынып оқушысы.

Ақан сері: Не болды-ай, бай-бай, саған Құлагерім,

 Үзінді.      Суалдың,сорлы иеңнің бұғалы едің.

                  Тірегі көңілімнің, бәйтерегі

                  Бұл жерге қалайынша құлап едің.

                                Шынымен, кеткенің бе, Құлагерім!?

                                Қасымда қасынып тұрар едің

                                Баспа-бас қызға бермес, жануарым

                                Басылар өлгенімше қайтып шерім.

                Құлагер, қош-қош атым, жолдасым-ай

                Мен білдім, түнесемде, тұмасыңды-ай.

                Тигізбей топыраққа жоғары іліп,

                Сақтармын өле-өлгенше қу басыңды-ай.

  ҮІ. Ақан серіге арнау. Көпжасар Нұрай. 9 сынып оқушысы.

Үзінді.Бурабай бір таза жер «пері» жүрген...

           Онда жоқ жынмен сайтан өріп жүрген

           Ағашқа атын байлап көлеңкелеп,

           Ақан ғой анда санда келіп жүрген.

                              Ақандай осы тауда сері жүрген

                              Су ішіп, тауда шие теріп жүрген

                              Қайыңдай мінсіз, таудай таза жігіт,

                              Көң-қоңыр, былапыттан жеріп жүрген.

         Жасынан иеленген баласындай,

         Талпынып Көкшетауға анасындай.

         Көліне бетін жуып, ат суарған

         Арқаның бір сиқырлы анасындай.

  ҮІІ. Қорытынды.

Жүргізуші: Міне, осындай ел қайғысы мен өз қайғысы қосыла келіп Ақан жанын жегідей жеп, жүрегін сыздатады. Өз қайғысы дейтініміз-алған жарларының бірінен кейін бірі қайтыс болуы, сүйікті аты Құлагердің мерт болуы, Базаралы деген тазысы, Көкжендет атты қаршығасы, Қараторғай атты қыран бүркітінен айырылуы. Осы қасіреттер Ақанның дертке ұшырауына әкеліп соқтырады.Өмірінің соңына дейін елден жырақ жерде жалғыз күнелтеді. Осылайша Ақан Біржан сал секілді өмірінің соңында трагедиялы ауыр хал кешіп, 1913 жылы дүниеден өтеді.

Осымен «Дарынды тұлға жүйрік ақын»атты Ақан Қорамсаұлының шығармашылығына арналған оқырман конференциямыз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқырман конференциясы: Дарынды тұлға, жүйрік ақын."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 954 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.11.2015 2564
    • DOCX 41.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусанова Айшолпан Сайновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кусанова Айшолпан Сайновна
    Кусанова Айшолпан Сайновна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16167
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Волонтерство: история, типы и роль в образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе