Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Статьи / Оқырман сайысы "Жүрегім толы мейірімге" 2 сынып

Оқырман сайысы "Жүрегім толы мейірімге" 2 сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Оқырман сайысы

Тақырыбы: «Жүрегім толы мейрімге»

Мақсаты:

  • Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Халықтың тілін, салт-дәстүрін оқушының бойына сіңіру. Оқушыларды елжандылыққа, достыққа, қайырымдылыққа баулу.

Міндеті:

  • Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту;

  • Рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол азамат етіп тәрбиелеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!Еліміздің тұңғыш ханымы, «Бөбек» қорының негізін қалаушысы Назарбаева Сара Алпысқызының 12 ақпан күні 75 жылдығына арналған «Жүрегім толы мейрімге» атты оқырмандар сайысын ашық деп жариялаймын.

Әділ-қазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар:

1. Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары:

Мадиярова Зульфия Сериковна

2.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдістемелік жетекшісі : Карина Орал Аубакировна

3.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Бекенова Хабиба Мухамединова

1 Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жүрегім толы мейірім» атты оқырмандар сайысына қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.

2 жүргізуші: Бүгін 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Үздік оқырман» сайысын өткізгелі отырмыз.Сайысымыздың атынан белгілі болып тұрғандай, қай оқушы көп кітап оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екенін анықтаймыз.

1 жүргізуші:Ақыл-көрік бойларыңа жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді

Қанекей, оқырмандар сайысқа шық,

Таң қалдыр біліміңмен көрерменді -дей келе енді сайысқа қатысушы балаларымызды ортаға шақырайық!

  1. 1 Ә сынып оқушысы Тұрғанбек Ерболатты шақырамыз «Жаксы болу өзіңен»

Төрткүл дүние-ай тұтқа болып ең кімдерге?

Төрт қырлап қазған қабір ғой алар жүлдем де...

Төрт нәрсе жақсы тұрлаусыз мынау тірлікте......

2. 1Ә сынып оқушысы Манарбеков Тумырза «Ана»

Үйдің іші ұйқыда,
Түн ортасы шамасы.

Көзін алмай бесіктен,
Бөбек жатыр албырап.

2 жүргізуші:Ұнатамын халық әнін сарынды,

Биіктеткекен ой-санамды,арымды.

Ізгілікті әндерінен ақынның

Парасаттың шұғыласы тарады.

  1. 1Қ сынып оқушысы Әзірхан Көркем «Кішілік кісілік»  

Кішілерге қамқор бол

Сүйкімді бала атанып.

Сүйсінткің келсе кісіні-

Жіберме үлкен қателік…...

  1. 1Қ сынып оқушысы Ерланқызы Дана «Адамшылық»

Кісіге адамшылық неге керек?

Адамдық – өзге айуаннан артық демек!

Ит талаған төбеттен қалай дейсің,

Аямай әл келгенін жұлып жемек.

  1. 1Қ сынып оқушысы Жанакім Оралбеке «Ана»

Дүниедегі әр азамат баласы,

Болсын мейлі ол бір елдің данасы,

Мәңгілікке қарыздар боп біреуге

Өтеді екен,ол-өзінің анасы....

  1. 1Қ сынып оқушысы Тынымгереев Мерей «Әдептілік әліппесі»

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін!

Абыройлы ақ ниет

Адамдыққа сенемін!

1 жүргізуші:3Ә сынып оқушысы Талғатбек Әбілхайырдың орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.

  1. 1Ғ сынып оқушысы Шамшитдин Мәнсур « Адамдық борышың»

Атам маған әмәнда

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда:

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің.....

  1. 1Ғ сынып оқушысы Төлеген Дінмұхаммед «Ғылым таппай мақтанба»

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.....

2 жүргізуші:Сүйемін мен қазақ әнін сарынды,

Бала күннен үйреткен жақсы әдетті.

Асыл қазына жатқан жоқпа әр әнде,

Киелі одан ешнәрсе жоқ әлемде.

  1. 2Ә сынып оқушысы Русланқызы Айым «Ардақты ана»

Ардақты ана, аяулы мама

Суық күнде тоңбады ма деп
Әлде жолы болмады ма деп
Жалғызсырап қалмады ма деп......

  1. 2Ә сынып оқушысы Русланқызы Гүлім «Ана»

Мәңгі жарық күн сыйлаған маған
Бір адам бар ол өзіңсің ана
Мейірімге бір өзіңнен қанам
Жылуды да жүрегіңнен алам.....

  1. 2 Ғ сынып оқушысы Дастан Аяна «Ана»

Мені ойлап қам жемеші мама
Саған тартқан менің күлгенім
Сенің арқаң шалқып жүргенім
Қасыңдамын, әркез біргемін.....

  1. 2Ғ сынып оқушысы Тұрсынхан Гүлназ «Шындық»

Қазақ боп

Туғаныңа өкінбе,

Қазақ боп

Жарыта.......

  1. 2Қ сынып оқушысы Бакитова Назерке «Ана»

Дүниедегі әр азамат баласы,

Болсын мейлі ол бір елдің данасы,

Мәңгілікке қарыздар боп біреуге

Өтеді екен,ол-өзінің анасы....

  1. 2Қ сынып оқушысы Егеубаева Камила «Атаның ақылы»

Атаның шаhуатының көп қой мәнi,

Ананың құрсағында қан болғаны.

Құс пен адам болар деп кiм айта алар,

Өлi қан мен жаны жоқ жұмыртқаны.....

1 жүргізуші:Ажарында аунақшып күн шуағы,

Ағайындар мейман деп құлшынады.

Аңқылдаған ақ көңіл ақ самаурын,

Қонағыңмен бір кіріп,бір шығады.

  1. 3Ә сынып оқушысы Дайыр Айғаным «Туған жер»

Мен жаныммен сүйемін осы ауылды,

Мен қаныммен сүйемін осы ауылды.

Қалай ғана сүймейін, қалай ғана,

Кіндігім мен кессе ол тұсауымды..... 

  1. 3Ә сынып оқушысы Талғатбек Әбілхайыр «Туған жер»

Осы ауылда тербелген бесігім де,

Осы ауылда қойылған есімім де.

Араздасып қалғанда ара ағайын......

  1. 3 Ә сынып оқушысы Утжанов Алибек «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің......

  1. 4 Ә сынып оқушысы Тулеуова Нурай «Жақсылық жасау»

Достық іспен қасты да,

Жеңеріме сенемін!

Ақыл сана білім мен

Өнеріме сенемін.......

  1. 4 Ә сынып оқушысы Кусайнова Аяулым «Шындық»

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.....

  1. 4 Ғ сынып оқушысы Сейт Аружан «Туған жер»

Уақыт-ай,

Өтініш те, наз да менен

Қалаймын өзеггенін аздап әлем.....

1жүргізуші:

Сайыста озып шығар жүйріктері

Әрқайсысы бақтарынан көрер енді ,деп өзіміздін сайысымызды аяқтаймыз.

Әділқазылар алқасы қорытынды шығарғанша 3 Ә сынып оқушысы Төлеген Мұхаммедтің орындауындағы « Бір жұлдызың болам менде !» атты әнді қабыл алыңыздар.

2жүргізуші:

Жеңімпаздарды марапаттау үшін ортаға әділ-қазылар алқасын шақырыамыз.

1жүргізуші:Енді сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Мадиярова Зульфия Сериковнаға сөз береміз.






Автор
Дата добавления 03.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Статьи
Просмотров67
Номер материала ДБ-064177
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх