Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Оқырмандар конференциясы "Тарихи тұлға"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Оқырмандар конференциясы "Тарихи тұлға"

библиотека
материалов





Тарихи тұлға

/дөңгелек үстел/

hello_html_m76ba1a96.png

Дарынды балаларға арналған

81 «Astana English School»

гимназиясының кітапхана меңгерушісі

Гүлбағира Садырқызы Сулейменова





Мақсаты: Оқырмандардың оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынасын жақсарту, ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету; оқушыларды функционалдық сауаттылыққа үйрету, кітап оқу ынтасын арттыру.

Қатысқаны: 5-6-7 сынып оқушылары, тәрбиешілер, сынып жетекшілер, кітапханашы.

Кітапханашы: Қош келдіңіздер, құрметті кітапсүйер оқырмандар!

«Бір ел-бір кітап» акциясына арналған «Тарихи тұлға»атты дөңгелек үстелді бастауға рұқсат етіңіздер! «Бір ел-бір кітап» акцияның мақсаты: оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас.

Акция тарихы: Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» деген кітапханалық жобаларына негізделген. Шартқа сәйкес бүкіл қала тұрғындары бір мезгілде бір шығарманы оқуға тиіс.Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды.«Бір кітап, бір Чикаго» (One book, one Chicago) бағдарламасы Чикаго жұртшылығына белсенді ықпал ету арқылы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады. Бүгінгі дөңгелек үстел І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына арналады.

Кітапханашы Сулейменова Гүлбағира оқырмандарды ортаға шақырып, шеңбер құрды.hello_html_m684a3cca.jpg

«Кітап маған керек, саған ше?» /тренинг/ оқырман қолындағы кітабын екінші оқырманға беріп, «Кітап маған оқып,көп мәлімет алу үшін керек, саған ше?» деп сұрайды ол өз ойын айтты, осылай жалғаса берді.hello_html_509002fa.jpg





hello_html_m4ebd7819.jpg

«Кітап», «Тарих», «Жазушы» топтарына түрлі – түсті қағаздан жасалған теріс қаратылған әріптерді оқырмандар таңдап алып, сөздер құрастыру арқылы оқушылар үш топқа бөлінді.

hello_html_3584b07a.jpg






Кітапханашы І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Тарихи тұлға» атты слайдты көрсетіп, таныстырып өтті.hello_html_795ead30.jpg

 «Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы - «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аудрылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық  айтқандық бола қоймас» дейді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев

 

















І.Есенберлиннің «Қаһар» кітабынан үзінділер келтіріп, бүгінгі өмірмен салыстыру арқылы оқырмандар ой бөлісті.

hello_html_m6e52afe9.jpg









Серикбаев Куаныш, Карин Абылай және Анет өз пікірлерін ашық айта білді.

Әрине,оларға оқырмандар да ойларын қосып, ортаға салды.

Өте тартысты пікірталас болды.

Ел бірлігін сақтайтын ер намысты азаматтар болуға

тәрбиелік мәні бар шығарма екеніне тоқталды.hello_html_44752571.jpg





«Кітап», «Тарих», «Жазушы» сөздеріне топтастыру әдісі бойынша сөздерді плакатқа жазып, оны тобымен шығып таныстырды.hello_html_m40c1539a.jpg



«Кітап» тобының мүшелері:

Жанаберген Нұрдаулет, Тұрарбек Сабина, Жақыпова Ажар,

Қажыбай Асқар, Мауленова Алина.

hello_html_mc341471.jpg





«Тарих» тобының мүшелері:

Рахымтай Алуа, Хусаинова Арайлым, Байбулов Ерлан,

Кунусова Жулдыз, Нұртаева Күнсана







hello_html_5638d722.jpg

























«Жазушы» тобының мүшелері:

Маратхан Дария, Карин Абылай, тұрған Айгерим,

Доскемпирова Айымжан, Адаева Диляра

hello_html_59099cce.jpg



















«Кім тез табады?» ойынында шарларды жарып, ішіндегі сұрақтың

жауабын жылдам тауып, жауап беріп отырды.





Сұрақтар:hello_html_ma42b2f8.jpg

1.«Бір ел- бір кітап» акциясы деген не?

2.І.Есенберлин деген кім?

3.«Көшпенділер» трилогиясы қай ғасырларды қамтиды,

қандай тарихи жағдайлар баяндалады?

4.І.Есенберлин қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

5.І.Есенберлин қай оқу орнын аяқтады, қай салада қызмет жасады?

6. І. Есенберлиннің қандай шығармаларын білесің?

7. «Көшпенділер» трилогиясында қандай тарихи тұлғалар аталды?

8. І.Есенберлиннің марапаттарын ата.

9. «Көшпенділер» трилогиясы қандай тарихи

романдарды қамтиды?

Оқырмандар барлық сұрақтарға жақсы жауап берді.











hello_html_2f56e914.jpg














«Book Bingo» ойынында оқырмандарға арнайы дайындалған бинго билеттері мен әдебиет тізімдері таратылды,оқушылар билет ұяшықтарына әдебиет атауларын жазып шықты.

«Сиқылы табақшадан» қазақ, орыс, ағылшын тіліндегіhello_html_m6850d031.jpg

әдебиет атауларын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Алиуллаева Айгерім жеребемен алып оқып берді,

ал балалар аталған шығарманы билеттерінен сызып жатты.

Әдебиет атаулары жеребе бойынша айтылып отырды, hello_html_1894b68e.jpg

оқушылар аталған шығарма билетте бар болса оны сызып отырды.

Ең бірінші бір бағанда тор көздері түгел сызылған билет бинго болды.hello_html_m5c5ef675.jpg

Алғашқы бинго билет иегері 7- сынып оқушысы Рахымтай Алуа, содан кейін 5- сынып оқушылары Тұрған Айгерім, Кунусова Жұлдыз және 6-сынып оқушысы Карин Абылайдың билеттері ұтып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.




hello_html_11be2b1a.jpg

Соңында, әр қатысушы «Кері байланыс» әдісімен дөңгелек үстел туралы пікірлерін стикерге жазып, қорытынды жасалды. Барлық оқырмандарға І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы прайс-парақшалар таратылды.

Кітапханашы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар міне, бүгінгі іс-шарамыз өз мәресіне жетті. Ілияс аталарындай тарихи тұлғалардың арқасында тәуелсіздігімізді алып, өркениетті елде бейбіт күн кешіп, өмір сүріп жатырмыз. Тарихи тұлғаларына тағзым етейік, кітаптарын оқып толығып, кемелденіп, ақылмен ой түйіп жарқын болашаққа мол сеніммен қарқынды қадам басайық!





















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-273615

Похожие материалы