Выбранный для просмотра документ 5.odp
Скачать материал "" Қоқыс және Экология ""
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
1 слайд
Қоқыс және экология
Алматы қаласы
Алатау ауданы
№26 жалпы білім беретін
мектептің 10 сынып оқушысы
Рысқұлбек Айсапар
Жетекшісі:Қарашалова Данагүл
Әріпжанқызы химия пәнінің
мұғалімі
2 слайд
I Кіріспе бөлім
Әрбіреуіміз қоқыстарды көп мөлшерде лақтырамыз. Орташа есеппен әр адам 360 кг астам қоқыс, қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайды. Бұл жеке бір ғана тұтынушының қалдықтары. Бүған құрылыс және өндіріс қалдықтары кірмейді.
Біз қоқыстарды жинақтап ( жуынды шелектерге, урналарға және т. с. с.) және жинақтамай ( кез келген жерге ) тастаймыз. Егер жыл бойы Алматы тұрғындары тастаған барлық қоқыстарды қалада біртекті қабатпен орналастырса, бұл қабаттың қалыңдығы 10см-дей болушы еді. Қоқыста батып және шіру өнімдерімен уланып қалмас үшін оны жою немесе басқаша айтқанда, басқа бір орынға кетіру керек
Қоқысты жою- қазіргі өркениеттің басты мәселелерінің бірі. Әсіресе, ұйымдаспай тастаған қоқыстарды жою қиындықтар туғызады, қоқысты жою мәселесінен басқа, ұйымдаспай тасталған қоқыстарды жинау мәселесі туындайды.
3 слайд
II. Негізгі бөлім
Ерте ғасырларда өмір сүрген адам баласы табиғатты түсінген, табиғаттың сәнін білген. Өз балаларының өмірі жақсы
болса екен деп, үйінің маңына ағаш егіп, айналасына гүл отырғызған. Тұрмыс қалдықтарын үй маңынан алыс ұстаған. Бұл
да адам баласының табиғатқа деген сүйіспеншілігінің бар екенін мойындайды.
Ата-балаларымыз бізге түгін тартса майы шығатын көк майсалы бел, арнасы асып-төгіліп жатқан өзен-су, сылдырап
аққан бұлақ,қарағай мен қайыңы, емені мен шілігі сыңсыған орманы бар зор байлық сыйлап кетті.
XXI ғасыр ғылым ғасыры. Осы ғасырда барлық техника, зауыт-фабрикалар іске қосылуда. Осыдан шыққан қалдық зат:
түтіндер атмосфера қабатын бұзып, ауаның ауытқуына әкеп соғуда. Енді бір басқа қалдықтар (химиялық) өзенге
ағызылып, гидросфераны құртуда. Ауамен тыныс алатын жан-жануар, адамзат, өсімдік болсын түрлі ауруларға ұшырап,
биосфера қабатына үлкен зиян келтіруде.
Адам осы суды пайдаланса айықпас дертке ұшырауы мүмкін.
Жер-шарында кейінгі кезде халық соны күрт өсуіне байланысты және экономикалық-әлеуметтік жағдайына әсер етумен
қатар елдің экологиясына да әсер етуде.
Қоқыстар өте көп мөлшерде шығарылатын болды. Орташа әр адам 300-350 кг қоқыс, тұрмыстық қалдықтарды тастайды.
Бұл жеке бір тұтынушының қалдықтары. Бұған құрылыс және өндіріс қалдықтары кірмейді. Біз қоқыстарды
жинақтап (жуынды шелектерге, урналарға) тастаймыз. Қоқыста батып және шіру өнімдерін уланып қалмас үшін оны жою
немесе басқа бір орынға көшіру керек.Қоқысты жою-қазіргі өркениеттің басты мәселелерінің бірі. Әсіресе, әр жерге
тасталған қоқыстарды жою қиындық тигізеді. Ең бірінші оларды жинау керек. Жоюдің әзірше бірнеше тәсілдері ұсынылып
отырмыз: қоқыс тастайтын орынды ұйымдастыру.қалдықтарды екінші рет қолдану, жағу.
Қалдықтарды екінші рет қолдану- қор сақтаудың жолы, бірақ ол экономикалық және экологиялық жағынан тиімді
бола алмайды. Қоқысты пайдаланудан бұрын оны іріктеп алу керек. Қағаз, темір,сынған шыныны бөлек-бөлек жинау
керек.
Түскен қоқысты іріктеу мүмкін емес, ондай автоматтар жоқ, ал адамдар ондай жүмысты баяу істейді және денсаулыққа
зиянды.Сондықтан қоқысты тастау кезінде іріктеу керек, әр үйде жаман қалдықтарды, қағаз, пластмасса, т . с . с. Үшін
жеке шелектер бөлуі қажет. Ауылда да, қалада да бұл қазір мүмін емес болып отыр.
2) қоқысты қайта өңдеу орындарына жеткізу. Ондай зауыттар көптеп салынса жақсы болар еді. Мысалы, жергілікті
қоқыстан жиналған сынған шыны, шыны зауыттарында қайта өңделеді. Әрбір электршамдарында вольфрам, молибден
және сирек кездесетін бағалы металдар бар. Бұл металдарды өңдеу жоғарғы температураны қажат етеді. ( молибденнің
балқу температурасы 2620°С, вольфрамдікі 3387°С ) .
Үлкен температураны ұстау үшін көлемді реактор қажет ( кіші көлемді реактормен шығарылған жылу қабырғаны
жылытуға қажет ).Вольфрам мен молибден өңдейтін зауыттар өте аз. Оған жеткізу үшін бензин қажет. Ол қалыпқа
келмейтін шикізат. Жануы кезінде токсиндік заттар бөледі.
4 слайд
2) Қоқыс дегеніміз-қалыпты емес шикізат, әрбір жаңа қоқыстардың айырмашылықтары бар. Жоғарғы сапалы заттар өндіре алмаймыз.
Бұрын әр 20 кг қағаз өткізгені үшін сыйлықтар, кітаптар беретін. Одан төменгі сапалы қағаздар өндірілетін.
Қорыта айтқанда Қоқыстарды өңдеу әзірше қолданыс таппай отыр. Ерекше болатыны тағам, өсімдік қалдығын жинақтап,
шірітік,тыңайтқыш алу. Сондықтан қоқысты бір жерге жинақтап шіріту немесе жағу керек.
Қоқысты бір жерге тастау-ең арзан, бірақ жоюдің тиімсіз әдісі. Тастау жерлері үлкен алаңдарды алып жатады.Мысалы,
батарейкалар, аккумляторлар,термометрлердің құрамында улы заттар, шіріген тамақ қалдықтары,бөлшектенген пластмассалар, жер
асты суларына кетеді. Ал оларды ауыз су ретінде жиі қолданады, жермен тіреліп, қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Сонымен қатар ауа
шіру процестері нәтижесінде түрлі газдар түзеді (метан, этилен,күкіртсутек, фосфин) қоқыс жерлердің атмосферасын ластайды.Алматы
қаласындағы Әли елді мекенінің жанынан өткенде ( Ұзынағаш жолында ) адам өте жаман иіске шыдай алмайды, бұдан тұрғындар әр
түрлі ауруларға ұшырайды
Қоқысты жер үстіне тастайды немесе көмеді. Көмілген қоқыс шаң түзбейді, бүлдірмейді, екінші жағынан жерасты суларына жақын
орналасады.
Қоқыс тастаудың пайдасы да болады. Құрылыс қоқыстарымен сайларды, шүңқырларды жабады. Құрылыс қоқыстың негізгі бөлігі (кірпіш, бетон, қабырға бөлшектері) құрамы бойынша табиғи тастарға жақын, осындай қолдану
табиғатқа зиян әкелмейді.
Жанғыш және улы газдардың пайда болуын алдын алу үшін оларды желдетеді.Қоқыс жеріне бірнеше жыл бойынша
қоқысты әкеліп отырады, одан кейін оны ондаған жылдар бойына " пісіруге" қалдырады. Осыдан кейін топырақ сеуіп,шөптер мен
ағаштар отырғызып, саябақ ашады. Бұл көп уақытқа созылатын процесс.
Қоқсықтарды бақшаларда жандыруға болады. Жандыратын қоқыстың барлығы жанғыш, құрғақ болуы, құрамында хлорқұрамды
пластмассалар болмауы керек. Маталар, пластик заттар баяу жанады және толығымен жанып кетпейді.Бірінші от жағып, қоқысты бірте
бірте тастау керек.
Қоқыстар бірнеше типтерге жатады :
I. Сыра және басқа сусындардың құтылары. Олар алюминий және оның құймаларынан тұрады.
Зияны: үшкір шеттері балаларды, жануарларды жарақаттайды, су жиналып, қансорушы жәндіктердің құрттары көбейеді. Қайта
балқыту арқалы қолдануға болады.Түзілген өнім: алюминий оксиді.
II. Матадан жасалған өнімдер: маталар синтетикалық ( қыздырғанда балқиды) және табиғи (қыздырғанда шала жанатын) табиғи
болып табылады.Табиғи металдар: құрамында целлюлелер болғандықтан зиян әкелмейді, бірақ бояуы улы болуы мүмкін. Соңғы
өнім: шымтезек, CO2, Н2O.
Бөлшектену уақыты 2-3жыл.
Жою әдісі: жағып жіберу.
III. Шоколадтың фольгасы, шай, әр түрлі рулеттер фольгасы.
Материалдары: алюминий.
Бөлшектену әдісі: алюминий оксиді түзіледі.
Жоюдің қауіпсіз әдісі: көму, қайта балқыту.
Алынатын өнімі: алюминий оксиді.
Макулятура
Материялдары: қағаз, бояу жағылған түрлі -түсті қағаздар.
Зардабы: табиғатқа зиян әкелмейді
Бөлшектену жолы: микроағзалар қоректенеді,жағады.
Соңғы өнімі: CO2, күл, H2O.
Жоюдің қауіпсіз әдісі: жандыру.
5 слайд
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
6 653 470 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Карашалова Данагуль Арипжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.