Выдаём удостоверения и дипломы установленного образца

Получите 5% кэшбэк!

Запишитесь на один из 793 курсов и получите 5% кэшбэк стоимости курса на карту

Выбрать курс
Инфоурок Другое СтатьиОқыта үйрету ойындарын сабақта қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Оқыта үйрету ойындарын сабақта қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Скачать материал
библиотека
материалов

Оқыта үйрету ойындарын сабақта қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деген Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз» деп тілімізге , өзіміздің тал құндылықтарымызға үлкен мән беріп, біздің жастарымыз оқуға, ғылым-білімді меңгеруге, жаңа машықтар алуға, ғылымды, технологияларды өмірде шебер пайдалануға тиіс екенін, ол үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек дегенді баса айтады. Осы орайда барлық білім беру орындары жұмыла еңбек етуде.Күн сайын қарқынды өзгеріп жатқан әлемде жалпы мектептер, соның ішінде мұғалімдер үшін оқыта үйрету ойын түрлерін қолдана отырып, сабақты жаңа технологиялармен өту ең басты, маңызды мәселе болып отыр. Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ұстаным қалыптасты.Сондықтан заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару.Ал білімдерін орынды жерде қолдана алатындай етіп, дағдыландыру үшін оқушылардың көзқарасын өзгертіп, білімге деген қызығушылығын арттыру керек. Сондықтан күнделікті сабақ беру барысында қолданып жүрген әдіс – тәсілдеріммен бөліскім келеді, менің алдыма қойған мақсатым: оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыра отырып, алған білімдерін өмірде пайдалана алуына баулу. Сол мақсатта өзімнің қазақ тілі пәні бойынша 7 сыныпта өткен «Күрделі сөз, тұрақты тіркес, сөз тіркесі» тақырыбындағы бір сабақ жоспарымды ұсынғым келеді.Ең алғаш сабақ бастамас бұрын оқушылардың көңіл - күйін көтеру үшін «Шаттық шеңбері» деген тренинг ұйымдастырып, бір-біріне тілек айтқызамыз.Бұл балалардың өн бойына жылылық ұялатып, қарым-қатынастарын нығайта түседі. Мәселен,

Топқа бөлу. Оқушылар сабақты бастамас бұрын, топтың реті көрсетілген бірінші сыңары жазылған мақал – мәтелдерді алған оқушы жалғасын тапқан оқушымен жұп құрайды.

Мысалы: Ер елінде, ... (Гүл жерінде)

Елдің алды болсаң, көз тиер, (Елдің соңында болсаң сөз тиер)

Ағайын тату болса ат көп, (Абысын тату болса ас көп.) т.б.

Топқа бөлу және өткен тақырыпты қайталау үшін «Аукцион» ойынын өткізу кезінде де мақал-мәтелді қолдануымның себебі оқушылардың халықтық педагогика саласындағы білім дәрежесін көтеру, есте сақтау қабілетін арттыру, өмірде пайдалануына жол ашу.

«Аукцион» оқыта үйрету ойыны арқылы сұрақтар беріледі.

Ер неше рет өледі? Қорқақ неше рет өледі? (Ер бір рет, қорқақ мың рет өледі...)

Қарғыстың ең жаманы не? ( (Өзің білме, өзгенің тілін алма» )

Неден не жаман? ( «Олақтан салақ жаман»)

Қыз ненің көркі? Гүл ненің көркі? (Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі)

Қандай бала сүйкімді ( Өнерлі бала сүйкімді)

Тауық түс көре ме? ( Тауықтың түсіне тары кіреді)

Әр сұраққа мақалмен жауап бергеннен кейін тіркестерді тауып, есімді, етістікті тіркес түрлеріне талдайды

Блум жүйесінің «Түсіну» кезеңі бойынша жаңа тақырыпты салыстыра отырып ашу мақсатында «Сиқырлы гүлдер» ойын түрін пайдаландым. Бұл ойынның тиімділігі балалардың гүл сиқырын ашуға асыға отырып, тапсырманы қызыға отырып орындауға жетелейді. Мысалы,

«Сиқырлы гүлдер» ойыны

Сөз тіркесі. Сыңарларын тап. 1.-------------- жапырақ.

2.-------------- кетіп қалды.

3.------------- өту.

Тұрақты тіркес. Иттің суретіне байланысты тұрақты тіркес тап, мағынасын аш.

  1. Жақсы ит өлігін көрсетпейді.

  2. Итті иесімен қина. т.б.

Күрделі сөз. Берілген күрделі сөздермен тіркес құра.

Қара ала -------------------

Абай Құнанбаев -----------

Жиырма бес------------------

Төмендегі сөз тіркесінің баламасын тап. Бет пердесін жұлып алу (әшкерелеу) т.б.

Ал енді Блум жүйесінің «Қолдану» кезеңінде жаттығулар арқылы жаңа тақырыпты түсіну деңгейін тереңдету мақсатында «Тірек белгілер» оқыта үйрету ойын түрін қолдандым. Бұл ойында оқушылар сөз тіркестерін құрайды, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді кіріктіріп сөйлемдер ойластырады және сол құраған дүниелерін суреттер, тірек белгілер арқылы түсіндіріп беру жүктеледі. Бұл сияқты тәсілдер балалардың өз бетінше пікір қалыптастыруына, ой жүйріктігіне, ой ұшқырлығының дамуына, жетілуіне әсер етеді.



Кітаппен жұмыс. «Тірек белгілер» оқыта үйрету ойыны арқылы жаттығу орындату.

35- жаттығу. Сөз топтарын сөз тіркесі, тұрақты тіркес, күрделі сөз түрлеріне топта.Қара торы - қара торы қыз, кетіп қалды, үйде қалды, он сегіз ай, жұмған аузын ашпау, көпір арқылы, сіркесі су көтермеді, асығып - үсігіп т.с.с.

36- жаттығу. Сөз тіркесінің құрамындағы күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерінің бағыныңқы я басыңқы сыңар болып тұрғанын ажырат.

Ешкімнің ала жібін аттамау, ашық ауыз адам, етек –жеңі жинақы ауыл, ұшып тұрып сәлемдесу, күлімсіреп қарсы алу, сөзге құлақ аспады т.с.с.

37- жаттығу. Төмендегі сөз таптарының қай жағдайда тұрақты тіркес, қай кезде сөз тіркесі болатынын сөйлем ішінде келтіріп анықта.

Тізе бүкті, қолы тиді, тісін қайрады, ойыншық көрді, т.с.с.

Сабақ барысында балалардың жас ерекшелігіне байланысты ойларын сергітіп алу мақсатында төмендегідей ойын ойнатамыз, себебі бұл ойын оқушылардың өзі туралы пікірін өзгертіп,ойын сергітеді.

Сергіту сәті. «Менің қасиеттерім қандай?» Суреттерді интербелсенді тақтада көрсету.

Мысық, қасқыр, тышқан, иттің суретін оқушылар өзіне ұнаған реті бойынша тігінен орналастырып, әрқайсысының тұсына оның қандай да бір ұнайтын не ұнамайтын қасиетін жазу керек. Ең жоғарғы тұрған өзіңе жетіспейтін қасиет, оны тұла бойымызда арттыруға ұмтыламыз.Екінші жолда өзімізде бар қасиет. Үшінші жолдағы қасиет басқа адамдардың бізді қалай қабылдайтынын, елге қалай көрінетінімізді білдіреді. Ең соңғы қасиет біздің неден қашқақтайтынымызды танытады.

Келесі «Талдау» кезеңі бойынша оқушылардың ойлау қабілетімен қоса сөз саптауына, сөйлемдерді байланыстыра алуына, бір мағыналы тиянақты пікір айта алуына жетелейді.Сонымен бірге өткен тарихымызды еске түсіре отырып, қазіргі кезеңмен байланыстыра алады, өмір шындығына көз жеткізе алатын тұлға қалыптасады.Мысалы,

«Бейнелі жады» оқыта үйрету ойыны арқылы ойын дамыту.

Ұлы Отан соғысы туралы бейнежазба көрсету арқылы мәтін құрату, тапсырмалар орындату.

«Жинақтау» кезеңі бойынша оқушылардың бүгінгі алған білімдерін нығайта түсу мақсатында «Бестармақ» ойыны арқылы өткен тақырып мағыналарын әрі қарай дамыта түседі.Сол бойынша тапсырмалар беріледі, соған байланысты жиған, терген білімдерін жеткізеді, ойын тиянақтап,өз пікірлерін айтады.Мысалы,

«Бестармақ» тәсілі арқылы

Сөз тіркесі, күрделі сөздер, тұрақты тіркес деп алып, өлең құрастырады.

Мысалы

І топ Сөз.

Көп, ауыспалы

Суреттейді, анықтайды, көркемдейді.

Бірнеше сөз тіркесінен жасалады.

Есім

ІІ топ сөз тіркесі Тіркес

Толық, мағыналы

Байланысады, атқарады, береді

Сөздердің сабақтаса байланысуы

Сөздер




ІІІ топ тұрақты тіркес Фразеологизм

Күрделі, дайын

Ауыспайды, алмаспайды, бермейді

Бір мағына беретін тіркес

Көркем сөз


«Бағалау» кезең бойынша,оқушылардың ішінен екі немесе үш бақлаушы алынады да (топқа байланысты алынады), бүгінгі сабаққа қатысып отырған топ жауаптарын сырттай бақылап отырады, өздеріне берілген бағалау критерилері бойынша бағаланады.

Мысалы:


«Аукцион»

Оқыта үйрету ойыны

«Сиқырлы гүлдер» ойыны

«Тірек белгілер» оқыта үйрету ойыны

«Бейнелі жады» оқыта үйрету

«Бестармақ»

жинақтау тәсілі

Бал саны

Бағасы


























Ең жоғарғы 5 балдық жүйемен бағаланады.

  1. 20-25 бал – «5» 2. 14-19 бал – «4» 3. 14-тен төмен – «3»

Жоғарыда көрсетілген бал жүйелері бойынша топ мүшелері бағаланады, мұғалім сол бағалармен келісе отырып, журналға қояды.Соңынан оқушылар өздерінің бүгінгі сабаққа деген көзқарасын білдіру мақсатында «Екі жұлдыз, бір тілек» жазып, тақтаға немесе «Білім ағашына» іледі.

Қорыта келе бүгінгі таңда 7 модулға сүйеніп, Блум жүйесіне сала отырып, Оқыта үйрету ойындарын қолдану арқылы өткізген сабақтарым өте нәтижелі болып жатқанын айта кеткім келеді. Осындай іс-тәжірибемнің нәтижесінде оқушылар жаңа талапқа сай өздігінше пікірлей алуға, ойын жеткізуге, бір-бірін тыңдай алуға, ықтымақтастыққа үйренеді. Ал мұндай оқушылар келешекте бәсекеге қабілетті еліміздің болашағын құрайтын азамат болып жетілетініне сенімдімін.







  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Номер материала: ДБ-548640

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Основы религиозных культур и светской этики: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс повышения квалификации «Экономика предприятия: оценка эффективности деятельности»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания конституционного права с учетом реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС технических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС медицинских направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Мировая экономика и международные экономические отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Деятельность по хранению музейных предметов и музейных коллекций в музеях всех видов»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по водоотведению и очистке сточных вод»
Курс профессиональной переподготовки «Эксплуатация и обслуживание общего имущества многоквартирного дома»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика музейного дела и охраны исторических памятников»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление службой рекламы и PR»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление процессом по предоставлению услуг по кредитному брокериджу»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.