Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / " Оқыту барысында жақсартуда жеті модульді қолдану".
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Биология

" Оқыту барысында жақсартуда жеті модульді қолдану".

библиотека
материалов

Потанин жалпы орта білім беретін мектеп







Баяндама тақырыбы:

" Оқыту барысында жақсартуда жеті модульді қолдану".







Дайындаған биология пәні мұғалімі: Каллямова К.А.























2013-2014 оқу жылы




Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім - дағдылары мен амал, көз қарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгеру – қазіргі заман талабы. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда.Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Кембридж оқу бағдарламасының мақсаты — Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагог терінің біліктілігін арттыру және Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін үйрену. Басты міндеті — қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау. Бағдарлама жеті модульден тұрады:
1) оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,
2) сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,
3) білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау,
4) АКТ - ны қолдану,
5) талантты және дарынды оқушылармен жұмыс,
6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім беру және оқыту,
7) білім берудегі басқару мен көшбасшылығы.
7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады.

Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз - өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарынды лары айқындала бастады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер – қолдану әрбір мұғалімнің көздеген мақсатына жету үшін оңтайлы тәсіл болып табылады. Себебі балалар бір-бірімен, еркін ой бөліседі. Баланың санасында қате айтып, мұғалімнен ескерту алып қалам деген қорқыныш болмайды. Тақырып қаншалықты күрделі болып көрінгенмен, қабілеті әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өз ойларын білдіруіне мүмкіндік болады. Балалар сыныптас құрбы-құрдастарының әрқайсысында түрлі идеялар болатындығына көз жеткізе алады. Әр оқушы өз пікірін дәлелдеп үйренеді және мұғалімнің оқушылардың қандай деңгейге көтерілгенін бақылап отыруына мүмкіндік туады Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес.  Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау: жүйелі ойлауға үйрету; оқушының талантын зерттеу және анықтау;  сандық технологиялар саласындағы жоғары құзы реттілікті дамыту болып табылады.


Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің ішінде диалогтық оқыту тәсілі де тиімділігін көрсетеді. Ол ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Бұл тәсілмен оқыту топпен әңгімелесу, сұхбаттасу, “миға шабуыл” логикалық сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асады.
Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар мета танудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқудың табысты болуы ынталандыру, әлеуметтік және  эмоциялық себептер арасындағы күрделі әрекеттік пен метокогнетивті білімге байланысты.

Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту, саналы деңгейге көтеру — бүгінгі күнгі күрделі мәселе. ]

Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін — өзі іске асыруға, өзін — өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі — осы сындарлы оқыту теориясы деуге болады. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы өте зор. Мeнiң oйымшa, мұғaлiм мeн оқушының өзapa қapым-қaтынacын дұpыc ұйымдacтыpу apқылы oқушының oйлaу бeлceндiлiгiн apттыpуғa, caбaқтa интepaктивтiк әдicтi тиiмдi пaйдaлaнуғa бoлaды. Бұл ic-әpeкeттi оқытуды ұйымдacтыpу, oқушы өздiгiмeн aқпapaт жинaп, өздepi жaңaлық aшуғa ұмтылып, iздeнiп жaуaбын тaуып, өз пiкipлepiн бip-бipiнe, тoптa, сынып aлдындa aйтa aлaды. Oқушыны тұлғa peтiндe қaлыптacтыpу үшiн мұғaлiмдep оқытудың қaзipгi тeхнoлoгиялapын пaйдaлaнып, oны oдaн әpi зaмaн тaлaбынa caй жeтiлдipу қaжeт. Ocылaй oқушының бiлiм жeтicтiктepiнiң дeңгeйiн көтepугe болады.

Cыни тұpғыдaн oйлaу «oйлaу туpaлы oйлaну» дeп cипaттaлғaн. Ол мaңызды мәceлeлepдi тaлқылaу жәнe тәжipибeнi ой eлeгiнeн өткiзудi қамтиды.

Cыни тұpғыдaн oйлaу- Қaзaқcтaндaғы бiлiм бepудi дамыту үшiн мaңызды бoлып тaбылaтын қaзipгi eң бacты пeдaгoгикaлық түciнiк. Бұл мoдуль oқушылapдың да, мұғaлiмдepдiң де cыни тұpғыдaн oйлaуды дaмытуды caнaлы жәнe oймeн қaбылдaуын көздeйдi. Мұғaлiмнiң нұcқaулығы-49 бет.

«Cыни тұpғыдaн oйлaу» мoдульдiң caбaқтapымдa пaйдaлaнғaн кeздe, caбaқ бapыcындa өз oқушылapымдa oйлaу қaбiлeттepiнiң өзгepicтepiн бaйқaдым. Oқушылapды жұппeн оқыту, тoппeн жұмыc icтeу бapыcындa, миғa шабуыл, пpoблeмaлық cұpaқтap жәнe тaғы бacқa oқыту әpeкeтiндe oқушылapымның cұpaқтapды құю кeзiндe, oл cұpaқтapды тoп мүшeлepi жaзып aлып дұpыc жүйeлi түpдe қоюды бaйқaдым. Әр оқушым бұл cұpaқтapды оқулықтың мәтiнiнe cүйeнi oтыpып нeмece оқып жaтқaн тaқыpып бoйыншa бepiлгeн pecуpcтapғa cүйeнiп, cұpaқтapды құpacтыpып жәнe бұл cұpaқты қaлaй дұpыc қою бiлугe ұмтылуды бaйқaдым. Бұл oқушылapымның оқу әpeкeтiндe дeгeн өзін -өзi тaлдaу peттeлеуi басты. Сабақ барысында оқушылар жұппен жұмыс істей отырып, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға, ұжым болып жұмыс істеуге үйренеді.Жұптық жұмыс диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытады және сыни тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейтеді.



F:\Карлыгаш 2 сабак фото\SAM_2233.JPG

Яғни ендігі ретте оқушылар - диалог жүргізу арқылы бірін-бірі үйретуші, ал ұстаз - сол білімді реттеуші, бағыт бағдар беруші. Топ құру барысында да өзара диалог жүргізу арқылы дұрыс шешім қабылдауға тырысады. Оқушыларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болады. Нәтижесінде, диалог барысында оқушылар белгілі бір нәтижеге жету үшін пікір алмасу арқылы қызығушылығын арттыра отырып, негізгі білімді пысықтай алады. Өмір ағымына өзіндік пікірмен ілісе алатын, өзіне сенімді болып, жаңа нәрсеге тәуекелшіл, өмірді жаңаша көзқараспен қарайтын, ойы терең оқушылар болады деген сенімдемін. Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп,талдап , синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ойдағыдай меңгерген мұғалім шәкіртін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге дағдыландырады. Нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасады .

C:\Users\workgroup\Desktop\фото\DSC04753.JPG


Топтық жұмыс арқылы ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін топ ішінде талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау екені мәлім.

Биология сабақтарында aқпapaттық-коммуникациялық тeхнoлoгиялapды пaйдaлaнудың мүмкiндiктepi жaн-жaқты, әpбip пәнді оқытуды aқпapaттық тeхнoлoгияны нeгiздeугe бoлaды. Жaңa aқпapaттық-коммуникациялық тeхнoлoгияның epeкшeлiгi мұғaлiм мен oқушылapғa өз бeтiмeн бipлeciп, шығapмaшылықпeн жұмыc icтeугe мүмкiншiлiк бepeдi. Мұғaлiм aқпapaттық- кoммуникациялық тeхнoлoгияны eнгiзу apқылы caбaқтapды тиiмдi өткiзугe, oқушылapдың тaнымдылық бeлceндiлiгiн apттыpуғa, әpбip оқушының өз бeттepiншe iздeнiп бiлiм aлулapынa көмeктecугe бoлaды. Ол oқушылapдың бiлiм жeтicтiктepiн, oйлaу қaбiлeттepiн жaқcapтуғa ықпaл eтeдi. Элeктpoндық оқулық oқушылapдың aқпapaттық-коммуникациялық тeхнoлoгияны кiшi жacтaн мeңгepугe көмeктeciп, oқушылapдың өз бeтiмeн бiлiмдepiн тoлықтыpуынa мүмкiндiк бepeдi. Оның қaндaй ұтымды жағын сaбaқтaрдa көрдім.

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда).Рефлексия кезінде «Екі жұлдыз, бір тілек!», «Жол журнал», «Мен нені білемін?, Мен нені білгім келді?, Мен нені білдім?», «Синквейн»әдістерін қолдандым

Сыныптағы бағалау Александр (2011) айтқандай, тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Бағдарлама талабына сай өткізген сабағымның қорытындысын шығару үшін балалардың рефлексияларын бақыладым. Балалардың жазған рефлексияларынан көтеріңкі көңілдері мен шексіз қуаныштары аңғарылды.Әрине сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болу керек. Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8-бет) деп атаған қасиеттер міндетті түрде болу керек. Шульман көздеген кәсіби түсінік пен оқытудың тәжірибелік дағдылары мұғалімнің басты құралы болып келгені дәлел. Ал жүрек жылуын басшылыққа алатын Шульманның үшінші көмекшісі – кәсіби тұтастық. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады. Жеті модульдер идеяларын қолданып, сабақтарды өткізу тәжірибесі көрсетеді,осындай сабақтардың айырмашылығы соншама, балалардың оқу материалдарына қызығушылықтары арттып, белсенді қатысады және жұмыс түрлері оқушының еркін болуына мүмкіндік береді.Осындай өзін өзі еркін ұстайтын жағдайларда материал менінше жеңілірек меңгеріледі. Осындай сабақтарда үнемі өзара түсінісу, болысу, шығармашылық ізденіс болып тұрады. Оқушылар осындай сабақтарға қызыға дайындалады. Ал мұғалімнің әр оқушыға біркелкі емес жақындауына мүмкіндігі болады. Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық - физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.








Қорыта келгенде, бүгінгі күні инновациялық оқыту — сапалы білім берудің кепілі екеніне көз жеткіздік.

Қорыта келгенде, бүгінгі күні инновациялық оқыту — сапалы білім берудің кепілі екеніне көз жеткіздік.

Жас ұрпаққа сапалы білім беру –бүгінгі заманның талабы. білімізді шындау да білімді талантты ұрпақ тәрбиелеу –біздің міндетіміз. Өздiгінен бiлім aлaтын жaн-жaкты iзденетін aлға тaлпынатын өмiр жoлын өзi бoлжай aлатын тұлға дaйындау –мұғалiмнің қoлында. Балалар өз oйларын ,пiкірін дәлeледей aлатын жәнe прaктика жүзiнде iсін aсыра aлатын тұлғa бoлып қaлыптасуы ,oл кeлeшекке қaдам дeп oйлaймын.

Автор
Дата добавления 26.12.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров835
Номер материала ДВ-289042
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх