Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Научные работы / Оқыту мен оқуда өз тәжірибесіне енгізілген өзгеріс жайлы рефлексия

Оқыту мен оқуда өз тәжірибесіне енгізілген өзгеріс жайлы рефлексия

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқыту мен оқуда өз тәжірибесіне енгізілген өзгеріс жайлы

рефлексия


Заман ағымы өзгеруіне байланысты білім саласына еніп жатқан жаңа технологияларды меңгеру мен үшін қызық та қиын болды.

Қазіргі заманғы жан-жақты даму үдерістері біздің оқушыларымызға көп ізденуді, әртүрлі ақпараттардан хабардар болуды, кез-келген жағдаяттарға дайын әрекет ете білуді міндеттейді. Осы тұста мектеп мұғалімінің оқытуды тиімді басқаруының маңызы ерекше. Сындарлы оқыту теориясы әдістерімен танысу барысында «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулін оқығаннан кейін өзімнің білім беру сатысындағы міндеттерімді басқа қырынан жоспарлау керектігін түсіндім. Бұл жөнінде үшінші деңгей мұғалімінің «Бағдарлама» оқулығындағы: «Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Оқушының мәселені (проблеманы, жаңдайды, құбылысты т.б) түсіну деңгейін анықтап, оның түсінігін толықтыруға немесе қайта құруға көмектесу мұғалімнің міндеті болып табылады» делінген тұжырымдаманы басшылыққа алуға болады.

Сындарлы оқыту теориясы әдістерінің мүмкіндіктерін байқап, көз жеткізу үшін және өзімді көшбасшылыққа тәрбиелеуге ұмтылушы жас ұстаз ретінде сынап көруде, оқыту мен оқуда тәжірибеме енген өзгерістерді байқауда мектептегі практиканың маңызы зор болды.

Алдымен мектептегі практика кезеңіне өзіндік даму алгаритімін жасауды жөн көрдім.

  1. Әріптестермен кездесу;

  2. Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында тренингтер өткізу;

  3. Жеті модуль идеялары кіріктірілген тізбектелген төрт сабақ өткізу;

  4. Ата -аналармен сұхбаттасу;

Аталған жоспарларды жүзеге асыру барысында мен өзімді педагогикалық жетілу сатысында көретінімді түсіндім. Жетіле жүріп мектептің оқыту және оқу жүйесіне жаңашылдық енгізуге болатынын ұқтым. Бұл жолда маған әріптестермен, ата-аналармен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды дұрыс құрылымдай алу керек болды.

Стронг, Вард, Гранд секілді бір топ ғалымдар «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім», -деп ерекше атап көрсеткен. Бұл тұжырымдамадағы «өрістету» сөзінің астарында өзгерту, өзгеріс енгізу деген ұғым жатқандай.

Курсқа келгелі өз ойым мен түсінігімде болып жатқан өзгерістерді бөлісу үшін кездесуді мектеп басшысымен сұхбаттасудан бастадым. Ол кісі маған бұл жүйенің оқушы үшін ғана тиімділігі болып қоймай мектеп ұстаздарының да даму жиілігін көрсететінін айтты. Сол үшін сындарлы оқыту теориясы әдістерін меңгеруге талаптанған кез-келген мұғалімге барынша қолдау жасайтындығын жеткізді. Менің бастамамды қолдаған басшымның осындай оң ниеті шабытымды шыңдай түсті.

Деңгейлік курс бағдарламасы Қазақстанның білім жүйесіне енгізілген жылдан бастап менің мектебімнің ұстаздары бұл жүйемен таныс және оқытудағы маңызын жоғары бағалайды. Сондықтан мектеп ұжымы осы бағдарламаны меңгеріп келген әр әріптесінің жаңалығын ерекше тосып отырады. Әйтсе де таяқтың екі ұшы болатыны секілді бұл жүйені түсінбейтін ұстаздар да бар. Сол себепті мен балаларға білім беруде әдіс-тәсілдерге өзгеріс енгізу арқылы оқыту үдерісін жақсартуға болады деген пікір қалыптастырғым келді. Осы тұста мен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Өнерлі елдерден өнеге алмақ керек» деген аталы сөзін тақырып ете ала отырып, пікірлесу сағатын өткізуді жөн көрдім. Көшбасшылық жасау оңай шаруа емес екендігі түсінікті. Менің ойымда «Ұйымдастыра аламын ба?» деген сұрақ тұрды.

Пікірлесу сағатын өткізуде мақсатыма жету үшін өзім жасаған жоспардың нәтижесі бола қоймайтынын түсініп, тәжірибелі әрі деңгейлік курс бағдарламасын меңгерген ұстаз Б әріптесіммен ақылдасуды жөн көрдім. Тақырыптың жақсы таңдалғанын айтып, ұйымдастыруда басшылыққа алатын кеңестер берді. Мектептегі әріптестермен алғашқы кездесуді ұйымдастыруда Б есімді әріптесім берген бағыт-бағдар маңызды болды.

Пікірлесу алаңында оқушыларды сабақ кезінде топтастыруды , жаңа тақырыпты өз беттерінше түсінуге мүмкіндік беруді, сыныпта оқушылардың өзара әрекеттесіп, пікір айтуларын құптамайтын мұғалімдерге «Сіз неге топтық жұмысты қолдамайсыз? Жаңа сабақты оқушылардың өздері игеруін неліктен тиімсіз деп санайсыз? Сыныпта шу болып жатқанын неге тәртіпсіздік деп ойлайсыз?» деген сұрақтар қойдым. «Төпқа бөлінгенде озат оқушылардың өктемділігі басым болады. Ешқашан жаңа сабақты оқушы өз бетінше игере алмайды. Топтар өзара постер даярлап, қорғап жатқанда үнемі шулап, бір-бірінің пікірін тыңдамайды, тіпті ұрысып қалатын сәттері де бар» деген жауаптар алдым. Осы тұста мен сындарлы оқыту теориясының әдістерінің мүмкіндіктерін талқылап түсіндірдім. Сөзімді қостап бағдарламаның І, ІІ деңгейін меңгеріп келген әріптестерім өзіндік пікірлерін ортаға салды. Екіжақты пікірлер тыңдап отырған әріптестерді де елеңдетпей қоймады. Барлық мұғалімдер өркениетті елдерден үлгі алу керек деген қағиданы қолдады. Әрине мен бұл жерде бір пікірді жеңіп шықсын деген мақсат қойғаным жоқ. Тек өзім біліп келген жаңалықты бөлісіп, өзге әріптестерімді бірлесе жұмыс жасауға шақыру болды. Бір қуанғаным мұғалімдердің басым көпшілігін қызықтыра алдым. Өйткені мен тарапынан айтылған пікірлерді қолдап, тәжірибе сабақтарыма қатысатындықтарын жеткізді. Осылайша өз әріптестеріме титімдей өзгеріс жасай алғандығымды мен жас маман ретінде үлкен жетістікке санадым.

Оқушылардың оқуына өзгеріс енгенін байқап көрудегі келесі қадам оқушылармен тренингтер өткізу.

Өзім сабақ жүргізетін 7 –сынып оқушыларына барынша әсер ету үшін, жаңашылдыққа қарай өзгертуге ықпал ету үшін тренингке дайындалдым. Бұл бір жағы ұйымдастырушылық қабілетімді шыңдай түссе, екінші жағынан оқушыларға оқудың - өмірді шынайы түсінуге көмек беретін құбылыс екенін ұғындырудың тәсілі болады деп ойладым.

«Оқушы үні» деп аталатын тренингте балаларға «Сабақтың қалай өткізілгенін қалайсыз?», «Сабақ барысында топтасу сізге ұнай ма? Сабақ кезінде мұғалім сыныптасыңызға баға қоюды сіздің еркіңізге берсе қалай бағалар едіңіз?» деген сауалдарды қойдым. Нәтижесінде: «Сабақтың топта өткізілгені ұнайды; постер қорғаған ұнайды; топтасып сабақ өткенде мен өзімді аша түсемін; басқа топтардан күшті шығуға тырысамын; сыныптасымды бағалауды құптаймын; дұрыс баға қоя алмаймын ба деп қысыламын» деген жауаптар алдым. Бұл сұрақтардың жауабы менің оқушыларға сабақ барысында қандай әрекеттер жасауым керектігін жоспарлауға себеп болды.

Тренингте оқушыларыма адамгершілік қасиеттерді құрметтеуге, сыйластық ұғымын жете түсінуге, достық қарым-қатынасты шынайылыққа бағыттауда сәл де болса сеп болсын деген оймен өзге де сұрақтар қойып, курс барысында тамашалаған бейнесюжеттерден үзінді көрсеттім. Балалар көрген үзінді бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Сөздерін тыңдап тұрып оларда адалдық, шынайылық, жанашырлық, тазалық молынан екенін түсіндім. Тек өсе келе олардың қай –қайсысы болса да жақсылыққа толы жолды таңдаса екен деп ойлайсың. Саналары мен сезімдері тазалыққа тұнып тұрған өскелең ұрпақтың бойын кемел біліммен қаруландыру менің адамгершілік мақсатым деп білемін.

Тренинг нәтижесін де байқап үлгердім. Оқушыларым өзара гүбір-гүбір талқыларын тоқтатпады.Тіпті «Н» есімді оқушым «А» есімді оқушымнан алдында ренжіткен қылығы үшін кешірім сұрап жатты. Осылайша мен оқушыларымның өзара қарым-қатынастарының жақсара түсуі үшін титтей әсер еткеніме қуандым және менімен қатынаста оңай тіл табысатыныма сенімділік пайда болды.

Әріптестермен, оқушылармен өткізген осы екі кездесу менің келесі жұмыстарыма шабыт берді. Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде біз бағдарламаның жеті модулін кіріктіре отырып тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын жасап үйрендік және мектептегі тәжірибе кезеңінде сол жоспар бойынша сабақ жүргізуді ұйғардым.

Әр модулде айтылған негізгі идеяларды басшылыққа ала отырып, төрт сабақты жүргізу үшін маған көп іздену, әріптестерімнен ақыл-кеңестер сұрау керек болды. Сабақтарды осылай жүргіземін деп келген жоспарларыма әріптестеріммен ақылдасу арқылы өзгерістер енді.

Нәтижесінде алғашқы күні-ақ, «Э» есімді әріптесім ОМЖ-ға кішігірім өзгерістер керек екенін түсіндірді. Оқытуды тиімді басқару үшін сабақтың әр бөлімін қайта қарап шығуды ұсынды. Тізбектелген сабақтар топтамасында жоспарлаған барлық сабақтарымда сабақ барысында оқушылардың қарым-қатынасы жағымды болуын ескеріп, оқушылардың коммуникативті мүмкіндіктерін дамыта отырып барынша сабақ мақсатына дәл жету үшін «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуліндегі түсініктерімді басшылыққа алдым. Яғни, «Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен экперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады» деген тұжырымды назарда ұстауға тырыстым.

Пәнім бойынша оқушылардың ойлау деңгейін жетілдіру, өз қабілетін аңғарту, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында әр сабағымда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модуліндегі идеялардың көрініс табуын жоспарлап отырдым. Бұл ретте балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: «Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек».

Менің оқушылардың білім алуы үшін ұйымдастырған әрбір іс-әрекетімнің өзіндік өлшемі болуы қажет. Мен өз әрекеттерімді бағалай отырып, білім алушылардың да өз білімдері үшін жауапты екендіктерін ол үшін өзін-өзі, сыныптастарын шынайы бағалаудың маңызын түсіндіруім қажет. Осы тұста мен оқушыларымды бақылай отырып олардың қай бағытта, қалай даму керектігін айқындаймын. Осы секілді мақсаттарға жету жолында маған сындарлы оқыту теориясының әдістерімен танысу барысында «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» молулі жол көрсететінін түсіндім және барлық сабағымда түрлі стратегияларды қолдана отырып модулдің мүмкіндіктеріне көз жеткіздім. Нәтижесінде: оқушылардың өз білімдерін шынайы бағалауға бағыттауға болатынын, өз білімдеріне жауапты болуға көзқарастарын қалыптастыра алатынымды білдім.

Сөз басында «заманауи» ұғымын тілге тиек еткен болатынмын. Ендеше техника тілі сайрап, қарыштап тұрған сәтте менің оқушыларым көштен қалмауы керек. Өзімізге белгілі қазіргі күні АКТ пайдалана отырып кез-келген іс-әрекетіміз бен тәжірибемізді тиянақты әрі нақты ұйымдастыруға қол жеткіздік. Курсқа келмей тұрғанда мен сабақ жоспарын мұғалімдер өзара әрекеттесе отырып құрастырады дегенді ойламағанмын. Бағдарламаның барлық модулдерімен егжей-тегжейлі танысып осы модул идеяларын жүзеге асыруда «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» молулі менің жұмысымның оңтайлы тұстарына қызмет ететінін білдім. Жоспарларымыз жөнінде туындаған мәселелерді әріптестермен, ата-аналармен, оқушылармен талқылап шешуде Интернет желісінің мүмкіндігі зор екенін ауыз толтырып айта аламын. Мәселен: мектептегі тәжірибе кезеңінде екінші сабағымды жоспарлау уақытында «В» бақылау парағын пайдалану жөнінде туындаған сұраққа «ООVO» желісі арқылы тренерімнен түсініктеме алдым. Сондай-ақ, сабақ барысында оқушыларыма үйге берілген тапсырмаларды талқылауда «ВК» желісі таптырмас көмекші болды.

Жас маман ретінде өз пәнім бойынша оқушыларға тек міндетті ақпараттарды ғана білу керек деген қағидамен жүргенімді «Талантты және дарында балаларды оқыту» модулінің идеяларымен т анысқаннан кейін түсіндім. Менің оқушыларым қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша алған білімдерін келешекте өмірлік жағдаяттарда қолдана алуы үшін құзырлы тапсырмалар беру және жеңіл сұрақ деңгейінен күрделі сұрақ кезеңіне өту арқылы жеке қажеттіліктерін ескере алатынымды түсіндім. Мектептегі тәжірибе кезеңінде төрт сабағымды жоспарлау барысында оқушыларға жеке орындауға арналған тапсырмаларды кіріктірдім. Соңында әр жұмысқа талдау жасап төмендегідей нәтижені көрдім:




Алғашқы сабақтарға қарағанда күрделі тапсырмаларды жиі беру арқылы оқушылардың өз білімдеріне деген оң көзқарастары қалыптасатынын байқауға болады.

Тапсырмаларды талдайқұрастыра отырып «Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту» модуліндегі тұжырымдарға сәйкес оқушылардың оқуға деген ынталары, зейін, сөйлеу дағдылары, ойлау және шығармашылық қабілеттерінің өзгеруіне ықпал ететінімді түсіндім.

Бағдарламада ұсынылған жеті модуль идеяларын белсенді әдіс-тәсілдермен ықпалдастыра отырып өткізген осы сабақтарым арқылы оқушыларымның бойында өзгерістер енгізіп байқай алдым деп айта аламын.

Жалпы менің осы курстан өзіме деген сенімділік оянып, талаптансам қолымнан бәрі келетінін түсіндім. Бұл менің жаңа кісіби бастамамдағы ең оңтайлы өзгеріс. Әрине құзырлы оқытуды қалыптастыру, бақылау, зерттеу, жан-жақты дамыту қиындық, келіспеушілік туғызатынын білемін. Алайда «Қиын да болса да түзу жолмен жүр» деген қағиданы естен шығармау керек.

Қорытындылай келе, жыл басында қиындықты жеңу, жоспарды нақтылы жасай білу, сабақтар сабақтастығын құра білуді басшылыққа ала отырып орта мерзімді жоспар дайындалса, жыл бойғы оқушылардың алатын білімі сапалы болмақ дегім келеді.

Мұғалім тарапынан жылдық есеп беру жағдайында да дайын жоспардан қорытынды жасап беру, сапалы шығатыны белгілі. Алдағы оқу жылына орта мерзімді жоспар дайындағанда практикамда жіберілген сәтсіздіктерімді ескеріп, жоспарды оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп жасауды қолға аламын. «Оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін мұғалім мен оқушының арасында жақсы қарым қатынас пен тілдік дағды және де түсіністіктің дамуы өте маңызды» деп айтқан педагогтардың сөзімен аяқтағым келеді. Сындарлы оқыту теориясы курсын басшылыққа алып, алдағы уақытта әріптестерімді қызықтыра отырып, өз тәжірибемді жетілдіру жұмысында мектепке өзгерістер енгіземін деген сенімдемін.

Менің түйгенім, қай кезеңде де жаңалықты енгізу оңай емес. Ол ешқашан бірден жүзеге аспайды. Біз сол өзгерісті енгізуге деген алғашқы ұсыныстарымызды жасаудамыз. Әрине, бұл қадам нәтижесін бірден өз дәрежесінде көрсете алмауы мүмкін. Сондықтан, ең бастысы, біздің осы бастау алған жобаларымыз әрі қарай жалғасын тапса деймін. Ол үшін әрбір мұғалімге нұрлы ақылды болуға , жылы жүректі, ыстық қайратты болуға шақырамын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012ж

  2. Дәріс материалдары

  3. Ресурстар



Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 06.11.2016
Раздел Технология
Подраздел Научные работы
Просмотров15
Номер материала ДБ-324498
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх