Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыOқыту мeн oқудa өзгeріc eнгізілгeнін жәнe oны қалай басқарғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасының өткізгені туралы бір рeфлeктивтік eceп.

Oқыту мeн oқудa өзгeріc eнгізілгeнін жәнe oны қалай басқарғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасының өткізгені туралы бір рeфлeктивтік eceп.

Скачать материал

Oқыту мeн oқудa өзгeріc eнгізілгeнін жәнe oны қалай басқарғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасының өткізгені туралы бір рeфлeктивтік eceп.

         Мұғалім қызметінің маңыздылығы – оқушылардың түсінігін жетілдіру, кей оқушылардың тақырыпты тез қабылдау ерекшеліктерін жеке түсіну. Сондай –ақ мұғалімнің оқушыға деген сенімі жоғары деңгейде болуы керек, сонда оқушының өзіне деген сенімі, ортаға деген көзқарасы, шешім қабылдауы және алға ұмтылысы артады.

     Оқытудың қандай жолы болмасын қаралатын екі көзқарас болады. Бірінші, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, білім алушы мен білім беруші арасындағы қарым-қатынас.

        Білім беруші мұғалім оқушыларға қазіргі таңда жаңа технологияны пайдалана отырып, модульдік оқудың бірнеше жолын қолданып келеді. Осы тұрғыда мұғалімнің мына түрдегі негізгі жеті модульден өздеріне тиесілі материалдарын алуға болады. Олар:

1. "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер";

2. "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету";

3. "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау";

4. "Оқыту мен оуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану";

5. "Талантты  және дарынды балаларды  оқыту";

6. "Оқушылардың жас  ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту және оқу";

7. "Оқытуды басқару және көшбасшылық".

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).

Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді.

Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Оқушының алған білімін өмірде қолдануы үшін және алынған білімнің текке кетпеуі үшін мен бірінші бетпе-бетте алған білімімді тәжірибеме қолданатынымды мектеп ұжымынан ең алдымен өз бірлестігімдегі мұғалімдермен бөлістім.

Әріптестеріммен кеңесе отырып, жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәнінен 7-сынып оқушыларына арналған мемлекеттік стандартқа сай тақырыптық жоспар негізінде « He isn’t in a good mood, is he? » ( Оның көңіл күйі жақсы емес, солайма? ), « Finding out about a friend »  ( Дос туралы білу, үйрену ), « Wrong numbers » ( Қате нөмірлер ), « A tradition of poetry » ( Қазақ халқының өлеңдері мен салт-дәстүрлері ) тақырыптарын таңдап алдым.

7- «Д» сынып оқушыларының психологиялық ахуалын зерттегенім үшін жас ерекшеліктерін, дарынды және талантты, үлгерімі төмен оқушылардың жан дүниесін түсіне отырып, 7 модульді сабақтарыма енгізіп, жаңа әдіс-тәсілдерге сүйене тізбектектелген сабақтар топтамасын жоспарладым. Негізгі мақсатым оқушылардың жаңа тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін, түсінуі және бағалауы деп алдым. Әр тақырыптағы сабаққа оқушылар үшін де, өзім үшін де мақсат қойып, осы мақсаттың нәтижесіне жету үшін іс-әрекет жасадым. Алдымен орта мерзімді жоспарды төрт сағатқа арнап жасадым. Әр тақырыптың мәнін оқушы өз бетімен ашу үшін сабақтарымда жеті модульді бір-бірімен ықпалдастырып, "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету" элементтері, диалог, топтастыру стратегиясы, түсіндіру, миға шабуыл, Блум таксономиясы  бойынша тақрыпты тұжырымдамалық сұрақ-жауап әдісі-тәсәлдеріне сүйене отырып, АКТ үлестермелі карточкаларда логикалық ойлау үшін тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар, топтық, жұптық тапсырмалар беріп отырдым.

Іс-тәжірибемдегі бірінші « He isn’t in a good mood, is he? » ( Оның көңіл күйі жақсы емес, солайма? ) тақырыбында өтілген сабағымда сұрақ-жауап, Джиксо, шағын топтарға бөлу, түсініктеме беру, өзіндік жұмыс жасау әдістерін қолдандым. Сабақ барысында топтық жұмысқа барлық  оқушылар белсене қатысты.

Оның көңіл-күйі тақырыбында постерге топтық жұмыс жасауды тапсырма етіп бердім. Оқушылар алдымен жеке-жеке ойланып алып, кейіннен топтаса отырып ой қорытындысын жасады. Тапсырманы орындау барысында оқушыларға уақытты тиімді пайдаланып жылдам әрекеттенуді, қатесіз жазуды, ой-идеяларының құндылығын және топтағы  барлық оқушылардың толық қатысуын қамтамасыз етіп отырдым. Тапсырманы ең бірінші болып аяқтаған топ өзінің жұмысын қорғауға шықты. Берілген тапсырманы алғаш орындауға тырысқан топтың талантты және дарынды оқушылары үлгерімі орта оқушылардың тез әрі жылдам ойлануына, қатесіз және жылдам жазуына түрткі болып, олардың ойларының құндылығына назар аударып, жасаған жұмысын қорғауда топ мүшелерінің жұмыстарын озық көрсету үшін, сабаққа топ болып түгел қатысу үшін барынша ат салысты. Осылайша өз ойларын дамытты. Бұл тәсіл арқылы бағдарламаның бірнеше модулін яғни "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" сонымен бірге "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Талантты және дарынды балаларды оқыту" және "Оқытуды басқару және көшбасшылық" деген модульдерін көруге болады. Демек, бұл модульдердің бір-бірімен тығыз байланыста екендігі, сондай-ақ бір тәсіл арқылы барлық жеті модульді ұштастыруға болатыны айқындалады.

      Сабағымда "Талантты және дарынды балаларды оқыту" модулі  кең көрініс тапты. Оқушыларды бағалауда сыныптағы талантты суретші оқушылар Ш. және У. деген оқушының  салған суреттерін пайдаландым. Суретті төрт бөлікке бөліп, әр тапсырма сайын бір бөлігінің артына топтың ұпай санын жазып беріп отырдым. Оқушылар өз ұпайларын білумен қатар, қандай сурет құрастыратындарын  да асыға күтіп отырды. Ал бір тапсырманы  орындай алмаған топ суретті толық құрастыра алмайды. Сабақ соңында оқушылар келесі сабақта менің салған суреттерімді құрастырайықшы деп өтініш білдірді. Бұдан шығатын қорытынды: оқушылардың сурет салуға деген құлшынысы артты, олар өз суреттерін көпшілік алдында көрсетуге құлшыныс жасады.

        Сабақ соңында сабақ барысында ерекше белсенділік  танытқан, өзін көшбасшы ретінде көрсете білген оқушылар сыныптастарының қол шапалақтап қошеметтеуіне  ие болды. 

      Екінші сабақта « Finding out about a friend »  ( Дос туралы білу, үйрену ) тақырыбында өтілген  сабақты  шаттық  шеңберіне  тұрып, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, сәттілік тілеуден бастадық. Кейін бір-бірлеріне гүл шоқтарын бере отырып, топтарға бөлінді.    

       Алғашқы тапсырмада сын тұрғысынан ойлау бойынша ойларын қозғау мақсатында өткен сабақтар бойынша тест тапсырмаларын  бердім. Мұнда оқушылар жеке жұмыс істеді. Кейін жұптаса отырып орындаған тест тапсырмаларының дұрыс не  бұрыс екендігін тексеріп шықты. Нәтижесінде, оқушылар  өздері  ұйымдаса  отырып ой қорытындысын жасап, ойлары мен пікірлерін дәлелдеп шығуға тырысты. Аталған тапсырма барысында  олар диалогтік  тәсіл бойынша бір-бірімен пікірлесті. Топ көшбасшысы өз ұпайларының өзге топтардан төмен болып қалмауы үшін барынша әрекеттенді. 

       Келесі  ретте  оқулықтағы жаттығуларды орындауға кірістік. Бүгінгі сабақтан  үйренгендері  мен  жалпы  сауаттылықтары  осы  кезеңде  көрініс  тапты. Ағылшын  тілі  пәні  болғандықтан сабақтағы басты мақсатымыз – оқушының  жазу ұқыптылығы мен грамматикалық  сауаттылығын  дұрыс жолға қою. Берілген жаттығулар орындалып  болған соң  жұмыстың  жазбалары оқылды.Топтар бір-бірінің  кемшіліктері мен қателіктерін таба отырып сұрақ-жауап (диалог) арқылы  қызу тартыс өрбіді.

 Сабақта  оқушыларды шығармашылыққа  баулып, талантын мен  дарынын шыңдау мақсатында  жұмыстар жүргіздім. Сабақтың сергіту сәтінде  оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тексеру мақсатында интербелсенді тақтадан суреттер көрсетілді. Оқушылар көрсетілген суреттерді рет-ретімен естерінде сақтап қалулары керек. Оқушыларда бұл тапсырма зор қызығушылық тудырды. Нәтижесінде мен күтпеген қызықты көрініс өрбіді. Бұрынғы сабақтарда көзге түсе бермейтін оқушылар белсенділік танытып, бұғып жатқан дарынын көрсете білді.

Сабақ  барысында топ көшбасшысы топтың мүшелерін  тапсырмадағы білімі мен белсенділігіне және бесінші критерий ретінде жалпы тәртібіне қарай бағалау кестесіне бағалап отырды. Топ көшбасшысы  топ мүшелерінің жалпы ұпай санын қосып, шыққан нәтижені  бес критерийге бөліп  орта балын шығару арқылы бағалады. Бұл бағалау кестесінде  оқушылар  өзінің алдыңғы тапсырмадағы ұпай санын көре отырып келесі тапсырмада одан да жақсы нәтиже көрсетуге, жіберген кемшілігін жоюға әрекеттенді.

Сабақтар  топтамасында топ лидеріне бағалау парағы беріліп отырды, сол  бағалау парағына  ол  әр тапсырманы орындағаны үшін топ мүшелерін белгілеп отырды. Критерий қою арқылы оқушылар бағалауды үйренді. Бастапқы кезде сыныптастары болғандықтан бағалау әділетсіз болды. Критерий қою арқылы оқушылар қойылған бағаны  талапқа  сай немесе тапсырманы орындауда үлкен үлес қосты немесе топтың артқа кетуіне септігін тигізді деген сияқты дәлелдер де айта білді. Топ мүшелері өз міндеттерін  дұрыс орындамаған жағдайда, топтың  жинаған  ұпайы кеміп отырды. Сынып оқушылары мейлінше әділ болды және кейбір кезде өзіне қойылған бағалармен келіспей, өз бағасын дәлелдеп шыққандар да болды. Сабақты өздеріне  бағалату мен үшін тиімді көрінді.

Оқушылар өзін - өзі реттеуді, когнитивті, эмоционалды бақылай алу мүмкіндігіне қол жеткізді, өз бетімен ізденіп, жұмыс жасауға дағдыланды, ұжымшылдыққа, топта ортақ шешім қабылдауды  және бірін-бірі әділ бағалауды үйренді.

Cабақ соңында әр топ өздері көшбасшы ретінде таныған, сабақ барысында өзгелерден ерекше белсенділік танытып, тобының алға шығуына үлесін қоса білген, топтағы үлгерімі төмен  оқушыларға  кеңес беріп  ұтымды ойларымен көріне білген оқушыны қол шапалақтап қошемет ету арқылы мадақтады. Топ көшбасшысы атана алмаған  белсенді оқушылар  келесі сабақта бұдан да жақсы жағымен көрінуге құлшыныс жасайтыны олардың қас-қабақтарынан анық көрінді.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен білімі, көңіл-күйі мен ұсыныстары жайлы ойларын стикерлерге жазып, көңіл-күй смайликтеріне жабыстырып кетуімен  өтілген сабақты аяқтадым.      

               Үшінші зерттеу « Wrong numbers » ( Қате нөмірлер ) тақырыбында өткен  сабағымда  бағдарламаның жеті модулін де кірістіре алдым.

Оқушыларды  топтастыру сәтінде  интербелсенді тақтаға бағдаршамның суретін шығарып қойдым. Оқушылар  бағдаршамның маңызы мен пайдасы туралы айта отырып, өздеріне түстерді таңдап алды.

       Оқушыларды топтарға бөліп алған соң, оқулықтан жеке тапсырма бердім. Алдымен оқушылар тапсырманы жеке орындады, кейін жұптаса отырып талқылады.

Кейін оқушыларға «FISHBONE» тәсілі бойынша  жұмыс  тәсілін  түсіндірдім. Интербелсенді тақтаға балық сүйегінің басын, қабырғаларын, құйрығын салып көрсеттім. Әр  топ  балықтың  басына өздеріне берілген тақырыпша атауын, балықтың үстіңгі  қабырғаларына  тақырып  бойынша өздері  бес сұрақ жазып, астыңғы  қабырғаларына сұрақтың  жауаптарын  жазу керектігін түсіндіріп өттім. Оқушылар топ болып жұмыс істеді. 1-топ мүшелері тапсырма бойынша керек дүниені ноутбуктен алды, 2-топ оқулықтарды пайдаланды, 3-топ қосымша әдебиеттерді пайдаланды.

Бұл  тапсырмада оқушылар  ақпараттық-коммуникативтік құралдарды  зор  қызығушылықпен  пайдаланып, өз  балықтарын  тың мәліметтермен  толықтыра  алды. Блум  таксономиясы  бойынша  мәліметтер жинақтап, топ болып өзара талдау жүргізді. Талдау нәтижесін жұмыстарына қолдану барысында  тақырып туралы түсінік қалыптастырды. Балық қабырғаларының  бойымен жазу арқылы естеріне сақтауға,  жаңа білімді қабылдауға тырысты. Топтар бір-бірлерін бағалады.

 Сабақтың бекіту кезеңінде  "INSERT" тәсілімен  жұмыс жасаттым. Қабілеті төмен оқушылар ойын нақты сөзбен қысқа түрде ғана жеткізсе, талантты, шығармашыл оқушылар тапсырманы кең көлемде талдай білген.

Сабақ барысында оқушыларды арнайы плакатқа сызылған «Бағалау торкөзі» арқылы бағалап отырдым. Әрбір жауапты ескеріп, әр сабаққа  қатысқан оқушының ұяшығына  бір белгі  қойып отырып, сабақ соңында  оқушыларды жинаған белгісіне қарай  бағаладым.

Сабақты үш түрлі смайликтер арқылы бағаладым. Мұнда оқушылар сабақ бойынша рефлексия жасады.

Соңғы  « A tradition of poetry » ( Қазақ халқының өлеңдері мен салт-дәстүрлері ) тақырыбындағы  сабақты топ ұранымен бастадық.  Оқушыларды ДЖИКСО әдісі бойынша топтарға бөліп алдым.

Бүгінгі сабақтың тақырыбымен, сабақ жоспарымен  ақпараттар беріп  өттім. Жаңа тақырып бойынша үйде жинақтап келген  білім  негізінде  топтық  жұмыс жасап, түйгендерін ортаға салуды тапсырдым. Нәтижесінде,  оқушылар « Дос туралы, олардың көңіл-күйі қандай?»  деген  сұрақтар  төңірегінде  ой-пікірлерін түрлі суреттер мен сызба жұмыстар арқылы  көрсете алды. Сыни тұрғыдан ойлана отырып, бір-бірімен диалогтік әңгімелесу  нәтижесінде  қорытынды  пікір жасады. Ал жұмысты қорғауда  топ  мүшелері  түгел  қатысып  сөйлеуі тиіс  деп талап қойдым. Топтың  көшбасшы  оқушылары  қабілеті төмен оқушыларды  Выготскийдің  ЖАДА   ілімі  негізінде оқытып, басқа топтардан артта қалып қоймас үшін барынша әрекеттенді. Осы тұста оқытуды басқара алатын  көшбасшы оқушылар  оқ  бойы алға озып көріне  алды.

Келесі  тапсырмада  оқушыларға деңгейлік тапсырмалар бердім. Бұл тапсырмаларға оқушылар жеке дайындалды. Дайындалған оқушыларды топ көшбасшылары бағалау критерийлері арқылы бағалады. Нәтижесінде, топ мүшелері жіберген қателері мен қол жеткізген жетістіктері туралы біліп алды.

Сабақ  барысында топ көшбасшысы топтың мүшелерін төрт тапсырмадағы білімі мен белсенділігіне және бесінші критерий ретінде жалпы тәртібіне қарай бағалау кестесіне бағалап отырды. Топ көшбасшысы  топ мүшелерінің жалпы ұпай санын қосып, шыққан нәтижені  бес критерийге бөліп  орта балын шығару арқылы бағалады. Бұл бағалау кестесінде  оқушылар  өзінің алдыңғы тапсырмадағы ұпай санын көре отырып келесі тапсырмада одан да жақсы нәтиже көрсетуге, жіберген кемшілігін жоюға әрекеттенді.

Қорыта келе оқушылар өздерінің белсенді шығармашыл, білімді, тапсырманы шапшаң орындай алатындарын көрсетті. Бұл жерде мұғалімнің дұрыс бағыт беруі, оқушының көп ойлануына түрткі болатынына көзім жетті.   «Мектептің жаны – мұғалім» екендігін ескере отырып, ұлы неміс педагогі А.Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетектейді, ойлауға үйретеді» - деген әйгілі сөзін ұран етіп , практикадағы тізбектелген сабақтарымның мәнін оқушылардың өздері ашулары үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, жеті модульді кіріктіріп сабақ өтуімде осы бағдарлама педагогикалық тәжірибемнің заманға сай дамуына  үлкен көмегі тиді.

Үйреншікті әдіс – тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткенде баланың ойынан, серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл – ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру – бүгінгі қажеттілік. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау – міндетіміз, соған байланысты мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.

Білім жолы қиын да қастерлі жол.  Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу – ұстаз алдында тұрған ең басты жауапты міндеті. Ұстаз міндеті – жас ұрпаққа сапалы білім беру, ғылымға баулу, саналы тәрбие беру.

Қолданылған әдістердің оқушыларға әсері:

ü Сабақта оқушылар бірігіп , топтық жұмысты жақсы атқару нәтижесінде өзара қарым-қатынасы жақсарды;

ü Сабақта өздерін еркін ұстауға қалыптасты;

ü АКТ-дан пайдаланып, слайдтағы бейнеленген тапсырмаларды шығармашылықпен орындауға үйренді;

ü Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосфера қалыптасты;

ü Білім алуға деген құштарлықтары мен қызығушылықтары артты;

ü Мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен оқып, бақылау, тәжірибе жасауды үйренді;

ü Оқушылар тіл байлықтарын жаңа терминдер арқылы арттырды.

Кедергілер:

·        Бірінші зерттеу сабақтарында берілген тапсырмаларға уақыттың жетіспеуі;

·        Алғашқы топқа бөлген кезде оқушылардың бір-бірін тыңдамауы;

·        Үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа белсенді қатыспауы.

Жетістіктерім:

ü  Оқушыларды жеке мәселелерін топтық жұмысқа араластырмай, бірігіп жұмыс жасауды игердім;

ü  Оқушылар басқа пікірлермен де санасуды игерді;

ü  Сабаққа алдын қатыспай отыратын оқушылар белсендік таныта бастады;

ü  Оқушылар топтық ережеге бағыну топтың жетістігіне жол ашарын түсінді.

Келешектегі мақсаттарым:

·        Оқушыларды мектептен кейінгі өмірге дайындау;     

·        Көсбасшы оқушыларды қалыптастыру;      

·        Оқушыларды өзіне деген сенімділік, қабілетілік және талпыныстарын дамыту.

·        Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын өмір мен  байланыстыра  отырып, практикалық жұмыстар жасау арқылы сабақтарда жеті модульді кіріктіріп  өтемін  деп өз алдыма мақсат қойдым.

Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр:

1.     Мұғaлімгe aрнaлғaн нұcқaулық.

2.     Мeктeптe oрындaуғa aрнaлғaн тaпcырмaлaр.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Oқыту мeн oқудa өзгeріc eнгізілгeнін жәнe oны қалай басқарғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасының өткізгені туралы бір рeфлeктивтік eceп."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 269 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.12.2015 805
    • DOCX 30.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мирусманова Венера Турсунбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28045
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Французский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель французского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс профессиональной переподготовки

Китайский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель китайского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 153 человека из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 227 человек

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разнообразные методы и формы обучения в высшем образовании

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе