Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенің және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексиялық есеп

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенің және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексиялық есеп

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Жунусова Алмагуль Тлеккабыловна 3-деңгей С есебім

2-қазақ тобы мұғалім портфолиосы

Атырау қаласы 10.11.2015



Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенің және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексиялық есеп

Мен үш айлық курстың «Бетпе-бет» кезеңін бітіріп келгесін мен өзгердім бе? Сабағыма өзгерістер ензіге аламын ба? Мектеп әкімшілігі маған қолдау көрсете ме?-деген сұрақтарға жауап іздедім. Үш айлық курстың бірінші айын бітіріп келгесін мектепке әдемі киініп, өзімше өзгерген кейіпте оқушыларымды сағынып мектебіме бардым. Өзімнің әріптестеріммен амандасып, мектеп директорына арнайы кіріп, келгенімді айтып, мені оқуға жібергені үшін рахмет айттым. Ағайдың:-Сен оқығанша бірнеше мұғалім оқып келді, бірақ ешкім сіз секілді рахмет айтып, алғысын жеткізген жоқ»-деп айтқаны есімде қалыпты. Одан кейін өзімнің жетекшілік ететін сыныбыма барып, оқушыларымның маған деген сағыныштарын көріп, жүзімде күлкі үйірілді. Сонда мен іштей : мені де оқушыларым жақсы көреді екен-ау!-деп ойладым. Мектептегі деңгейлік оқып келген мұғалімдер қауымдастығымен жүздесіп, өзімімнің тәжірибеден өтуге келгенімді айтып,орта мерзімді жоспарымның өзгерісі туралы кеңестім.

2.Сурет.Әріптестер арсында курс туралы талқылау

1.Сурет.Әріптестер арсында орта мерзімді талқылау

269.jpgD:\ПОРТФОЛИО\Новая папка\20150401_101853.jpg

Содан бұрын бітіріп келген Ж. есімді әріптесім өзінің орта мерзімді жоспарындағы барлығын қосқанда деген бағанға ештене жазылмайтының айтып, мен жоқ менің жоспарымдағы барлығын қосқанда деген бағанға талантты және дарынды оқушыларға және жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулін қамтып,тапсырма береміз деп өз ойымды айттым. Содан орта мерзімді жоспарымды жасақтауға кірістім. Жеті модулді қамтып, сыныптағы барлық оқушыға әр түрлі деңгейіне қарап мақсат анықтап алып, сол мақсатқа жету үшін әр түрлі әдіс-тәсіл қолданып, сабақтарымның қысқа мерзімді жоспарын дайындадым. Орта мерзімді жоспар дайындай алған ұстаз, қысқа мерзімді жоспар дайындай алады деп ойлаймын. Ол үшін мұғалімнің теориялық білімі мықты болу қажет.

Мен курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде нені үйрендім?- Сындарлы оқыту теориясының жеті модулін сабақтарыма ықпалдастыруды оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі жаңа әдіс – тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануды, кері байланыс жасау арқылы оқушыға келесі сабақтарымда қызықты тапсырмаларды тиімді жоспарлауды үйрендім. Курстағы әріптестеріммен танысып, олардың сөйлеу мәнері, өз-өздерін ұстай білуі, сыни пікір айта білуін, әр өткен сабақ сайын рефлексия беруді үйрендім. Сабақта заманауи ақпарат көздерін кіріктіре отырып, оқушылардың жаңалықтарды есту, көру, визуалды қабылдаудың нәтижелігін байқадым. Және осы Бағдарлама бойынша 7 модульдің қолданылуы туралы толық ақпарат алдым. Соның ішінде ең маңыздысы – «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі және «Оқушылардың жас ерешеліктеріне сәйкес оқыту» модульдері маған қатты ұнады. Және де осы Бағдарламаға негіз болған ғалымдардың идеяларын басшылыққа алып, практикаға қолдануға үйрендім. Әсіресе, Мерсер мен Литлтонның диалогтық оқытуға байланысты айтқан ойлары менің көңілімнен шықты. Александердің ұсынған диалогтың 5 үлгісін сабақтарымда пайдалануды көздедім. Сонымен қатар бағалауға байланысты «бағалау – бұл тек техникалық тәсіл емес, ол мұғалімдердің ауызша және жазбаша баға қоюы арқылы іске асады» деген пікірімен толық келісемін. Бұлардан бөлек Пажарестің «Мұғалімнің ұстанымы барлығынан да маңызды» деген пікірі дегені мен үшін мәні ерекше болды. Сонымен мен 1-ші «Бетпе-бет» кезеңін аяқтап, іс-тәжірибе жүргізуге қыркүйек айының жиырма бірінші жұлдызынан бастап мектепке іс-тәжірибемді бастауға келдім. Ең бірінші мектеп әкімшілігімен, яғни мектебіміздің директоры Ө.О.Б.және директордың оқу ісі бойынша меңгерушісі С.С. жүздестім. Олармен 3-айлық курс барысындағы жаңалықтар туралы сұқбат жүргіздім. Маған бір қатар сұрақтар берді. Қалың қалай? Оқу қиын емес пе? Осы курс бойынша не үйрендің? Нелерді білдің? Дәстүрлі сабақ пен Кембридж оқу тәсілінің арасында қандай айырмашылықтар бар? Бұл оқудағы қай әдістер саған ұнады ма? Оқып келгендер оқу қиын дейді ғой? – деген сұрақтар қойды. Мен дәстүрлі сабақ пен бұл оқу бағдарламасының арасындағы бір шама өзгешеліктер бар екенін айттым. Ынтымақтастық атмосферасын құру , жеті модульдің тиімділігін айтып, өз білгенімді теориямен байланыстырып түсіндірдім. Ондағы шаттық шеңберін құру аркылы топқа бөлінулер, және түрлі жаңа әдіс-тәсілдер, формативті бағалау мен суамативті бағалаулар, сабақ соңындағы жүргізілетін кері байланыстардың маған ұнағандығын айттым. Алдағы уақытта осы бағдарлама аясында сабақ жүргізілетін болса,оқушыларда да өзгеріс болатындығын айтып өттім. Яғни сабақта өзін еркін ұстай отырып,өз ойын жеткізеді, өзін-өзі бағалауды және өзгеніде бағалауды үйренеді, ой-өрісімен тілдік қоры дами бастайды -дедім. Және пәнімнің сапасы жоғары деңгейге қарай көтерілетін болады деп ескерттім.Қысқа мерзімді жоспар мен орта мерзімді жоспарымның үлгісін көрсете отырып, бұрынғы оқып келгендердің жоспарларынан ерекшелеу екендігін айтып өттім. Алдағы уақытта осы жоспар бойынша сабақтар өткізетінімді айттым. Мектеп басшылары маған көмек қолын созуға дайын екендігін және менен үлкен үміт күтетіндігін айтып, жұмысыма сәттілік тіледі. Әріптестермен кеңес өткізу мақсатында Кембридж университетінің оқыту бағдарламасындағы жеті модульдің және мұндағы қолданатын әдіс-тәсілдер туралы мұғалімге пайдасы мен оқушыларға тигізетін әсері туралы айтып өттім. Және алдағы уақытта осы бағдарламаны сабақ барысында қолдана отырып, талдау жасайтындығымды айтып түсіндірдім. Әрине барлық мұғалімдер бірдей оң көзқараста болған жоқ. Кейбір мұғалімдер бұл әдістердің барлығын сабағында қолданып жүргендігін айтты. Әр модулге тоқталып, мысалдар келтірдім және түсіндірдім. Әріптестерімнің көпшілігіне оқыту үшін бағалау және оқу үшін «бағалау» модулі қызықты болды. Жас мамандар бағалау бойынша маған сұрақтар қойды. Бағалаудың екі түрі мен таныстырдым. Формативті бағалау мен сумативті бағалауға тереңірек тоқталдым. Мен қолымнан келгенше, әр сұрақтарға жауап беріп отырдым. Мұғалімдер бейне баяндағы топқа бөліну, постер дайындаумен оны қорғау кезеңдерімен сергіту сәттерінің суреттерін көріп, қызығушылықтары оянды. Болашақта барлығының осы курсқа барғысы келетіндіктері туралы өз ойларында жасырмады. Сабағыма қатысқысы келетіндерінде жасырмай айтты. Әріптестерім маған «саған кез-келген кезде көмек беруге дайынбыз» - деп мені қуантып тастады. Сабақ беру кезінде әріптестерім сабағыма кіріп, кірмегені есіктен сығалап қарап, топ болып отырғызған да, мына сыныпта неге сабақ жоқ ?- деп шығармашылық ісінің меңгерушісі кедергі келтіргені бар. Бірақ ол апайға оқып келгенімді, енді оқығанымды сабақта қолданып көріп жатқанымды ескерттім. Ол кісі кешірім сұрап, сабағыма сәттілік тіледі. Содан кейін өзімнің сыныбымды тәжірибеге алатынымды оқу ісінің меңгерушісінен рұқсат сұрадым. Мектептегі деңгейден өтіп келген мұғалімдер қауымдастығына жолығып, пікірлесіп орта мерзімді жопарымды көрсетіп, өзгеріс жөнінде айтып, әдебиет пәнін сабағымнан өз жұмысымды бастадым. Сыныбымда он қыз,жеті ұл,жастары 14-15 те. Осы жастағы балаларға деңгейіне сай білім мазмұнын меңгертуді ойластырдым. Білім беру негізін түсіну , білім беру стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін тыңдай білу қажеттігін түсінгендіктен [1.32] орта мерзімді жоспарлауда бағдарламаның модульдерін мен өз тәжірибемде қолдандым. Алдымен оқушылармен амандасып, не үшін оларға практика кезеңінде сабақ жүргізетіндігім туралы түсіндірдім. Екінші ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – біріне жақсы тілек айтуларын түсіндірдім. Сөйтіп , әр оқушы бір – біріне мынадай тілектер айтты. «Бақытты бол», «беске оқы», «денін сау болсын», «бай бол», «тәртіпті бол», «ата-анаңның қуанышы бол», «ақылды бол», – деген сияқты сөздерді айтты. Бұл шаттық шеңберін үнемі сабақтарымда қолданып жүргесін, оқушылар қызығушылық танытты. Мектептегі зерттеу барысында оқу материалын меңгерту үшін когниивті іс-әрекетті ұйымдастыру пайдалы, сондықтан түрлі тапсырмаларды диалог арқылы талдауды ұйымдастырдым. Балалардың әрбір сабақтағы –іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас өте қажет. Диалогтық оқыту арқылы балалардың өзара дамуын қалыптастыруға болатынын білдім. Бірлескен яғни оқушылардың топтық жұмыстарда ынтымақтастық арқылы өзара дамуын қалыптастыруды меңгерту мақсатында түрлі тапсырмалар орындады. Өткізген сабақтарымда оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі-аффективті сезім арқылы ортақ проблемаларды бірге шешіп, оқушылар топ болып қорытындылайды. Сабақтарымда «Ойлан, Жұптас, Бөліс» әдісін қолдану кезіңде немесе тақырып бойынша тұжырымдама жасағанда диалогтік оқыту әдісі жақсы жүзеге асып отырды. Диалог барысында оқушылар күтілетін нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсады, ынталанды, ойларын бөлісті, пікірлеседі, білімді бірлесіп алды, өз білімін толықтырды. Пікір алмасу оқушылар арасында диаолг жүргізу арқылы жүзеге асып отырды. Оқушылар бірден топтық жұмысқа үйренген жоқ. Содан мен оқушыларға топтық ереже жаздырдым. Топтық жұмысының мақсатын айқындап алғасын,уақытты үнемдеп пайдалану керектігін ескертіп отырдым.Бұрын диалогтік оқудың «мұғалім-оқушы» арсында ғана тәсілі жүзеге асатын болса, тәжірбиелік сабақтарымда «оқушы-оқушы» өзара сұхбаттасу арқылы диалогтік қарым-қатынас жүзеге асып отырды. Әр сабақта түрлі «Инсерт», «Гармошка», «Ыстық орындық», «Венн диаграммасы»,»Плюс-минус-қызық»сияқты әдіс-тәсілдер алып,бұрынғы «дәстүрлі»оқытудан арыла бастадым.

Мен тәжірибе кезіңде нені өзгерте алдым?

Практика кезінде өзіме –өзім сұрақ қойып,іздену үстінде болдым. Мен нені өзгерте алдым? Оқушыларға нені үйреттім?- деп оқушыларға үйрете жүріп, өзімде үйрендім. Өткізген әр сабағыма талдау жасап, өзімнің қателіктерімді байқадым. Яғни сабақтың мақсатын дұрыс қоя білуді, сабақ кезінде ынтымақтастық ахуалды орната білуді, өзім үйренгенімді әріптестеріме айтып, пікір алмасуды үйрендім. Жеті модуль арқылы сабақ процесі кезінде бұрын зейіні шоғырланбаған оқушылар мен сабаққа деген ынтасы жоқ оқушылардың қызығушылығын арттырдым. Қалай қызығушылығын арттырдым дейтін болсам , диаолгқа түсіре отырып, мадақтап , өзін-өзін бағалатып, іздене отырып, жұмыс жасауға бағыттадым. Және жас мамандардың курс туралы ақпараттар бере отырып, оқуға деген ынталарын оята білдім. Сонымен мен осы Бағдарлама аясында білім ала отырып, өзімнің іс-тәжірибемде өзгерістер орын алғанын байқадым. Менің білім берудегі бағытымның өзгеруі төмендегіше болды: Дәстүрлі педагогиканы қолдану кезеңінде мен стандартқа сай дайын берілген біліммен шектелетінмін, өзім көп сөйлейтінмін, ақпараттық технология арқылы қызықты мәлімет болса немесе тақырыпқа орай қызықты тақырыпты өзім айтып беретінмін, үйрететінмін, оқушыны өзім ғана бағалайтынмын, оқушылар дайын білімді алушы еді, тыңдайтын, аз сөйлейтін және оқушы қойған бағаны қанағат тұтатын . Қабілетті оқушылар мен ойлау қабілеті төмен оқушыларға мүлдем көңіл бөлмейтінмін. Оқушылардың еркін отыруына жол бермейтінмін. Үнемі :дұрыс отыр,сөйлеме,тыңда -деп ескертіп отырушы едім. Яғни, оларға арнайы тапсырма бермейтінмін. Барлығын өзім айтып, оқушыларға мүлдем мүмкіндік бермеген екенмін. Және сабақты қатып қалған қағида бойынша тақта алдында тұрып,түсіндіретінмін. Ұялы телефонды сабақ кезіңде мүлдем қолданбайтын едік. Жұп болып диалогке түссе, әңгіме соқпай отырындар немесе бір-бірлерінен сұрамандар деп ескертуші едім. Және қате айтқан оқушыға дұрыс емес, отыр деп отырғызып қоятын едім. Ал практика кезінде оқытуды оқушыға бағыттадым да, мен көпірше болдым. Сындарлы оқыту кезеңінде мен ой қозғау арқылы бағыт – бағдар беруші болдым, еркін сөйлеуге жағдай жасадым оқушыларға бағыттай отырып, нақты сұрақтар беремін, өзім аз сөйлеймін, оқушы ойымен санаса отырып бағалауды үйрендім. Оқушылар сындарлы оқыту арқылы не істеу керектігін біледі, түсінеді, ізденеді, талдайды және өз ойын еркін айтуға үйренеді, оқушы ойланады, бір – біріне үйретеді және сабақ барысында көп сөйлеу арқылы бір-бірімен диалогтық қарым-қатынасқа түседі. Өзін-өзі бағалауды үйренді. Сабақ кезіңде еркін отыруға үйренді. Қате айтқан оқушы болса, жақсы , тағы кімнің қандай жауабы бар?-деп келесі оқушыға бағытап ,бағыт-бағдар беріп, ынтасын көтеру үшін мадақтап, топ мүшеліріне қол шапалақтап отырдым.

Тәжірибе барысындағы кездескен кедергілер:

Алғашқы сабағымда оқушылардың сабаққа белсенділік танытпауы, бір-бірінің сөзін тыңдамауы, сыныптағы сабақ барысындағы шуды «тәртіпсіздік» деп қабылдауы, сұрақтарға жауап бергенде қайталаушылық орын алуы, яғни өз пікірлерін, ойларын жүйелей алмай, сыныптасының пікірін қайталауы, топ ішінде үлгерімі жоғары оқушылардың көшбасшылыққа таласуы, бірін-бірі тыңдамауы және топ ережесін жиі-жиі бұзуы. Мен білемге салынуы, сөйлей білу дағдарының қалыптаспағандары, бірін-бірі бағалағанда досым деп асыра бағалағандары, маған практика кезінде кедергі келтірді.

Кедергілерді жою жолында мен не істедім?

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында мен шаттық шеңберін әр сабақ басында ұйымдастырып отырдым. «Жүректен жүрекке» деген бір-біріне тілек айтудан бастаттып және айтылған тілекке рахмет айтқызып отырдым. Сабақ тақырыбына сай «Қаражорға», көше биі флешмоп биін билетіп, оқушылардың қимыл-қозғалыс арқылы сабаққа деген қызығушылығын ояттым. Тапсырмалар бергенде топ болып жұмыс жасап, диалогтық қарым-қатынас жасауға жағдай жасадым. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін тапсырмалар беріп, өз ойларын топ алдында ашық айтып, жүйелі жеткізуге үйреттім. Оқушылардың сабақ барысында еркін отыруға бағыттадым. Ашық және жабық сұрақтарды дайындата алдым. Дарынды оқушыларға арнайы тапсырма беріп, ақпарттық технологияларды өз еркімен меңгеруіне жағдай жасадым. Қабілеті төмен оқушыға арнайы сұрақтар дайынтатып, тест орындатып сабаққа деген сүйіспеншілігін оята білдім. Оқушыларға әдіс-тәсілді түрлендіріп бермесе, жалығып кететінін білідім. Тапсырма бергенде оқушының сана-сезімі мен жас ереекшелігін ескеруді ескердім. Уақыт үнемдеуді,берген тапсырманы уақытқа есептеуді үйрендім. Көп сөйлемеуді дағдыма айналдырдым.

Менің жеткен нәтижем мен жетістіктерім жөнінде айтар болсам:

Жаңа бағдарламаның жеті модулін пайдалана отырып, тәжірибе барысында анағұрлым мәселені айқындадым, бұл өзімнің қысқа мерзімді,орта мерзімді жоспарларымды құруды үйрендім, сапалы сабақ беруде жаңа әдіс-тәсілдерді меңгердім, соның ішінде «Блум таксономиясы», «Борттық журнал», «Ойлан,Жұптас,Бөліс», «Аквариум», «Сауық кеші» және кері байланыс түрлері мен бағалау түрлері қалыптастырушы мен жинақтаушы түрлерін білдім. Сабақ барысында оқушылар ғана емес, мұғалім де әр сабағына сыни ойлануы қажет екенін білдім. Тәжірибе кезіңде қолымнан келгенше жеті модулді ықпалдастыра алдым деп ойлаймын .Бұрын жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту модулне мән бермей келгенімді, практика кезіңде екі оқушымның бақылап, бағдарлауымның арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізгенімді білемін. Дарынды және талантты оқушылар іздене отырып, жұмыс жасай алатындығына көз жеткіздім. Оқушылар топтық,жұптық тапсырма орындай отырып,өздері білім алатындарына көзім жетті. Өз сабақтарымда АКТ жиі қолдандып, ұтымды пайдалана алдым деп есептеймін. Сергіту сәттері кезіңде қолдандым және әр сабақтың жүйесін слайд арқылы көрсетіп отырдым. Алғаш сергіту сәтін жасағанда мен де оқушыларға қосылып, бидің қимылдарын бірге жасап, бір-бірінен ұялмауларын , қысылмауларын сұрадым. Келесі сергіту сәтінде оқушылар ұялмай бірдей биледі.



Менің алға қойған жоспарым:

Болашақта Шульман айтқан «үш көмекші» қасиеттерді бойыма қалыптастырып, мектептегі ұстаздар мен оқушылар және ата-аналармен ынтымақтаса отырып, жұмыс жасаймын. Жеті модульді сабақтарыма ықпалдастырып, тиімді пайдаланып,табысты оқытуға бағыт аламын. Бұдан шығатын қорытынды: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді өзім жетік меңгергенде ғана, оқушының сапалы білім алуына жағдай жасайды екенмін. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде жүру қажет екенін білем, алға қойған жоспарым өте көп. Болашақта мына мәселелерді ескеріп жұмыс жасаймын:

-Болашақта орта мерзімді жоспарымды жоспарлағанда мектептегі қауымдастық мүшелерімен кеңесемін.

-Сабақ жоспарыма белсенді әдіс-тәсілдері енгіземін.

-Аудан бойынша деңгейлік бітіріп келген әріптестеріммен байланыста боламын.

-Дарынды оқушылармен бірлесіп жұмыс жасаймын.

-Өз сабағымның көшбасшысы боламын.

«Мектептің жаны-мұғалім» демекші болашақта жаңашыл мұғалім болып, мектебіміздегі әр істің көшбасшысы боламын деп сеніммен айта аламын.



Пайдаланған әдебиеттер:1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Үшінші базалық деңгей .Төртінші басылым.Педагогикалық шеберлік орталығы,2015 төртінші басылым







8


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров725
Номер материала ДВ-326685
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх