Инфоурок Классному руководителю КонспектыОқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Скачать материал

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын

тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

 

Сердалинова Гульмира Химиевна

Жезқазған қаласы №11 жалпы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

 

            Қaзақстaн Республикaсының жaлпы білім беретін мектептері педaгoгтерінің  біліктілігін aрттыру курсының бірінші бетпе -бет кезеңінде игерген білімімді oдан әрі  дaмыту барысында,іс-тәжірибемді жүзеге асыруда 2014/2015 оқу жылына өзімнің жеке жұмыс жоспарымды құрудан бастадым.Орта мерзімді жоспар құрдым. Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарды барлық пәннен жасайтынымды толық түсіне алмадым. Мектеп директорының ұсынысы бойынша деңгейлік курсты бітірген

әріптестеріммен бірігіп,ақылдасып отырып оқуды жүзеге асыру жайлы   семинарлар өткіздім.Cеминар өткізу  жоспардан тыс болатын. Ашық сабақтар мектептің бұрынғы қалпымен басқа да әкімшіліктің ұйымдас-

тыруларымен болғандықтан менің жоспарымнан тыс қалды.  Семинар- тренинг өткізу барысында бұл курстың мұғалімдер үшін берер пайдасы-

ның көп екендігіне тоқталып,түбегейлі өзгеріс арқылы өз жұмысымызды жеңілдете отырып,оқушылар білімін өздігінен көтеретініне дәлелдер келтірдім.

Ең алғашқы сыныптағы жұмысымды әр оқушының пікірімен санасудан бастап, анкеталық сауалнамалар    жүргіздім.

Оқушылардың топтық жұмыстар бойынша жүргізілетін сабақтар туралы ойымен жақынырақ танысу мақсатында анкеталық сауалнамаларды ата-аналар арасында да жүргіздім. Нәтижесінде  Бaғдaрлaмaдaғы жеті мoдуль стрaтегияларының идеясын  ескере oтырып,  өзгерістер енгізіп жүргенімді ата-аналар қолдайтынын,балаларының мектеп туралы жағымды эмоциялары бар екенін байқатты.  Білім беру мен  білім aлудағы жaңa тәсілдерді меңгеру aрқылы әдебиеттік оқу сaбaқтaрындa  бaғдaрлaмaдaғы  жеті мoдуль идеясын жүзеге асыратын  стрaтегиялaрды қарастырдым. Алдымен өзімнің сыни тұрғыдaн oйлaуымды дaмытa oтырып, oқушылaрдың сыни oйлaу қaбілеттерінінің өрістеуін дaмыту керек деп oйладым. Оқушылaрды  диaлoг арқылы сыни тұрғыдaн ойлауға ,  өз еріктерімен тапсырмаларды орындауға,  оны жұпта немесе топта талқылауға  және  өзін- өзі бағалай алуға,құрбыларын бағалауға арналған сабақтарым   өз нәтижесін көрсетті. 

               

 

 Сабағыма жеті модуль идеяларын ықпалдастыратын«Он сұрақ»,

«Ассоциация. Түртіп алу»стратегиясын жиі қолданамын, «Қалмақан

Әбдіқадыров «Жиб-жица күресі» әңгімесі.» тақырыбында  оқушылардың ойлана отырып құрған постерлері сабақтың негізгі бөліктерін әр түрлі жағдайда анықтай түсіп, топтар бір-бірінің ойын толықтыра түсті.Бір топ Бейнесөз: палуан. Палуан дегенді қалай түсінесің?,бейнесөзге  тоқталса,екінші топ «Палуан»сөзін топтастырды.Үшінші топ мақалдың жалғасын тауып, мағынасын ашуға толық тоқталды.Төртінші топ «Шиеленісу деген не?» мәтіннен шиеленісу мағынасын ашты. Осы сабақта топтар өздерін өздері сын тұрғысынан бағалай алды. Сыныпта ынтымақтастық пен сенім атмосферасын қалыптастыру мақсатында  «Қар бұрқасыны» стратегиясын араға уақыт салып пайдаланамын. Ондағы мақсат оқушылардың бір-біріне деген ықыластары мен көзқарастарының өзгергенін немесе өзгермегенін байқау.   Әдебиеттік оқу «Ш. Мұртаза. "Бала Тұрар"» тақырыбы бойынша оқушылар топпен жұмыс жасау барысында  берілген таныстырылымнан кейін тақырыпты анықтап,  бірден түсініп алды. Бұл сабақта осы тақырыпқа сай берілген  тапсырманы іріктеп алып, әр топқа 6 оқушыдан отырғыздым да «Мозайка құрастыру» әдісімен топқа бөлдім, әрқайсысы атқаратын қызметін анықтады. Бірінші  оқушыларды жеке-жеке  оқыттым,одан кейін жұптасып бір-бірімен ақылдасты.Одан кейін барлығы топпен бірлесіп постер қорғауға дайындалды.Әр топ өз постерлерін толық,мағынасын ашуға тырысты. Әр топ тапсырмалардың қалай орындағандарын,қайсысынікі дұрыс немесе бұрыс орындалғанын білу үшін өздерінің ортақ шешімге келуіне жағдай жасадым. Одан кейін бастапқы топтарына шақырып тапсырмалардың барлығының орындауы керектігін түсінді. Нәтижесінде үндемей отыратын С оқушы құрдастарынан сұрап,өзінің тапсырмасы жайлы ойымен бөлісті.Осы сабақтың соңында БББ кестесі бойынша кері байланыс арқылы талдау жасалды. Кесте бойынша анықтағаным оқушылар  бүгін білгендерін және басқа да әйгілі адамдар тұлғасымен танысқылары  келетінін жазды. Математика пәні бойынша жүргізілген «Нөлмен аяқталатын санға көбейту және бөлуді тиянақтау» мысалын өткенде оқушылар топтық жұмыста критериймен                                                                                                 жұмыс жасады. Критерийі сөз есеп мазмұны бойынша сурет салу, есеп мазмұнына сәйкес келетін есеп құрастыру болатын. Постер салу барысында «Жедел ойлау» стратегиясын қолдандым. Бұл стратегияны қолдану өте жақсы жүзеге асты. «Бинго» ойынына қатысып, тапсырмаларды орындады. Екінші топ, нөлмен аяқталатын сандарды  ВЕНН диаграммасына салып бейнеледі және келесі топ нөлмен аяқталатын сандарды ассоциация әдісі арқылы топтады. Осы сабақты топтар арқылы бағалау бойынша жүзеге асырдым және бірін-бірі бағалауы «Екі жұлдыз,бір тілек» стратегиясы арқылы  жүргізілді.Бірінші топ «Топтардың барлығы критерийлерге сай жұмыс жасады. Барлық оқушылар жұмыла кіріспеді. Екінші топ «Топтардың критерийлермен жұмыс жасағаны өте жақсы. Әр топ бірін-бірі қайталамағаны дұрыс. Келешекте жұмыс барысында толық жауап берсек»-деп атап көрсетті.Оқушылар мұны бірден мақұлдады. Үшінші топ «Біздің топтың шешімі бойынша ерекше атап көрсететін топтар төртінші топ пен бірінші топ мүшелері олар постерді қорғау барысында бірін-бірі толықтырып, жақсы баяндады. Ал қалған топтарға келешекте жылдамдық,шапшаңдық қажет деп санаймын» -деп айтты, қалған екі топ толықтай келісеті.

    Сабақ басында, ортасында, аяғында өзін -өзі игеруі мен реттелуіне бақылау жүргізілді.  Топқа бөлудің бір жақсысы ұяң оқушының үні шығады, өзге оқушылармен араласып, тіл табысып  ашылуына көмектеседі екен. Сабақты  бақылау  кезеңінде осыны байқадым. Әр сабақта сыныпта болып жатқан өзгерістермен  С оқушыны жеке бақылап отырдым. Алғашқы күндері сабақта бұл оқушыда  ешқандай өзгеріс болған жоқ, бірақ  сабақта сыныптастарымен бірге еркін араласып жүрді.  Менің байқағаным, ол өзінің қабілетін енді көрсетіп келеді. Сыныптастары бағалау барысында С оқушының сабаққа қатысып, сұрақтарға жауап беріп отырғанын айтып, жақсы деген бағамен бағалады. Одан  жүзі бал – бұл жанып, қуаныш сезімі байқалды.   Оқушыны еркін ұстау ұяң мінезді оқушылар үшін жаңа тыныс ашқандай әсер етті. Топпен жұмыс кезінде оқушы мүмкіндігіне шектеу қоймау, өзара пікір алмастыру, пікірлерін дәлеледету және бағалау түрлері сабақтың сәтті өтуіне мол әсерін тигізді.  С оқушыны  өзгерді десе де болады.  Әр сабақ сайын бақылау жүргізу кезеңінде, оның іс - әрекетіне, оқуға деген ынтасына көп көңіл бөлемін. Оқушы өте жауапты және тәртіпті. Әр сабақ сайын, оқушы ізденіп, толық жауап беруге тырысады.    А оқушы барлық сабақта белсенділік танытады. Өйткені ол оқушының ой-өрісі жоғары дамыған,сабаққа қызығушылықпен қатысады,өзіндік мақсаты бар оқушы. С оқушы мен А оқушының сабақтағы іс-әрекетінің арасы жер мен көктей болатын. Ал келесі оқушы сабақтағы жақсы баға алуын ата-аналары қадағалап отыратын, оқушының өзіндік мақсаты жоқ,сыртқы уәждің басымдығымен жүретін оқушының бірі- В оқушы.Оның қабілеті жақсы, 4 пен 5-ке оқитын оқушы. В осы сабақтар барысында өзін бұрынғыдан белсендірек танытты.Сабақ барысында көшбасшылық қабілетін байқата алды.В кейіннен өзіндік ішкі уәжімен санасу басым болды.Сөйтіп ата-анасының көмегімен  емес өзінің жеке әс- әрекеті,яғни сабақтағы белсенді іс-әрекеті арқылы 5-тік бағаға қол жеткізетін болды.Ол өз еңбегімен,өзінің достарының көмегімен өзін оқыта алатынына көз жеткізді. А оқушы да,В оқушы да С оқушының пікірімен санаспайтын.Осы сабақтар барысында оқушылар арасында бір-біріне деген сенімділік артты. С оқушыда  алға жылжушылық бар екенін сыныптастары да байқады. Сыни ойлау кезеңінде  А,В,С оқушы да  топта ақылдаса отырып, өз ойын ортаға салып отырды. Жанындағы оқушылармен  дұрыс шешімді таба білді. Өзіндік пікірі қалыптасқан оқушымның жауаптары мені ерекше қуанышқа бөледі.Бір-біріне тілек жазу барысында,сергіту сәті кезінде, сабақ барысында оқушылардың ынтымақтастықта жұмыстарды орындауын, балалық сезімдерімен бір-біріне өз ойларын жеткізуін,бір-бірін бар ықыласымен тыңдауын,тапсырманы талаптарға сай орындауға тырысуын,диалогқа түсуін көру- мен үшін үлкен жетістік болды деп санаймын.

Өзім туралы айтатын болсам,алдымда тұрған сұрақтың бірі: Оқушы оқудың қандай сатысында тұр? Қандай  бағытта дамытуым керек? Қажетті деңгейге қалай жетукізуім керек? деген сұрақтар мені әлі де мазалайды.   Оқыту  үшін бағалаудың тұлғаны қалыптастырудағы маңыздылығын  түсіндім. Тапсырманы орындау кезінде біз нені үйрендік? дегенде сабаққа табыс критерийлерін енгізуді үйрендім. Оқытуды бағалауда оқыту үшін (қателермен жұмыс жүргізуді) түсіндім. Бағалау үшін бақылауды  үйрендім. «Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді» - деген Барбер мен Муршедтің көзқарасымен толығымен келісемін.  Яғни қажетті біліммен иемденетін, оқу үдерісін толық меңгерген мамандар ғана болашақта білім жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беріп, жастардың білікті маман болуына ықпал етеді. Уақыт бір орында тұрмайды, әр күн сайын біз өзіміз үшін жаңалықтар ашамыз. Жақын болашақта біз қазір сабақ беріп жүрген оқушыларымыз республикамыздың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын қалыптастыратын адамдар. Сондықтан менің ойымша ҰСТАЗ мамандығы өте жауапты іс. Сол себепті ұстаз білікті маман болуға міндетті деп ойлаймын. 

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктері өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011). Егер де басқа мамандардың қателіктері сол мезетте байқалатын болса, мысал үшін, кен өндірісінің жұмыскерлері немесе медицина мамандарының қателіктері жұмыс үдерісінің соңында көрінсе, яғни кеннің пайдалануға келмеуі немесе науқастың денсаулығының нашарлануы, ал мұғалімнің оқушыларды оқыту кезіндегі жіберген қателіктері жылдар өте келе баяғы оқушының жұмыс істеу барысында көрінеді. Қазіргі таңда оқушы сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оған Назарбаевтың интелектуалдық мектебі сияқты оқу орындарының пайда болуы анық мысал бола алады. Сондай мектептердің жаңа ашулардың жолында жүруі және оқу үдерісінің жаңа тісілдерін пайдаланатыны, өздерінің тәжірибесімен бөлісетіні қуантады. Осындай мектеп базасында өтетін семинарлар мен тренингтерге қатысу арқылы туындаған сұрақтарын талдап, өз ойларымен бөлісулері үшін мұғалімдерге осы мектептердің есіктері әрдайым ашық. Оқытудағы жаңа технологиялар мен әдістер белсенді, әрі сыни тұрғыда ойлана алатын оқушыны тәрбиелеуге бағытталғанын түсіндім. Ал тәрбиелеу үдерісінің өзі оқушылардың әлеуметтік ынтымақтастықта білім алуында құрылған. Бұл бағдарламаның басты мақсаты мұғалім оқушыларға қалай оқу керек екендігін үйретуі керек. Соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгеруімен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық). Осы курста алған білімімді мұғалімдік практикамда үнемі қолдану арқылы өзімнің сабақтарымды қызықты, ақпараты мол, мәнді етіп өткізуге тырысамын.  Бағдарлама аясында алып отырған кәсіби білімімді шыңдап жетілдіру барысындағы жеті модульді әр сабағымда ықпалдастыра өткізіп, әр оқушымның жеке даму траекториясына шығу  мен үшін жаңа парадигмаға сәйкес ізденісті қажетсінетін, үнемі үздіксіз даму үстіндегі жаңашыл ұстаз ретіндегі  түйінді әрі ең маңызды аспект болып табылатынын ерекше атап өткім келеді. Орта мерзім жоспары мен Қысқа мерзімді жоспар құрудың тиімді жолдарының өзі сыныптағы кедергілерді алдын ала анықтап,сол кедергілердің болмауына жұмыс жасау өте тиімді екеніне көз жеткізіп келемін. «Оқушылар ойымызды тік, ашық білдіруді, өзімізді еркін ұстауды, мәдениетті сыпайы ұстап, бір-біріміздің сөзімізді бөлмей тыңдау арқылы көп жетістікке жеттік» дейді.Бастауыш сынып балалары жағымды атмосферадан біразға дейін ауытқи алмай жүреді. Толғандырар сұрақтары көп.

 Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012

2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар.

    «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ

3.Бағдарлама. Үшінші(негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сертификатталған мұғалімдердің рефлексиялық есептері панорамасы «Менің тәжірибемдегі өзекті сұрақтар:өзгеріс динамикасы» тақырыбындағы аймақтық сайысқа қатысу үшін

СҰРАНЫС

 

1.                 Тегі, Аты, Әкесінің аты

Сердалинова Гульмира Химиевна

2.                 Мекемесі (толық аты)

№11 жалпы орта мектебі

3.                 Аудан/ Қала/Облыс

Қарағанды облысы,Жезқазған қаласы

4.                 Қызметі, беретін пәні

Бастауыш сынып мұғалімі

5.                 Байланыс телефоны (қалааралық байланыс кодымен)

8(7102)767348

6.                 Электронды пошта (е-mail)

gulka140571@mail.ru

7.                 Рефлексиялық есептің аты 

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын

тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивтік есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 063 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.12.2015 1100
    • DOCX 326.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сердалинова Гулмира Химиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сердалинова Гулмира Химиевна
    Сердалинова Гулмира Химиевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21583
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Создание и продвижение сайтов для достижения максимальных результатов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек