Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыОқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасының өткізілгені туралы бір рефлексиялық есеп

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасының өткізілгені туралы бір рефлексиялық есеп

Скачать материал

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасының өткізілгені туралы бір рефлексиялық есеп

 

Қазақстан Республикасының Үшінші (негізгі) деңгейлі курсы аясында өзіме алған жаңалығым мол болды. «Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету» [1,4-бет].

Менің бірінші «бетпе-беттен» кейін сабақтарды өткізу туралы көзқарасым өзгерді. Мектептегі тәжірибемде алдымен сабағыма қандай өзгерістер енгіземін, ол қай стратегия арқылы іске асады деген сұрақтар жөнінде ізденісте болдым. Модульдерді қай әдіс, қандай тапсырмалар арқылы беретінімді ескердім.

Жоспарға сай әрекет етудің алғашқы қадамы әріптестермен семинар өткізу болды. Әріптестермен кеңесе отырып, өз тәжірибемде жүзеге асыру шараларын жоспарладым. Сабақ жоспарларымды құрып, іске асыруда «Мұғалімге арналған нұсқаулықтың» 35, 36 беттеріндегі тезистерді басты назарда ұстау керектігіне көңіл аудардым. Бағдарламаның жеті модулін сабақтарымда тиімді ықпалдастырудың әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асатындығын айттым. Әріптестерім өздеріне қолайлы деген бір стратегияны қолданып, екі топ 7-8 минуттық сабақ үзінділерін көрсетті. Олар қандай әсер алғандары жайлы айта отырып, қолданылған әдістердің сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, дарынды оқушыларды оқыту, оқу үшін бағалау сияқты модульдердің кіріккендіктеріне талдау жасады. «Бағдаршам» әдісі арқылы өзара бағалап, стикерлеге рефлексия жазып, ой бөліскенде, әріптестерімнің көзқарастарының өзгергендігін И. есімді әріптесімнің семинар соңында қалдырған рефлексиясындағы: «Бағдарламадағы жеті модульді оқу үдерісіне кіріктірудің пайдалы екендігіне көзім жетті. Алдағы уақытта сабақты осындай үлгіде барлық мұғалім өткізетін болса, білім сапасының артуы сөзсіз»,- деген сөздерінен байқадым.

Мен ата-аналармен де кездесу өткіздім. Сауалнамалар жүргізу арқылы олардың қазіргі білім беру жүйесіне көңілдері толмайтынын анықтадым. Жаңа ақпарат алғаннан кейін ата-аналардың пікірлерінде өзгерістің пайда болғандығын Үшінші деңгей Бағдарламасының жеті модуль  тәсілдерінің тиімді екенін, балаларға берер әсерінің көп екендігі жайлы әңгіме қозғаған кезде байқадым.

Мектептегі тәжірбие кезеңіндегі сабақтарымда 7 модулді қамтуда біршама  өзгерістер байқалды. Мен өзімнің іс-тәжірибемді жүргізу барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді, атап айтқанда: «Джигсо», «Еркін микрофон», «Миға шабуыл-дельфи», «Ой тастауды» пайдалынып, "Оқушы-оқушы", "Мұғалім-оқушы" әрекеттерін жүзеге асырдым. Тезистер мен стратегиялардың өзара байланыстылығын негізге ала отырып, іс-әрекетте қандай да бір ілгерілеушілікке қадам басқандығым байқалды. Зерттеуге алған тақырыбым "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыру еді. Тәжірибе барысында барлық сабағымның қысқа мерзімді жоспарын осы негізде құрдым. Сабақтар топтамасы бойынша оқып-үйренудің негізгі мақсаттары: оқушыларға берілген тақырыпты өз бетімен игерту, өмірлік көзқарастарын қалыптастыруға ықпал ету болатын. Осыған орай мен негізгі міндеттерімді айқындадым. Олар: оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету, балалардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытуды өзгерту, бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігін зерделеу. Осы міндеттерді жүзеге асыруда оқып-үйренудің мына нәтижелеріне қол жеткіздім: шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, сахналау, мәтінмен жұмыс, пікір айту, ой қорытындысы т.б.) Оқушының жоғарыда жазылған іс-әрекеттерді орындаған кезде, өзіндік көзқарастар, ұстанымдар қалыптасып, өзіне деген сенім ұлғая түседі.

«Бүгінгі таңда «білім алушылар қоғамдастығы» деген ұғым өзекті болып отыр» [1, 33-бет]. Ынтымақтастық ахуалдың орныққаны оқушылар жұмыс нәтижесін бір-бірінен кеңес сұрай отырып талдағанда байқалды. Нәтижесінде топтық жұмыс барысында іс-әрекет бірлескен түрде өтті. Топтық жұмыстың мен үшін маңызды болғаны: оқушылар проблеманың шешу жолдарын табуға үйренгендіктері. Бұны оқушылардың келесі әрекетінен көруге болады: оқушының диалог кезінде досының пікірімен санасуы, оны тыңдауы, құрбысын әдеппен тоқтатып, өз дәлелдерін келтіріп, өз пікірін де айтуы, мәселені талқылағаннан кейін  оқушылармен біріге отырып ортақ шешімге келуі нәтижесінде оқушылар бірін-бірі толықтырып, тақырып бойынша түсініктерін жүйелеуі кезінде үш  әрекет қамтамасыз етілді. Біріншісі - топта мәселені талдауда жұмыс барысын ұйымдастыру жүзеге асты. Екінші - өзара қарым-қатынас арқылы мен ұсынған мәселенің мәнін сезіну арқылы бірлескен әрекет қамтамасыз етілді. Үшінші - жалпы талқылауда шындықты дәлелдеуге тырысып, дәлелдері бойынша бірде пікірлері сәйкес келсе, бірде қарама-қайшылық туындап, әртүрлі ойлар айтылды. Нәтижесінде, негізделген дәләлдерді талқылап, өзім көшбасшы ретінде оқушыларды мәселенің дұрыс шешіміне алып келдім. Топтар  бір-бірінің іс-әрекеттерін бақылау жасап, қадағалай алды.

«Оқушылар оқшауланып оқымайды. Диологтік оқытудың стратегияларын қолданғанда, сын тұрғысынан ойлау да жүзеге асып отырады» [1,37б.] Мысалы, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес 14 жастағы оқушылар постер қорғап болған соң, постерде салынған суретті қандай себеппен таңдап алғандықтары жайлы толық айта алды. С. есімді оқушымның: «Күнді салған себебім, күн айналасына жарық беріп тұрады. Жарықта барлық нәрсе көрінеді. Мені де анам жарық дүниеге әкелді. Мен өскенде күн сияқты боламын. Ер жеткенде ата-анама жылулық пен жақсы көңіл- күй сыйлаймын. Ата-анам менің болашағым жайлы алаңдамасын деп күннің бейнесімен білдіргім келді»,-деген дәлелінен оқушының сын тұрғысынан ойлауға дағдыланғанын байқадым.

Өз сабақтарымда «Еркін микрофон», «Ойлан, жұптас, талқыла», әдістерін қолдануда сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегияларын тиімділігін көрдім. Мысалы, мақалдардың мәнін түсіндіруде оқушылар белсенділік танытып, тапсырманы сәтті орындап шықты. Оқушылар өз пікірлерін ашық айтты, талпыныстары артты. Кері байланыс орнатуда, әсіресе, визуалды қабылдауға негізделген тапсырмалар көмектесті. Сын тұрғысынан ойланудың түрлі әдістерін қолдана отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ой-пікірлерін дамытуды, бойындағы жағымсыз сезімдерден арылтуды көздедім. Ол үшін оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін мұғалімнің өзі сын тұрғысынан ойлауға үйренуі керек деп ойлап, мұғалімге арналған нұсқаулықтағы мына сөйлемге мән бердім:

Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ең оңтайлы тәсілі – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәделдерге мән беруге ынталандыру  [1,49]. Осыған орай  сабақтарымда әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың өз ойларын еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызуда әртүрлі тапсырмаларды орындаттым.

Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады [1, 6-бет]. Алдыңғы сабақтарда өзім сабақтың соңында қорытынды баға шығара салатынмын. Ал бірінші «бетпе-беттен» кейін сабақтың әрбір кезеңінде оқушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет екендігін, оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу керек екендігін түсіндім. Мен оқушылардың өзара  талқылау әдісін пайдаланып, бір-бірінен үйренетініне және олардың әдістерінің де беделді болуы мүмкін екендігін түсінетініне сендім. Сондықтан оқушыларға сабаққа дейін және сабақ соңында нені білгендігі туралы пікір алмасып, сабақ соңында бағалауды әр алуан тәсілдер арқылы жүзеге асырып, рефлексия жасауға үйреттім. Мысалы, шығарманы бағалауды «Бес саусақ» әдісімен жүргіздік. Екінші топ бірінші топқа баға берген кезде: «Шығармадағы ой аяқталған жоқ. Қорытынды жетпей жатыр, қорытынды ой айтса, жақсы болар еді», - деген ұсынысынан топта бірлесіп жұмыс істеу дағдылары қалыптасып келе жатқандығы байқалды. Оқушылар өздерінің тапсырманы орындаудағы іс- әрекетін әділ бағалауды үйренді. Бұдан мен оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну дағдыларының дамып келе жатқандығына көз жеткіздім. Қалыптастырушы бағалау арқылы әр оқушының білім деңгейлерін анықтауға  болады. Оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстыра отырып, соңында өзім қорытындылап, оқушы білімін нақты бағасын көрсеттім.  Мысалы, «Бағдаршам» тәсілі арқылы бағалау кезінде мені таңдандырғаны – А. есімді оқушымның іс-әрекетіндегі оң өзгерістер. Ол сабаққа белсенділікпен араласып қана қоймай, барлық тапсырмаларға қатысуға ұмтылды. Оқушы тек білім алушы ғана емес, ол - ізденуші, зерттеуші тұлға ретінде көрінді. Оқу үшін бағалауды жүргізу мұғалім үшін тиімді. Себебі әр сабақта оқушы сол материалды қаншалықты меңгергенін көрсетіп қана қоймайды, оның қаншалықты тапсырманы орындауға қатысқанын анықтайды және өзінің бүгінгі сабағының қаншалықты нәтижелі, сапалы немесе сапасыз болғандығына көз жеткізеді. Жалпы бағалау арқылы оқушы ізденімпаздыққа үйренді, сабақ үстіндегі әрекеттері өзгереді. Мысалы, басқалардың іс-әрекеттерін бақылай алды, мұқият тыңдауға, дұрыс сөйлеуге, біріне –бірі көмектесуге, бір-бірінен үйренуге дағдыланды. Қалыптастырушы бағалаудың барлық тәсілдері оқушының нәтижеге бағытталған  білімін көрсететіндігіне көзім жетті.  Бағалауды жүзеге асыру арқылы оқу үдерісін жақсарту жолдарын үйрендім. Әсіресе, оқушылардың  бағалауға алдын-ала дайындалуы арқылы  белсенділіктері артты. Бұл жерде өз бетінше оқып-үйрену мен бағалау нәтижелері арасында тығыз байланыс орнағандығын байқадым. Оқу үшін бағалауды күнделікті сабақта қолдана отырып, сабақ барысында оқушылардың  көңіл-күйлерінің көтеріліп, пәнге деген қызығушылықтары мен белсенділіктері артып, әр сабақты асыға күтетінін мен балалардың жүздерінен байқадым. Сөйтіп, қалыптастырушы бағалау оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, сын тұрғысынан ойлануға үйретуде маңызды  рөл  атқаратындығына көзім жетті. Осындай оқыту теориясының негіздерін білу, түсіну, қолдану арқылы мен тәжірибемде талдау мен жинақтауды, зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды үйрендім. Өз жұмысымда рефлексия жасап, оны талдау, бағалау арқылы  менің оқыту мен оқу үдерісіне деген көзқарасым өзгерді.

Әрдайым сабақта жүретін және кімде қиындық туса, соған көмектесетін адам болды. Тапсырмаларды тез және тиянақты орындайтындарға қосымша басқа оқушылармен кері байланыс жасау тапсырмалары беріліп отырды. Күрделі тапсырмаларды орындау барысында, әсіресе, А деңгейлі балалардың өз ойларын түсінікті етіп жеткізе білуге, сөздік қорларының жетілуіне, пікірлерін дәлелдеуге машықтанғанын байқадым. Дегенмен әлде де оқушылардың, әсіресе, басқа ұлт балаларының қабілеттерін шыңдайтын, әрі қарай ынталандыратын, шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмаларды дайындау мен сөздік қорларын молайтып, қазақ тілінде еркін сөйлеу тілдерін жаттықтыру керек екендігін түсіндім. С деңгейлі оқушыларымның қазақ  тілінде дұрыс сөйлеуге үйреніп келе жатқандығынан, белсенділік таныту мен оқып-үйренуге деген ынталарының арту деңгейінен олардың өзгере  бастағандықтарын рөлдік ойындарда, глоссариймен жұмыс барысында оқушы мен оқушы арасында өзара диалог орнатқан кездегі әрекеттерінен байқадым. Іс-тәжірибемде Бағдарламаның жеті модулін кіріктірген кезде, әсіресе, диалогтік оқыту С деңгейлі оқушылардың ойларын білдіруге мүмкіндік берді. Олар топ ішіндегі бірлескен жұмыста бір-бірімен сұхбат құруды үйренді. Сөйлеу кезінде қателіктер жіберсе де, басқалармен өз білгендерімен қысылмай бөлісуге дағдыланды. Жаңа сөздерді есте ұстау арқылы сөздік қорларын біраз молайтуға тырысты.

Әр сабағымда оқушыларға қалауынша басшылық рөл ойнауға мүмкіндік беруге тырыстым. Топта бірлесіп жұмыс істеу кейбір А деңгейлі оқушылардың көшбасшылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік бергендігін ұқтым. Мысалы, топтық жұмыста оқушылар бір-бірінен кеңес сұрай отырып талдағанын келесі диалогтен аңғардым. С деңгейлі оқушымның: «Сен мына сөздің аудармасын білесің бе?»,- деген сұрағына А деңгейлі оқушым: «Иә, білемін, бірақ жауабын айтпаймын. Мағынасы жуық сөз айтайын, өзің тауып алшы»,- деп, орыс тілінде синоним сөзді айтты. С деңгейлі оқушым сөздің аудармасын  А деңгейлі оқушымның көмегімен тауып алды. Маған С деңгейлі оқушымның бірдеңені білгісі келіп сұрағаны және А деңгейлі оқушым білгенін дайын күйінде бермей, С деңгейліні қалай оқу керектігін үйреткені өте ұнады. Осы әрекеттерінен  байқағаным, әсіресе, А,В деңгейлі оқушыларыма басқарушылық, көшбасшылық ұнаған сияқты, бірін-бірі тыңдап, белсене  қатысты. Осылайша топпен талқылау негізінде жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруге үйрене бастады, бір-біріне өзара көмектесу арқылы тақырыпты түсінгендіктері байқалды.

Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін басшылыққа ала отырып, топ ішінен ұйымдастыру қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол оқушылар- А деңгейлілер болды. Олардың сабаққа деген ынтасы бұрынғыдан да артқанын байқадым. Оған кері байланыс орнату үшін қолданылған «Бес саусақ» әдісі арқылы сабақ соңында жасаған рефлексиялары куә. Оқушылар арасындағы көшбасшылық өзінен - өзі анықталды. Көшбасшылық- мұғалімнің сабақ өткізудегі енгізген өзгерістері. Егер оқыту үдерісіндегі өзгерістер ол мұғалім көшбасшылығының арқасы болса, ал сыныптағы топтар арасындағы өзгерістер, мысалы: ынтымақтастық, белсенділік, жауапкершілік –ол оқушы көшбасшылығының көмегі деп ойлаймын.

Сабақтарымда төмендегі жұмыс түрлері арқылы оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыра алдым. Мысалы, «Презентация» тәсілі бойынша 1 слайд жасап, қорғау тапсырмасын бердім. 7-8 минуттан аспай, регламент сақтау керектігін ескерттім. Слайд жасауда оқушылар бір-бірімен ынтымақтаста болып, өз көмектерін ұсынып, қызығушылық танытты. Ынтымақтастық ахуалды оқушылардың топта кезектесіп бір-бірінің ойына өз ойларын қосып, жәрдемдесіп жатқандықтарын қадағалау арқылы байқадым. Көшбасшы ретінде топтың жұмысына, әсіресе, С деңгейлі оқушылардың қатысуына мән беріп отырдым. Жұмыс аяқталғаннан кейін әр топтың өкілі өз жұмыстарын қорғағанда мысал келтіріп, өз көзқарастарын дәлелдеп, мағынасын ашуға тырысты. Қорғаушылар өз жұмыстары туралы түсіндіріп жатқанда, қалған оқушылар мұқият қадағалап отырды. Олардың міндеті - жұмысты бақылау болды. Кейін талқылауда өз ұсыныстарын айта алды, ал қорытындысын менімен ақылдасып, өздері шығарды. Бұл әрекеттерден топта  тапсырманы бірлесіп орындау барлығына ұнайтындығына көзім жетті. АКТ-ны қолдану оқушылардың түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретіндігіне көзім жетті. «Презентация» әдісін қолданған кезде оқушылар АКТ-ны сауатты қолдана білді, өзара диалогке түсу арқылы бір-бірінен слайд жасауды үйренді.

Мадақтау, мақтау  үшін «Сенде мына жұмыс өте жақсы орындалды, келесі жолы бұдан да жақсы орындайтыныңа сенемін», «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сенің тек өз күшіңе сенуің керек», «Бізге сенің білгенің өте қажет» сияқты сөздермен ынталандыру, жылы шырай таныту, шапалақтау сияқты әрекеттерді қолданып отырдым. Бұл қолданған тәсілім оң әсерін тигізді, себебі әр оқушының өзіне деген сенімділігі артты.

Оқушылардан анағұрлым толық жауап  күту, өз ойларын анық білдіру, түсінікті етіп жеткізу мақсатында «Түрткі болу», «Сынақтан өткізу» және «Қайта бағыттау» сұрақтарын қойдым. Мысалы, «Сен мысал келтіре аласың ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағыт - бағдар беріп отырумен қатар жауаптарды оқушының ойланып беретіндігіне көзім жетті. Сонымен қатар ашық сұрақтарға жауап бермес бұрын балалардың қарым-қатынасқа түсуі арқылы сұхбаттасуы жүзеге асты. Бұл әрекеттерінен сұрақтарға зейіндерін шоғырландыру арқылы оқушылардың айтар сөздерін іріктеуге, ойларын жүйелеуге үйрендіктерін байқадым.

Қорытынды: Меніңше, сабақ барысында топтық жұмысты ұйымдастырғанда мынаны ескеру қажеттілігін ұқтым. Мұғалім оқушыларды, олардың мүмкіндіктерін жақсы білуі тиіс және өзінің өмірге деген көзқарасын, оқушылардың көзқарасын қалыптастыруға да әсер ететінін ескергені жөн. Өзін жұмысқа дайындау барысында өз пікірін оқушыларға міндеттемеу керек. Топтардың бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде берілген тақырып өз бетімен меңгеріледі. Бірлесіп жұмыс істеу барысында әр оқушы өз тобында тапсырманы бірлесіп орындау керек, осы арқылы әр оқушы өзінің еңбегіне орай баға алып, оның жауапкершілігі, қызығушылығы, белсенділігі артады.

Ойымды жинақтайтын болсам, Бағдарламаның жеті модулін  толық игеру және тәжірибеме кіріктіру мақсатына жету үшін мен өзім ізденуші, әрі көшбасшы  болып оқушымен өзара қарым-қатынас орната білуім керек. Педагогикалық іс- тәжірибемді үнемі жетілдіріп, шыңдауым қажет. Кез-келген өзгеріске дайын болып, уақытында мақсатым айқын болса, үлкен жетістікке жететініме сенемін.

Бағдарлама бойынша алған білімімді өзгерістер енгізу үшін төмендегідей міндеттерді қойдым:

-         Жеті модуль идеясына сай стратегияларды оқу үдерісінде тиімді қолдану;

-         Білімімді жетілдіріп, әріптестермен үнемі тәжірибе алмасу және бөлісу;

-         Тәжірибеме Бағдарлама идеяларын басшылыққа ала отырып, сабақтарымды құрылымдау, ұйымдастыру және басқару.

 


Пайдаланылған әдебиет:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық III (негізгі) деңгей. Назарбаев зияткерлік мектебі- ДББҰ, 2015.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасының өткізілгені туралы бір рефлексиялық есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2016 3526
    • DOCX 40.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимжарова Айнур Омирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алимжарова Айнур Омирбековна
    Алимжарова Айнур Омирбековна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18755
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика вовлечения обучающихся в деятельность деструктивных религиозных объединений

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Проведение реабилитационной работы в рамках клинической психологии в социальной сфере

72/144/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Курс повышения квалификации

Новая работа: стратегия, подготовка, поиск и трудоустройство

36/72 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции