Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Оқыту мен оқудағы өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп

Оқыту мен оқудағы өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Кенжебаева Лайла Берикболовна Мұғалім портфолиосы С есебі

1 топ ІІІ-деңгей

Өскемен қаласы 13қараша 2014

Оқыту мен оқудағы өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивті есеп

Жас ұрпаққа саналы тәрбие беру ұстаздар мен ата-аналардың басты міндеті. Еліміздің болашағы мектепте шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі біздің мектебіміздің оқушылары, яғни келешек жас жеткіншектер. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» дегені бізге жарқын істерге апарар жолды көрсетеді. Шын мәнінде бүгінгі жас – ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Бүгінгі күні мұғалімдерді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйретіп отырған «Оқытудағы Кембридж» тәсілдерінің теориялық негіздерін меңгерудегі еңбегіміздің басты мақсаты да Елбасының сындарлы саясатының салиқалы шешімі деген ойдамын. Жоғарыда аталған нақыл сөзді басты ұстаным ретінде қолдана отырып, мен келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі тәжірибемді шыңдау мақсатында Өскемен қаласында педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған курсқа келдім. Бұл кезеңде тренеріміз бағдарламаның міндетін, мақсатын, жеті модульды жеке-жеке талдап, қарапайым тілмен дәйекті дәлелдермен түсіндіре білді. Соның арқасында толықтай мағлұмат алып, әріптестерімізбен бірге тәжірибе алмасып, постер қорғап, пікірімізбен бөлісе білдік. Бәріміз бір үйдің баласындай ынтымақтастық қатынаста болдық. Бұл кезеңде көп нәрсені қамтып, үйреніп, тезірек ауылымызға барып үйренгенімізді тәжірибе жүзінде көрсетуге асықтық.

Оқытудың екінші мектептегі тәжірибе кезеңінде өзімнің оқыту мен оқудағы жаңа әдіс –тәсілдер туралы алған теориялық білімімді практикада ұштастыруға бет бұрғанымды байқадым. Бұл жерде Пажарестің: «Оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой тоқтамдарының ықпалдары күштірек: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзғарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді» (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 7-бет) деген тұжырымға мен де қосыламын. Мен өзімнің осы бағдарламадан не үйрендім, оны қалай іс-жүзінде пайдаланамын, алдымда мені не күтіп тұр деген ойлар мені қатты толғантты. Қалай өзімді өзгертемін, себебі менің бойымда көп жылдық қалыптасқан педагогикалық ұстаным берік орын алған. Тәуекелге бел байлап, мектепке келген бетте мектеп әкімшілігімен, әріптестеріммен, оқушыларыммен ой бөлістім. Бағдарлама бойынша алған теориялық білімімді ортаға салдым. Неден бастасам екен, қалай бастаймын?-деген сұрақтар төңірегінде ойлана бастадым. Кеңесе келе мектеп директорының жаңашыл ұстаздарды үнемі қолдайтынының арқасында мен бұл жұмысқа аса құлшыныспен кірістім.

Осы деңгейлік оқудан кейінгі өткізетін сабағымның мақсатын қоюға мән бере бастадым. Сол сабағымның мақсаты оқушыларымның алған білімдерінің нәтижесі түрінде көрінуі қажет. Мен тәжірибеге келгенлде орта мерзімді жоспар бойынша төрт сабақ жаспарладым. Сол себепті қысқа мерзімді жоспарлауда оқушылардың қызығушылығын оятатын «жаңа форматты» сабақ қандай болмақ деген сұрақтың төңірегінде көп ойландым. Негізінде, жалпы кез – келген сабақ оқушы мен мұғалім арасындағы білім алуға негізделген үдеріс. Сондықтан осы аталмыш жеті модульді тереңірек түсіну – сабақты жаңаша жоспарлауға мүмкіндік береді. Ұстаз ретінде, мені оқушыға тек қана білім беру ғана емес, сонымен қатароқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту маңызды болды. Сол себепті, анализ, рөлдік ойындар, проблемалық мәселелерді шешу жаңа форматты сабақтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Әрбір беретін сабағымның мақсатына жету үшін мен, сабақтың алғашқы минутынан бастап, соңғы минутына дейін балығын: көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды, ресурстарды әрбір оқушыға дайындау жағын егжей-тегжейлі ойластырып, алдын ала дайындап алу керек.

Мектебімдегі тәжірибе барысында осы мен оқыған жеті модульге негізделген Бағдарламаның жалпы идеяларын назарға ала отырып, дәстүрлі сабақ беруден бас тартып, жаңа форматтағы сабақ ұйымдастыруға тырыстым. Өзімнің мақсатымды алға қоя отырып, өз тәжірибеме оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізуге тырыстым. Шәкіртімнің санасына білімді жүйелі түрде меңгеруге және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы әдістемелердің маңызы ерекше екендігіне көзім анық жетті.?

Бұрынғы дәстүрлі сабақты жоспарлаған кезде, сабақтың жоспарын өзім үшін жазатынмын, ал енді оқушылардың даму деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, оларға бейімдеп жазатын болдым. Мақсат пен міндеттерімді беогілеп аларда осындай аспктілерге назар аударым: сабақтан күтілетін оқу нәтижесі; сабақтың негізгі идеясын анықтау; оқушылардан күтілетін нәтиже; сабағымның маңыздылығы; бұрынғы білетін білімімддерін қалай пайдалана алады?; өмірден алған іс – тәжірибесінің әсері?; Сабақтың келешекте оқушыға қандай пайдасы бар?; қызығушылығын арттыру үшін қандай іс- әрекет қолдану керекпін?; өзін – өзі бағалай ала ма? Деген ой толғаныс туа бастады. Осының барлығына жауап беру үшін, тапжылмай еңбектену керек болып, тәжірибемнің бастапқы кезінде бір шама қиналдым.

Әр бір сабағымды сыныптағы оқушыларды топтсатырудан бастап отырып отырдым. Ең алғашқы топтастыруда оқушылардың бірін – бірі жақтырмауы, а деңгейлі оқушылар С деңгейлі оқушылармен отырғылары келмейтіндігі, өздерінше бөлініп алғандары кедергі тудырды. Оны сабақтың басында, бір бірімен жақындастыру мақсатымен әр түрлі треннингтер жүргізу арқылы жоюға тырыстым. Мысалы, «Шаттық шеңбері», «Журектен журекке», «Қара жорға» биін орындау. Бірін бірі жақсы көріп кетті дей алмаймын, дегенмен топтық жұмыс жасау барысында бәрі бір - бірімен байланысты екенін, бір - бірінсіз жұмыс нәтиже бермейтініне көздері жетті деп ойлаймын. Қорыта келе айтайын дегенім топтық жұмыс, білім алу барысында өте тиімді, ұтымды әдіс екеніне көзім жетті. Келешекте топтық жұмысты ұйымдастырып отыруды, өзімнің іс тәжірибеме жүйелі түрде енгізу арқылы көптеген жағымды жетістіктерге қол жеткізе аламын деп ойлаймын.

Жүргізген сабақтарымның барлығына ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалануды жөн көрдім. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыруға болады.

Бұрынғы сабақтарымда тапсырманы сыныпқа жалпы бере салған болсам, енді қазір топтарға бөліп, бірін – бірі үйрететін, біріне – бірі ықпал жасайтын жағдай туғызамын. Топтық жұмыс кезінде оқушылар алдымен жекелеме, сосын жұппен, одан арғы жұмыстары топта талқыланды. Осындай жұмыстың барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, бір – бірінің пікірін тіңдай біледі және де ортақ шешімге, келісімге келеді. Алдыің сабақтарда үндемей қалыс қалып отырған оқушылармен жұмыс істеуге көмек көрсетілді, олар шағын топта пікірталастарға қатысып, топқа берілген тапсырмаларға біртіндеп кірісе бастады. Берілген тапсырмаларға талқылау жүргізді, сурет салу, постерге жобаларын түсіру жұмыстарына де белсенділіктерін арта бастады. Қай кезде байқағаным, топпен жұмыс барысында оқушылардың біразы зияткерлік мүмкіндіктерін барынша жұмсамай, өзгелердің жауаптарын күтіп отырды. Осыдан менің ойға түйгенім, сабақты жоспарлау барысында прблемалық сұрақтарды түрлендіріп отыру қажет екен. Осындай кедергілерді жою үшін, қайта топқа бөле отырып, ЖИГСО стратегиясын қолдандым. Бұл, оқушыларымның назарларын жинақтауға, белсенділіктерін арттыруға, жағымды орта қалыптастыруға мүмкүндік берді. Осы жұмыстарымның барысында мен дарынды да талантты оқушыларыма да көңіл бөлдім. Жалпы сыныптағы топтар белгілі бір тапсырма орындағанда, осы А деңгейлі оқушыларыма бөлек күрделірек тапсырма беріп отырдым, содан байқағаным осы оқушыларымның ынталары одан да жоғарылай түсті. Негізінде тағы байқағаным, «А» деңгейлі оқушылар топтық жұмыста көшбасшылық көрсетіп, тапсырманы орындауда барлық оқушылардың қатысуына сеп болып, берілген тапсырманың нақтылы және жүйелі орындалуын басқарды.

Білім сапасын көтерудің тағы бір улкен көрсеткіші – бағалау. Оқушыны бағалау және оқушы өзін – өзі бағалау сынды бағалаудың екі түрі бар екені бәрімізге мәлім.

Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет деп көрсетілген. (МАН. 57 бет)

Жылдар бойы қолданып келе жатқан дәстүрлі бағалаудың да өзіндік тиімді жақтары да болды. Заман талабына сай, әлеуметтік сұраныстардың өзгеруіне байланысты, білім деңгейін халықаралық стандартқа сәйкестендіру қажет болуы себепті бағалаудың жаңа түрлері тәжірибемізге енгізіліп жатыр. Осыған орай мен де, сабағымда формативті және суммативті түрлерін қолдануды бастадым. Атап айтсам: критериалды бағалау әдісі, өзара бағалау әдісі. Жаңаша сабақтарымда бағалауға оқушыларды да қатыстыратын болдым. Мектептегі тәжірибемді алғашқы сабағымда өзін – өзі бағалау әдісін қолдануды жоспарладым. Бұл әдіс оқыту үшін бағалау әдісіне жатады. Жоспарлау кезінде -оқушылар өзін – өзі әділ бағалай ала ма? – өзін – өзі жоғары бағалап қоймай ма?деген ой болды. Себебі, бұндай өзін – өзі бағалау деген әдісті жасамаған едік. Алғашқы сабақтарымда бағалау қиынға түсті, өйткені мен өзін-өзі бағалау ретінде қарастырдым. Ешқандай критерий болмағандықтан оқушылар бір біріне әділ баға қоя алмады. Келесі сабақтарымда бағалау парағын тапсырған кезде тапсырмаларға байланысты критерийлер бердім. Осы берілген критерийлер бойынша оқушылар өзін-өздеріеің жиынтық бағаларын шығара алды.Топты бағалауда өзіне есеп бере отырып, әр оқушының істеген іс-әрекетін талдап қарады. Күнделікті сабақта осы тәсілді пайдалануда оқушылар меңгеріп сабақ соңында өзіне тиесілі бағаны алып отырды.Осы бағалау кезінде «неге осы бағаны алдым?» деген сұрақ туған жоқ. Топ мүшесі бағалаған кезде «осы бағамен келісесің бе?» деген сұрақ туындалды. Сонда оқушы өзінің сабақ барысындағы іс-әрекетн есепке ала отырып баға қоя алды.

Оқытудағы көшбасшылықта, Сабақ беруде мұғалім көшбасшылыққа аcа мән беру керек деп ойлаймын. Білім беруді басқару мен көшбaсшылық нақты сыныптардағы мұғалімдeрдің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгеріcтерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бұл тұрғыдан қарастырар бoлсақ, мұғалімдер бағдaрламада қарастырылатын идеялaр аспектілері аяcында өз тәжірибeлері туралы ой-тұжырымдaрға сүйене oтырып өзгереді. Мұғaлім өз тәжірибeлерінің жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытaды. Аталған модуль мұғaлімнің, сыни тұрғыдан ойлауға оқыту модулімен тығыз байланысты. Жетекші жеті модульде қараcтырылған идеяларды оқытуда пайдaланып, жекелеген технoлогиялар мен тәсілдерді өзарa байланыстырып отырса, oқытуда оқушылaрдың жоғарғы нәтижeге қол жеткізетіні сөзсіз.

Сындaрлы оқыту яғни жеті мoдуль негізінде оқыту туралы менің пайымдaуым: бұл оқыту жүйесі заман талабына cай құзыретті тұлға қалыптастырудaғы ұтымды оқыту. Себебі оқу жылының сoңы, уақыттың тапшылығына қарамастан осы әдістерді пайдаланып өткізген сабақтарыма оқушылар қызығушылықпeн белсенді қатысты. Әр сабағымда алға қойған мақсатыма жете білдім.

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал сындарлы оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал сындарлы оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал сындарлы oқыту дербес жұмыс істеуге, aлған білімді пайдалaна білуге үйрeтеді.

Сындарлы оқытуда бaланың ізденушілік – oйлау әрекетін ұйымдaстыру басты нaзарда ұсталaды. Ол үшін бaла өзінің бұғaн дейінгі білетін амалдaрының, тәсілдерінің жaңа мәселені шешуге жеткіліксіз екeнін сезетіндeй жағдайға түсуі керeк. Содан бaрып оның білім алуғa деген ынта- ықыласы артaды, білім алуға әрекeттенеді. Әр оқушығa өз oйын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әринe, жауаптар бaрлық жағдайда дұрыс бoла бермес. Дегенмeн әр бала жасағaн еңбегінің нәтижeсімен бөлісіп, дәлелдeуге талпыныс жасaйды, жеке тәжірибeсін қорытындылaуға үйренеді. Кері байланыс үдерісінде оқушылардың жауабын мадақтап, ынталандыру арқылы білдірдім.Бағалау арқылы бір бала басқа баланың не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі қаншалықты дәрежеде білім алғандығын бақылауы болып отыр. Осы бағалауым С деңгейіндегі оқушылардың қызығушылығын оятты. Оқушының оқуға деген құштарлығының өзгергендігін байқадым. Себебі, бағалау критерийі болғандықтан, осындай бағалауға жетті.

Нәтижесінде не өзгерттім? Дәстүрлі сабақты сындарлы (конструктивті) сабаққа өзгерттім. Мектептегі әріптестерімнің жаңа әдіс -тәсілдер арқылы көзқарасын өзгерттім. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырдым. Жеті модульді ықпалдастыра отырып сабақтарымды жүйелі жоспарлауды үйрендім. Критерийалды бағалауды меңгерттім. Болашақта білім беру бағдарламаларын дамытуды өзіме басшылыққа алып жетілдіремін деген ойдамын. Алдағы уақытта алдыма қойған жоспарым:

«Диалогтық оқыту мен оқу» әдәсін сабақта жүйелі түрде қолдану; Бағалаудың формативті және суммативті түрін пайдалану; Оқушының өз бетімен білім алуына жағдай жасау






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы.

  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ 2012-306 б. Үшінші басылым.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-035080
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>