Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Конспекты / Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы І. Жансүгіровтің шығармаларын тиімді оқыту жолдары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы І. Жансүгіровтің шығармаларын тиімді оқыту жолдары

библиотека
материалов

«hello_html_m1ea4c04c.pngМ. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дюсембинова Назира Ермуханқызы







Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы

І. Жансүгіровтің шығармаларын тиімді оқыту жолдары

«Жақсы мұғалім–мектептің жүрегі» деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтындығы да белгілі. Білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мән мәтінімен өзара байланысты қарастырылады.

«Білім алу – батылдық, оны толықтыру даналық, ал шебер қолдана білу - өнер» демекші, қазіргі таңда жеке тұлға құзыреттілігі, нәтижеге бағытталған білім беру негізі – әрбір мұғалімнің көкейкесті мәселелерінің бірі. Білім жүйесін реформалаудың бір мақсаты – жан-жақты, білімді өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру емес пе?! Сабақ жүргізу барысында, қазіргі мұғалім бағыт-бағдар беруші, оқушы ізденіс қызметінің көмекшісі болуы керек. Ол үшін дәстүрлі білім беру моделінен жаңа білім беру моделіне көшуіміз керек.

Дәстүрлі оқытуда шығармашылық жұмыстарға көңіл бөлу - технологиялық оқытумен салыстырғанда шығармашылық жұмыстарды жеке тұлғаға бағыттау, оқушыларға еркіндік беру, оқушы мен мұғалім еңбегін өнімді іс-әрекетке негіздеу, оқушыға субъект ретінде қарау негізге алынбаған.

Сондықтан жас ұрпаққа білім беруде және тәрбиелеуде белсенділігі мен қызығушылығын, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыруда технологиялық оқытудың алатын орны ерекше. Жаңа оқыту қағидасы бойынша оқытудың әдіс-тәсілдеріне төмендегідей талап қойылады:

  • Мұғалімнің оқыту кезіндегі билік жүргізу әдісінен арылуы;

  • Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлғңа білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдаушы оқушы екендігі;

  • Жеке тұлғаның оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін, белсенділігін дамыту;

  • Оқыту нәтижелі болуы үшін барлық тапсырмалар мен қойылатын сұрақтар деңгейі бала үшін қол жетімді, баланың қабылдау деңгейіне сай, түсінікті, қарапайым болуы керек.

Олай болса, Блум таксономиясы бойынша сабақ әзірлеп. Өткізу және Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды әзірлеу – білім беруді ізгілендіруде дәстүрлі педагогикадан айтарлықтай өзгешелігі бар оқыту жүйесі.

Орта білім беру кез-келген мұғалімнің оқыту құралдары оның болжамдарының, білімі мен ұстанымының , көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі де сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуы керек.

Блум жүйесінде сабақта мұғалімнің іс-әрекеті жеке тұлғаға қарай бағытталған тапсырмалар ұсынушы, нақты мақсат қоюшы, бағыт - бағдар беруші, кеңесші, оқушының жетістігін құптаушы, ынталандырушы, мақсаттарға жетелеуші. Ал, оқушы өз ізденісімен табысқа жетуші (Оқушы + кітап - мұғалім). Осы талапты ескере отырып өз тәжірибемде қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда Блумның мақсат қою таксономиясы бойынша әзірленген оқу тапсырмаларында жеке тұлғаның білімнің өзіне қаншалықты қажет екенін, оның мазмұны мен таным әдістеріне сын тұрғысынан қарап, талдау жасауы ескеріледі.

Іс-тәжірибе барысында әдебиет пәні бойынша Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын жоғарыда айтылған мақсаттар жоспарладым. Төмендегі сабақ жоспарының үлгісінде оқушы пікірін тыңдау, сұрау, нақтылау, өз сөзімен қайта айту, ақпаратты сызба түрінде беру, нақты жағдайға өз көзқарасын білдіру, ой қорытындысын жасау, басшылыққа алынды.

Сабақ жоспары


Тақырып:

І. Жансүгіров.

«Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері

1

Базалық құзырлылық:

оқу іскерлігі

1.

1



Құрамды құзырлылық:

Ақпаратқа сызбалық талдау беру

Пән: қазақ әдебиеті

Сынып: 6

Оқытушы: Дюсембинова Н.Е.

1.1.

1




Әдіс, амал, құрал:

Топтастыру әдісі, пікір -болжам, бағалау



Дидактикалық дәреже: жоғары

Оқу орны:19 ОМГ МДШО

Базалық оқулық:

Әдебиет. Арман-ПВ баспасы

Автор: Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева.


Мақсатты әлеуметтендіру

1.

«Табиғат»

Оқушының тұрақты дамуын қамтамасыз ету

Сабақтың мазмұны:

Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау;

Өлеңдерін оқыта отырып өз ана тілін бағалай білуге баули отырып, сөздік қорларын дамыту және еркін сөйлеп, ойын ашық жеткізе білуге үйрету;

Қазақтың қара домбырасының қасиетін ұғындыра отырып ұлттық мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу;

2


«Қоғам»

Жеке интеллектуалдық әлеуетін көрсете алу

3

«Мен»

Жеке тұл,аны сөз мағыналарын меңгеруге баулу


Блум таксономиясы бойынша кезеңдер


Уақыты:


Сабақ тақырыбы:

І.Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері.

Жалпы мақсат:

Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау арқылы өлеңдерін оқыта отырып, өз ана тілін бағалай білуге шақыру, сөздік қорларын дамытып, еркін сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге үйрету және қазақтың қара домбырасының қасиетін ұғындыра отырып ұлттық мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

  3. 6-сыныпқа арналған оқулық

  4. Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Ілияс Жансүгіровтің өмірі және шығармашылығымен таныса отырып, өлеңдерін оқиды;Оқи отырып өз ана тілін бағалай білуге үйренеді, қазақтың қара домбырасының қасиетін ұғынады, тапсырмаларды орындай отырып,сөздік қорларын кеңейтіп, еркін сөйлеуге машықтанады.


Сабақта қолданылатын материалдар:

Ілияс Жансүгіровтің портреті, электрондық оқулық, интерактивті тақта, домбыра, жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған әдебиет оқулығы ,бейне ролик.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты:

Оқушылар назарына «Домбыра» видеоролигі ұсынылады. Түстер арқылы топтастырады.

Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.

5 минут

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Серпінді доп» әдісі: Бір біріне сұрақ қою және сұрақтарға жауап беруді ұсынамын. Оқушыларды сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша өзара сұрақтар қояды

Оқушылар сұраққа топпен және жеке жауап беру арқылы жақын арадағы даму аймағын орнатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын жандандырады.

5 минут

Теориясы

«Білу»

(Кім? Не ? Қашан? Қайда? Не істеді?)


ІІІ. Жаңа тақырып

- Балалар, енді назарларыңды тақтаға аударыңдар. Мен

сендерге бейнеролик көруді ұсынамын.

- Бейнероликтен не байқадық? Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

( Оқушылардың ойын тыңдау )

-Ендеше сабағымызға қандай мақсат қоямыз?

Оқушылар бейнеролик көру арқылы мұғалімнің қойған сұрағына жауап бере отырып, сабақтың тақырыбын ашады.

Мұғалімнің бағыттаушы сұрақтары бойынша сабақтың мақсатын белгілейді

5 минут




Теориясы

«Түсіну»

(Неге? Неліктен? Не үшін?)











Практикасы

«Қолдану»

(Оқулықтағы тапсырма бойынша жұмыс)



Оқушыларға қосымша мәлімет беру

1894 ж.

14 мамыр

Бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( Қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында) туған


1909 ж.

Петербургте шыққан Абайдың жинағы қолына түседі.


1928 ж.


«Сағанақ» тұңғыш кітабы жарық көреді

1929 ж.


«Күй» поэмасы

1930 ж.


«Дала» поэмасы

1934 ж.


«Күйші» поэмасы

1936 ж.


«Құлагер» поэмасы

1938 ж.

Қайтыс болды


«Анам тілі» өлеңі

- Балалар,өлеңмен таныспас бұрын «Анам тілі» не жайында деп ойлайсыңдар?

( Оқушы ойын тыңдау )

Электрондық оқулықта берілген «Анам тілі» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Өлеңнен түсініксіз сөздерді оқушыларға тергізіп алу. Мағынасын ашу

Бағасы алтын анам тілі – қымбат

Бағаланған балаң түрі - есейген

Маңымды танығанмын – білдім

Тәттілік – қадірлілік

кәусар – жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада

- «Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?» сұрағының төңірегінде ой қозғау.

Аружан жазып келген «Анам тілі» атты шығармасын оқиды. (Шығарманы талдап кету)

Электрондық оқулықта берілген «Домбыра» өлеңін ашып қоямын.

Домбыра жайында қысқаша айта кету. ( Оқушылар пікірін де біле кету абзал)

Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Негізінен, екі ішекті немесе кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау» т.б.

Домбыраның құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Домбыра тұтас ағаштан ойып жасалады.

«Домбыра» өлеңін оқып, мазмұнын ұғындыру.

Сабақты әңгіме әдісімен әрі қарай жалғастыру. Өлеңде не туралы әңгіме айтылады?

Домбыра үні

Әуез

Қарқын

Күй суреті

Осы жоспар бойынша талдау

Интерактивті тақтаға назар аударту. Электрондық оқулық бойынша «Әдеби теориялық ұғымдар» модулінен градация туралы мәліметті тыңдау, дәптерге жазу, қайталап тыңдау.

( Не түсінгендерін сұрау, талдау)

Градация, дамыту- алдыңғы сөзден соңғы сөзі, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.




Прямая соединительная линия 8Прямая соединительная линия 9hello_html_m30514c51.gif

Түйдектету Баяулату

«Домбыра» өлеңінде осы екі түрі де бар.

(Оқушыларға тапқызып, талдату, салыстыру)

Домбыра, сенде мін бар ма?

Мінсіз болсаң тіл бар ма?

Тіл жоқ деуге бола ма?

Тілден анық үн барда.

Домбыраның күші мол

Көмейінде күй барда?

( Түйдектеу бағытында жазылған )

Келді жақын сең қағысқан,

Үн шыққандай жолбарыстан

Тұншыққандай

Өлді арыстан

Ат шапқандай

Жер қайысқан.

( Баяулату сарынымен жазылған )






















5 минут













































5 минут





«Талдау»

(Салыстыр, айырмашы

лығы неде? )

IV.Шығармашылық жұмыс

М.Жұмабаевтың

«Қазақ тілі» өлеңі

Ортақ қасиет

І.Жансүгіровтің

«Анам тілі» өлеңі

Тіл тағдыры толғандырады

Екі ақын да ана тілінің келешегіне сеніммен қарайды

Байтақ әлемді таниды

5 минут

«Жинақтау»

(Алынған ақпарат негізінде ойды жүйелеу, қорытынды жасау)

V.Қорытындылау

Мазмұнды сызба

Семантикалық карта толтыру

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

5 минут

VI. Үйге тапсырмасын беру

І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын оқу

«Анам тілі» өлеңіне балама жазу

«Домбыра-қазақ халқының ұлттық аспабы» эссе ( ойтолғау) жазып келу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

1 минут

«Бағалау»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойың қандай?)

VII. Бағалау

Табыс критерийлері бойынша бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

5 минут

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Стикердегі ой»

2 минут



Сабақтар топтамасында жиі қолданатын әдістер - «Серпінді доп», «Құрастыр және жауап бер», «Өрмекші» стратегиялары, «ДЖИГСО» әдісі, «Қиялымдағы өзім...» тақырыбына эссе жазу, тұжырымдамалық карта жасау сияқты тапсырмалар болып табылады. Мысалы, «Серпінді доп» әдісінде оқушылар сұраққа топпен және жеке жауап беру арқылы жақын арадағы даму аймағын орнатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын жандандырады. «Құрастыр және жауап бер» әдісі бойынша оқушы өзі тақырып аясында сұрақ құрастырып, қасындағы оқшыны сұрақ қою арқылы жақын арадағы даму аймағына жетелейді. Бұл тапсырма үйге берілетін тапсырмаға өте қолайлы болып табылады және


Осы тапсырмалар мен стратегиялар аясында оқушылар айтылым, жазылым, тыңдалым сияқты тілдік стратегияларды жүзеге асыра отырып, оқушылар Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттарды есіне сақтаудың әр алуан жолдарын үйренеді. Оқып үйренудің нәтижесінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы, ауызша сөздік қорларының кеңеюі, өз ойларын еркін жеткізе білуі жан-жақты дамиды. Әр топтағы, әртүрлі деңгейдегі оқушылардың қарым-қатынастарын бақылай отырып, бала білімінің қай деңгейде екендігін анықтау үшін, әр тақырыпқа байланысты табыс критерийлерін құрастырып ұсынуды, оқушыларға сол арқылы өзін шынайы бағалатуды көздеген жөн.

Жоспарлаған сабақтарымда оқушылардың жаңаша оқыту әдіс-тәсілдерінің ерекшелігін қызығушылықпен қабылдайтынына сенемін. Өзін-өзі реттеуі, топта өз орнын біліп, жан-жақты өмірге деген көзқарасы жас ерекшеліктеріне қарай түсінуіне бағыт-бағдар береді. АКТ-ні тиімді қолдануға үйренеді. Басқаның айтқан пікірін тыңдап, өз ойларын ашық, еркін жеткізеді. Өзін-өзі, басқаны бағалай білуге дағдыланады. Осы бағдарламаның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы, оқушыларды қызықтыру арқылы олардың мектепке деген, оқуға деген көзқарасын өзгерте алатыныма сенімдімін.



Автор
Дата добавления 07.04.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Конспекты
Просмотров156
Номер материала ДБ-014915
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх