Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалы"Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер"модулін еңгізген туралы есеп

"Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер"модулін еңгізген туралы есеп

Скачать материал

 

Ембі қалалық №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің  "Мектептегі тәжірибе" кезеңінде тізбектелген төрт сабағына "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер"модулін еңгізген туралы есебі.

 

       ҚР "Білім туралы" Заңында:" Білім беру жүйесінің  басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу"-делінген. Күннен – күнге еңбекпен ізденісті талап  ететін, ХХІ-ғасырда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін өзін-өзі іске асыруға,  өзін-өзі дамытуға және өз  бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мұғалімнің басты  мақсаты. Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден-бір себебі - мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек.

       Бұл бағдарлама мұғалімнің педагогиканың  аспектілеріне қатысты ғылыми зерттеулермен танысуына және білім алудағы стратегияларды өз тәжірибесінде қолдануына жан-жақты жағдай жасап, ықпал етуде. Осы бағдарламада қарастырылған 7 модуль идеясы сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара тығыз байланысты екеніне көз жеткіздім. Мен "Мектептегі тәжірибе"кезеңінде, сабақтарыма Бағдарламаның жеті модулін еңгізіп,  "Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал"(Нұсқаулық 8-б.) деген қағидаға сүйендім. Сабақтарымды жоспарлау барысында, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ғаламтордан көптеген материалдар алып,  түрлі әдіс-тәсілдер, көрнекіліктер, бейнеролик, презентация әзірлеп, сабағымды тартымды,қызықты өткізуге өз күшім мен уақытымды аямастан көп ізденіп,оқушылардың тақырыпты өз бетімен меңгеруіне жағдай жасадым. Мұғалімге арналған Нұсқаулықтың 34-бетінде "Мұғалім ең алдымен оқушыларда Чиксенмихай (2008) "өзіндік мақсат"деп атайтын және Райан мен Деки (2009)«iшкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына  жағдай жасауға  тырысуға тиіс,сол кезде оқушылар өздері-өздерін ынталандырып, осыдан кейін оқушыларда ұмтылыс пен қызығyшылық, құлшыныс, ынта пайда болaды,"-делінген.Мен бірінші сабағымнан оқушылардың ішкі уәжінің дамуына, сыртқы уәжді қабылдай білуіне ықпалдастым.Мысалы,"Сүйінбай Аронұлы."Жақсы мен жаман адам қасиеттері" тақырыбында өткен бірінші сабағымда,"Сіз маған ұнайсыз"жаттығуы арқылы бір-бірінің бойындағы қасиеттерін айтқызсам,келесі "Абай Құнанбаев."Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ"тақырыбында өткен екінші сабағымды"Мен қандаймын?" жаттығуымен бастап, оқушыларға өз бойындағы қасиеттерін айтқыздым. Осыдан оқушыларымның сабаққа ынтасы мен қызығушылығының артқанын аңғардым. Бүгінгі таңда мұғалімдер тек сабақ беріп

 

қана қоймай, оқушылардың қызығушылығын оятып, сабаққа деген ынтасын да бақылауда ұстауы қажет. Оқыту туралы көзқарасқа тоқталар болсам, бағдарламаның басым бөлігінде түрлі тәсілдер қарастырылғанына қаpамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздері қамтылған."Жақсы мұғалім деген атқа түрлі әдістерді меңгеріп, соларды оқытуда қолдана білу арқылы ғана жетуге болады. Сонымен қатар, бірнеше әдісті меңгеріп қана қоймай, өзіне қажет әдісті тауып,пайдалана білу керек",- деп ғұлама Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, сабақта Бағдарламаның жеті модулін қамтығанмен, солардың ішінен ең тиімдісін өз сабағымызға бейімдеп аламыз, дей тұрғанмен таңдаған модуліміз Бағдарламаның 7 модулімен тығыз байланысты екенін естен шығармаған жөн.

         Мен сабақты қызықты әрі тартымды өткізуге, жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын.Білім алушылардың өздігінен тақырыпты ашуына жетелеймін. Осы тұста оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер пайдаланған өте тиімді екеніне көзім жетті.

       Мұғалімнің міндеті — баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала өмірде өз жолын таба алады деген ойдамын. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланyшы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырyшы, көшбасшы.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыру үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдiс-тәсілдерді қолдануға болады. Мен сабақтарымды бастамас бұрын сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру үшін түрлі жаттығулар жасаттым.Бұл жаттығулар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болды.Олардың:"Келесі сабақты қалай бастаймыз?","Қандай жаттығу орындаймыз?"деген сұрақтарынан, бұл әдіс-тәсіл оларға ұнайтынын түсіндім."Бір-бірімізге тілек айтайықшы,"-деген ұсынысын қабылдап,"Әсемпаз болма әрнеге" тақырыбындағы үшінші сабағымды "Жылы лебіз"жаттығуымен бастадым.

        Сабақтарымда қолданған "Жас зерттеушілер", "Үштік модель", "Ойлан,бірік,бөліс", "Ізде,тап,айт" сияқты әдіс-тәсілдер оқушылардың топпен жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін тыңдау, мәмлеге келу сияқты қабілеттерін шындауға көптеген септігін тигізді.

       Бұрыңғы дәстүрлі оқыту кезінде жетекші рөл үнемі мұғалім тарапынан келетіні және сабақтың тең  жартысында оқушыға түсіндіремін деп өзім  сөйлеп, уақытты өткізіп алып, оқушының өз ойын жеткізуге мүмкіндігі болмайтыны.Өз тәжірибемнен алатын болсам, сабақ барысында сол тақырыпты оқушыға жете меңгертемін деп көп уақытты өзім пайдаланады екенмін. Ол кезде оқушы тарапынан сөйлеу аз екеніне аса мән бермеппін.Сыныпты топтастырып,Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу  оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі"(41-б.) екенін назарға алып,әр топқа тапсырманы талқылауға бергенде, сабақта белсендік таныта бермейтін, көп сөйлемейтін оқушыларымның үні естіліп,оқушылар бір-біріне жаңа тақырыпты меңгерткенін көргенде көңілім толды. Осы арада Нұсқаулықтың 32-бетіндегі "Мұғалім оқыту ортасын құру керек,соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын

 

болады,"-дегенге көзім жетті.Әр сабақта оқушылар берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап,сұрақтар қойып, бір-біріне кеңес беріп,өз алдына мақсат қоя білді.

      Оқyшылардың шығармашылық қабілетін дамытy барысында келесі міндеттерді анықтадым. Мазмұнға байланысты мiндеттер:  Жаңа сабақ тақырыбын аша алады. Мақсатын айқындай алады. Өлеңдегі жақсы, жаман қасиеттерді салыстыра отырып, Венн диаграммасы арқылы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.

     Сыныпты топқа бөліп, тапсырма орындату барысында "Мысал келтіре аласың ба?","Көмектесе алатындар бар ма?" деген сынақтан өткізу,қайта бағыттау сұрақтарын қойып,«Диалог негізінде оқыту және оқу" (Mercer,1995; Аlexander, 2008) тәсілін қамтыдым. Топтық жұмыс кезінде оқушылар  өз ойларын ортаға сала отырып, бір-бірімен пікірлесті,оpтақ қоpытынды шығарды,тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындады,топ мүшелерінің сұрақтарына жауап берді,қорытынды шығарды, өз пікірін дәлелдеді,басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге үйренді.

     "Қалай оқу керектігін үйрету» (Flavel 1976 және Vygotsky 1978) тәсілін сабақтың тақырыбын оқушылар өздері анықтап,тақырыпты өз бетінше меңгерту кезінде  қамтамасыз еттім. Мысалы,"Абай Құнанбаев"Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ"тақырыпты сабағымда оқушыларды ат әбзелдері бейнеленген суреттерінің қиындысын таратып,    "Пазл" әдісі арқылы топтастырғанда, олар сабақтың тақырыбы атқа байланысты екенін анықтады.Ал Сүйінбай Аронұлының "Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" өлеңімен таныстырмас бұрын сыныпты "Жақсы қасиеттер", "Жаман қасиеттер","Мақалды жалғастыр" деп топқа бөлген болатынмын.Мақалдардың тақырыбы да адамға тән қасиеттер туралы болды. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мен: Сабақты немен бастадық?"-деп сұрақ қойдым.Нұрай есімді оқушым:"Бір-біріміздің қасиетімізді айтудан бастадық",-деп жауап берді.Анель есімді оқушым:"Топтасқанда да жақсы қасиеттер, жаман қасиеттер, деп топтастық, мақалдардың тақырыбы да  адамға тән қасиетер",-деп Нұрайдың сөзін толықтырды.Осы арада мен: "Біздің сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?"-деп сұрақ қойғанда, Ботагөз есімді оқушым:"Адамға тән қасиеттер",-деп сабақтың тақырыбын ашты.

     Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың  ойын дамытып, оларды еркін сөйлеуге, пікірін дәлелдеуге, жұмысын қорғауға үйретеді. Осы сабақтарды жүргізу барысында, балалардың бойынан білімге деген құштарлығын, жаңашыл дүниеге қызығушылығын, өздеріне деген сенімділігін, өзінің дүниесін өзгемен бөлісуін, сынып ішіндегі ынтымақтастық атмосферасын, өз-өздерін реттеуін және бәсекеге түсу арқылы топ үшін жан ұшыра атсалысқандарын  байқадым.Менің ойымша, әлі де болса оларда еркін ойлау жетіспей жатыр. Өзгерістер көзге көрініп тұрды. Әрине бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы бірден топтық жұмыспен еркін ұстау,  жаңа тәсілмен оқытуға  қалыптастыру өздігінен қалыптасып  кете  қалатын оңай жұмыс емес.Тәжірибе барысында сыныптағы психологиялық ахуалға ерекше мән бердім, нәтижесінде оқушыларымның өздерін еркін ұстауын байқадым. Оқушыларыма сабақтарым өте

 

ұнады. Мұғалім бүгін қызықты не әкеледі екен? Сабақ қалай өтеді? дегенді көздерінен оқып, менде де сабақ беруіме деген бір жаңаша құлшыныс пен ынта, жігер  пайда болды. Әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, оқушыларды сыни ойлауға бағыттау жолында жүргізілген сабақтар мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімді деп ойлаймын.Сабақтар барысында оқушылардың жеке, жұптасып, топтасып жұмыс істейтіндей тапсырмалар дайындадым.Мысалы, қара сөз туралы мәліметті әр оқушыға таратып,жеке оқып шығып болған соң қасындағы сыныптасымен жұптасып талқылап, ойларын ортаға салуды тапсырдым.

     "Судан шыққан хат", "Хаттағы сұрақтар", "Сұрақ бізден,жауап сізден", "Кезектесіп қайталау" сияқты әдіс-тәсілдер оқушылардың жеке және жұппен жұмыс жасауына мол пайдасын тигізді.Сонымен қатар бұл әдіс-тәсілдер арқылы мен сыныптағы көшбасшылыққа бейім оқушыларды анықтадым.Олар тобына тапсырмаларды реттеп, айтқанын істетіп, өзін тыңдата білді.

                      

 

      Мерсер мен Ходжкинсон (2008) зерттеулері оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. (Нұсқаулық,39-б.) Сабақтар барысында тұйық оқушыларым сабаққа араласып,белсендік танытты.Оны мен диалогтік оқытудың маңызы деп қорыттым.Сыныптағы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауы, сұхбаттасуы тақырыпты меңгеруге көптеген пайдасын тигізді. Александер(2004)оқытудағы әңгімелесу - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды.(Нұсқаулық, 40-б). Постер даярлау барысында топ мүшелері түрлі ұсыныстар айтты. Біреуі:"Түсінгенімізді сызбаға түсірейік,"- десе,екіншісі: "Сурет салған тиімді,"- деп,ойларын ортаға салып жатты,дей тұрғанмен барлығы келісімге ұмтылды. Осы арада мен Мерсердің зерттеуіне сәйкес,табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие"(40-б)дегеніне көзім жетті.Себебі талқылау барысында әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынды,оқушылар бір-біріне сұрақ қойды, қатысушылар келісімге жетуге тырысты.

   Выготский:"Оқушыларға жаңаны үйренуде ересектердің көмегі немесе қолдауы керек,"-дегенін басшылыққа ала отырып,оқушылар топпен жұмыс жасап жатқанда, олардың қасына барып, әр қайсысының пікірін тыңдап, қажет болса көмек беріп,тапсырманы дұрыс орындауға бағыт-бағдар беріп отырдым.

 

   

 

 

                         

     Мұғалімдерге арналған Нұсқаулықтың 62-бетінде 15 сурет берілген. Бұл суретте үш білім саласының қиылысу ортасында  Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан.Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Келер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек.(Нұсқаулық,65-б.)Мен әр сабағымда АКТ қолдану арқылы,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана білдім.Мысалы,"Отыз бірінші сөз"тақырыбындағы сабағымда үнтаспадан Абай Құнанбайұлының бірінші және отыз бірінші қара сөзін тыңдаттым.Ақынның отыз бірінші қара сөзінде есте сақтау қабілеті туралы айтылған,сондықтан мен сергіту сәтінде есте сақтау жадысының тестін өткіздім.Осы арада мен сөздерді слайдтан көрсетіп және оқып бердім.Кейін оқушыларға есте қалған сөздерді дәптерлеріне жазуды тапсырдым. Бұл сергіту сәтін мен тақырыппен байланыстыра білдім,сонымен қатар оқушылардың көру және есту қабілетінің қаншылықты дамығанын тексердім. Сабақ барысында ұйымдастырған сергіту сәтін де оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі деп есептеймін. Себебі, бұған дейінгі дәстүрлі сабақтарымызда бұл әдіс ішінара ғана қолданылатын. Ал мен өзімнің мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізген тізбектелген сабақтар топтамамда балалардың ойын, бойын сергіту мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырғанымда, оқушылардың аса қызығушылық танытып, көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа деген құлшынысының артқанын байқадым. Және де сабақ барысында сергіту сәтінің ұйымдастырылуын асыға күтіп отыратынын аңдадым.Сергіту сәтін ұйымдастырғанның өзінде де тақырыптан алшақтамай, сол жаттығуды неғұрлым сабақпен байланыстырғым келді.Мысалы, "Сүйінбай Аронұлы."Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" тақырыпты сабағымда "Театр Кабуки" сергіту сәтін өткізбес бұрын кейіпкерлерге мінездеме бергіздім.Оқушылар:"Ханшайым нәзік, Айдаһар қаһарлы, Самурай ержүрек",-деп өз ойларын айтып жатты."Әсемпаз болма әрнеге" тақырыпты сабағымда "Бәрі өз қолында" бейнеролигін көрсетіп,оқушылардың осы көрсетілімнен не түсінгенін сұрадым.Осы арада Аружан есімді оқушым:"Адам жақсы жолды да, жаман жолды да өзі таңдап алады,"-деп, мен күткендей жауап берді.Осылай мен әр сабағымның сергіту сәтін бір-біріне ұқсамайтындай етіп өткізуге тырыстым.

    "Әсемпаз болма әрнеге" тақырыпты сабағымның түйінді идеясы Абай Құнанбайұлының:" Қисық жол апарады терең орға.Түскен соң терең орға шығу қиын,Сондықтан өміріңді терең ойла"деген сөздері болды.Мен оқушыларға осы жолдардың мағынасын аштырдым. Аружан есімді оқушым:"Адам жаман жолға түсіп кетсе, одан шығу қиын болады,жаман нәрсені адам тез үйренеді, ал жақсы

 

нәрсеге үйрену үшін адам көп күш жұмсайды,"-деп  өз ойын айтса, Анель есімді оқушым:"Жаман жолға түспес бұрын адам өз ойын таразыдан өткізіп,әр ісін ақылмен істеген жөн,"-деп, ұшқыр ойын жеткізді.Сабақтың басында оқушыларға бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын жеткізуді көздеп,"Өмір үшін күрес"бейнеролигін көрсеттім. Оқушылар бейнероликті көріп болған соң:" Мен сендерге бұл бейнеролик арқылы не жеткізгім келді?"-деп сұрақ қойғанда,Анель есімді оқушым:"Біз бір үйдің баласындай ұйымшыл болуымыз керек,осында   отырған 6"а"класс оқушылары сабақта бір-біріне қол ұшын беріп, қиын сәтте бір-біріне көмек беріп жақсылықты бөлісе білу керек,"-деп, мен күтпегендей жауап берді."Кезектесіп қайталау"әдісін пайдаланып, оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыттым.Қабырғаға 5 плакат іліп,сабаққа қатысты сұрақтар жазып қойдым. Әр топ плакаттарда берілген сұрақтарға кезектесіп, жауап жазды.Осы кезде "Оқу оқып білім алу үшін адамда қандай қасиет болуы қажет деп ойлайсың?"-деген сұраққа Ақбілек есімді оқушым:"Білімді, саналы, өз ойын ашық айтатын, қайратты, өзгелермен топтасып жұмыс жасап,бірігу керек"-деп жауап берді.Ол өз жауабын өмірмен ұштастыра білді. Ақбілек пен Анельдің жауаптарынан мен оқушылардың топтық жұмыстың маңыздылығын түсінгенін аңғарып, бірлесіп жұмыс істеуге, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы білім алып, бір-бірін үйретуге дайын екенін түсіндім.Бұл сабақ басталмай тұрғанда, Анель менің қасыма келіп:"Эльвира Мағауияқызы, бүгін бізді қалай топқа бөлесіз?"-деп сұрақ қойып,стикер арқылы топтастыратынымды естіген соң:"Стикерлерді жақсылап араластырайыншы,әйтпесе мен үнемі бірінші топқа тап боламын,"-дегенін естігенде,оның сабақта бір орында отырмай, жылжып, басқа топ мүшелерімен араласып жұмыс істегенді жақсы көретін оқушылардың бірі деп қорытындыладым.

   (Barber and Mourshad,2007) Мектеп жұмысы мен оқушы  жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім ( Strong, Ward & Grant, 2011) деген сөздерін басшылыққа ала отырып,әр сабағымның соңында кері байланыс жасадым.Кері байланыс маған оқушыларымның тақырыпты қаншалықты меңгергенін, сабақ соңында қандай сезімде болғанын білуге көмектесті. Мысалы "Сүйінбай Аронұлы."Жақсы мен жаман адамның қасиеттері" тақырыпты сабағымның соңында "Алма ағашы"әдісін пайдаланып оқушыларға алма бейнесіндегі сары, қызыл,жасыл түсті стикер таңдауын ұсындым.Бұл тұста қызыл түсті алма -тақырыпты меңгерген жоқпын, сары түс-меңгергендей болдым, жасыл түс - толық меңгердім дегенді білдірді.Келесі"Абай Құнанбайұлы."Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ" тақырыбындағы сабағымның соңындағы кері байланысты "Баспалдақ"әдісі арқылы жасадым.Бұл жолы оқушыларыма төменнен жоғары қарай баспалдақпен көтеріліп келе жатқан адам бейнесі берілді.Оқушылар бұл жолы сабақтың қаншалықты қиын болғанын көрсетті."Әсемпаз болма әрнеге"тақырыпты сабағымда "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы оқушыларға бір-бірінің сабақтағы жетістігін айтқызып, ұсыныс жасаттым.Айдын Еркебұланға:"Сен бүгін сабақта жақсы жұмыс жасадың, бірақ сұрақтарға жауап бергенде сенімсіздік байқалды,"-деп өз ойын айтты.

    

Алдағы уақытта Бағдарламаның 7 модулін басшылыққа ала отырып, сабақтарымды қызықты, шығармашылыққа толы, оқушы зейінін сабаққа аударып, қызығушылығын, ынтасын арттыратындай, нәтижесінде сапалы білім, саналы тәрбие алып, еліне адал қызмет ететін шәкірт тәрбиелеп шығарамын деп үміттенемін.

 

 

 

Пайдаланған әдебиет: Мұғалімге арналған нұсқаулық.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер"модулін еңгізген туралы есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 322 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.09.2015 4385
    • DOCX 310.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курантаева Эльвира Магауевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курантаева Эльвира Магауевна
    Курантаева Эльвира Магауевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36875
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения немецкому языку

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс профессиональной переподготовки

Китайский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель китайского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек