Тараз
қаласы әкімдігінің білім бөлімінің А.С. Пушкин атындағы №41 көпсалалы
гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 1 деңгейлі мұғалімі Г.С.
Өмірқұлова
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі қазақ
тілі сабақтарында топтық жұмыс формаларын қолданудың тиімділігі
Заманауи педагогикалық теория мен тәжірибеде өскелең ұрпаққа қойылар өмір
талаптары мен мектептептің берері арасында қарама-қайшылық туындап отыр.
Өкінішке орай, біз қолданып жүрген дәстүрлі әдістер оқушылардың ойлау
әрекетінің тәсілдерін толық мәнді меңгеруіне ықпал етпейді, себебі бұл әдіс
негізінде жеке тұлғаның интелектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерінің
дамуынан гөрі баланың дайын білімді меңгеруіне бағытталған тәсіл болып отыр. Қазіргі
жағдайда оқу мен оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі формаларын жақсы меңгерген
заманауи ұстаз өз тәжірибесінде оқушыларға білім берудің дәстүрлі емес
әдіс-тәсілдерін де қолдана алады. Бұл даму бағдарламасында көрсетілген
оқу-тәрбие үдерісінің міндеттерін тиімді шешуге бағытталған ұстаздың
педагогикалық жаңа ұстанымының қалыптасуымен байланысты.
Оқу мен оқыту үдерісін ұйымдастыруда басым
бағыттардың бірі жеке тұлғаға бағытталған білім беру болып қала береді және бұл
орынды да, себебі әр ұстаз өзіне сыныпта әр оқушы өзін жайлы, сенімді сезіну
үшін не істеу керек, оқушылар өз мүмкіндіктерін қалай бағалай алады, мұғалімге
жауап берер кездегі қорқынышын қалай жеңуге болады, ең бастысы- оларды еркін
ойлауға қалай үйрету керек деген сұрақтар қояды. Осындай сұрақтарға жауап беру
үшін көптеген
әдіс-тәсілдерді өз педагогикалық тәжірибемнен өткізіп көріп, топтық жұмыс
формасына тоқталдым. Топтық жұмысты
ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін теория жүзінде оқып-үйреніп жүргеніммен сыныпта
күнделікті қолдануға қиынсындым. Тек педагогикалық шеберлік орталығы
ұйымдастырып өткізген мұғалімдерді деңгейлік оқыту курсынан өткеннен соң ғана
бұл жұмыс түрін толық меңгердім десем болады. Сонымен қатар мен топтық жұмыс
түрінің оқу мен оқыту үдерісін ұйымдастырудың тиімді формасы екендігін, оның
көптеген дидактикалық және тәрбиелік мәселелерді шешеуге ықпалы зор екендігін
түсіндім. Ол оқушылардың бірлескен
әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, оқушылар арасындағы ынтымақтастық пен
өзара көмек беруге бағыттайды, коммуникативтік дағдыларын дамытады, әсіресе,
сыныптағы психологиялық ахуалды жақсартады. Топтық жұмыс оқу мен оқытудың
бастапқы кезеңінде ғана емес, оқу-тәрбие жұмысының барлық кезеңінде маңызды.
Топтық жұмыс формаларын ұйымдастыру туралы
арнайы психологиялық әдістемелік материалдардың аздығына қарамастан мұғалімдер
бұл жұмыс формаларын сабақтарында белсенді қолдана бастады.
Американ психологы Д. Гудледтің
зерттеулері(1984г.) оларда (біздің дәстүрлі мектептердегідей) белсенділік
деңгейі орташа оқушылар сабақта (тақырыпқа сай) күні бойына тек 7 минут қана
сөйлейтіндігін көрсеткен. Ал бірлескен жұмыс ахуалында бұл сан анағұрлым
өзгермек. Әдетте оқушылардың сабақтағы белсенділігі оның қол көтеруімен, сынып
алдында жеке сабақ айтуымен есептеледі. Ал, егер бала өзінің психологиялық
ерекшеліктеріне байланысты жұрт алдында сөйлеуге әлі дайын болмаса ше? Сырттай
белсенділік танытқан оқушының берілген материалдар бойынша шынайы білімінің бар
екендігіне кім сенімді?
Бұл жүйеде бірінші кезекте оқушылардың шағын
топтардағы белсенділігі ескеріледі- онда олар өздерін жайлы сезінеді. Оқушы
әртүрлі себептермен сыныптастары мен мұғалімнің алдында сөйлеп, өз пікірін
білдіре алмағанымен, топ ішінде белсенділік танытып, ұсынылған мәселені
талқылауға, тапсырманы орындауға барлығымен бірдей қатыса алады. Мұндай
жағдайда оқушы өз-өзіне сенімдірек, ал бұл оқудың алғашқы кезеңінде өте
маңызды.
Осыған орай, менің педагогикалық
әрекетімнің ерекшелігі- шағын топтарда оқыта отырып, баланың өз-өзіне
сенімділігін нығайту.
«Қазақстанда білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасының» Қазақстан
мектептерінің алдарына қойған: «Экономиканың
орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами
капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» мақсат-міндеттеріне
сүйене отырып, мен өзімнің мақсатымды анықтадым: оқушылардың танымдық
белсенділігінің нәтижесіне сабақта таңдап алынған жұмыс формалырының қаншалықты
ықпалы бар; оқу мен оқытуды ұйымдастыруда топтық жұмыс формасының
жағымды-жағымсыз жақтарын анықтау ( оқу мен оқыту үдерісіндегі белсенділіктің
қамтамасыз етілуі; оқу материалын меңгерудегі жетістіктер; оқушылардың жалпы
дамуы, олардың әрқайсына жеке қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайдың жасалуы).
Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер
қойдым:
1. Қазақ тілі сабақтарында топтық
жұмыс формаларын қолданудың әдіс-тәсілдерін оқып-үйрену және сипаттау.
2. Қазақ тілі сабақтарында топпен
жұмысты ұйымдастыру формаларын, әдіс-тәсілдерін 5-10 сынып оқушыларымен
апробациядан өткізу.
3.
Топпен жұмыс
формасын қолдану топ алдына қойылған мәселені шешу жолын табуға
бағытталғандығын көрсету.
Менің педагогикалық тұжырымдамамның негізі оқушылардың оқу
материалын анағұрлым терең және сапалы қабылдауы топтағы жеке тұлғааралық
танымдық қарым-қатынас пен өзара әрекеті нәтижесінде іске асады деп есептеймін.
Менің педагогикалық
қызметімнің басты мақсаты – әр оқушыға жеке
мүмкіндігіне сай білім алуына жағдай жасау.
Өз педагогикалық қызметімде мен келесі ұстанымдарымдарды
басшылыққа аламын:
1. Оқу арқылы тәрбиелеу: мен балаларды дербестікке, өз
іс-әрекетін жоспарлай алуға, шешім қабылдауға, тез тіл табыса білуге және
төзімділікке үйретемін;
2. Табысқа бағдарлану: әр оқушы ақылды болуға құқылы;
дамуға бағдарлану: баланың болар-болмас табысына
дейін жіберіп алмау, назардан тыс қалдырмау, оны бекітіп, ары қарай дамыту;
3. Ынтымақтастық: мен сіздермен біргемін, біз мәселені бірге
шешеміз және табысымызға бірге қуанамыз;
4.
Оқу нәтижелерін тапсырмалар жүйесі мен қалыптастырушы және
жиынтық бағалау арқылы есепке алу.
Өзім зерттеп, оқу
мен оқыту үдерісіне енгізіп жүрген бұл жұмыс формасының артықшылықтары мен
кемшіліктерін анықтау үшін әріптестерімнің арасында коучинг-сессия
жүргіздім.Төменде осы тақырыпқа арналған коучинг сессияның жоспары және
рефлективтік есебі берілген.
Күні:08.10.2014
жыл
Коуч- сессия
|
Тақырыбы
|
Оқудағы ынтымақтастық
пен топтағы бірлескен жұмыс
|
Мақсаты
|
Оқудағы
ынтымақтастық пен топтағы бірлескен жұмыс формаларын қолданудың тиімділігін
талдау. Мұғалімдердің топтық жұмысты ұйымдастырудың практикалық дағдыларын
меңгеруіне жағдай жасау.
|
Ресурстар
|
1деңгей мұғалімдеріне арналған нұсқаулық. «Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс не үшін қажет?»
тақырыбында тұсаукесер
|
Күтілетін нәтиже
|
Мұғалімдер оқу мен оқыту үдерісінде ынтымақтастық пен топтағы өзара
әрекет жасау формаларының оқушылардың неғұрлым сапалы білім алуларына ықпал
ететініне көздері жетеді;
-топтық жұмысты ұйымдастырып өткізудің практикалық дағдыларын
меңгереді.
|
Негізгі идея
|
Бірлескен жұмыс
соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара
әрекеттің құрылымы болып табылады.
Жақсы
ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылардың әлеуметтік және эмоционалдық
дамуына, өзара қарам-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырып, мәселені шешіп
үйренуіне ықпал етеді. Бұл нәтижесінде оқушылардың өздерінің білім алуына
белсенді араласуына ынталандырады. Топтағы жұмыс оқушыларды ойландыруға,
алынған ақпаратты өңдеуге,қорытуға және өзгенің пікірін түсінуге
ынталандырады.
|
Дереккөздер
|
- «Ынтымақтастық
және топтағы бірлескен жұмыс не үшін қажет?» тақырыбында тұсаукесер
- Теориялық
материал.
- Сергіту
(видеосәт «Қаңқалар биі»)
- 1деңгей
мұғалімдеріне арналған нұсқаулық.
|
Материалдар мен құрал жабдықтар
|
компьютер, проектор,
экран, маркерлер, А3 форматы, үлестірмелі материалдар, сауалнама, видео
«Қаңқалар биі», аудиомәтін, бағалау критерийлері
|
Сабақтың барысы
|
Коуч–сесиияның өткізілу кезеңдері
|
уақыты
|
Коуч пен коучка қатысушылардың іс-әрекеттері
|
Сәлемдесу
|
5 мин
|
Коуч қазақ
ақындарының өлеңдері жазылған аудиомәтінді тыңдатады,
өлеңдердің авторын алғаш тапқан 3 қатысушы топ көшбасшысы болады. Содан кейін
топбасшылар сандықтан өз тобының мүшелерінің аттары жазылған қағаздарды
суырады. Осылайша 3 топ құрылады. Әр топ мүшесіне өз нөмірі ұсынылады №1,2,3…
(нөмірлер жазылған қимақағаздар даярлау)
|
Қатысушылардың сессия ережесін қабылдауы
|
15 минут
|
Сабақтың бастапқы кезеңінен қатысушыларға өз
оқуына жауапкершілігін сезіндіру үшін өзара сыйластық және сенімділікпен
жұмыс жасауларына жағдай жасап, сонымен қатар материалды меңгеру тиімділігін
арттыру мақсатында коуч:
1. Топтық жұмыс кезіндегі бөліс;
2. «Топтағы жұмыс
ережесін» жасауды;
3. өз ережелерін постерге безендіруді;
4. жұмыстарын қорғауды ұсынады.
|
Рефлексия
|
5 минут
|
Талқылау үшін сұрақтар:
- Топқа ортақ ереже құрастыруда қандай қиындықтар болды?
- Өз әріптестеріңізбен келіспеген тұстарыңыз болды ма?
|
Сергіту сәті
|
3 минут
|
«Қаңқалар биі».
|
Тақырыпты түсіну
|
40 минут
|
Топтағы жұмыс:
1. «ЖИГСО»
стратегиясы. Нөмірлері бойынша 4 жұмыс топтары
құрылады. Әр топ теориялық материалдағы өз бөліктерін қарастырады (Ресурс 2.
Теориялық материал). Содан соң өз топтарына қайта келіп, ақпаратпен алмасу,
талқылау жүреді
|
2. Кумулятивтік әңгіме:
1)
Топтық жұмыс формаларының артықшылықтары мен
кемшіліктері қандай?
2)
Топтық жұмыс кезінде оқушылардың оқу әрекеті
қалай ұйымдастырылады?
3)
Топтағы жұмыс ережесінің технологиялық үдерісі
қандай элементтерден тұрады?
4)
Оқытудың топтық жұмыс формасында оқушы мен
мұғалім арасындағы өзара әрекет қандай кезеңдерден тұрады?
5)
Топтық жұмыс формасының өзектілігі неде?
6)
Топтық жұмыс формасын қашан, қайда және қандай
мақсатта қолдануға болады?
|
3. «6
шляпа» стратегиясын қолдану (Ресурс 3. 6 шляпа). Талқылауға арналған сұрақ: Оқыту
үдерісін белсендендіруде топтық жұмыс формасының мүмкіндіктері. Жұмыс
басталар алдында коуч бағалау критерийлерімен таныстырады. (Ресурс 4. Бағалау
критерийлері).
5. Топтардың жұмыстарын
қорғауы.
|
Тренинг
|
10 минут
|
- Бірлескен
оқудың мәні (Ресурс 5. «Ынтымақтастық
және топтағы бірлескен жұмыс не үшін қажет?» тақырыбында тұсаукесер)
Сұрақтар:
Бірлескен оқу ұстанымдары қандай?
Топтарды қалай құруға болады?
Топтық жұмыстың артықшылығы неде деп ойлайсыз?
Мұғалімнің рөлі қандай?
Топтық жұмыс не үшін қажет?
|
Қорытынды «Блум текшесі» стратегиясы
|
7 минут
|
Текшенің әр бетінде сұрақтардың басы
жазылған: Не? Кім? Қалай? Қашан? Неге? Не үшін? Әр топ көшбасшысы кезекпен
текшені тастайды. Топ коучин мазмұнына қарай түскен сұрақтарын қатыстырып
сұраулы сөйлем құрастырады. Сұрақтар тізбек бойынша бір топтан екінші топқа
беріле береді. Берілген сұрақтарға басқа топ мүшелері жауап береді.
|
Кері байланыс
|
5 минут
|
Сауалнама
|
Итого:
|
90 минут
|
|
|
|
|
|
Коучинг-сессияға қазақ
тілі мен әдебиетінің 12 мұғалімі қатысты. Коучинг барысында тыңдаушылармен: Не
үшін топта жұмыс жасау қажет? Топта қалай жұмыс жасау қажет? Топта қандай
тапсырмалар орындалуы мүмкін? деген сұрақтар талқыланды.Кейіннен берілген
теориялық материалдарға сай тыңдаушылар «ЖИГСО»
стратегиясын , кумулятивтік әңгіме, «6 шляпа»
стратегиясы, «Блум текшесі» стратегиясын қолданып топта жұмыс
істеді. Коучинг-сессияның қаншалықты мұғалімдердің
кәсіби дамуына көмегі болғанын-болмағанын білу мақсатында «Топтағы жұмыс
рефлексиясы» жүргізілді.Ондағы: Жұмыс барысында бір-біріңмен тілдесу
тапсырманың орындалуына қаншалықты ықпал етті? деген сұраққа
мұғалімдердің барлығы тиімді болғандығын жазған.
Топтағы тілдесу қандай деңгейде болды?деген
сұраққа 12 мұғалімнің 4-уі өзара іс-әрекет жасау, 4-уі ақпаратпен
алмасу,4-уі барлық деңгейлер бірдей болдыдеп жазады. Тапсырманы орындау
барысында топ мүшелері қандай коммуникативтік қиыншылықтарға тап болды?деген
сұраққы мұғалімдердің 10 ақпаратттың жетіспеушілігі десе,2-уі
коммуникациялық жетіспеушілік деп жауап берді. Жұмыста сөйлесудің қандай стилі
басым болды?сұрағына мұғалімдердің 11 тапсырманы орындауға
бағытталғандығын және ауызбіршіліктің сақталғандығын жазған.
Сонымен қатар топтық
жұмыс формасының оқушылар үшін қаншалықты маңыздылығын анықтау үшін оқушылар арасында
сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 5-ші сынып оқушылары қатыстырылды. Сауалнама
небәрі 3 сұрақтан тұрды (орыс сыныптары болған соң, сұрақтар балаларға
түсінікті және ойларын жаза алу үшін орыс тілінде құрастырылды):
1.На всех ли уроках
тебе интересно? Да / нет
2.На каких уроках
тебе интересно?
А)когда объясняет
учитель
Б)когда ты работаешь
самостоятельно
В)когда ты работашь в
группе
3.Какие изменения
в проведении урока внес бы ты?
Нәтижесінде
сауалнамаға қатысқан 31 оқушының 25-і 1-ші
сұраққа «иә» деп, 6-уы «жоқ» деп жауап берген. Екінші сұраққа оқушылардың 22-сі
(71%) топтық жұмыс ұнайтындығын, 5-уі (16%) мұғалім түсіндіргенін, 4-уі (13%)
өз бетінше жұмыс істеу ұнайтындығын жазған. 3-ші сұраққа да оқушылардың 65%
топта жұмыс формасын енгізгілері келетіндігін жазған.
«Тартыспен түскен,бейнетпен келген жақсылық
қана-шын мәніндегі табыс» деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай ұстаз
болған соң, біз, өз ісіміздің жемісін, мол табысын шәкірттеріміздің білімін
сапа жағынан көрсету арқылы ғана жеткізе аламыз. Ондай болса, бәсекелестік
талабына сай оқытудың жаңа әдістерін ізденуден жалықпай, өз ісімізде батыл
әрекеттер көрсетіп, нәтижелі табыстарға жете берейік, әріптестер!
Түйін
Мақалада оқыту орыс тілді мектептердегі қазақ тілі
сабақтарында топтық жұмыс формаларын қолданудың тиімділігі туралы сипатталған.
Автор топтық жұмыстың түрлерін қолдану барысында, өзінің
педагогикалық ұстанымдарын да cөз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ж.Әбиев,С.Бабаев,А.Құдиярова.
Педагогика.- Алматы; Дарын, 2001.
2.Ж.Б.Қоянбаев,
Р.М.Қоянбаев.Педагогика.-Алматы;2000.
3.Г.А.Цукерман “Виды общения в обучении”- Томск;
“Пеленг”: 1993.
4.С.Танцоров “Групповая работа в развивающем
обучении”, пед.орталық “Эксперимент”- Рига, 1997.
5.Мұғалімдерге
арналған нұсқаулық.Бірінші (ілгері) деңгей. www.cpm.kz
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.