Инфоурок Химия КонспектыОқыту процесіндегі мұғалімнің ролі.

Оқыту процесіндегі мұғалімнің ролі.

Скачать материал



Оқыту процесіндегі мұғалімнің ролі

"Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз" демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,оң нәтижелер беруде.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында: "Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық- тар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау" делінген. Жас ұрпақ – еліміздің ертеңі, болашағы. Ендеше, білім беру саласындағы басты міндет ұлттық ерекшеліктерді есепке ала отырып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жетілдіру, жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сөйлесу іскерлігі, сөйлесу түрлерін оқытудың қай-қайсысы болмасын, сапалы әдіспен жалпы әдістеме мәселесіне келіп тіреледі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық техникасын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту, көзделуі қажет. Көрнекті педагог

В. А. Сухомлинский: "Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесімен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"-деп айтқан екен. Міне, осыған сай бастауыш сыныпта оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретіні, оның мазмұны оқу тапсырмалары түрінде берілетіндігі, оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындайтын ортақ тәсілдеріне үйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайтынды- ғы, әрбір орындалған тапсырманың мақсатын анықтауы, т.б. мәселелер қамтылады. Оны іс жүзіне асыру жүйелі жұмысты қажет етеді.

Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым - оқушыны субъект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Сондықтан,жаңа технологияны пайдалану дегенде, өз басым интерактивті тақтаны барынша көп қолдануға тырысамын. Бұл жағдайда интерактивті тақта көп рөл атқарады. Яғни , уақытты ұтымды әрі тимді пайдалануға мол мүмкіншілік береді. Жұмыстың көптеген түрлерін жүргізуге болады.Байланыстыра сөйлеудің заңдылықтарын оқушыға ереже түрінде емес, практикалық жолдармен үйретуде, грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игертуде интерактивті тақтаның көмегі мол.Бастауыш сыныптарда , әсіресе 1-сыныпта суретпен жұмыс, тіл дамыту жұмыстарын барынша көптеп жүргізуге тура келеді.Мысалға, 2-сыныпта өткізген мына сабағымды үлгі ретінде алып отырмын.

Слайд кетеді осы жерде

Қосу және азайту. 23 + 7, 30 – 7

Осындай жұмыстар оқушылардың қызығушылығын тудырады.Тілді үйренуге деген ынталарын, зейіндерін арттырады.

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, алда тұрған үлкен міндет екені мәлім. Тұжырымдамада, оқу бағдарламасында оқу әрекеті ерекше аталған. Ол – заңды құбылыс. Бағдарламада сөз болып отырғандай,яғни" ...оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту; жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтік ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенен іске асыру..."сынды жобалары қуантарлық жағдай. Үкімет ұсынып отырған 12 жылдық білім беруге көшу-өркениетті даму жолында еліміздің өтуге міндетті асуларының бірі.

Бастауыш сыныптардың жетілдірілген бағдарламасы әр ұстаздан оқу мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ету арқылы оқушылардың икемділігін , дағдыларын қалыптастыруды, бірлесе ойлау әрекетін игеруге жеткізетін дамыта оқытудың әдіс-амалдарын меңгеруді, пәнаралық байланысты іске асыруды, оқыту ісін оптималдандыру идеяларын практикаға енгізуді талап етеді. Соған сай, сабақта оқушыларды терең де тиянақты білімдермен қаруландырып, шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамытуға жетелеуіміз керек. Бұл мұғалімдер алдына білімдік және тәрбиелік міндеттен басқа оқушыларды оқу еңбегіне қызықтыру, олардың өз білімін дербес толықтыру дағдыларын дамыту мақсатын қояды.

Қазір бұрынғыдай емес, оқушылар ояу. Оларды мектеп өміріндегі оқу-тәрбие ісіне қатысты барлық нәрсе ойландырады: ұстаз мәдениеті, білігі, білім сапасы, шәкірттер мен оқушылардың достық, адамгершілік қарым-қатынастары – бәрі мазалайды.

Интерактивті тақтаныпайдалана отырып сыныбыммен «Білім мен парасат» атты интелектуалды сайыс өткіздім. Осы сайыс арқылы оқушылар әр пәндерден өз білімдерін ортаға салды.

Слайд кетеді осы жерде. «Білім мен парасат»



Мектеп – білім мен тәрбие берудің орталығы. Баланың өмірге көзқарасы, дүниетанымы, мінез-құлқы да мектепте қалыптасады.

Ұстаз! Осы сөзде қаншама құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Ендеше осы қасиетті сөздің иесі болу – бақыт. Ы. Алтынсарин атамыз: "...жақсы мұғалім – мектептің жүрегі", - деген еді. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі.

Әр ұстаз шығармашылықпен еңбек ету керек. Іздену, жаңалыққа ұмтылу – бүгінгі күннің талабы. Қайта құру өзімізден, өзіміздің іс-тәжірибемізді молайтудан басталады. Ұстаз оқу мен тәрбие жұмысын ұштастыра, байланыстыра жүргізу қажет. Оқу-тәрбие жұмысы ұстаздардан білімділікті, шеберлікті талап етеді.

Білімді ұстаз ғана өз оқушысының алдында беделге ие болады. Мұғалім өз оқушыларының пікірімен санасып, бірімен-бірі өзара достық қарым-қатынаста болса, оқу-тәрбие жұмысының да алға басатыны даусыз.

Қазір мұғалімдердің сабақ берумен ғана шектелмей, білім және тәрбие жұмысын бірге жүзеге асыру талап етіледі. Мұғалімнің сабағы өмірмен байланысты әрі білімдік, әрі тәрбиелік мақсатқа сай болу керек.

Сонымен қатар оқушы да өзін-өзі басқару дәрежесінде болуы керек.

Мен өз сыныбыммен 1-ші сыныптан бері «Ана тілі сабағында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін арттыру» тақырыбында жұмыс істеп келемін.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшіндұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдерқабылдай білуге үйренуі қажет.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай білуге,практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдары ұсынылады, сабақтардың мүмкіндіктері қарастырылады.

Бастауыш сыныпта жүргізіле бермейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі –өлең жазғызуға баулу. Мен бұл жұмысты 1-ші сыныптан, яғни баланың сауаты ашылыпболған соң жүргізе бастадым. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға тапсырма бердім.Мысалы:

а) -у -у -у -у

жақсы оқу

ә) –ға,-ға,-ға

бардым ауылға


б) Ауылға барамын

Төлдерді бағамын

Осы тәртіппен басталып, кейін күрделілене түседі.

Оқушыларды шығармашылыққа үйретудің тағы бір жолы – әңгімелер, ертегілер жазғызу. Мысалы мына тақырыптар бойынша тапсырмалар берілді: «Мен қалай құмырсқа болдым», «Менің атым қасық» және ертегі жазу жұмысын бердім.

1-тапсырма:

Ссиқырлы дәріні ішіп, көзге көрінбейтін болып қалған тышқанды мысық ұстауы үшін не істеуі керек деп ойлайсыңдар?

Жауаптар:

Сиязбек Әсияның жауабы - мысық сиқырлы дәріні ішіп тышқан тұрған жерге барып, тышқанды ұстайды деп жауап берді.

Осы тапсырмаға Ағайдарова Эльвира – Мысық бір уыс дәріні алып бөлменің ортасына төгіп қояды. Оны көрген тышқан дәнді біртіндеп ініне таси бастайды. Осылайша дәнді тасып жүргенде, мысық жаймен барып тышқанды ұстап алады жеп жауап береді.

Осылайша әр түрлі тақырыпта тапсырмалар берілді. Бұл тапсырмаларға балалардың берген жауаптары әр түрлі.

Айтылған ойды қорытындылай келе, еңбек етудің өмір сүру үшін қаншалықты маңызы бар екеніне тоқталамын.

Ана тілі сабақтарында басталған шығармашылық жұмыстар сыныптан тыс уақыттарда жалғасын тауып жатса ғана нәтижелі болмақ. Осындай жұмыстар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын, дамыту мәселесін шешеді және білімнің сапасын көтерер еді деп ойлаймын.

Ұстаз берген білімді, тәрбиені дұрыс қабылдау, көркем әдеби кітаптарды көп оқу, пәндік үйірме жұмыстарына, әдеби-драмалық, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысу-оқушы білімі мен тәрбиесінің жоғары болуына елеулі әсер етеді. Қорытындылай айтарым, жарқын,бақытты өмір сүру үшін жастарымыз білімді, саналы азаматтар болып қалыптасуы керек.

Бұл-ұстаздарға, барлық жұртшылыққа жүктелетін ауыр да абыройлы іс. Еліміздің білімді, саналы азаматтарын тәрбиелеп шығарудан артық ұстаз үшін бақыт болмаса керек.

Уақыт талабы, кезеңі де осыны талап етеді.

Бағдарлы білім беру – оқытудың дифференцияланған және жекелеген принциптері жүзеге асатын, толық жалпы орта білімнің қорытынды кезеңі. Бұл кезеңде оқушылардың өмірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының арқасында білімді тұлғалық анықталу мақсатында жүргізе отырып, мамандық таңдауға мүмкіндік алады.



16

















Кез – келген мұғалімде осы қасиеттер болса онда бұл мұғалімнің жұмыс нәтижесі мынадай болмақ:

17



















Мына келесі сызбадан біз нені байқаймыз?Яғни бұл жерде мұғалімнің кешегі күнге дейінгі ұстанымдары мен бүгінгі күнгі ұстанымдары салыстырылып көрсетілген.Жалпы мектептердің барлығы дерлік 12 жылдық білім беру жүйесіне көшсе онда жұмыс жасайтын мұғалімдердің де өмірге деген көзқарасы өзгереді.





Рисунок2





































«Алдына ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ ғана алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.







Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі

  • Жариялады: dfrf

  • |

  • Пікірлер: 0

  • |

  • Оқылды: 10029

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –нәтижелі білім берудің негізі.

Мемлекетіміздің дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы еліміздің жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде.

Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын
арттыру, шынайы бағалауға, өзара көмекке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелі қағаздар, оқулық, кесте «10-нан -99-ға дейінгі натурал сандардың квадраттарының» кестесі.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: репродуктивтік, көрнекілік, практикалық, өзіндік жұмыс, сұрақ- жауап, сөйлеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет «ұлттық салт- дәстүрмен Виет теоремасын байланыстыру»
Сабақтың құрлымы: 1. ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың жұмысқа толық дайындығың, сабаққа келмегендерді белгілеу.

б) Оқушылардың зейінің жинақтау мақсатында, оқушыларға жалпы сұрақ қоямын:
Психологиялық сәт.Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. «Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық-белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:
1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс.
2. Қызметтің эканомикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы.
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі.
6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.
«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық – педогогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады.
Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі бағ баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады.
Білім-тоқтаусыз толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғам дық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алуы. Ол арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалығы қалыптасады. Білім – мұғалім үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі.
Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім-ол өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педогогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Жастардың ақыл-ой әлеуметін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің реформалаудың бастапқы кезеңі аяқталды. Бүгінгі күні білім беру саласының тиісті заңды базасы жасалды.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол, Мағжан айтқандай, мектеп пен ұстаздарға байланысты.
Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?» деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады.
Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.
Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.
Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып,елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім.
Осындай барлық жағдай жасалып отырған білім ордасының ұстаздарына талабы таудай дарынды-жеке тұлғаны дамыту, яғни Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында ұстазды үлкен асуларға жетелейді, жауапкершілігін арттырады. Біздің басты мақсатымыз – оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір мұғалім білім стандарты талабына сәйкес инновациялық негізде еңбек етуге тиісті.
Мектеп ұжымы сапалы білім үшін осындай іргелі мәселелерді талап дәрежесіне қойып, білім жүйесінде оқытуды биік сапалы дәрежеге көтеру үшін еңбек етуде.
Мектептің тәрбие жұмысы өмірдің барлық салаларындағы ұлттық және дүниежүзілік жетістіктерді қабылдап, дамытуға қабілетті, рухани және адамгершілік қасиеті бай тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуына әсер етуді көздейді.
Мектепішілік дәстүрлі тәрбиелік іс-шаралар, ұжымдық,шығармашылық істер - мектеп өмірінің ең қажетті бөлігі. Бұл іс-шаралар алдын-ала жоспарланып, сынып оқушыларының толық қатысуымен іске асады. Мектепте мектепішілік дәстүрдің маңызы ерекше орын алады. Мектепішілік дәстүрлі істерде әр оқушы және жалпы ұжымға ерекше маңызды болып табылатын белгілі құндылықтар бекітілген. Ұжымға қажетті кез-келген іс-шараны қиналмай, шын ықыласпен орындай білу –болашаққа қажетті үлкен өмірлік сабақ екендігін әрбір мұғалім оқушыларға түсіндіріп, бақылай отырып нәтижеге жетуге тырысады. Тәрбие жұмысында тәрбие салаларының түрлерін қамти отырып өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруда оқушылардың қызығушылықтарына байланысты сұраныстары да ескеріледі.
Кез келген білім ордасының білім сапасын арттырудағы туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін: нәтижеге бағытталған жалпы орта білім беруде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамытуды талап етеді. Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі –құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады.
Құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы.
•Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек. Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту.
•Мектептің тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату.
•Мектепішілік бақылау – басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі бұл оқушының білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді.
•Мектептің материалдық базасын нығайту.
•Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару.
Оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау.
Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ























Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқыту процесіндегі мұғалімнің ролі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 495 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 7760
    • DOCX 208.9 кбайт
    • 43 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Даберов Сабыр Оралович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Даберов Сабыр Оралович
    Даберов Сабыр Оралович
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18530
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 137 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 469 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 353 человека

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек