Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Оқыту семинарлары мен коучингтер

Оқыту семинарлары мен коучингтер



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Мектептегі тәжірибе кезінде жоспарлаған жұмыстарымыз негізінен мектептің олқылықтарын жетілдіруге, мектеп тәжірибесіне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған. Осы өзгерістерді енгізу үшін әлемдік білім жүйесіндегі өзгерістермен , қазіргі мектеп пен жаңару кезеңіндегі мектеп туралы мәліметтермен таныстым.Мектепте тәжірибе өткізу кезінде қазіргі мектеп пен жаңару кезеңіндегі мектептің айырмашылықтарды салыстырып көрдім.

Қазіргі мектептегі оқыту нәтижелері: оқушылардың оқу жетістіктері репродуктивті сипатқа ие, ал жаңару кезеңіндегі оқыту нәтижелері: оқу жетістіктері продуктивті сипатқа ие, яғни біледі, түсінеді, талдайды, жасайды,пайдаланады.

Қазіргі мектептегі шынайы оқу үрдісі жеделдетумен сипатталады: барлық пән бойынша үлкен көлемдегі дайын ақпаратты «беріп үлгеру» керек, ал жаңару кезеңіндегі мектепте шынайы оқу үрдісі оқушылардың әр сабақта білім «өндіру» үшін өздерінің белсенді іс-әрекетімен сипатталады.

Қазіргі мектептегі оқушы – оқу үрдісінің нысаны, мұғалім – ақпарат беруші, ал жаңару кезеңіндегі мектепте оқушы – өз танымының субъектісі, мұғалім – оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы.

Қазіргі мектептегі білім берудің құндылықтары «Мектепте нені оқыту керек?» сұрағы аясында қаралады, әр пән бойынша білім,білік және дағды қалыптастыру болып табылады. Жаңару кезеңіндегі білім берудің құндылықтары « Мектепте не үшін оқу керек?» сұрағы аясында қаралады, күтілетін нәтиже кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру. Бірінші деңгейлік курстың мұғалімдерінің алдында тұрған міндет - көшбасшы ретінде мектеп тәжірибесіне енгізетін өзгерістерге жаңаша көзқараспен қарау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізуге ықпал ету. Қазіргі мектептердің жылдар бойы қалыптасқан көзқарастарын, пайдаланатын әдіс-тәсілдеріне өзгеріс енгізу оңай жұмыс емес. Мектептегі тәжірибемді бағдарлама идеяларымен таныстыру мақсатында өткізілген семинардан бастадым. Семинар барысында деңгейлік бағдарламаның негізгі мақсатын ашып, оқыту мен оқудағы жаңа идеялармен таныстырдым. Семинар соңынан кері байланыста мектеп мұғалімдерінің көпшілігі мектеп тәжірибесіне енгізілетін жаңалықты құптаса, қалғандары осының бізге қажеттілігі қанша, бұрынғы «дәстүрлі стиліміз » жақсы емес пе?- деген пікір айтты. Соған қарамастан мектептегі тәжірибе кезінде кездескен кедергілерге қарамастан жұмыс істеуімізге тура келді, қателесуден қорыққан жоқпыз,керісінше қателесу арқылы дұрыс жолды таңдауға мүмкіндік іздедік. Мектептегі зерттеу кезінде енгізілген жаңа әдіс-тәсілдердің қаншалықты тиімді болғанын анықтау мақсатында өткізілген жұмыстарға сараптама жасап өтейін. Өзімнің курсқа дейінгі іс-тәжірибеме тоқталып кетсем, еңбек өтілім -27 жыл,жоғары білімді, жоғары санатты ұстазбын. Тәжірибем жинақталған, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздар қатарынан саналатынмын. Осы уақытқа дейінгі сабақтарымды «дәстүрлі стильде» өтетінмін. Тақырыпты меңгерсе, талдау жұмысын жүргізсе немесе шығарманың мазмұнын меңгерсе, мен сабағымды жақсы өттім деп ойлайтынмын. Сабақты өткеннен кейінгі талдау жұмысын, ашық сабақ өткенде болмаса, өз бетімше талдау жасамайтынмын. Оқушылардың ойын нақты айтқанына ғана мән беріп, дамытуға талаптанбайтынмын. Курсқа келген алғашқы күннен бастап-ақ мен өзгеруді өзімнен бастау қажеттілігін түсіндім. Менің сабақтарымда, әсіресе, әдебиет пәнін өту барысында оқушылардың көпшілігінің сөйлеу мәдениетінің төмендігін, сөздік қорының жұтаңдығын байқайтынмын. Оның үстіне ауыл балаларына тән ұяңдық, олардың ашылуына мүмкіндік бермейтін сияқты. Сондықтан мектептегі зерттеу барысында «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді» қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, талқылау,білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Сабақтарымда оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір-бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының баюына көмектесетінін түсіндім. Тәжірибе барысында оқушыларға оқу үшін бағалау және оқытуды бағалауды үйрету де өз жемісін берді. Оқушылар бағалаудың жаңа түрін қызыға және таңдана қабылдады. Себебі бұрынғы сабақтарда тек қана мұғалім ғана бағалайтын болса, енді олардың бір-бірлерін бағалауға мүмкіндіктері бар. Бағалау кезінде бір-бірінің жұмыстарына талдау жасай отырып бағалау арқылы оқушылардың арасында тығыз қарым-қатынастың орнағанын өздері де байқамай қалды. Бағалауда оқушылар өздерін ,бір-бірін бағалауды, жұптық, топтық бағалау түрлерін меңгерді. Оқыту мен оқудағы өзгерістердің бірі сабақ соңында оқушылар өздерінің қорытынды пікірлерін айтып, рефлексия жасау болатын. Бұл тәсіл арқылы оқушылар жүйелі сөйлеуге, ойын ашық айтуға, талдау жасай білуге үйренді. Сабақтың қалай өткеніне де баға бере алатын болды, сабақтың ұнағаны немесе ұнамағаны, көңілсіз тұстары туралы да оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мен өзіме де сабақтың қалай өткендігі туралы қорытынды жасауыма, жіберілген кемшіліктерді анықтауыма, өзіме-өзім баға беруіме мүмкіндік туды.

Сол сияқты оқушылар топта жұмыс жасай отырып,бір-бірін тыңдай білуге, ұжымдаса отырып, ортақ пікірге келуге, айтқан пікірлерін тыңдауға дағдылана бастады. осыдан оқушыларымды сыни тұрғыдан ойлауға бағыттадым. Мектептегі тәжірибе кезінде жоғары жетістікке жете қоймасам да, бұл өзгерістің бастауы ғана екенін түсінемін және жалғасын табатынына сенімдімін. Мен өзімнің ұстанымның жаңаша көзқараста өзгере бастағанына қуаныштымын. Сындарлы оқыту теориясының негіздері оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптаға дерек көздерінен,мүғалімнен, оқулықтан,және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Мектептегі тәжірибе кезінде өткізілген семинар, коучинг, тәлімгерлік үдерістері де әріптестеріме ықпалын тигізді деп ойлаймын.

Мектептің даму жоспарында мұғалімдер оқыту мен оқудың жаңа тісілдерін меңгере отырып, оларды өз сабақтарында пайдаланып, тиімділігіне көз жеткізеді, өздерінің кәсіби біліктілігін арттырады деген мақсаттар көзделген болатын. Бұл үшін мұғалімдердің өз жұмыстарына деген сыни көзқарасы, білімін жетілдіру үшін үздіксіз ізденуі қажет. Олардың ұстанымдарындағы жаңаша көзқарастардың қалыптаса бастауын, кері байланыс парақтарынан, семинардан, коучингтен кейінгі пікірлерінен байқадым. Мектептегі тәжірибе кезінде кереметтей нәтижеге жеттім деп айта алмаймын. Бірақ әріптестерімнің оқу үдерісіндегі жаңа тәсілдерге деген қызығушылығының оянуы да мен үшін жетістік. Мектеп мұғалімдері көшбасшы ретінде сенім арта отырып, жоспарланған іс-шараларды өткізуіме көмектерін көрсетті.Әріптестерім сабақтарында жеті модулді пайдалана отырып,оның тиімділігіне көз жеткізді. Әріптестерге қолдау көрсету барысында атқарылған іс-шаралар мұғалімдерге оң ықпал етті, ал оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге септігін тигізді. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер негізінен оқушылардың сабақтағы белсенділігін арттырады,күтілетін қажетті нәтижелерге сай сындарлы қызмет бағыттарын жүзеге асырады,кері байланыстың маңыздылығын дәлеледейді, шоғырлану және ықпалдасу мүмкіндігіне жол ашады. Ал осының барлығы мектеп мұғаліміне маңызды ма? Әрине, маңызды, себебі бұл деңгейлік бағдарлама мұғалімдерге тікелей нұсқау бермегенімен, оқу мүмкіндіктерін ұлғайту үшін оқу ортасын қалай құру туралы нақты қорытындыларды тұжырымдауға мүмкіндік ашады.

Мектеп ұжымындағы мұғалімдердің барлығы дерлік осы бағдарламаға қызығушылық таныта қойған жоқ. Соған қарамастан әріптестестеріме бағдарлама идеяларының құндылықтарының тиімділігін түсіну үшін сабақтарында пайдаланған жағдайда ғана көз жеткізе алатындарын түсіндірдім. Жаңа тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізуге қызығушылық танытқан мұғалімдер тәлім алушым Ә, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н, ағылшын тілі пәні мұғалімі А сабақтарында осы тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын дамытты. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқудың ынтымақтастық отрасын құруды үйренді. Топтық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін мұғалімдер оқушылармен байланыс орнатып, олардың жұмыстарын үнемі қадағалап отыру қажеттігін түсінді. Топтық жұмыс барысында оқушылардың жеке дағдылары дамып, басқа оқушыларға қолдау көрсететіндей дәрежеге жете бастады. Мұғалімдер топтағы жұмысқа қолдау көрсетіп, оқушылардың жетістікке жетуіне ықпал етіп отыру керектігін үйренді.

Тәжірибе барысында оқыту мен оқудың жаңа тәсілдердерін өз тәжірибесіне енгізуге қызығушылық танытқан әріптесем қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н. Ол өзінің алғашқы сабағын 8-сыныпта «Төл сөз бен төлеу сөз» тақырыбына өтті. Сабақты сергіту сәтінен бастады, оқушылар сабақты көтеріңкі көңіл күймен бастады. топқа бөліну кезінде Мұқағали мақатаев өлеңдерін пайдаланды. Ақын үш өлеңін алып сыныпты осы өлең жолдары арқылы топқа бөлді. Диалогтік оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың сөздік қорын байыту. Топпен жұмыста оқушылар өздерінің төл сөз бен төлеу сөз туралы білетіндерін ортаға салып, оны постер арқылы қорғап шықты. Мұқағали өлеңдерін негізге ала отырып, рольдік ойын көрсетті. Сәтсіз тұстары: мұғалім уақытты тиімді пайдалан алмады, постер жасау барысында оқушылар көп уақыт алып қойды,топқа бөлінуге дағдыланбаған, жоспарлаған жұмыстарын келесі сабққа қалдыруға тура келді. Соған қарамастан,сабақ соңында оқушылармен әңгімелескенде сабақтың бұрынғы сабақтарға қарағанда қызықты өткендігін, топпен жұмыс істеу және сергіту сәті қатты ұнағандақтарын да айтты. Пән мұғалімі бұл сабақта оқушыларды бұрынғы тәсілмен бағаласа, келесі сабақтарда бағалаудың түрлерімен танысқысы келетін ойын айтты. Келесі сабақтарды өту барысында пән мұғалімі топпен жұмыс, диалогтік оқыту түрлерін, бағалаудың түрлерін пайдалана отырып, жаңа тәсілдердің тиімділігіне көз жеткізді. Мұғалім әр сабақ сайын кері байланыс түрлерін қолданды. Мұғалімнің білім беру тәжірибесі өзгерсе, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.

7-сыныпта сабақ өткен мұғалім М Қабдеш Жұмаділовтың «Қозыкүрең» романынан үзінді өтті. Жылқы суреттерін пайдалана отырып,сыныпты үш топқа бөлді. «Ой қозғау» стратегиясын пайдалану арқылы әр топ қозыкүрең сөзіне сипаттама берді. Оқушылар бұл сөздің жылқының түсіне байланысты екенін постер арқылы алдымен топта, сосын ортаға шығып қорғады. Мәтінді диалог арқылы талдады. Сергіту сәтінде «қара жорға»биін биледі. Сабақты пысықтау тапсырмасы ретінде асыл тұқымды жылқылар туралы бейнежазба көріп, ойтолғау жазды. Бұл сыныпта алғашқы кезде топқа бөлінуде кедергілер болды. Кейбір оқушылар өздері қалаған достарымен отырып алса, кейбір үздік оқитын оқушылар, үлгерімі төмен оқушыларды топтарына алғысы келмеді, келесі сабақтарды топтық жұмыстың ынтымықтаса білім алуға жетелейтінін түсіндіре отырып, бұл кедергілерді болдырмауға тырыстық. Постер жасау барысында да алғашқыда оқушылар кітап сөздерімен ғана немесе бірін-бірі қайталайтын сөздер пайдаланса, кейінгі сабақтарды ойланып барып, өмірмен байланысты өз ойларын қағазға түсіріп жатты. Топтық жұмыс істеу оқущыларды бірлескен жұмысқа бағыттады, сабақ бырысында бір-біріне көмектесуге білімдерін ортаға салып, оқушылардың ынтымағын арттырды. Осы сабақтарды өту барысында мұғалімдер де, оқушылар да сұрақ қою жағынан қиналатынын байқадым. Осыны ескере отырып «Оқушылардың білімін дамытудағы жоғары деңгейлі сұрақтардың тиімділігі» тақырыбында коучинг өткіздім. Коучингтер тәжірибе барысында мұғалімдердің ойлау және шығармашылық қабілетінің дамуына, жаңа тәсілдер туралы түсініктерінің қалыптасуына, оларды сабақта пайдалануына көп көмегін тигізді. Мұғалімдер орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар түрлерін жасауға, кері байланыс арқылы өз жұмыстарына сыни көзбен қарауға үйренді. Сол сияқты сабақтарында сындарлы оқыту теориясының жеті модулін пайдалану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды, дағдыларын қалыптастырды. Әріптестерінің сабақтарына қатысып, әдіс алмаса отырып, рефлексия жасауға және өз сабақтарына да сын көзбен қарауға үйренді. Алдағы уақытта да мектеп тәжірибесінде осы үдерістердің дамуына ықпал етемін деп үміттенемін.

Мектептегі тәжірибе кезінде жоспарланған жұмыстардың бірі-тәлімгерлік. Тәлім алушым коучингтерге қатыса отырып, топтық құрылымның тиімділігі, диалогтық оқытудың маңыздылығын түсінді. Сабақтарында барлық оқушылар сабаққа қатысып, дайындықпен келіп, топта жұмыс істеу дәрежесінің қаншалақта тиімді екеніне көз жеткізді. Тәлім алушыммен жұмыс барысында ІІІ деңгейлік бақдарламаны негізге алдым. Жаңа тәсілдер енгізген сабақтарында оқушылар топқа бөлініп отыруды, жұптық, топтық жұмыс түрлерін игерді. Сабақ жоспарын жазу барысында мақсат, міндеттерін нақты қоя алмай қиналса да соңғы сабақтарында қысқа мерзімді жоспар жасау құрылымын игеріп алды. Бағалаудың смайликтер арқылы түрін оқушыларға үйретті. Жиксо әдісі бойынша мәтінді оқып түсіну, әр топқа топ басшылары барып, берілген мәтін бөлігін түсіндіріп, мазмұнын айтып беруге де дағдыланды. Суретпен жұмыс барысында оқушылар үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратып, постер жасап, оны қорғап шықты. Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысында тәлім алушым өз жұмысына жауапкершілікпен қарай отырып, сабақтарын оқушының идеясы мен білім біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырғаны байқалды. Тәлім алушыммен өткізген кәсіби әңгімеде мынадай пікір айтты: «Топтық жұмыс пен диалогтық оқытудың тиімділігіне көзім жетті. Бірақ әр топқа, балаға берілетін деңгейлік тапсырмаларды дайындағанда біраз қиындықтар туындады. Сабақ барысында бағалау дұрыс , жүйелі болмады- ау деген ойлар келіп отырды. Балалар өзін- өзі бағалау әдісі бойынша ауызша бағалауға бейімделеді. Смайликтердің саны, олардың шартты белгісі арқылы бағалауға болатынын да түсіндім, оқушыларда қызығушылық пайда болды. Алдағы уақытта балалардың жас ерекшелігіне сәйкес тапсырмалар арқылы топтық және диалогтық оқыту арқылы жұмыс жасауға бейімделемін, қолға аламын.» Міне, осы пікірден соң өз тәжірибесіне өзгеріс енгізуге талаптанған алғашқы мұғалімдердің легі қалыптаса бастағанына қуандым. Тәлім алушым өз сабақтарына сыни көзқкркспен қарай бастады. Осындай мұғалімдердің саны көбейсе, ол мектеп үшін нұр үстіне нұр емес пе? Сабақты зерделеу мақсатында өткізген Lesson Study үдерісін мен өзім сабақ берген 7-сыныпта өткіздім. Бұл зерттеуге мен тәлім алушымды, әріптестерім М мен Н-ны тарттым. Мен зерттеуге қатысатын мұғалімдерге Lesson Study тәсілінің мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған құрал ретінде шет мемлекеттердің білім жүйесіне енгізіліп жатқаны туралы түсіндірдім. (МАН,47б) Lesson Study тәсілі бойынша таңдап алынған А,В,С оқушыларының алдымен психологиялық жас ерекшеліктерімен, әрқайсысының өзіне тән психологиялық ерекшеліктерімен таныстық. Оқушылардың ішкі болмысын зерттеу, зерделеу арқылы олардың оқуын жақсартуға болатынын түсіндік. Жасаған жұмысымыздың тиімділігін анықтау мақсатында әр сабақтан соң әріптестерім талдау жұмысына қатысып отырды. А,В,С деңгейіндегі оқушыларды сабақ барысында іс әрекеттерін бақылап, отыру керектігі ескертілді. А деңгейіндегі оқушы өз тобындағы оқушыларға өз пікірін айтып, білетінімен бөлісіп отырды. В деңгейіндегі оқушы тез жауап бермейді, ойланып отырады дұрыс па, бұрыс па дегендей ойланады,сосын барып жауап береді, жауаптары дұрыс нақты болып келеді, ойда сақтау қабілеті жақсы . С деңгейіндегі оқушым өте баяу, өзіне деген сенімсіздігі жоғары , өте баяу жауап береді. Оқушылармен жылдам араласып, кете алмайды

Бұл тізбектелген үш сабағымда А,В,С деңгейіндегі оқушыларымның бойынан қандай да бір өзгерістердің болатындығын көрсете алдым деп ойлаймын. А деңгейіндегі оқушым, Әр кез алдыңғы орында, шапшаң, жылдам қозғалады. Диалогтық оқытуда топтағы достарымен жақсы тіл табысады.Тобын алға алып шығу үшін алға қарай ұмтылып, сабырлылық сақтай отырып, қарсыластарын тыңдай да біледі, өз ойлымен бөлісіп қана қоймай, достарының сабаққа қатысуына мүмкіндік береді.Топпен ынтымақтастықта жұмыс істей біледі. В деңгейіндегі оқушым мұғалімді бар ынтасымен тыңдап, ойын салмақтап жинап сөйлеуге тырысады. Диалогтық оқыту арқылы өзін ғана оқытып қоймайды, сыныптастарында оқытуға, бейімдеп , белсенділік танытады. Өзін еркін сезінеді, топтық жұмыстарда белсенділікті көп таныта білді. С деңгейіндегі оқушымның сабаққа деген ынтасы арта түсті. Берілген тапсырмаларды көбінесе жеке жұмысты орындағанын көрсетіп, тексертіп отырады. Мен айтайыншы деген сөздер де айтылып, оқушы қол көтеріп отырды. Мәнерлеп оқуы, сөйлеу мәнері де өзгеріп , өзіне деген сенімділік пайда бола бастады. Баланың көзінен жылы шырайды көруге болады.

Мектептегі тәжірибе кезінде жай мұғалім ретінде де көшбасшы бола алатыныма көзім жетті. Себебі мұғалімдер маған сенім білдірді. Коучинг, тәлімгерлік , іс-әрекеттерді зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып мектепте өзгеріс ене бастағанын сезіне бастадым. Жекелеген мұғалімдердің тәжірибесінде өзгерістің ене бастауы, біртіндеп барлық мұғалімдерге әсіер етеді деп ойлаймын. Тәжірибенің бастапқы сатысында бізідің жұмысымызға мән бермеген әріптестерім, мектептегі жұмысымыз аяқтала бастағанда қызығушылық таныта бастады. Бір ұжым болып жұмыс істеу арқылы басқа мұғалімдер қолдаған жағдайда мұғалімнің жұмысы аса тиімді болмақ.(МАН,67б) Менімен жұмыс жүргізген белсенді топ мүшелері бірлесе , ынтымықтаса жұмыс істеудің тиімділігіне көз жеткізді. Жаңа оқу жылында осы бағыттағы жұмысымыздың жалағасын табарына сенімдімін. Өзгеріс енгізу оңай емес, оның барысында көптеген кедергілер де кездесті.

Іс-тәжірибемнің сәтсіз шыққан тұстары: мұғалімдердің жеткілікті қамтылмауы, олардың жаңалыққа немқұрайлы қарауы, мұғалімдердің кері байланыстың мақсатын түсінбеуі, рефлексияға дағдыланбауы. Бірақ әріптестерімнің ынтымақтастығы арқасында кедергілерді жеңе білдік. Мектептегі дамыту жұмыстарын жүргізу барысында әріптестерім жоспар құруды, әркім өз сабағына рефлексия жасуды біртіндеп үйренді. Ең алдымен мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған мақсат-әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін мәселелер мен құндылықтарды анықтау қажеттілігі туындайды. Жекелеген мұғалімдер бұрынғы «дәстүрлі стиль» бойынша өздері қалыптастырып алған әдіс-тәсілдермен ғана жеке өздері ғана жұмыс істесе, енді ынтымақтаса жұмыс істеуді үйренді. Мұғалімдердің көпшілігі, әсіресе жастар өздерінің тәжірибелерін жетілдіру мақсатында тәжірибе кезіндегі енгізген өзгерістерге қолдау көрсетті. Мектеп түпкілікті болмаса да, біршама басқаша жұмыс істей бастады. Мектептегі тәжірибе кезінде коучинг, тәлімгерлік, тізбектелген сабақтар арқылы оларды қызықтыруға тырыстым. Болашақта еліміздің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты тәрбиелеу әр ұстаздың, әр мектептің алдында тұрған міндет. Сондықтан көшбасшылықтың маңызын түсіне отырып, оқыту мен оқу үдерістендегі жаңашылдыққа әріптестерімді, оқушыларды, ата-аналарды тарту мақсатында жұмыс істедім. Жалпы мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу жұмыстарын жалғастыру үшін коучинг-сабақтарды кең көлемде өткізу қажет деп ойлаймын. Ол мақсат әрине, болашақтың еншісінде. Коучинг үдерісінің берері мол, себебі мұғалімдер өздерін толғантқан, шешімін таба алмай жүрген мәселелерін ортаға салып талдай алады, жеткен жетістіктері мен кездескен қиыншылықтарын ортаға салып, осы мәселелер төңірегінде әріптестерімен ой бөліседі, пікір алысады, тәжірибелерін , білімдерін дамытып отырады. Мектептегі тәжірибеміздің аяғына қарай жұмыстарымыздың нәтижелерін де көре бастадым. Әріптестерім, оқушыларым және ата-аналармен сұхбаттасқанда сындарлы оқыту теориясына бағытталған оң өзгерістердің бар екенін анықтадым. Оқушылар топтық жұмысқа үйренді, өз ойларын ашық, еркін айтып, ынтымақтаса жұмыс істеуге дағдыланды. Ынтымақтастық орната отырып, бірлесе жұмыс істеуге, көмек арқылы жоғары нәтижеге көз жеткізуге болатынына көз жеткізді. Әріптестерім оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізу кезінде диалогтық оқытудың, оқыту үшін бағалаудың тиімділігіне көз жеткізді. Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. осы мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір жолы –осы сындарлы оқыту теориясының білім жүйесіне енгізілуі. Сындарлы оқытуды жүзеге асыруда бағдарламада қамтылған жеті модульді сабақтарда ықпалдастырудың маңызы зор. Осы үдерісті жүзеге асыру үшін мен көшбасшы мұғалім ретінде жауапкершілікті сезінемін.










hello_html_m6b89a0f8.jpghello_html_md8a6357.jpg



hello_html_m79d65d0a.jpg
































































Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-101046

Похожие материалы