Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Оқыту тәжірибесіндегі зерттеушілік әңгіме әдісінің маңызы»

«Оқыту тәжірибесіндегі зерттеушілік әңгіме әдісінің маңызы»

Скачать материал
библиотека
материалов


ШҚО Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы

«Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалім

Коучинг тәжірибесінен: «Оқыту тәжірибесіндегі зерттеушілік әңгіме әдісінің маңызы»


Бағдарлама мазмұнының басым бағыттарының бірі болып табылатын «мұғалімнің құзіреттілігін жетілдіру мен өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал ету» (МАН,7б) тұжырымын негізге ала отырып, өз мектебімде коучинг өткізу тәжірибемді жоспарлап отырмын. «Оқыту тәжірибесіндегі зерттеушілік әңгіме әдісінің маңызы» тақырыбымен жоспарланып отырған коучингтің жалпы мақсаты:мұғалімдердің оқыту тәжірибесінде зерттеушілік әңгіме әдісінің тиімділігін айқындауға көмектесу. Коучинг идеясына орай, сыныпта оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдерді өзгеріс ретінде енгізуде және оларды қолдану барысында әріптестерді оқыту мен бағыт бағдар беруде ұсынып отырған тақырыбымды өзекті деп санаймын.Себебі, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр талап етіп отырған дағдыларды тиімді қалыптастыру үшін мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруі тиіс екенін ескере отырғанда, орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген әдіс тәсілдердің бірі диалогтік оқытудың зерттеушілік әңгіме түрінің маңызы өте зор.Мерсердің пікірінше, «ұжымдық түсінікті қалыптастырудағы тиімділігі тұрғысынан жоғары деңгейдегі зерттеушілік әңгімеге негізделген пікірталас түрі ең нәтижелі болып табылады.»(МАН 84б). Яғни, оқушылар зерттеушілік әңгіме барысында ақылға қонымды мәліметтер ұсынады, әркімнің пікірі құнды болып табылады, түрткі және жоғары дәрежедегі сұрақтар қоя отырып конвергентті және дивергентті ойлауларын жетілдіреді, мәселені айқындаудың ұтымды жолдарын қарастырады, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Бұл бір қарағанда ересектер үшін қалыпты дүние болғанымен, жас ерекшеліктері тұрғыдан алғанда , бұл әңгіме олар үшін қалыптағы дүние емес. Сол себепті де мұғалімдер оқушыларға өз жұмыстарының құндылығын түсіндіру жолында, әрбір оқушының өзіндік ой-пікірін дамытып, дифференциалды жұмыс жүргізіп, өзіндік «Мен»-ін дамытуда мұғалім-фасилитатор дәрежесіне дейінгі кәсіби дамуын жетілдіру керек деп санаймын.Сондықтан да коучинг барысында осы мақсат жолында әріптестердің кәсіби дамуына ықпал ететін «Энерджайзер», «Үштік сызба» тәрізді педагогикалық психологиялық әдіс тәсілдер әріптестердің белсенді де жасампаз өзара әрекеттестік үдерісін туғызуда өте тиімді болса, ал «Жасырын зат», «Кейс стади» мен «Уолт Дисней дөңгелегі» жаттығу әдістері нақты тақырып бойынша сабақ үрдісінде зерттеушілік әңгіме жүргізудегі мұғалімнің шеберлігін, кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталған. Яғни, бұл әдістер шеңберінде мұғалімдер сұрақ қою техникалары мен сұрақтарды күрделендіру арқылы жоғары дәрежедегі сұрақтар әзірлей алуға, өздерінің дивергентті ойлау жүйелерін дамытуға жаттығады.Нәтижесінде ертегіні өзгеше құру тапсырмасы арқылы шығармашылық ойлауларын дамытады. «Шығармашылық дегеніміз бірегей, жоғары сапалы, дана нәтижелер шығатын тұлғаарлық әрі тұлғаішілік үдеріс» деп сипатталғанындай (МАН, 63 б), заманауи білім берудегі талап етілетін тәжірибелік дағдылардың маңыздылығын шыңдай түседі.Осындай әдістерді сабақ үдерісіне енгізуде оқушылардың басым бөлігі білім алуда өзіндік продуктивті әрекеті дамып, мағынаны жылдам түсінуге , тиянақты білім алуы жолында қабілет мүмкіндіктерін танып, ақыл ой, зейін тәрізді танымдық процестерін жетілдіреді. Ал мұғалімдер коучинг соңында мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

-Диалогтік оқытудың түрлерін зерделейді;

-Оқытудағы тілдің басты рөлін түсінеді;

-Проблемалық -ізденіс сабақ түрінің маңыздылығын түсінеді;

-Жоғары дәрежедегі сұрақтар қоюға жаттығады;

-Сындарлы оқытудағы Блум таксономиясының рөлін зерделейді;

-«Кейс стади», « Джигсо», «Уолт дисней дөңгелегі» әдістерін тәжірибеде қолдануға жаттығады;

-Мұғалім- фасилитатор рөлін айқындайды.





















Коучинг жоспары

-Диалогтік оқытудың түрлерін зерделейді;

-Оқытудағы тілдің басты рөлін түсінеді;

-Проблемалық -ізденіс сабақ түрін тәжірибеге енгізеді;

-Жоғары дәрежедегі сұрақтар қоюға жаттығады;

-Сындарлы оқытудағы Блум таксономиясының рөлін зерделейді;

-«Кейс стади», « Джигсо», «Уолт дисней дөңгелегі» әдістерін тәжірибеде қолдануға жаттығады;

-Мұғалім- фасилитатор рөлін айқындайды.


Жаттығулар (барысы)

Танысу.Психотренинг «ЭНЕРДЖАЙЗЕР».Шарты: кім көп қол алысуды жинайды?

Топтарға бөліну стикерлер арқылы

Ой қозғау

«ХХІ ғасырдағы білім беру парадигмасы» мультимедиялық таныстырылым

Әлем өзгеруде. Біз неге өзгереміз?

Мағынаны тану

Ассоциациялық ой қозғау тренинг «Үштік сызба»

Шарты: қатысушылар үш үштен топтарға бөлініп, топтың екі мүшесі арқаларын түйістіріп , ал үшіншісі екіншісіне қарама қарсы бағытта отырады.Бірінші қатысушы карточкадағы суретті нұсқау бере отырып, екінші қатысушыға бейнелетуі тиіс.Сурет салып отырған қатысушы нұсқаушыға ешқандай сұрақ қоймауы тиіс. Қарама қарсы отырған қатысушы ғана м мен дұрыс еместігін білдіре алады.

Коучингке қатысушылар тақырыпты анықтауда ой қозғайды.

Слайдтық таныстырылым

«Диалогтік оқыту түрлері»

Әңгіме - дебат

Кумулятивті әңгіме

Зерттеушілік әңгіме

Оқу пирамидасы

Блум таксономиясы

Сұрақ қою түрлері:

Жабық дәрежедегі сұрақтар

Мұғалім - фасилитатор

Ашық дәрежедегі сұрақтар

Тренинг «Жасырын зат» Жоғары дәрежелі сұрақтар қою

Зерттеушілік әңгіме. «Кейс стади» әдісі бойынша «Бауырсақ » ертегісіне зерттеушілік әңгіме жүргізу

Топ мәтінмен жұмыс, идея ашу

Топ түрткі сұрақтар қою

Топ жоғары дәрежелі сұрақтар қою (Блум таксономиясының талдау, жинақтау, бағалау сатылары бойынша)

«Уолт Дисней дөңгелегі» әдісі бойынша ертегіні өзгерту

Армандаушы (көре білуші , не істейміз?)

Жүзеге асырушы ( қалай жасаймыз?)

Сыншы (мәселені бағалаушы, не кедергі болуы мүмкін?)

Кері байланыс

Рефлексия


Қосымша оқу (Ресурс)

Мұғалім- фасилитатор рөлі, конвергентті , дивергентті ойлау жолдары , сұрақты күрделендіру жолдары, сократтық әдіс.















  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Маркетинг: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по подбору и оценке персонала (рекрутинг)»
Курс повышения квалификации «Финансы предприятия: актуальные аспекты в оценке стоимости бизнеса»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»
Курс профессиональной переподготовки «Гражданско-правовые дисциплины: Теория и методика преподавания в образовательной организации»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.