Инфоурок Другое Другие методич. материалыОқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиімділігі

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиімділігі

Скачать материал

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиімділігі

 

 

«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде

сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз...»

Н.Ә.Назарбаев

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «...Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» - деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. Тәрбиенің екінші сыңары – білім.

М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» - деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады.

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Ал осы мақсатқа жету үшін сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?

Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.

Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың ерекшеліктері неде?

1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.

2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.

3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады.

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

-Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

-Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

-Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

-Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

-Мұғалімнің уақытын үнемдейді

-Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың мұғалімге береріне келсек:

- Барлық баланы оқыту;

-Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

- Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

-Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

-оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

-оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;

- оны үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру мүмкіндігінің болуы.

Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру, өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Жаңашыл ұстаз ғана заман ағымына ілесе алады. Жақсы ұстаз ғана оқыта алады. Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген.

Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады . Бұл баланың ой өрісін кеңейтіп қана қоймайды, білім деңгейін көтеруге үлкен үлесін қосады. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшелігін негізге алуы керек. Тапсырамаларды да меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді.

1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.

2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.

3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек

4. Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.

5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі. Бірлескен топ жұмысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-бірімен тәжірибе алмасып, алынған ақпаратты топ болып түсініп,талдап , синтездейді, салыстырып болжамдар жасай отырып ортақ шешімге келеді. Оқыту мен оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ойдағыдай меңгерген мұғалім шәкіртін білім алуға қызықтыра алады және жеке іздеуге дағдыландырады. Нәтижесінде оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасады . Топтық жұмыс арқылы ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін топ ішінде талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау екені мәлім.

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдстемесі, оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету - ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді.

Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Білім беру үрдісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі педагогикалық технологиялар мен әдіс – тәсілдер қолданылуда. Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын болсақ, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (оқушылардың белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды), М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» (оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған), Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады).

Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар, қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру. Оқушы бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Бұл технологияның негізгі ұстанымдары: әлсін –әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетістіктерінің жариялылығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процесс болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаумен аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.

Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы:

-Нақты мақсат қоюға дағдыланады

-Өзіне деген сенімі артады

-Оқу процесіне белсенді қатысады

-Жолдастарының пікірін сыйлайды.

-Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.

-Сараптауға, бағалауға дағдыланады

-Пәнге деген қызығушылығы артады.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.

 Қызығушылығын ояту;

 Мағынаны тану:

 Ой толғаныс

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға , ойын айтуға уақыт берілуі керек.«Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда мұғалім «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.

«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат -оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.

Сонымен қатар, Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясына тоқталатын болсақ, мұнда оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі 4 түрге бөлінеді.

1.Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда оқушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.

2.Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

3.Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

4.Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Әдетте сабақты жақсы оқитын, жалпы әзірлігі жеткілікті, ізденімпаз оқушылар әр сыныптың 30-40% құрайды, олар тапсырманы жүйе-жүйесімен дәйекті түрде белгіленген уақыт ішінде орындап шығады, ал үлгерімі орташа немесе төмен оқушылар қосымша тапсырмаларды ысырып қойып, әуелі негізгі элементтерді орындайды да, оларды әбден меңгерген соң барып, қосымша тапсырмаларға қайта айналып соғады. Оқушылар тапсырманың негізгі бөлігін белгіленген уақытта, яғни 15-17 минутта орындап шығуы үшін тапсырманың саны мен күрделілігін мұқият іріктеп алған дұрыс. Сабақ кезінде интерактивті тақтамен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру оқытудың әр деңгейлі әдісін қолдануға жағдай жасайды. Бұл әдіс тапсырманың мазмұны мен күрделілік дәрежесін өзгерту арқылы оқушылардың материалды игеру қарқынының мүмкіндіктерін ескере отырып, оларға әр түрлі көмек көрсетуге жол ашады.

Оқытудың кембридждік тәсіліне негізделген жаңа бағдарламаның әдістемесін меңгерген әріптестерімнің өткізген коучинг, семинарлар, ашық сабақтарына қатысқаннан кейін, мен өзімнің өткен іс – тәжірибеме талдау жасай отырып, өзгеруім керек екенін ұғындым. Осыған дейін біздің өткізген дәстүрлі сабақтарымыз оқушылардың ойлау, даму деңгейін ескермей, оқушының ой- пікірімен санаспай «орташа» оқушыға бағытталған сабақ болды. Оның мақсаттары оқушыға емес, мұғалімге арналып жазылды. Әр сабақта « Қандай нәтижеге қол жетеміз?» - деген сұрақтар туындаған жоқ. Сабақ барысында мұғалім өзі баяндаушы, өзі бақылаушы, өзі бағалаушы болды.

Қазіргі таңда енгізілген өзгерістер: сабаққа жаңа тұрғыдан мақсат қою мен оқу нәтижелерін анықтау; қойылған мақсатқа және оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқытудың жаңа әдістерін қолдану; оқушы және мұғалім рөлін өзгерту. Осы бағдарлама аясында екінші деңгейлік курста оқып келген өз мектебімде физика пәнінен сабақ беретін Ж. Е. әңгімелестім. Ж. Е. өзінің көзқарасын білдіріп, екеуіміз ой бөлістік.

Осыған дейін тиімді деп өткізіп келген дәстүрлі сабақ берудің үлгісін, қазіргі оқып жатқан курстың негізінде құрылған сабақтың үлгісімен салыстырсам айырмашылықтары айқын көрініп отырғандығы байқалады. Дәстүрлі әдіс бойынша сабақ бойы өзім сөйлеп, өзім іс-әрекет жасап, барымды салып түсіндіріп, түсінбеген жерін бірнеше рет қайталап, суреттер, кесте арқылы көрсететін тұстарым болатын. Өзім сабақ беретін сыныптың қалай оқитындығы, қай оқушының берген білімді қандай дәрежеде қалай қабылдайтынын білгендіктен әр оқушыға берілген тапсырмалар да баланың ойлау қабілеттерін ескере отырып беруге тырысатынмын. Бұрынғы дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып үйреніп қалған мен сияқты мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін өзімнің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерімді дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көп көңіл бөлу керектігін түсіндім.

Аталған өзгерістерді мен 6 сынып оқушыларының оқу үдерісіне енгізе отырып, сабақтар жүргіздім.

Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы дағдысын дамыту мақсатында 6 «а» сыныбына математика пәнінен 7 модуль негізінде сабақты өткізуді жоспарладым. Жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабылдау деңгейлерін, қызуғушылығын ескердім. Осы сыныпта әрбір сабағымды жаңа әдіс-тәсілдерді, стратегияларды пайдалана отырып өткіздім. Бұрын сабаққа қатыспайтын оқушылар өзгергенін көрдім. Оқушылардан сабақ сайын кері байланыс алғанда оқушылар сабақта жұптық, топтық жұмыс істеген ұнайтындарын көрсеткен.

Сабақтарда оқушыларға сұрақ қойғанда, оқушының ойына түрткі болатындай сұрақтар да болды. Берілген тапсырмаларды орындау барысында топтық жұмыстың тиімділігі айқындалды. Топтық жұмыстарда әр топ басшылары өз топ мүшелеріне міндеттерін белгілетіп, қабілеті төмен оқушының көшбасшы оқушыға ұмтылғандығы, ілескісі келетіндігін байқадым. Осындай тапсырмалар оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабақты талқылағаннан байқағаным, топ басшысы оқушыларға атқаратын міндеттерін бөліп, әр оқушының не нәрсеге жауапты екенін белгілеп отырды. Оқушылар өзара бір-бірімен келісіп әр топтың жұмысына түрлі бағалаулар беріп отырды. Постермен жұмыс жасағанда оқушылардың шығармашылығы артқанын аңғардым, алғашқыда бұл жұмысты білмейтін болатын, кейін бұл әдіс оқушыларға ұнағандарын айтты. Дәстүрлі сабақта, үндемей отырған оқушы, өзіне берілген жауапкершілікті сезінді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы оянып , балалардың көп ізденетініне көзім жетті.

Сонымен қатар, топтық жұмыстардың арқасында сыныптың ішінде ынтымақтастық атмосферасы болды, оқушылар бірлестікте жұмыс жасауға және де бір-бірін тыңдауға, өз ойын білдіруге, жасаған жұмыстарына қорытынды шығара білуге үйренді. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалардың да сабаққа қызу араласуында. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсете қоймас еді. Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен ұйымдастыруым оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл әрине қазіргі қоғам мен мектептің басты талабы. Бұрын тәжірибемде көрініс таппаған топтық, жұптық жұмыс кезінде балалардың бір-бірімен қарым-қатынасында диалогтық әдістің тағы бір пайдалы тұсын анық көре білдім. Қорыта айтар болсам, топтық оқыту әдісін пайдаланып, сабақтарды жүргізу үшін, алдымен, бұл әдісті пайдаланудың мақсатын анықтап алу керек. Сонымен қатар бұл әдіс болсын, жалпы басқа әдістер болсын, сабақтың тиімділігін арттыру керек деп ойлаймын.

Алдағы уақытта, мүмкіндігінше, бұл жаңа әдіс-тәсілдің өзім үшін әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп, тәжірибеме енгізуді алдыма мақсат етіп қойдым. Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияларды пайдалану – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «...Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» - деген болатын. Елбасымыздың алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. Тәрбиенің екінші сыңары – білім.

М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім» - деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады.

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Ал осы мақсатқа жету үшін сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?

Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.

Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын. Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін» делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың ерекшеліктері неде?

1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.

2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.

3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады.

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

-Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

-Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

-Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

-Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

-Мұғалімнің уақытын үнемдейді

-Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың мұғалімге береріне келсек:

- Барлық баланы оқыту;

-Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

- Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

-Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

-оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

-оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;

- оны үнемі жетілдіріп, толықтырып отыру мүмкіндігінің болуы.

Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру, өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелілікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек. Жаңашыл ұстаз ғана заман ағымына ілесе алады. Жақсы ұстаз ғана оқыта алады. Қазіргі заманғы мұғалімнің басты мақсаты- оқушыны терең білім алу мен сапалы ойлауды дамытуға жетелеу болып есептеледі.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 281 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2015 1441
    • DOCX 27.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Талипова Толкын Жанабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Талипова Толкын Жанабаевна
    Талипова Толкын Жанабаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4724
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе