Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Статьи / Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиімділігі және табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Математика

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиімділігі және табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары

библиотека
материалов

Оқытудың инновациялық технологияларын математика сабағында пайдалану тиімділігі және табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

Осы мақсатта математика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына сәйкес “Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын,қабілетін дамыту” сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді,жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет.

Бүгінгі таңда, балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципінің негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия,Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Осындай табиғи сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Мәселен, академик В.И.Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, М.М.Жанпейсованың оқытудың модельді технологиясы және Ж.А.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына,өздігінен іздену сезімін ояту, дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады.

Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек,оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз. Олай болса,оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.

Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

-оқыту мақсатының нақты қойылуымен,оның ғылыми негізделуі,оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

-оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

-оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;

-оны үнемі жетілдіріп,толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.

Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек, ұтарымыз көп. Өйткені жеке тұлғаға бағытталған білімнің бүгінде нәтижесіз болмайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденгені анық. Нәтижеге бағытталған білім бүгінгі заман талабы, қажеттіліктің қайнар көзі болса, нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы.

Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:

-заман талабына сай білімді, білікті,дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:

-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;

-шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақың жоспарын құру, оны өткізу әдстемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға,жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім мына төмендегі қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін.

1. Мұғалім пәнді жетік меңгеріп, оны оқушыларға ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет.

2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі абзал

3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс.

4. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек.

5. Оқушыларға ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек конспектілері бойынша берген жөн

6. Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн. Мұнда әсіресе оқушылардың білімдерін тексеруде мына төмендегідей әдістерді қолданған тиімді:• Тестік жүйе бойынша

өзін-өзі тексеру

көршісін тексеру және т.б

7. Сабақта халықтық педагогика элементтерін пайдалану қажет. Ол үшін:

Халық ертегілерінен, аңыз әңгімелерінен, өлең жырларынан үзінділер келтіріп, олардың мағынасын түсіндіруге;

Халықтың ұлттық ойындарымен түсіндіруге;

Әртүрлі табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақ, бейнесөз құрастыруға болады.

8. Сабақта оқушыларды таң қалдырып, себебін білгілері келетін әртүрлі қызықты тәжірибелер мен математикалық фокустарды ұдайы қолданған орынды.

9. Ең бастысы әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.

Математика сабағында табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары

Білім беру үрдісінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі педагогикалық технологиялар мен әдіс –тәсілдер қолдануда. Соның ішінде оқушының белгілі бір жетістікке жету үшін сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу. Егер оқушы өзі қандайда бір жетістікке қолы жетсе, ол қуанып қана қоймайды, онда тағы да алдындағы белестерден өту мақсаты тұрады. Осындай жағдайда мұғалім оқушының қандайда бір жетістікке жетуі үшін төмендегідей жағдаяттарды сабақта жиі қолданса, мұғалім жұмысының жетістігін көруге болады.

1. Мадақтау. Мұғалім сабақта оқушының өзіне деген сенімін арттыру үшін «Жарайсың!», «Мен сендерді мақтан тұтам!», «Сен өте ақылдысың!» деген сөздер жиі қолданғаны дұрыс. Бұл сөздер оқушының бойында мұғалімнің өзіне сенім артып тұрғанын сезініп, өз еркімен талаптанып, жақсы оқуға тырысады.

2. Бір мүмкіндік. Оқушының күтпеген жерден өзіннің қабілеті мен мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдаятты мұғалім арнайы дайындамайды, ол осы мүмкіндікті табиғи тәрбиелеудегі дарынымен, бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланады.

3. Еліктеу. Кластағы немесе мектептегі үлгілі оқушылардың жетістістіктерін үлгі ете отырып оқушының бойында «Сенде неге сондай болмасқа», «Мен саған сенемін», «Бұл сенің қолыңнан келеді» деп оқушының бойында еліктеушілікті туғызу.

4. «Кешіктірілген баға». Оқушыға бірден төмен баға қоймай, «Сенің бағаң күндегіден төмен болып тұр. Сен үнемі сабаққа дайындалып келетіндіктен, мен саған бір мүмкіндік беремін. Келесі жолы бұданда жақсы жауап беретініңе сенемін» деп оқушыға алға қарай ұмтылуына жағдай туғызу.

5. Алдына –ала ойластырылған қателік. Сабақта мұғалім есеп шығару барысында, теорияның тұжырымдау барысында «Мен бір жерден қателестім. Бір минут. Қазір қарайын» деп оқушылардан көмек сұрайды. Бұл оқушының алған білімін жинақтап, тиянақтау үшін және шығармашылық қабілетін арттыруға қолданылатын әдіс-тәсіл.

6. Көкжиек сызығы. Оқушының бойындағы қабілетін арттыру үшін өте қызықты тақырыпта (мысалы: «Сүңгуір қайық», «Танк» жайлы) баяндама жасауды тапсырады, бірнеше баяндама жасағаннан соң «Сен өте қабілеттісің, біз олимпиадаға дайындалсақ қайтеді» деген ұсыныспен оқушының өз еркімен ізденуге, ғылым мен техникаға деген ынтасын оятып, адамның ақыл –ойының дамуына ықпал жасайды.

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Әрбір тақырыпты түсіндіргенде оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдаланған жөн. Негізгі заңдылықтарды тірек белгілері арқылы оқушыларды жинақылыққа, көркемдікке баулып, есте сақтау қабілеттерін арттыруға, ойлау қабілетін арттырып, оларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ математикалық заңдылықтар мен құбылыстарға арнап жеке тірек белгілерін құрастыру қажет.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте – мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды оқытуда тиімді пайдалану – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.

Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.

Сабақ барысында ақпараттық технологияны қолданудың жақсы жақтары

1Түрлі – түсті иллюстрациялар, музыка, анимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.

2.Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым,

сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.

3.Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:

а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;

ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.

4.Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.

5. Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін

табысты байланыстырады.

6.Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың комьпютерлік сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады.

Мысалы, 10-шы сыныпта «Электростатика» тарауы бойынша «Электр заряды». «Электрлену тақырыбын өткенде, зарядтың өзара әсерлесуін мынадай тірек белгісімен беруге болады:

а————————————–з

т———-а

т———-+——— q——–+——–р

а ——— я

с тебіледі д

ә

р

а————————————————з

т———– а

т———–+——- q——– ———-р

а———-я

с———– тартылады———-д

Сабақты меңгертуде көбінесе сандық және сапалық есептер шығару, әртүрлі қызықты тәжірибелер мен математикалық фокустар көрсету оқушылардың ой-өрісін дамытып, олардың шығармашылығын арттыруға бағыт беру мақсат етіледі. Сапалық есептер шығарғанда халық даналығының, нақыл сөздерінің, мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнін және ұлттық ойындарды математика тұрғысынан түсіндіруге, пайдалануға болады.

Мысалы:

1. «Арбасының дөңгелегін майламаса, арбакештің шәйі қайнамайды» мақал арқылы мынадай сұрақ қоюға болады:

арбаның дөңгелегі неге майланады, майламаса не болар еді?

Бұл жерде арбакеш үйкелістің қандай түрімен жұмыс жасап тұр?

2. «Толқын ұрар жағаны,

Маған бөгет қылма деп,

Жаға кейін қағады,

Әуре болып тұрма деп». – бұл өлең арқылы толқын қалай пайда болады және толқынның жағаға ұрылып кейін қайтуын қандай заңмен түсіндіруге болады?

3. Мылтықтан оқтың атылуы қандай математикалық құбылысқа мысал болады және бұл жерде қандай математикалық заң ескеріледі?

4. Жанып жатқан керосинді неге сумен құйып сөндіруге болмайды?

5. Алтыбақан және көкпар ойындары арқылы қандай математикалық процестерді кездестіре аламыз?- деген сияқты қызықты сұрақтар мен ойындарды пайдалануға болады.

Осылайша математиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға математика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолданылатынын да ұғындыруға мүмкіндік береді.

Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі»

2.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері»

3.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары»

4.Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері»

5.С.Дюсебаев, Г.Байтилеуова, А.Кошкари, г.Боранбаева.Қазақ тілі. 8сынып. Алматы «мектеп» 2008.

5.«Дарын» журналы. 2002ж,№2; /-71 бет/

6.«Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер» Өмірбаева К. 2001 ж.

7.«Сыр мектебі» газеті , 1 қаңтар 2003 ж.

Автор
Дата добавления 23.05.2016
Раздел Математика
Подраздел Статьи
Просмотров111
Номер материала ДБ-096161
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх