Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Оқытудың жаңа әдәс-тәсілдерін енгізу арқылы оқушылардың әлеуметтік құзіреттілігін дамыту
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Оқытудың жаңа әдәс-тәсілдерін енгізу арқылы оқушылардың әлеуметтік құзіреттілігін дамыту

библиотека
материалов


Оқытудың жаңа әдәс-тәсілдерін енгізу арқылы оқушылардың әлеуметтік құзіреттілігін дамыту

Орта білім беру жүйесінде жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattіе, 2009).[1.6-б] Сондықтан да бұл теорияны қолдануым оқушының жан-жақты, яғни, бұрынғы алған білімдері мен түрлі дерек көздер, мұғалім мен оқулықтан алған түсініктерін қосып жүзеге асады.

Бұл бағдарламаның басым бөлігі , түрлі тәсілдер қарастырылғандығына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді [1, 6-бет]. Сабақта жеті модульді ықпалдастыру идеясына сәйкес осы бағдарлама негізінде ендігі уақытта өзімнің қалай оқыту, оқушыларымның қалай оқу керектігініне есеп беру қажеттілігі туындады.

Сабаққа қойған мақсатыма жету үшін оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар бердім. Оны орындату үшін тиімді интербелсенді әдістерді кіріктірдім. Оқушылардың бұрыннан бар дағдыларын ескере отырып, жекелей, жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастырдым.

Мұғалімдердің оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады. [1, 35–бет]. Осыны ескере отырып, ынтымақтастық атмосферасын құру сәтінің маңыздылығын түсіне бастадым.

Үйге көп мағыналы сөздерді қолданып бес сөйлем жазып келу берілген болатын. Балалардың жазған мысалдарын топта бір- біріне оқып беріп, өздеріне ұнаған мысалдарға стикерлер жапсырды. Тапсырма мазмұнымен танысу үшін тізбектеп оқу тәсілі таңдалды. Дарынды, қабілетті Н. атты оқушы тізбектей оқуға қатысып қана қоймай, тобындағы сыныптастарына:

- Бір-бірімізді тыңдап отырайық, енді сен жалғастыр,– дегенді айтып, ұйымдастыра алушылық әрекетті анық ұстанды. Ал, зерттелуші С. атты оқушыма үй тапсырмасын орындау қиынға соққандай көрінді. Өзінің құрап келген мысалдарының дұрыс-бұрыстығына күмәнданған С. бірден тапсырманы тізбектеп оқуға қиналды. Оның қиналғанын байқаған топ мүшелері ішінен Г.суырылып шығып, тапсырманы орындағанда қойылатын талаптарға түсіндірді. Бірер мысал келтірді. Г.-ның бұл көмегі нәтижесіз болған жоқ. Себебі, С. өзінің үй жұмысындағы мысалдарының дұрыстығына көзі жетіп еркін оқи бастады. Екі жағдайдың біріншісінде Н. Атты оқушым диалогқа түсу арқылы ынтымақтастық атмосферасын құра білсе, С.-ның тапсырманы түсініп алуы үшін оқушылар жағымды ахуалды тудыра отырып, оны түсінгенін айта алатынына сендіргендей болды.Өзара бағалау кезінде жақсы жазылған деп танылған мысалдарды «Ыстық мінбеде» балалар оқып берді. Топтағы оқушылар үздік мысалдарды стикер жапсыру арқылы анықтауға қатысты. Өз ойларын ортаға салды. Үздік мысалдар анықталды. Мен өз тарапымнан топ арасында үздік болып танылған төрт мысалға «Үздік үй тапсырмасы» номинациясын беру арқылы формативті бағаладым.

Сабақта байқалған екі көрініс Мерсердің (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым–қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткенінің дәлелі дер едім. [1, 29– бет].

Ендігі кезекте оқушыларға 100 санынын, киім жеңінің және араның суреттерін таратып, топқа бөлдім. Бір - бірімен еш байланыссыз үш түрлі сурет арқылы топқа бөлініп бара жатқан оқушыларым аң-таң. Осы уақытта өзінің суретіне, қасындағы достарының суреттеріне қараған өзім зерттеуге алып отырған А.: - Мұғалім, бүгінгі суреттер күндегіден өзгеше ғой, әлде біз ауыстырып басқа суреттерді алып қойдық па,-деді. Оқушылардың сурет бойынша орындарына жайғасуларын, суретке мұқият қарауларын сұрадым. Осы кезде сыныптағы Ж.: - Біздің өтіп жатқанымыз сөз мағыналары ғой, мына суреттердің мағыналарына мән беретін шығармыз, - деді. Осы ойдан кейін әр топта отырған оқушылар суретке зер сала бастады. Яғни, жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты деген бірінші тезисті еске түсіріп, оқушыларды сыни ойлантты [1, 35-бет]. Оқушылар ойларын болжап, әр топтан алдарындағы суреттер бойынша түрлі мысалдар айтылды. Жаңа тақырыпты ашу төңірегінде сөз тіркестері мен сөйлемдер құрылып топтар арасында қызу талқыға түсті. Оқушыларымның мысалдарын бақылау кезінде жаңа сабақтың мағынасын ашудың елеулі бөлігін құрауға Мерсердің (2005) «мұғалім–оқушы» және «оқушы – оқушы» жағдайындағы қарым - қатынас түрлері орнықты [1, 29- бет].

Сабақтың тақырыбы ашылғаннан кейін оқушыларға ББҮ кестесін тараттым. Таратудағы мақсатым, сабақтың өн бойындағы оқушыларымның білім деңгейін, жаңа тақырыпты игерулерін қадағалау. Оқушылардың сабақты меңгере түссін деген мақсатпен топтарға бас, кілт, жүз сөздерін пайдаланып омонимдік тіркес құрап, постерге түсірулерін тапсырдым. Бұл тапсырманы орындауға «Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісін пайдаландым. Ондағы мақсатым оқушыларды сыни ойлауға бағыттып, ойларын еркін, жинақы жеткізуге бағыттау және сөздік қорларын молайту болатын. Оқушылар топ ішінде ақылдасып, өдеріне берілген сөздің омонимдік тіркесін құрап жазып шықты. Үш топқа берген сөзім қарапайым сөздер қатарынан болғандықтан оқушыларға еш қиындық туғызған жоқ. «Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді»,- деген Барнстың (1971) сөздерін негізге алдым [1,39-бет].

Диалог – қарым-қатынас суьбектілерінің тоғысуы, олардың әрқайсысы да өзінің серігіне, тыңдаушысынан, түсінушіге қаратып сөйлейді. Оқытудың нәтижелілігі олардың қаншалықты тең құқылы екендігіне, мұғалімнің қарым-қатынаста өзінің басымдылығын білдіртпей, қаншалықты бірлескен ой- толғанысты, бірлескен шығармашылықты ұйымдастыра білуіне, ал оның серігі оқушы рөлінен тең құқылы автор рөліне ауыса алатындығына байланысты.

Мұғалім тарапынан осындай тең құқылы жағдай жасалғанда ғана диалог тиімді әрі нәтижелі болып, қатысушылардың танымдылық мүдделеріне сәйкес келеді.

Постерлерді қорғауға шағатын оқушылардың орындықтарының арқалықтарына қызыл, жасыл және сары стикерлерді жасырын жапсырып кету арқылы қорғаушыны таңдадым. Осы әрекетім сәтті шықты. Өйткені топтағы оқушылар арасында «қорғаушы» болатындар саны көбейіп кеткен еді. Қорғаушылар арасында өзім назарға алған С. постер қорғауда қиналғандығын байқадым да – Балалар, бірінші топтан екі оқушы, екінші топтан үш оқушы, ал үшінші топтан үш оқушы шығып қорғайды деп жағдаяттан шығу жолын қарастырдым. Сәтті шықты. Жаңағы С атты оқушым екінші топтан болатын, қасына көмекке екі В оқушыны шақырып, ЖАДА-ын ұйымдастырдым. Үшеуі қиналмастан қорғап шықты. Өзге екі топ қорғап болған соң «Екі жұлдыз, бір тілек» айтылды. Сынып ішінде екі оқушыдан ғана толық «Екі жұлдыз, бір тілекті» байқадым. Бұл жерде менің түсінгенім, оқушыларым «Екі жұлдыз, бір тілек» айтуға төселмеген болып шықты. Енді алдағы сабақтарымда «Екі жұлдыз, бір тілекті» дұрыс айтуға дұрыс бағыт-бағдар беріп, аталған кемшілікті жею керек деп ұйғардым.

Осы сыныпта оқу үлгерімі жоғары, қимылы, ойлауы шапшаң А оқушы «Ақылдыма» өткен сабақта өткен көп мағыналы сөздер мен бүгінгі омонимдерді Венн диаграммасына салуды тапсырдым. Бұл жерде оқушымның сыни ойлау қабілітін арттыра отырып, салыстырумен ұқсастықты табу арқылы арқылы, өткен сабақ пен бүгінгі сабақтың ұқсастығы мен айырмашылығын меңгерттім.

Осындай жақсы атмосферада мәтінмен жұмыс ретінде оқулықтан «Мақсат қоя білу» атты 66-жаттығуды қарастырдық. Алдымен «Мақсат қоя білу» тақырыбы жайлы электронды оқулықтан мәлімет бердім. Одан соң мәтінді меңгерту мақсатында Эдвард де Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы» тәсілі арқылы ортаға барлығына ортақ сұрақ тастап, әдістің ережесіне сай қалпақ түстеріне байланысты қорғап шығуларына бағыт-бағдар бердім.

Бұл әдіс тиімділік әсерін берді. Мерсер (2000) сипаттағандай, диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету алға мақсат қоятын және білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылатыны сөзсіз. Өйткені топпен жұмыс барысында байқағаным, С оқушылардың басқа А, В оқушылармен бірдей пікірталасқа түсіп, өз ойын ортаға салып, өзге топ мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, белсенділік танытуы . Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, сол ойларды талдау барысында постер жасап, қорытынды ойға келе білді. Зерттеуге алынған С оқушым қызыл қалпақ тобында болды, қолына қалам алып сыныптастары шығарған өлеңді параққа жазып, қалпақ талабы бойынша өз пікірін өлеңін етіп жеткізіп, топтық жұмысқа үлесін қосып отырды.

А оқушы тобын ұйымдастырып, әр кезде топқа үздік оқушы ретінде ықпалын жасап, қабілеті төмен оқушыға мәтінді түсіндірді, ал В оқушыда көк қалпақ тобында белсенді болып тақырыпты қорытындылап, өз ойын екін жеткізді.

Жаңа тақырыпты меңгерту барысында Эдвард де Бононың «Ойлаудың 6 қалпағы» тәсілі тиімді болды, себебі, оқушылар тақырыпты жан-жақты қарастыра білді.

Ақ қалпақ - мақсат қоя білу не үшін керек екенін, шынайы өмірден мысал келтірді. Бұл жерде А оқушының бойынан ерекше белсенділік және ұтқырлық қасиетін көрсету арқылы өз ойын еркін, дәлелді мысалдар келтіре отырып нақты жауап бере білді.

Қызыл қалпақ тобында Г деген оқушы өзінің дарындылық, тапқырлық қасиетін көрсете отырып «Мақсат» тақырыбына өзі шығарған туындысын ұсынды:

«Мақсат» сен не деген керемет ең!

Сенсіз адам еш нәрсеге қол жеткізбеген.

Оқуда, жұмыста, әр кезде де.

Бар қадам жоспарланады мақсатпенен, - деп қызыл қалпақ жырлады.

Қара қалпақ - қазақ халқында жоспарлау жаман ырым. Алға мақсат қоюдың тиімсіз жағын, күманданып, мақсат қойған шынымен адамға пайдасы болама, болмайма, деп М деген жақсы оқитын оқушым ойын пайымдай білді.

Сары қалпақ - мақсат қоюдың түрлерімен таныстырды. Мақсат қоюдың әр бастамада пайдасы барын айтты. Адам өзіне –өзі талап қоя білсе, оны бұлжытпай орындауға дағдылану керек екенін Л деген В деңгейдегі оқушым, ойын жақсы жеткізе білді. Себебі оның бойынан тиянақтылық, нақтылық, жан-жақты ізденгенін көре білдім.

Жасыл қалпақ тобында күнделікті өмірде өзі алдына қандай мақсаттар қоятынын айтты. Е есімді оқушым, белсенділікке ұмтыла отырып постер қорғауға шықты, оның бойында қобалжу, кідіру байқалды. Сыныптастары қолдап, қолпаштап отырды.

Көк қалпақ тобы В деген орта деңгейдегі оқушым қорытынды жасады, әр топтың берген жауаптарын бағалау парағы арқылы бағалады. Бұл оқушыдан қобалжу байқалғанымен, белсенділік, сыңаржақтылық таныта отырып қортынды бағалау жасады.

Алты қалпақтың постерлерді қорғауы бойынша берілген критерийлер арқылы бағалады.

Бағалау әділ болды, тек жасыл қалпақ төмен бағамен келіспеді, бірақ ол оқушыға табыс критерийлері бойынша түсінік берілді. «Ойлаудың алты қалпағы» әдісін пайдалана отырып, сабағымда барлық модульдердің синтезін көрдім.

Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жасау мақсатында оқушыларға стикерлер таратып, сабақта ненің ұнағанын, не үйренгендерін, нені үйренгісі келетіндерін, не ұнамағанын жазуды сұрадым. Оқушылар сабақта алған әсерлерінен бастап, не үйренгендерін, не білгілері келетіндіктерін тіпті келешектегі сабақтың қалай өтуін қалайтындықтарын жазған. Себебі мен кері байланыс арқылы бүгінгі сабақтан оқушылардың алған әсерін біліп, келесі сабаққа нені және қалай жоспарлауым керектігін саралағым келді.

Оқушылар әртүрлі деңгейде жауап қайтарды. Мысалы: А1 оқушы жауабында: «Маған сабақтың осылайша болғаны ұнайды. Қосымша айтарым, сабақ барысында ойындар мен постер жасау көбірек болса деймін » десе, В2 оқушы: « Осымен ғана шектелмей, басқа да қызықты, ойындар, әдіс-тәсілдер болса деймін» деп жауап берді. Бұл жазылған ойдың өзі оқушыларымның ойлау деңгейлерінің алуан түрлі екендігін көрсете білді. Сонымен сабақты интербелсенді әдістер арқылы өткізсе оқушылардың қызығушылықтарының артанынана көзім жетті. Оқушылардың ойын ескере отырып, келешектегі жұмысыма деген көзқарасымды өзгерттім. Сабақ барысында сұрақтар дұрыс қойылғанда, деңгейлік тапсырмаларды орындауда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын анық байқауға болады. Бұл тапсыраманы орындағанда бірнеше ой-пікірлер пайда болып, әр оқушы өз ойының дұрыстығын дәлелмен айтуға тырысады. Сол сияқты оқушылар ортасына ой тасталып, бағыт-бағдар беріліп отырса, олардың сабаққа деген қызығушылығымен жауап беру кезіндегі белсенділігі арта түседі. Сабақ басында таратылған ББҮ кестеснде толтырылған жауаптарды саралай келе,сабаққа қатысқан он тоғыз оқушының он алтысы кестені толтырып, білгісі келетін, сабақ басында толғандырған сұрақтарының жауаптарын «үйрендім» бағанына толтырғандарын байқадым.қалыс қалған үш оқушым кестені түсіндеген деген тұжырымға келдім. Себебі, кесте ережеге сай толмағанын байқадым. Оқушыларым кестені толтыруда шатасқан. Бұл кестені сабағыма алғаш қолданғанымды ескермей, оқушыларға жете түсіндіммегенім шебепші болды деп түйдім. Алдағы сабақтарымда қолданар алдында кестені толтыру ережелерін түсіндіремін деген қорытындыға келдім.

Сабағымды қортындылай келе осы сабақта болған нәтиже:

  • оқушылар жаңа тақырыпты өткен тақырыппен салыстырып, күнделікті өмірмен байланыстырып сыни ойлауға үйренеді;

  • жаңа сабақты меңгеру барысында сөз мағыналарының ережесін, тапсырмаларды орындау кезеңінде тиімді қолдана білді;

  • оқушылар бірін – бірі әділ бағалауға икемделді;

  • белсенділік және дарындылық қасиеттері тапсырманы орындау барысында айқындалды.

Интербелсенді әдіс-тәсілдерді сабағыма қолдау арқылы оқушылардың танымдық қасиеттері жетіліп, дәстүрлі сабаққа қарағанда Бағдарлама бойынша жүргізген сабағым өз жемісін көрсетеп жатты. Жаңа үлгідегі сабақты өткізу барысында қалыптастырушы бағаудың оқушыларды ынталандырудағы тиімділігін, оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра отырып жасырын қабілеттерін ашуға болатынын, топтық жұмыста балалардың бірін-бірі өзара үйрету жұмыстары тиімді болтандығын үйрендім.

Сабақ барысында кездескен қиындықтар:

  • Топқа бөлудегі шу деңгейі;

  • Тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді байланыстыру;

  • Сабақтың өн бойында жеті модульді ықпалдастыру;

Шешу жолдары:

  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдерді сараптаймын;

  • Жеті модульді ықпалдастыруға дағдыландым;

Есебімді қортындылай келе шетел ғалымдыры Чиксентмихаи (2008) айтқандай, мұғалім оқушыларда «өзіндік мақсат» сынды қасиеттің және Райан мен Декидің (2009) «ішкі уәж» деп айтатын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс дегендей, бұл қағидалардың ұқсастығын ескере отырып, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамып, сапалы білім алуына жағдай жасайтын тек ұстаз деген тоқтамға келдім [1.34-бет]. Мен алдыма қойған мақсатқа жету үшін бағдарламаның жеті модулін әр сабағыма ықпалдастыра отырып жақсы нәтижеге жетемін.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші(негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.-306 б.

2 Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 5- сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра» 2010. Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова.



3. ҚР БҒМ мен Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының бағдарламасы (2013, 3- сәуір №115 бұйрығымен бекітілген).


Сабақ №2

Сабақ өтілетін уақыт:

Орны: 201 кабиент

Барлық оқушы саны:19

Қатысқаны:19

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, оқу жоспары, оқулық

Сабақ тақырыбы

Омонимдер

Жалпы мақсаттар

Омоним туралы түсінік беру; Көп мағыналы сөздер мен омоним сөздерді ажырата білуге дағдыландыру;

Түйінді идеялар

Оқушыларға омоним сөздерді меңгертуге тапсырмалар беріледі, олар тапсырмаларды топпен, жұппен талқылап шешімін табады. Ой тастау жобасы арқылы топтық, жұптық тапсырмалар беріліп, оларды бірлесіп шешуге ықпал ету;

Оқыту нәтижелері

  • Оқушылар көп мағыналы сөздерді сөйлемде қолдана алады;

  • Берілген суреттер арқылы омоним сөздерді меңгереді;

  • Бір-біріне сауал қою арқылы, алған білімдерін тексере алады.

  • Омонимнің ережесін біледі;

  • Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді салыстыра алады;

  • Оқушылар жұптасып,ортақ пікірге келеді

  • Оқушы омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырата алады

Көрнекіліктер

Компьютер, инерактивті тақта, флипчарттар, үлестірме қағаздары, оқулықтағы мәтін мен тарсырмалар.

Дереккөздер

Оқулық, қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Венн диаграммасы мен ББҮ кестесі

Сабақ барысы

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау (формативті, суммативті)

Сабақ кезеңдері

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

(13 мин)




Сәлемдесу





Топқа бөлу







Сұрақ-жауап

Оқушылардың назарын сабаққа аударту, психологиялық ахуал орнату, топ ережелерімен таныстыру



Омоним тақырыбына баланысты (100 саны, киімнің жеңі, ара) суреттері арқылы оқушылар топқа бөлінеді







Көп мағыналы сөздерге байланысты берілген мысалдарды тексеру. Оқу шарты: тізбектей оқу. Сондықтан бір-біріңді мұқият тыңдап отырыңдар.


Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын әзірлейді.









Сабақ басталғанда оқушыларға суреттер таратылған. Сол суреттерге байланысты оқушылар әр топқа топтастырылады. Бөлінген топтар бір-бірлеріне сәттілік тілейді.











Топ ішіне тапсырма тізбектеле оқылады.

Шапалақ арқылы мадақтау









Бірін-бірі бағалайды

2-кезең: Мағынаны тану:

(15 мин)


«Суреттер сөйлейді»,





ББҮ әдісі







Ойлан-жұптас-пікірлес,











Венн диаграммасы

Сабықтың тақырыбымен таныстыру, сабақтың мақсатын айқындау, оқушыларға меңгерту.

Осы кестені тарату арқылы оқушылардың білімдерін тиянақтайды.



Бөлінген топтарға омоним болатын сөздер үлестіріліп берілді. Осы омоним болатын сөздерді әр мағынада постерге жазып шығу тапсырылады.



Сыныптағы үздік «Ақылды» оқушыға жекелей тапсырма ретінде омоним сөздер мен көп мағыналы сөздерді салыстыру жүктеледі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.

Бөлінген топтар бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Сабақ барысынды кестені толтыру арқылы оқушылар алған білімдерін жүйелейді



Топтар өздеріне берілген бас, кілт, жүз сөздерін пайдаланып омонимдік тіркес құрайды. Жұмылып жұмыс жасап, постерлерін қорғайды.







«Ақылдым» көп мағыналы сөздер мен омоним сөздерді салыстырады.

Шапалақ арқылы ынталандыру














3-кезең: Ой- толғаныс:

(11 мин)

ДЖИСО әдісі



Диалогтық әдіс

Оқулықтан 66-жаттығуды орындау тапсырылады. Түсіну дәрежесін анықтау, өзін-өзі реттеу , көшбасшылық, дарындылық қабілеттерін анықтау

Оқушылар мәтінмен танысады.

  • Мәтінге ат қояды;

  • Адам бойында болатын қасиеттерге сипаттама береді;

  • Омоним болатын сөздерден сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады;








Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)

(1 мин)

Омоним болатын бес сөз тауып, олармен сөйлем құрып келу

Рефлексия

(5 мин)

Оқушылар бүгінгі сабақтан не түйгендерін, не үйренгілері келетіндерін жазып, кері байланыс бұрышына орнатады.












Автор
Дата добавления 28.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров192
Номер материала ДВ-562995
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх