Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары кәсіптік және техникалық білім беру негізі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары кәсіптік және техникалық білім беру негізі

библиотека
материалов

Семей көп салалы колледжінің

«Негізгі орта білім» мамандығының 3 курс студенті

Қамшыгер Жарқын

Жаратылыстыну пәндерінің оқытушысы Танбаева Назгүл Сабырқызы



Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары кәсіптік және техникалық білім беру негізі


Тақырыптың өзектілігі: Кәсіптік және техникалық білім беру негізінде инновациялық білім беру технологияларын, интерактивті оқытуды, оқу іс-әрекетінің жаңа әдістері мен тәсілдерін белсенділікпен қолдану. Нәтижесінде  жоғары деңгейде дамыған, коммуникативті ептіліктерді меңгерген, өзгермелі ортаға бейім, алғыр, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау.

Тақырыптың ғылыми зерттеу деңгейі: білім жүйесін жаңғырту аясында, жұмысшы кадрлардың зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру үшін оқу орындарында дуалды оқыту жүйесін енгізудің, заманауи оқыту әдістемесінің бір түрі –коучинг әдістемесін енгізудің, кәсіби білім берудегі заманауи технология ретінде – «кейс-стади» әдісін қолдану тиімділігін анықтау.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді делінген[1,3].

«Кәсіптік  білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды кәсіби түрде оқыту» тақырыбында Р.Наубетова: Елімізде жүріп жатқан терең экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, кәсіби қызметтің барлық сферасында мамандарды даярлау іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Колледж түлегі жоғары деңгейде дамыған, коммуникативті ептіліктерді меңгерген, өзгермелі ортаға бейім, алғыр, бәсекеге қабілетті тұлға болуы тиіс[4,2]. Сондықтан, барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық инновациялық білім беру технологияларын, интерактивті оқытуды, оқу іс-әрекетінің жаңа әдістері мен тәсілдерін белсенділікпен қолдану – маңызды мәселелердің бірі. Колледжде  оқыту  барысында болашақ маман ретіндегі студентті еңбек нарығының сұраныстарына сай қалыптастыру оқу үрдісін қазіргі білім беру талаптарына сәйкес жоспарлы және мақсатты ұйымдастырумен тығыз байланысты. Ол үшін оқыту үрдісіне жаңа және бұрын қолданылған озық тәсілдер мен бағыттарды жетілдіре енгізу қажет.  Олардың ішінде оқытудың инновациялық технологиясы айрықша орын алады. Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс - әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

оқу процесінде қарым - қатынастың еркін болуы;

оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы туралы айтты.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау болып табылады. Білікті мамандар даярлаудағы маңызды бағыттардың бірі – оқытудың жаңа білім беру жүйесін қолдану болып табылады.

Білім жүйесін жаңғырту аясында, жұмысшы кадрлардың зәрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру үшін оқу орындарында дуалды оқыту жүйесін енгізу міндеттері қойылды. Дуалды оқытуда теория мен практиканың өзара байланысы принципі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға кәсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі.

Сондай ірі жобалардың бірі – оқытудың дуальді жүйесі. Оқытудың дуалдық жүйесінің элементтерін енгізу бағытында біраз жұмыстар тындырылды. Құзіреттілігі жоғары мамандар даярлау жүйесінде дуалдық оқыту жүйесі маңызды орын алмақ. Өйткені бүгінгі күні дуалдық оқыту жүйесі әлемдегі кәсіптік – техникалық кадрлар даярлаудағы ең тиімді формасы болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде оқытудың дуальді жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының біріне айналып отырған жүйе болып табылады. Теория мен практиканы біріктірген бұл жүйе бойынша болашақ жұмысшылар оқу уақытының 70-80%-ын өндірісте, қалған 20-30%-ын оқу мекемесінде өткізеді. Яғни, білім мен шеберлікке бірдей баулынады.

Білім берудің дуальді жүйесін пайдаланудың артықшылықтары:

-Оқытудың дуальді жүйесін пайдалану тәжірибесі дәстүрлі жүйемен салыстырғандағы осы жүйенің келесі артықшылықтарын көрсетті:

-мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі дәстүрлі оқыту формалары мен әдістеріндегі кемшіліктерді – теория мен практика арасындағы алшақтықтарды жояды;

-мамандарды дайындаудың дуальді жүйесі механизміне маман тұлғасына әсер ету, болашақ қызметкердің жаңа психологиясын қалыптастыру енгізілген;

-қызметкерлерді оқытудың дуальді жүйесі жұмысының барысында білім алу

мен дағдыларды қалыптастырудың жоғары мотивациясы құрылады, себебі олардың білімінің сапасы жұмыс орындарында қызметтік міндеттерін

атқаруға тікелей қатысты;

сәйкес мекеме басшыларының өз қызметкерін практикалық оқытуға қатысты қызығушылығы;

тапсырыс берушімен өзара тығыз байланыста жұмыс істейтін оқу орны оқыту барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді.

Оқу үдерісін дуальді форма бойынша ұйымдастыру үшін сабақ басталғанға дейін «колледж–кәсіпорын–студент» атты 3-жақты шарт жасалады, ол жерде оқу үдерісі кестесі (колледждегі теория сабақтары, практикалық сабақтар, кәсіпорында практикадан өту), әр нақты студентке кәсіпорыннан тәлімгер мамандар (инженерлер) бекітіледі, оқу мерзімі, оқу ақылары және т. б. көрсетіледі.

Коучинг-заманауи оқыту әдістемесінің бір түрі.

Коучинг – (ағылш.coaching) сөзбе-сөз аудармасы – тәлім ету, дайындау, жаттықтыру. Бұл — әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия, белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Коучинг – бұл психотерапия емес және емдеу емес. Бұл белгілі бір мақсатқа немесе дәрежеге жеткен және ары қарай дамып, өзіне және өзгелерге жаңалық ашуға дайын адамдарға арналған. Олар өзінің белгілі бір қасиетін өзгерткісі келетін адамдар, мысалы, өз жұмысын әлде қайда тез және жеңіл атқаруға немесе өзінің өмірін өзгертіп, өзіне пайдалы және ұнамды істер жасауға көбірек бос уақыт бөлгісі келетіндер. Яғни, негізінен өз өмірін жақсы жаққа қарай бұру. Коучинг – бұл мұғалімге білім алуға және дамуға, сол арқылы өзінің кәсіби қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін үдеріс. Өз қызметінде жетістікке жету үшін тренерге үдерісті білу және түсіну қажет, сонымен қатар коучинг өтетін мән-мәтінге сәйкес келетін әртүрлі стильдер, дағдылар мен техникаларды меңгеруге тиіс. Бұл – ұзақ уақытқа созылатын, екі әріптес арасындағы сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол әріптесінің педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Үдеріс барысында, әріптес өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал екінші әріптес еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді.

«Кейс-стади» — кәсіби білім берудегі заманауи технология ретінде.

Кейс-стади: экономикалық және әлеуметтік мамандықтар бойынша білім алудың тиімді әдістерінің біріне айналған «кейс-стади» әдісі теориялық білім алған студенттерді болашақ мамандықтың практикасына негізделген әрекеттерге баулиды.

Кейс-стади міндеті – білім алушыларды келесідей әрекеттерге жұмылдыру: кез-келген теориялық мәлімет пен ақпаратты талдау,негізгі проблемаларды айқындау,проблемаларды шешудің әртүрлі балама жолдарын (варианттарын) табу (ситуация – көп шешімі және баламасы бар оқиға екенін ұмытпайық),сараптау арқылы олардың ішінен ең тиімдісін таңдау, өз іс-әрекеттерін жоспарлау.

Кейс-стадидің басты қағидасы: «Ақиқатты іздену — ақиқаттың өзінен де маңызды»

Кейс-стадидің екі негізгі мектебі: Америкалық (Гарвардтық мектеп) Батыс еуропалық (Манчестер мектебі). ХХ ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарының Гарвард университетінің бизнес мектебінде пайда болған. Кейс-стади амал-тәсілі термині алғаш рет американдық ғалым Коплендтің еңбектерінде пайдаланылған. Копленд 1921 жылы оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс-стади амал-тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен.

Кейс –стади- амал-тәсілдің немесе оқытудың нақты жағдаяттар әдісі.

Сase-study — таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды,«кейс» сөзі «жағдай», «оқиға» дегенді білдіреді.

Кейс-стади дегеніміз – кейстерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын сабақтың нысаны (формасы).

Кейс бірыңғай ақпараттық кешен болғандықтан, ол үш түрлі бөлімнен тұрады:

1) кейс дайындау бөлімі

2) нақты жағдаяттар бөлімі

3) кейске кіретін қосымша тапсырмалар

Сase-study әдісі үйренушілерде келесідей кәсіби, әдістемелік және коммуникативтік құзырлылықтарды қалыптастырады: пән аралық байланыстарды айқындайды, көшбасшылыққа ұмтыладыысқа уақыт ішінде жүйеленбеген, ретке келтірілмеген ақпаратты талдайды, сыни, конструктивтік, аналитикалық және жүйелі тұрғыдан ойлау, сәттілікке бағытталу, жеңімпаз психологиясын дамыту,нақты кәсіби біліктерді (мәселен, кәсіпорын жұмысы) игеру, өздері атқарған жұмыстың (талқылау, талдау, жоба, т.б.) нәтижелерін жариялау (презентациялау), белгіленген уақыт ішінде ақпараттың жетіспеушілігі (немесе, керісінше, оның көлемінің тым көп болуы) мен уақыт тапшылығы жағдайында шешім қабылдау және оның салдарын бағалау, қарым-қатынас дағдылары мен бірлесе (команда құрамында) жұмыс жасау машықтарын игеру.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация т. б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі.

Инновациялық технология – бұл жаңашылдыққа негізделген технология. Оның студенттер үшін пайдасы төмендегідей:

  • -оқу-әдістемелік әдебиеттер мен материалдарды тиімді пайдалануына жағдай туғызады;

  • кәсіби білім-білікті терең үйренуге жол ашады;

  • түйінді-ізденгіштік ойлау қабілетін дамытады;

  • болашақ кәсібі жөніндегі танымын қалыптастырады;

  • ғылыми-зерттеушілікпен айналысу белсенділігін арттырады;

  • алған білімін өзіндік бақылау мүмкіндігі кеңиді;

Оқытушы-ұстаздарға тигізер пайдасы тіптен зор, олар:
-оқу-әдістемелік материалдарын жедел жаңартуға мүмкіндік жасайды;

оқытудың әртүрлі үлгілік технологияларын енгізеді;

оқытудың ұқсастыра, теңей оқыту технологияларын қолдануына мүмкіндік туады;

студенттер білімін бақылау мен қадағалау мүмкіндігі кеңиді;

кәсіби мамандарды дайындаудың қолданылып келген технологияларының сапасын жетілдіреді.

Инновациялық технологиялар білім берудің сапасын жақсартады,сонымен қатар,білім беру қызметі нарығында білім беретін оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, қамтамасыз етеді. Білім беру процесінің ең негізгі міндеттерінің бірі – кәсіби білімі бар маманның ізденгіштік қызметі арқылы құзіреттілігін қалыптастыру [3,8].
Мұндай қызметтер түріне:

бірлесе оқыту;

модульдық оқыту;

проблемалық оқыту;

деңгейлеп,саралап оқыту, тағы басқалары.

Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады[2].

Қазақстан Республикасының «2005-2010 жылдарында білімді көтеру» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген орта арнаулы білім беру саласындағы негізгі мәселелерді ескере отырып, әдістемелік кабинеттің жұмысы педагогтардың мамандығына сәйкестігін жетілдіруге ерекше көңіл бөлуде. Жаңа формациядағы маман даярлау оқытушы мен оқушының өзін көрсете білуіне, оқытушылардың біліктілігін көтеру мақсатында инновациялық қызметті ұйымдастыруға, білім берудің жаңа технологияларды пайдалануға негізделеді.

Міне, осындай жолдан өткен әрбір оқытушы шебер де, шығармашыл тұлға болары анық. Ұлы педагог Я. А. Коменский «Оқытушы-мәнгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл- әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құястын тынымсыз лаулаған жалын иесі» деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын, жалындап жүретін тұлға екендігін айтқан. Ал, шағармашыл оқытушының шәкірті де шығармашыл болуы керек. Дарынды балаға дарынды оқытушы қажет. Олай болса, оған білімнің нұрын құйып, шығармашылық ынтмақтастықта әрекет етсе, «Жаңа әлемдегі-жаңа Қазақстанға» жету жолы анықталары сөзсіз. Сонымен қорыта айтсам инновация дегеніміз жаңару деп түсінуіміз керек. О.Бальзак «ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы»- деп айтқандай, студенттермен жұмыс жасағанда оқытушы үнемі ізденіп, тұрақты еңбек етуіміз міндетті.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан  жолы-2050»

  2. В.С.Кукушкин. «Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособия для учителя». (Серия «учение с увелечением») – Ростов н/д: изд-во «Феникс», 2004г.

  3. К.Ангеловский «Учитель и инновации» М-1991г.

  4. Р.Наубетова. «Кәсіптік  білім беру орындарында инновациялық әдістер мен технологияларды кәсіби түрде оқыту» Ақпан, 2014ж




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1758
Номер материала ДВ-270813
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх