Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Оқытудың жаратылыстану-математика бағыты бойынша информатика пәнінен 10 «а» сынып оқушыларына арналған «Ақпараттық технологиялар» қолданбалы курсының бағдарламасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Оқытудың жаратылыстану-математика бағыты бойынша информатика пәнінен 10 «а» сынып оқушыларына арналған «Ақпараттық технологиялар» қолданбалы курсының бағдарламасы

библиотека
материалов


Алматы облысы Жамбыл ауданы

Қарғалы №3 орта мектеп коммуналды мемлекеттік мекемесі









Оқытудың жаратылыстану-математика бағыты бойынша

информатика пәнінен 10 «а» сынып оқушыларына арналған «Ақпараттық технологиялар»

қолданбалы курсының бағдарламасы

 




аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат














Нурсапаева Макпал Алмасовна

информатика пәнінің  мұғалімі







2015-2016 оқу жылы

 



Түсінік хат


Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген. 

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігімен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын меңгеруге негізделеді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Курстың мақсаты – ақпараттық қоғамның талаптарына жауап бере алатын оқушыларды тәрбиелеу. Оқушылар ақпараттар ағынымен жұмыс тәсілдерін – қажетті ақпаратты іздеу, оны өңдеу, ақпараттың мәтіндік және мультимедиалық түрлерін құру және қайта жасау, оларды оқу және өмірлік мәселелерді шешуде қолдана білулері тиіс.


  Міндеттері:

    • оқушылардың бейнелік  ойлау  қабілетін  дамыту, ақпараттық технология маңыздылығын терең түсіну, танымдық, біліктілік қабілеттерін дамыту;

    • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал жасау;

    • оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

    • жоба қорғау барысында, жарыс сөздер жəне ауызша жауаптарда сөйлеу мəдениетін дамыту

    • оқушыларды ақпараттық мəдениетке жəне техникаға ұқыпты болуға тəрбиелеу.




Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.

  • Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.

  • Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыру.

  • Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл, жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру.

 

Оқушылар мыналарды білуі тиіс:


  • ақпараттық технология ұғымын;

  • графиктік, мәтіндік редакторлармен жұмыс жасай білуі;

  • компьютердің жұмыс істеу принципін, ұйымдастыру негіздерін және жұмыс істеуін білуі;

  • презентация құра алуы, талдай алуы және түсіндіре алуы.

  • ақпаратты қорғаудың және компьютерді басқарудың негізгі бағдарламалық жабдықтарын білуі;

  • адам және қоғам өміріне ақпараттық технологияның тигізетін ықпалын, мәнін, ролін білуі;

  • жалпы және дара коммуникациялардың ақпараттық жүйесінің ерекшеліктерін айыруы;

  • слайд – фильмдерді  жасау жолдарын

 





















 Бағдарлама  мазмұны:

 

1-бөлім: Кіріспе (3 сағ.)

Техника қауіпсіздік ережесі. Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.


2-бөлім: Презентация. Мультимедиалық презентация

конструкторы (18 сағ.)

Power Point бағдарламасымен танысу, презентация  жасау. Movie Maker бағдарламасымен жұмысты үйрену.Фильм жасау, өңдеу.


3-бөлім: Телекомуникациялық желілер(10 сағ.)

Телекомуникациялық желілермен жұмыс. Интернет ауқымды желісінің қызметтері, мүмкіндіктері.

 

4-бөлім: Microsoft Excel кестелік процессор ( 10 сағ.)

MS Excel-мен танысу. MS Excel бағдарламасы. Берілгендерді енгізу және редакциялау. Ұялар ішіндегі мәлімет. Сандар мен формулалар енгізу. Excel-де функциялар мәнін кесте түрінде алу. Excelдің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммаларды құру. Excel жұмыс кітабы. Кестелер байланысы


5-бөлім: Мәліметтер базасының жүйесін басқару (6 сағ.)

Excel-дегі мәліметтер базасы. Мәліметтерді реттеу және сүзу .


6-бөлім: Microsoft Access редакторы (14 сағ.)

Microsoft Access мәліметтер базасының негізігі  түсініктері.Кестелермен жұмыс істеу. Сұраныстармен жұмыс істеу.


7-бөлімҚорытындылау (8 сағ.)

Курс бойынша тест жұмысы. Тақырыптық жоба жұмыстары. Жобаларды қорғау. Қорытынды қайталау.

 













Информатика пәні бойынша 10 сыныптарға арналған

«Ақпараттық технологиялар» қолданбалы курсының

тақырыптық жоспары


Тақырып мазмұны

Сағат саны

Өтілу мерзімі

 

Кіріспе

2


1

Кіріспе. Техника қауіпсіздік ережесі. Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Операциялық жүйе ұғымы және оның атқаратын функциясы.

2


 

Презентация. Мультимедиалық презентация конструкторы

18


2

Программа интерфейсімен танысу

2


3

Power Point  бағдарламасында презентация құру және жасау. Безендіру шаблондары

2


4

Кестелерді, бейнені және дыбысты енгізу

2


5

Анимация эффектілерін баптау. Презентация көрсету.

2


6

Movie Makerбағдарламасына сипаттама

2


7

Фильм жасау әдістері

2


8

Фильмдерді  өңдеу әдістері

2


9

Шығармашылық жұмыс

2


10

Жоба жұмысын орындау, қорғау

2



Телекомуникациялық желілер

10


11

Компьютерлік байланыстар. Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері.

2


12

Ауқымды желілер. Интернет ауқымды желісінің қызметтері

2


13

WWW. Іздестіру жүйелері

2


14

 

Интернетте жұмыс, ақпарат іздеу, алу.

2


15

Электрондық пошта

2



Microsoft Excel кестелік процессор

10


16

MS Excel бағдарламасы. Берілгендерді енгізу және редакциялау

2


17

Ұялар ішіндегі мәлімет. Сандар мен формулалар енгізу.

2


18

Excel-де функциялар мәнін кесте түрінде алу.

2


19

Excelдің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммаларды құру

2


20

Excel жұмыс кітабы. Кестелер байланысы

2



Мәліметтер базасының жүйесін басқару

6


21

Excel-дегі мәліметтер базасы

2


22

Мәліметтерді реттеу және сүзу

2


23

Шығармашылық жұмыс

2



Microsoft Access редакторы

14


24

Microsoft Access мәліметтер базасының негізігі  түсініктері. Қарапайым мәліметтер  базасының құрылымы

2


25

Microsoft Access мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері. Microsoft Access мәліметтер типтері

2


26

Microsoft Access мәліметтер базасының объектілері. Microsoft Access мәліметтер базасының объектілері

2


27

Microsoft Access мәліметтер базасын жобалау

2


28

Мәліметтер схемасын даярлау

2


29

Access мәліметтер базасымен жұмыс істеу

2


30

Сұраныстармен жұмыс істеу

2



Қорытындылау

8


31

Тақырыптық жоба жұмыстары

2


32

Жобаларды қорғау

2


33

Жобаларды қорғау

2


34

Тараулар бойынша қайталау

2



Барлығы

68


 

 








Білімді   меңгеру дейгейлерінің   мазмұны:

-          әдіс – тәсілдері;

-           түрі;

-           құралдармен өзара байланысы


 Курсты ұйымдастыру формасы:

-      лекция

-      сұхбат – әңгіме

-      топтау, жұптық оқыту

-      өзіндік жұмыстар әдістерін пайдалану


Курсты оқытуды аяқтау формасы:

  • Шығармашылық жұмыс

  • Рефераттар

  • Өз бетінше іздену жұмыстары.

  • Тақырыптық жоба жасау, қорғау


 Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

Тест тапсырмалары.

Шығармашылық жұмыс

Жоба қорғау


Рефераттар тақырыбы:

  1. Жаңа ақпараттық технология

  2. Power Point  бағдарламасы

  3. Интернет ауқымды желісінің қызметтері

  4. Microsoft Excel кестелік процессор

  5. Access  бағдарламасының мүмкіндіктері



















 Қолданылатын әдебиеттер:


Мұғалімге:


1. Информатика. Практикум. Дидактикалық материал (жаратылыстану-математикалық бағыт). Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғгайбаланова – Алматы:         Жазушы, 2012.

2. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жалпы орта білім. Негізгі ережелер – Астана, 2012-68 бет

3. Мектеп информатикасын оқыту әдістемесі. 7-11 сынып материалдары негізінде. /Мұхамбетжанова С.Т. –Алматы, 2009/

4. «Информатика негіздері» әдістемелік журналы

5. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.  Алматы: 2008- 403 бет

6. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж.  Алматы: Жазушы, 2012.

7.  Информатика. әдістемелік құрал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғайбаланова             – Алматы:           Жазушы, 2007

8.  Электрондық оқулық. ҚР ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік  құрал /К.Б.Есекеев, Г.Қ. Нұрғалиеваның редакциясымен-Астана: АСТ-Проект, 2008-136 бет

 9. Ғаламтор



Оқушыға:

1.      Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 7-11 сыныбына арналған оқулықтар (жаратылыстану-математикалық бағыт). – Алматы: Жазушы, 2012.

2.      7-11 сынып. Информатика. әдістемелік құрал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғайбаланова  – Алматы:           Жазушы, 2012

3.      7-11 сынып. Информатика. Практикум. Дидактикалық материал (жаратылыстану-математикалық бағыт). Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғгайбаланова – Алматы:         Жазушы, 2012.

4. 7-11 сынып. Оқушы анықтамасы С.Т.Мұхамбетжанова, «Арман-ПВ» баспасы, 2007ж.

5. Ғаламтор









Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров257
Номер материала ДВ-534206
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх