Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Окрытый урок по казахскому языку на тему "Менің атым Қожа". Жалпы есім. (8 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Окрытый урок по казахскому языку на тему "Менің атым Қожа". Жалпы есім. (8 класс)

библиотека
материалов



Пән: Қазақ тілі

Пән мұғалімі: Айдарбекова Акгул Какеновна

Сынып: 8 «А» сынып

Айы, күні: _________


Сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесі.

Жалпы есім.


Сабақ мақсаты: Кейіпкердің жағымды қылықтарын оқушылардың бойына сіңіре отырып, жалпы есім сөздерді сөйлемде пайдалана білу.

Сабақтың міндеттері:

а) Білімділік: Повесть бойынша оқушылардың білімін жинақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, өзіндік ойын, сөйлем құрау дағдыларын дамыту.

б) Тәрбиелік: Адалдыққа, тазалыққа, әділдікке, балалықтың балдәуренін түсіне білуге, адами тұлғалық ерекшелікті қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ, топтық жұмыс.

Сабақ әдісі: Баяндау, салыстыру, талқылау, сұрақ-жауап, ой қозғау, топтастыру стратегиясы, дамыта оқытудың элементтері.

Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта (суретті топтама, арнайы дайынд. мәтіндер),

Пәнаралық байланыс: Тарих, тіл, әдебиет.

Сабақ барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу; б) Оқу құралдарын реттеу;

ә) Оқушыларды түгендеу; в) Кезекшілікті анықтау.


II. Үй тапсырмасын тексеру: Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаянын жазып келу.

Үй тапсырмасын қорытындылау. Кластер толтыру.

hello_html_15481815.gif



Бердібек Соқпақбаев




Топтық жұмыс: Үш топқа «Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы» туралы кестені толтыру.


І топ «Қожа» – қызметі

ІІ топ «Жанар» – шығармалары

ІІІ топ «Жантас» – жетістіктері



Қызметі:

Шығармалары:

Жетістіктері:

1. Ауыл мектебінде бала оқытқан

2. Алғашқы қаламгерлік жолын өлең жазудан бастаған жазушы «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен») журналында қызмет етті

3.«Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс істейді

4. «Балдырған» журналында қызмет етті

5. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болады.


1. 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағын шығарған.

2. Жиырмадан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынады.

3. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Бозтөбеде бір қыз бар», «Өлгендер қайтып келмейді», «Он алты жасар чемпион», «Қайдасың», «Гауһар», «Аяжан», «Дала жұлдыздары», т.б.


1967 жылы балалар мен жас өспірімдерге арналған фильмдердің Францияда өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» арнаулы жүлдеге ие болды. Қазақ КСР Құрмет грамотасымен марапатталды.

III. Жаңа сабақ:

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.


Менің Атым Қожа повесімен танысу және грамматикалық тақырыбымыз жалпы есімдерді меңгеру әрі табу.


Мұғалім: Маған бақыт сабақ өткізу сендерге,

Көріп тұрмын қуаныш бар жүздерде.

Балалықтың бал дәурені шат күліп,

Бәрімізге болсын серік сәттілік!


Бүгін Бердібек Соқпақбаевтың өмірі туралы жазылған ең қызықты шығармаларының бірі «Менің атым Қожа» повесімен танысамыз. Бұл повесті «Өзім туралы повесть» деп атаған екен. Себебі, повестегі барлық оқиға желісі Бердікбек Соқпақбаевтың өз өмірімен тікелей байланысты екен.

«Менің атым Қожа» повесі орыс, француз, украин, литва, латыш, молдаван тілдеріне аударылған. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясында экрандалған.

"Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды.

Оқушылырдың қызығушылықты ояту үшін фильмнен үзінді көрсете отырып Қожа қандай бала? екенін топтастыру.

«Менің атым – Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.

Фильм туралы: Барлық мектепке аты шулы "сотқар" Қожа, бар ынтасын салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен жетім қалған Қожаберген, үйлеріне келіп жүретін, Қаратайдан шешесін қызғанады. Досы, Сұлтан екеуі неше түрлі қызық оқиғаларды бастарынан кешіп, көрермендерді талай рет қуантады. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы, Қожа, әкесінің абыройын "шелектеп" төктім деп уайымдайды. Дегенмен, Қожа - ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.


І кезең.

Шығарманың басты кейіпкері.

  1. Қожа алғыр, ақылды, әділетті, мейірімді бала

  2. Қожа өтірікші, қызба, сотқар, тентек, мақтаншақ бала

Пікірталас ( 3 топ өз тұжырымдарын дәлелдейді)


Ой қозғау стратегиясы

hello_html_m4aa46804.gif




hello_html_56d30cfa.gif

hello_html_m13d00424.gif

hello_html_m7d4d7f4e.gifhello_html_728f900e.gif

hello_html_m6cade6d3.gif

hello_html_m323860d0.gif

hello_html_m422e307d.gifhello_html_m688e1632.gif

hello_html_d918780.gif

hello_html_m63db4d84.gif





Оқушылардың түйіндемесі «Сыр сандықтан» шығып отырады.


ІІ кезең. Қорытынды:

І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа. Ердің атын еңбек шығарады.

ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді. Сүттен ақ, судан таза.

ІІІ топ - Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Ештен кеш жақсы.

Грамматикалық тақырып: Жалпы есім.


Зат есімнің жалпылай немесе жекелей аталуына қарай екіге бөлінеді.

  1. Жалқы есім (собственные)

  2. Жалпы есім (нарицательные)

  1. Біртектес атаулардың өз ішіндегі жекелеген (собственные) атауы – жалқы есім

деп аталады.

Мысалы: Асан, Абай, Жамбыл, Іле, Қаратау, Қарқаралы, Қарағанды, Астана, «Қазақ әдебиеті», «Алтын арай», «Парасат», т.б.


  1. Біртектес заттардың жалпы (нарицательные) атауы – жалпы есімдер деп аталады.

Мысалы: Кісі, өзен, мал, құс, адам, шөп, ит, тау, қала, т.б.







IІІ кезең.

Дәптермен жұмыс: Үш топқа мұғалім дайындаған шағын мәтінмен жұмыс жүргізіледі.

Тапсырма:

А) мәтінді оқу, түсінгендерін айту, аудару.

Ә) мәтіннен жалқы есімді тап

Б) мәтіннен жалпы есімді тап

Сөздікпен жұмыс:

шын – правда

сырт бейне – внешность

тәмпіш мұрын – курносый нос

шеке – лоб

тікенек – колючка

суреттеу – описывать

залал – вред

тап-тақыр – лысый



Менің атым Қожа. Қожа деген ат, байқаған шығарсыз, пәлендей тамаша ат емес.

Шынын айтсам, Қожа емес, Қожаберген. Бүгінде «Қожасы» қалып , «бергені» түсіп қалыпты. Ал ол қашан, қалай түсіп қалғаны ешкімнің есінде жоқ.

Біз бір класта екі Қожамыз. Оқушылар бізді шатастырмау үшін, мені – қара Қожа деп атайды. Фамилиям- Қадыров.

Ал енді сырт бейнеме келетін болсам, мынау, міне- мұрным. Әжем мені «тәмпіш мұрын» дейді. Екі шекем шығынқы, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ. Ал шашым ше? Шаш емес, тікенек қой.

Бойымды біреулер: «Орта бойлы»,- дейді. Әжем болса: «Әкең сияқты сұңғақ боласың»,- дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде, бір жүз отыз тоғыз сантиметр болған едім. Егер шашым болса, жүз қырық болуы сөзсіз еді. Тақыр бас жүргеннің осындай залалы да бар.


ІV кезең.

Графикалық диктант.

  1. Берілген сөздердің жалғауларын анықтаңдар.

  2. Берілген сөздердің ішінен жалқы және жалпы зат есімдерді көшіріп жаз.


1. Жіктік жалғау


2. Көптік жалғау

3. Тәуелдік жалғау

4. Септік жалғау




1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11


12


13


14


15


Атым, Қожаберген, оқушысың, Қожа, класта, әжем, оқушылар, мұрным, мектепте, Миллат апай, шашым, дәптерлер, кезекшімін, Жантасқа, оқулықтар, Жанардың, жетекшісіз, Сұлтанмен, Сәйбек, Майқанова Сәбира.







V Бекіту кезеңі:

Венн диаграммасы


hello_html_m4d2d8579.gif

Ортақ қасиет



VІ. Қорытынды кезеңі:


Тест тапсырмасы:

  1. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты?

А) «Қожаберген» С) «Менің де атым Қожа»

В) «Өзім туралы повесть» Д) «Балалық шаққа саяхат»

2. Қожаның шын аты кім?

А) Қожабай В) Қожаберген С) Қожатай Д) Қожаберді

3. Жанардың фамилиясы?

А) Балабекова В) Майқанова С) Қадырова Д) Тұрсынбаева

4. «Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?

А) Сұлтан В) Анасы С) Ахметов Д) Майқанова

5. «Ағаттықтың азабы» бөлімінде не туралы айтылады?

А) Орыс тілі сабағына дайындалмай келуі

В) Тәртібінің педкеңесте қаралуы

С) Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы

Д) Лагерьге жолдама үшін мұғалімге ренжуі

6. «Қожа, сен көшедегі иттерді тәртіпке салу үшін ауылда қалатын болдың»,- деп Қожаны келеке ететін кім?

А) Сұлтан В) Жантас С) Жанар Д) Майқанова

7. Қожаға әкесі туралы айтқан қария кім?

А) Дәуірбаев В) Әжесі С) Сәйбек Д) Директор

8. Жеке бас құпия кеңесін өткізген кім?

А) Сұлтан В) Қожа С) Жанар Д) Жантас

9. Қожа Майқанованы ең алғаш қайда кездестіріп еді?

А) Мектепте В) Көшеде С) Дүкенде Д) Жиналыста

10. А.С.Пушкиннің «Қысқы кешін» өте жақсы жаттап айтқан оқушы кім?

А) Ешкім В) Жанар С) Жантас Д) Сұлтан




VІI. Бағалау кезеңі: Әр топ оқущылары өздерінің бағалау парақшасында берілген жұмысты орындауы мен қатысуы бойынша бағаланады.


VIІI. Үй тапсырмасын беру: 1. «Менің арманым ... » тақырыбына шағын шығарма жазыңдар



Рефлексия

Оқушылар өз көңіл-күйілеріне сай «смайликті» көрсету керек.

Смайликтер



Бағалау парақшасы:



Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Бекіту

Қорытынды

Кластер

Кесте

Мәтінмен жұмыс

Грамматикалық тапсырма

Венн диагр

Тест

Жалпы ұпай

Қорытынды баға

Аудару

Тұжырым

Мәтінмен жұмыс

Грамм тапсырма





1












2












3












4












5












6












7












8












9












10












11












12















Тест бойынша бағалау:


9 – 10 – «5»

8 – 7 –«4»

6 – 5 – «3»

4 – 1 – «2»


Бағалау парақшасындағы «+», «-» белгілерін санап, қосып тапсырады. Мұғалім бағалайды.

Бір «+» белгісі бір балл болып саналады.





























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 27.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров81
Номер материала ДБ-394516
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх