Инфоурок Классному руководителю Научные работыОку мен жазу аркылы сын тургысынан ойлауды дамыту

Оку мен жазу аркылы сын тургысынан ойлауды дамыту

Скачать материал


Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту 



Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту – педагогикалық технология.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Тәжірибені жүйеге келтірген

Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. 
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
 
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
 
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:
 
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.
Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
─ Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
─ Автор оқырманды қалай қызықтырады?
─ Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Біз жобадағы әдістердің тек бірнешеуін ғана сөз еттік. Қалғандары осы тақырыптар арнайы ұйымдастырылатын курс жұмыстарында талқыланады.
“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
 
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.

Д ә с т ү р л і    с а б а қ т а р
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді
Кейіпкерлер туралы айтып береді Кейіпкерге мінездеме береді
Мәтіннің идеясын анықтайды Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады Шығарма жазады
Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады Жауап береді
RWCT    с а б а қ т а р ы

Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды Мәтінмен өздері танысады
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді.
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады.
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды.
Өз ойларын жазуды ұсынады Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.Ойларын қорытуға бағыттайды. Өз тұжырымдамасын жасайды

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.
 
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;
в) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру.
 
Мен өз сабақтарымда, көбінесе қазақ тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
2. Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды


 

 

 

 

 

 

 


Сабақтың тақырыбы:
 Шешен билер

Сабақтың мақсаты:
 

1.Білімділік:
 Үш жүздің билері Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би туралы білімдерін ортаға сала отырып, олардың шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.


2. Дамытушылық:
 Аталмыш билер туралы білімдерін ұштастыру, жинақтау арқылы оқушылардың ізденгіш, сөйлеу қабілеттерін арттыру.


3. Тәрбиелік:
 Шешен билер бойындағы асыл қасиеттерге тәрбиелей отырып, ақыл парасаттыққа, әділдікке, шешендікке баулу.


^ Сабақтың көрнекілігі: Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің портреттері, нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар, компьютер, интерактивті тақта. 

Сабақтың түрі:
 жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі:
 СТО стратегиялары: ойшақыру, топтастыру, еркін жауап, дискуссиялық карта, 

5 жолды өлең, еркін жазу.

^ Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі (1минут)

А) Сәлемдесу

Ә) Оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру.

Б) Оқушыларды топқа бөлу.

Мотивация кезеңі: (2 минут). Қызығушылықты ояту


  • Балалар, бүгін аптаның қай күні?

  • Бүгін – сәрсенбі.

  • Сәрсенбі қазақ халқы үшін қандай күн?

  • Сәрсенбі қазақ халқы үшін сәтті күн деп есептеледі.
     

  • Ендеше, мен сендерге жалпы бүгінгі күндерің сәттілікпен өтсін, сабағымыз да сәттілікпен басталып , тек қана сәттілікпен аяқталсын демекпін.


Тақтада «
^ Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз жазылады. Осы сөйлемнен негізгі ойды таба отырып, жаңа тақырыпқа шығамыз.. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз: «Шешен билер»

Оқушыларға сабақтың мақсатын айтқызамын.


1.    
^ Ойшақыру (1 минут)


Үш жүзді басқарған қандай билерді білесіңдер?Оқушылар билерді өздері атайды. Әр топқа әр бидің атауы беріледі.

Iтоп: Төле би ауылы IIтоп: Қазыбек би ауылы IIIтоп: Әйтеке би ауылы


2.    
^ Топтастыру ( 5минут) 


Үш топқа да бірдей «Билер» деген сөзді топтастыру тапсырылады. Осы сөзді естігенде, ойларына қандай сөз келеді, соны топтап жазады.
 


Мысалы:

әділ данышпан

http://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_65d22bea.gifhttp://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_m41e4f308.gifhttp://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_m28c4c07c.gifшешен


http://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_m331ea399.gifhttp://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_m295c6c43.gifбеделді Билер тапқыр

http://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_3be48d67.gifhttp://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_58acc30d.gifhttp://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_56c7af11.gifhttp://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_m53895bce.gif

ел құрметі
 

адал
 

ойланып сөйлеген
 


http://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_7d1c6e73.gifЕркін жауап (мағынаны тану, 12 минут)

А) Әр топ өздеріне берілген билер туралы ойларын ортаға салады, билердің өмірбаянына қысқаша тоқталады.

Ә) Әр топ билерінің айтқан шешендік сөздерін жатқа айтады. Өз билерінің шешендігін дәлелдейді.

Ескерілетін нәрсе:

1.    
Есте сақтау қабілеті

2.    
Дауыс ырғағы

3.    
Мәнерлеп айтуы

4.    
Тіл тазалығы

5.    
Қазақ тілінде дұрыс сөйлеу

6.      




Грамматикамен ұштастыру. (5 минут)

Үш топқа да үлестірмелі карточкалар таратылады. Үш түрлі сөйлем жазылады.


Бес жолды өлең ( 3 минут)



1. Төле би 1. Қазыбек би 1. Әйтеке би
 

2. 2. 2.

3. 3. 3.

4. 4. 4.

5. 5. 5.


Үйге тапсырма: ( 1минут)
 

1. «Шешен билер мәңгі біздің есімізде...» тақырыбына ш
ығарма жазу.

^ 2. Суретке қарап, шағын әңгіме құрастырыңдар.

Астана қаласында орнатылған ескерткіш





Қорытынды кезең (3минут)

Бүгінгі сабақтан сен қандай әсер алдың?

Сабақ саған ұнады ма? Несімен ұнады?

Өзіңе қандай тәлім-тәрбие алдың?

Сабақта мақсатымызға жеттік пе?


^ Бағалау (2минут) Оқушылардың тиісті бағаларын қою. Әр оқушының бағасын сипаттау, жақсы жақтарын атап өту.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



^ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ


http://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_6dbaf0ab.png
Заман талабына сай оқушыларға сапалы, тиянақты білім беру-мұғалімдер алдындағы үлкен міндет.Бұл әрбір мұғалімге тынымсыз ізденісті,оқытудың жаңа формасымен, әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.

Сабақ барысында оқушылардың бұрынғы білетінін жаңа біліммен ұштастыра отырып,белгілі бір идеяны қабылдап,оның неге қатысты екенін зерттеп,салыстыра отырып,сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте зерттеуге бағытталған оқыту технологиясының бірі- сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз:

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

• шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

• күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

• үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

1 сызба.Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынандай нәтиже береді:



 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс – тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы “Мәселе нені үйретуде емес қалай үйретуде” демей ме? Сондықтан мақсат пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі жағдайда бұл стартегиялардың маңызы зор.

Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған “Венн кестесі”, “Бес жолды өлең”, “Көрнекілік арқылы баяндау”, “Семантикалық карта” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Мәселен: “Венн кестесі” арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді. Бұл стратегиялардың қай-қайсысы болмасын оқушының ізденісін,қызығушылығын дамытады.Пәнге деген өзгеше көзқарас қалыптасады.Әр сабақты оқушымен санаса отырып, жүйелі жүргізуде сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялық бағыттары ұстаздарға үлкен қолғабыс тигізеді.

Осы стратегияларды қолданудың тиімділігінің дәлелі ретінде оқушылардың жұмыстарын ұсынамын:

1. “Көрнекілік арқылы баяндау” стартегиясы бойынша “Көктем” тақырыбына арналған 6 сынып оқушыларының топтық жұмысы: (оқушылар үш топқа бөлініп, әр топқа үш түрлі өлең шумақтары таратылды, оқушылар мәнерлеп оқып, содан соң бір-бірімен ақылдасып, сурет салып қорғады).

I топтың жұмысы :
 

http://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_1faaefdd.png

А) Көктем күні күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп

Бәйшешектер дүркіреп,

Шыға келді қыр түлеп.

Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Мал жағалап суатты,

Сай-саламен су ақты.
 


Б) Көктем кереметі.

Көктем келді.Көктемде жаңбыр жауады.Ауа райы жылына бастайды.Мұз,қар еріді.Жер күндіз жібіп,кешке қарай тоңазиды.Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болды.Өзендерде сең жүре бастады.Көктемде бәйшешектер өседі.Құстар ұшып келеді.Наурыз мейрамы болады.Маған көктем мезгілі ұнайды.

2.Немесе оқушылардың берілген мәтін бойынша жұмыс жасауға көмектесетін INSEPT стратегиясы,ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында

V - білемін

- - білгеніме сәйкес келмеді

+ - жаңа ақпарат

? - тереңірек білгім келеді,зерттегім келеді,белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

Осы стратегия бойынша 6 б сынып оқушысы Астраханцев Владиславтың жұмысы:


Ыбырай Алтынсарин


V


-


+


?


Ыбырай Алтынсарин

ұлы ұстаз,жазушы,

ағартушы.Ол қазақ балаларына арнап мектеп ашқан.


Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып,атасы Балқожа бидің тәриесінде болған.


«Қазақ хрестоматиясы»деген

оқулықтың авторы.Орыс жазушыларының әңгімелерін қазақ тіліне аударған.1889 жылы ауыр науқастан қайтыс болған.


Отбасы,балалары туралы білгім келеді.



INSEPT оқығанын түсінуге,өз ойын басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Оқушылар білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.

Жалпы сын тұрғысынан ойлау,оқыту мақсатына жетудің нақты жолдарын көрсетеді. 3 сызба.

Бұл технологияның тиімділігі:


http://kzgov.docdat.com/tw_files2/urls_1/3123/d-3122059/3122059_html_3de02309.png



^ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Қалқаева.Г.,Тілді және әдебиетті оқытуды жетілдіру технологиясы // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде,№ 3,2004 ж .

2.Садуақасова.Д., Қазақ тілін сын тұрғысынан оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.№ 9,2006 ж.
 

3..Махметова.А.,Жаңа оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы рөлі.№ 2,2006 ж.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2006ж.

2. «Құзырлылық ұғымдарының эволюциялық дамуы». Құдайбергенова К.С. «Білім берудегі менеджмент» 2007ж. №1.

3. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2004ж.

4. С. Мирсеитова.
Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы, 2006ж.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оку мен жазу аркылы сын тургысынан ойлауды дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 226 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.06.2016 1645
    • DOCX 556.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адилхан Гулдана Бекболаткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адилхан Гулдана Бекболаткызы
    Адилхан Гулдана Бекболаткызы
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15538
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 109 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек