Инфоурок Начальные классы Научные работыОкушының өз мүмкіндігін пайдалана отырып оқыту тиімділігі

Окушының өз мүмкіндігін пайдалана отырып оқыту тиімділігі

Скачать материал

Оқушының өз мүмкіндігін пайдалана отырып

оқыту тиімділігі

 

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, М.Б.Ықсанов атындағы  №36 орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі  

Макаримова Гаухар Аблаевна

 

    ХХІ ғасырда  заманауи оқыту тәсілдерінің  негізгі  ерекшелігі  оқушылардың  білімді  тек меңгеріп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдануға  басты назар  аудару. (МАН 4-бет)

     Еліміздің болашақ ұрпағын жан-жақты дамыту әр ұстазға басты міндет саналады. Сондықтан да, қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді.

   Жаңартылған білім беру  негізінің  ерекшелігі мұғалімдер әр шәкіртінің өзінде бар мүмкіндігін ашуға барлық жағдайлар туғызу. Бір сыныптың ішінде әртүрлі жас ерекшелігімен балалар топтасады. Себебі олардың әлеуметтік ортасы мен өсу кезеңіндегі психологиясы әртүрлі.

    Мен 2013-2014 оқу жылында М.Б.Ықсанов атындағы  №36 орта мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі  болып орналастым. Алдыма әртүрлі әлеуметтік ортада тәлім алған жиырма бес оқушы мектеп директорының үлкен маған деген сенімділігімен отырғызылды. Жұмыс қызу жүріп кетті. Бірінші сынып болған соңда  аптаға бір рет компьютерде әріп салу, жазу жұмыстарын ғана қолдандық. Келесі оқу жылында сыныбымда Асқар есімді бір оқушым аяқ асты оқыған, алған, үйренген қырық екі әрпімен математикалық терминдерді ұмытып қалды. Жан жақтан себеп салдарын іздестіре бастадым. Бірінші сыныпты жиырма бес сөз оқып, сандарды алып, қосып отырған оқушыға  аяқ асты не болуы мүмкін. Әлеуметтік педагог екеуміз тұрмыстық жағдайына тағы бір рет зерттеу жасау керек деген ұғымға келіп, оқушының үйіне бардық. Баланың тұрмыстық ахуалы керемет.Оқушының оқуы үшін ата анасы барлық  жағдайды жасаған. Оқушының жеке бөлмесі мен жеке бұрышы ұйымдастырылған. Мен бөлме ішіндегі техникалық  жабдықтарға көңіл аудардым. Бұл тетрис, планшет,компьютер, қолдан жасалынған пультпен қозғалатын ойыншықтар, тағы да басқа техникалар тұрды. Мен бұлардың кімді қызықтырып жинақтағанын білгім келіп: «ал мынадай әдемі техникалық жабдықтарды кім пайдаланады?, мынадай керемет мүсіндерді кім жасады?» деп сұрадым. Бұл оқушымның жеке қызығушылығы болып шықты. Келесі күні  ата анасымен бірнеше жетекші сұрақтар «Сіздің баланыз нені жақсы көреді?, неге олай ойлайсыз? Компьютерде қаншалықты көп отырады?, нәтижесінде қандай жетістіктерін айтар едіңіз? Техниканы бермей, сөндіріп қойсаңыз қаншалықты  балаңызға әсер етеді?, жаз мезгілінде неше сағат компьютер ойындарын ойнай алады?» деген сұрақтар  қою арқылы оның қызығушылығын анықтадым.  Одан әрмен бірнеше минут сұхбат арқылы оқушыға сабақ оқуда көптеген қиындықтардың кездесіп тұрғандығын, өзіне  анықтатып, ол оқушының мектеп бағдарламасынан қалдырмау үшін қандай көмек беруге болатындығын мойындатып, оқушыны Орал қаласындағы психологиялық педагогикалық түзету орталығына бару керектігіне бағыт бердім.

  Ата ана өз баласының бойындағы кедергіні мойындағандықтан оны көмек алу үшін орталыққа алып барды. Зерттеу анықтау нәтижесінде оған «ЗПР» диагнозы қойылды. Диагноз соңында бұл оқушының осы сыныпта отырып, осы оқу бағдарламасымен оқуға рұқсат етілгендігі де жазылған.

  Енді осы проблеманы шешу жолында мектеп психологымен бірлесе отырып жұмыс жоспарын бекіттік. Ол психологиядан  аптасына үш сағат, мен төрт сағат және дефектолог екі рет  қосымша сабақ беруге жұмыстарды жүктеп алдық.  Уақыт өтіп жатты. Бірақ, жасалып жатқан жұмыстар оқушының  ілгерілеуіне көп әзер етпеді. Бала өте баяу дамыды. Бұл жолдың тиімсіз екендігіне  көзім жетті. Басқа жолды іздеуге шықтым. Бір күні «Өрлеу» АҚ ұйымдастырған «бастауыш сыныптарда сыни ойлау технологиясы арқылы оқушының  жазуға үйрету» тақырыбында курсқа бардым. Осы курс аясында мен оқушыма бір пайдалы дүние іздеуге және соны табуға ниеттендім. Менің бағыма арнайы курс тақырыбы дөп түсті. Оқушы қызығушылығын ескере отырып, электонды жұмыстар тізбегі көрсетілді. Мысалы: Методические рекомендации к проведению занятий  с  использованием  мультимедийных игр по формированию   элементарных  математических представлений у детей  нарушениями речи.
                                                                      Раздел: Цвет.

Тема 1. Собери букет.

Занятие 1 .

 

Дидактическая задача. Закрепить знания ребенка о синем и красном  цветовых тонах, научить сравнивать объекты по цвету способом прикладывания и зрительно на расстоянии (на глаз); закрепить умение ребенка группировать однородные объекты по двум цветовым оттенкам ; соотносить  по цвету разнородные объекты; развивать глазомер ребенка.

 

Осындай электронды түріндегі  әр түрлі  тапсырмалар мені қызықтырды. Осы жұмыстардың ішінен менің оқушымның деңгейіне сай келеді  деген тапсырмаларды ерекшелеп алып, жұмыстана бастадым. Бірінші жұмыстан бастап оқушымның көзі жанып, қуана әрі тез компьютерде орындай салды.  Бұл маған да оған да қуаныш әкелді.  Енді бұл тапсырмаларды күрделендіріп көрдім. Ол да қиындық туғызған жоқ. Оқушым күннен күнге қуанышпен мектепке келетін болды. Енді өз орындаған тапсырманы өзі күрделендіріп жасайтын болды.

   Көп ойланып, оқушының қызығушылығынан әрмен қарай дамыту керек  деп есептедім.  Сол себепті мектеп ережесін бұзып оқушыларға ұялы телефон әкелуін өтіндім. Оны жай әкеле салыңдар деп айту қиын болғандықтан, ертең кімде ұялы телефон бар, алып келіп, мен сендерге «You Tube» арқылы байқауға қатысып отырған сыныптасымызға қалай дауыс беру керектігін көрсетемін дедім. Балалар ұялы телефон әкелді. Сөйтсем сыныптың тең жартысынан көбінде керемет телефон маркалары  бар екен. Сол күні мен роутер алып келдім де, бұл құрылғыны маған біреу қосуға көмектесе ме екен деп? Асқар жаққа қарадым. Ол үндемей келді де бірнеше минутта менің роутеріме  18 оқушыны  қосып берді және көңіл бөлгенім ешкімге де менің кодымды айтпады. Үш күн байқауға қатысқан сыныптасымызға қолдау көрсетіп отырдық.

   Содан кейін сыныпта үлкен өзгеріс болды. Сыныптың барлық балалары  сол Асқардың қасынан табылды. Сөйтсем оқушым телефондағы кез келген ойынды  шемекідей шағады екен. Бір қызығы өзіне ұнаған оқушыға жеңіп шығуға толық мүмкіндік жасауда білетін болып шықты. Оны байқаған бойда Асқар сен оған қалай қамқорлық жасайсың деп едім, оқушым ағынан жарылып түгел айтып берді. Тіпті, бір ойынды маған ойнатып та көрсетті. Оқушымның жүзі бал бұл жайнап тұр. Жанарынан өзіне деген сенімділік, сыныптастарының  алдында өз беделінің жоғарылағанын айтып қуанып тұр.  Қазіргі таңда үшінші сыныпта оқиды, минутына қырық сөз,  жазба жұмыстарын үшке, көшіру жұмыстарын қатесіз жазады.

     Міне, бастауыш сыныпта  ақпараттық технологияны пайдалану  арқылы мен бір оқушыма жаңа өмір сыйладым.

    Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Бұл міндетті жүзеге асыру оқушыны іс әрекетті атқарушы объектіден нәтижесінде жеке тұлғаның өз ісін өзі басқаруға, орындауға қабілетті субьектіге көшіру арқылы мүмкін болады.

Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни,  жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.

Инновациялық тұрғыдан білім беру жүйесі ақпараттандырумен тығыз байланысты.Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, ойлау стилі бастауыш сыныптан-ақ  оқушыларда  жете қалыптаса бастайды. Оқушылардың бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдана білудің қажетті  дағдыларын игеріп үлгеруіне мүмкіндік туады.

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты – білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда – оқу үрдісін дамыту. Бұған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі таңда алдымызға қойып отырған басты мақсат – оқушыларға тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін – өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой – өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын,  талантты  жастарды тәрбиелей отыра, еліміздің мүддесіне қызмет етуге бағыт-бағдар беру. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.

Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат – мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.
Жалпы алғанда, жаңа технологиялардың 40 – астам түрлері бар.
Жаңа технологиялар арасынан ақпараттық технологиясына назар аударсақ, оқытудың ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану үшін бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық, тұлғалық, әлеуметтік және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу керек. Ақпараттық технологияны қолдану барысында ескере өтетін ерекшеліктер:

Оқу іс-әрекетіндегі ерекшелік – ақпараттық технология арқылы білім беру үрдісін ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларының оқу материаларын жеңіл меңгеруін, компьютерде жұмыс істеу дағдыларымен қарулануын жүзеге асырады.

Психологиялық ерекшелік – ақпараттық технологияны мектепте қолдану бастауыш сынып оқушыларының білуге, оқуға құштарлығы, танымдық қызығушылығы, қиялы, логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттерінің  дамуына үлкен септігін тигізеді.

Тұлғалық ерекшелік – бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның өзіндік оқу-танымдық әрекетін дамытуға бағытталған. Бастауыш сынып оқушыларының  өз мүмкіндігін көрсете білуі үшін  ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, бөлшектеу, біріктіру, суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану, өз іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп бақылау икемділігін бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі.

Ақпараттық технологияны бастауыш сыныпта қолдану барысында оқушылардың оқу икемділігі дамиды. Шығармашылық оқу икемділігі, өзіндік жұмыс жасауды жоспарлау, бақылау, бағалау икемділіктері дамып, өзіндік ойлау икемділігі өрбіп, компьютер арқылы оқу материалдарын, оқыту және бақылау  бағдарламаларын іске қосу, орындау дағдылары қалыптасып, компьютерлік стандартты бағдарламалармен, электрондық оқу басылымымен жұмыс жасау икемділіктері жетіле түседі.
Сол себепті құзыреттілікке бағдарланған  оқу үрдісін бастауыш сыныптан бастап қолдану өз нәтижесін беретіні сөзсіз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Альтхауз Д., Дум Э. «Цвет, форма, количество». -  М. : Просвещение

                                                                                      1984 г.

2.     Венгер Л.А., Дьяченко О.М. «Игры и упражнения по развитию      

       умственных способностей у детей дошкольного возраста» . – М. :   

       Просвещение 1989 г.

3.     Ерофеева Т.И. и другие . «Математика для дошкольников»,-М. :

         Просвещение 1992 г.

4.     Носова Е.А. «Формирование  умения решать логические задачи в дошкольном возрасте. Совершенствование процесса формирования элементарных математических представлений в детском саду».-Л.:

           1990г.

5.     Носова Е.А. «Предлогическая подготовка  детей  дошкольного  возраста. Использование игровых методов при формировании у  дошкольников  математических представлений». – Л. : 1990г.

6.     Белова-Давид  Р.А. «Нарушение речи у дошкольников». – М. :1972г.

7.     «Основы  логопедии с практикумом  по звукопроизношению». Под редакцией  Т.В.Волосовец.-М.  : 2000г.

8.     «Основы теории и практики логопедии». Под редакцией  Р.Е.Левиной.-

         М.  : 1967г.

9.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Педагогикалық шеберлік  орталығы», 2016ж [4бет]

10.Интернет ресурстарынан

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Окушының өз мүмкіндігін пайдалана отырып оқыту тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 277 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.06.2016 657
    • DOCX 77.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Макаримова Гаухар Аблаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Макаримова Гаухар Аблаевна
    Макаримова Гаухар Аблаевна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30056
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1479 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 771 человек

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе